Бұқар жырау дәуір, өмір, тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-салдарын түп-тамырынан қозғап қана қоймған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның кереметін де көре білген, көрег
Бұқар жырау дәуір, өмір, тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-салдарын түп-тамырынан қозғап қана қоймған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның кереметін де көре білген, көрегендікпен болжай таныған:
Ұлы ойшыл, философ сөзін де, пікірін де ойнатып, жайнатып, етек-жеңі жинақы, ықшам, жүзіктің көзінен өткендей сырлы да сұлу мінсіз түйдек әкелген. «Әлемді түгел көру», «Аспанда жұлдыз аралап, ай нұрын ұстап міну» деген данышпандық толғамдары есіңді аларлықтай есті сөздер.