Апта 5
Дәріс № 9
А) Тақырып: Ретроспективті ғылыми- көмекші библиографиялық құралдарды құрастыру методикасы.
В) Мақсаты: Ретроспективті ғылыми- көмекші библиографиялық құралдарды құрастыру методикасын қарастыру.
С) Негізгі сұрақтар:
1. Ретроспективті библиографияның басты методикасы- тарихи принцип.
2. Функциональды бағытына байланысты оның жалпы жүйедегі орны.
3. Әдебиеттерді іздеу және іріктеу, топтастыру, аннотациялау және рефераттау.
Мазмұны: Ретроспективті ғылыми-көмекші библиографиялық құралдарды құрастыру- бұл әртүрлі ғылымның, техниканың, мәдениеттің жетістіктері жазылған құжаттарды кеңінен насихаттау болып табылады.
Бұл құралдарды құрастыру нәтижесінде көптеген ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге ықпал етеді. Бұл құралдардың әдістемелік ерекшеліктері болып библиографиялық сұрыптау болып табылады.
Түрлі салааралық, салалық, тақырыптық және мәселелі- тақырыптық көрсеткіштер, библиографиялық көрсеткіштер мен сөздіктер, ғылым қайраткерлері туралы – персональды, елтанулық, өлкетанулық құралдар шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |