Жалпы мақсаттар
|
Төменгі сыныптарда қазақ тілінен «Синтаксис» тарауы бойынша алған білімдерін қайта жаңғыртады, қайталайды.
|
Күтілетін нәтижесі:
|
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін толық меңгереді;
Тақырыпты, берілген тапсырманы түсініп талдайды;
Алған білімдерін тест шешуде еркін қолданады;
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы дамиды;
Оқушылар ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады.
|
Сабақтың түрі:
|
7 модуль ықпалдастырылған сабақ.
|
Сабақтың қолданылатын әдіс-тәсілдер, тапсырмалар
|
«Жағымды сөздер» (топқа бөлу тәсілі).
Топтық жұмыс. Постермен жұмыс.
Бейне сұрақ.
Мини тест.
«Серпілген сауалдар» стратегиясы.
Қорытынды. Кері байланыс.
|
Көрнекіліктер:
|
Интербелсенді тақта, компьютер, слайдтар, постерлер, стикерлер, маркерлер, ойыншықтар т.б.
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
І. Ұйымдастыру
|
1. Сәлемдесу.
2. Жағымды көңіл-күй туғызу.
3. Топқа бөлу.
|
Сәлемдеседі. Бір-біріне жағымды сөздер айтып, топқа бөлінеді.
|
ІІ. Жаңа сабақ
|
1. Постермен жұмыс. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. Олар белгіленген уақытта орындайды және қорғайды.
І топ–Хабарлы сөйлем
ІІ топ– Сұраулы сөйлем
ІІІ топ– Бұйрықты сөйлем
ІV топ–Лепті сөйлем
2. Бейне сұрақтар
3. Мини тест
|
1. 4 топ тапсырмаларды алады және орындайды. Топ басшылары жұмысты бақылайды:
1) оңай және қиын сұрақтар түзіледі;
2) бір бірінің сұрақтарына жауап береді;
3) керектісін дәптеріне жазып алады;
4)постерді тақтаға шығып қорғайды.
2. Бейне сұрақтарды тыңдайды және береді.
3. Мини тест шешеді және жауабын тексереді.
|
ІІІ. Бекіту:
|
«Серпілген сауалдар» стратегиясы.
|
Оқушылар ойыншықтарды лақтырып, бір-біріне сұрақтар қояды («Синтаксис» саласы бойынша)
|
ІV. Бағалау
|
Мұғалім бағалайды.
|
Өз ара бағалау (топтар бір-бірін бағалайды). «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы.
|
V. Қорытынды
|
Мұғалім сабақты қорытындылайды. Стикер тарқатады.
|
Оушылар сабаққа кері байланыс береді. Стикерлерді смайлик бейнеленген плакатқа жапсырады.
|