Мезгіл ішіндегі ең пәк, ең ажарлы, ең сұлуы



Дата28.12.2021
өлшемі21,51 Kb.
#128885
Байланысты:
Ханшайым сценарий


Ханшайым
Жүргізуші:
Қайырлы күн достар және қонақтар! Қыс патшайымы сіздерді, мезгіл ішіндегі ең пәк, ең ажарлы, ең сұлуы. Кең даланы ақ көрпеге орап, ақ дүниенің кіршіксіз белгісі болып жататын ақ қардың аңғалдығын, сиқырлы сәтін, қыстың аппақ кереметін , ертегідегідей айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине қысқа тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.
Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Қысқы байқауға қош келдіңіздер!

Жүргізуші:
Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Қыс» байқауының «Ханшайымын» іріктеп шығару.
Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы қыздарды шақырамыз!- дей отырып ортаға қатысушы қыздарды шақырамыз.
----------------------
(Музыка, қыздар бір-бірден шығады. Сахнаға келіп өз орындарына тұрып болғаннан соң, вступление би билейді)


Жүргізуші:
Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.

Әділ – қазылар мүшелері.

Мектеп директоры - Тургумбекова Бибигуль Тулегеновна

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Байжуманова Дальмира Сарсенбаевна

Тілдер пәні бірлестігінің жетекшісі – Абылкасымова Айгерім Исланқызы


-------------------
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, қыздар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік

1 – кезең: Таныстыру
2 – кезең: «Сұрақ – жауап»
3 – кезең: «Өнерің өрге жүзсін»
4 – кезең: «Дефиле»
5 – кезең: «Қонақпен өнер»
Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз «Таныстыру» сайысы! Ортада 1 – ші аруымыз!

Жүргізуші:
Аруларымыздың ақылын, ұшқыр ойларын, сөз саптауларын, сөйлеу мәнерін,
мағлұматтарды, сұрақтардың жауаптарына мәнді де сәнді жауаптарын тыңдау үшін - келесі 2 – кезең: «Сұрақ – жауап»
Ортаға аруларымызды шақырамыз. (Әділ қазылар әр тур өткен сайын бағалап отырады.)

Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,

Өнерпаздар көп бізде, бағаласаң ал кеттік ...
«Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр ару өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.

Жүргізуші:
Модельер болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз «Кешкі сән үлгісі» яғни (вечерние платья) әдемі кешкі образ көрсетеді.
Жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күн кешінде
Би билейік бәріміз, - деп келесі
5 – кезең: «Қонақпен өнер» байқауына көшейік. Бұл «Ханшайым» сайысының ең соңғы қорытынды байқауы!

Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
«Ханшайым» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда!
---------------------------------
Жүргізуші:
Осылайша «Ханшайым» сайысы өз мәресіне жетті. «Ханшайым - 2021» байқауының жеңімпаздары -- Бас жүлде:

қошеметпен ортаға шақырамыз. Ең бастысы жоғарыда айтып кеткенімдей біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Ханшайым» сайысының «Ханшайымын» іріктеп шығару. Олай болса олар да анықталды.

«Ханшайым - 2021»:
Жүргізуші:
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстауым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!
Осымен байқауымыз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет