Апта 6
Дәріс № 11
А) Тақырып: Анықтама- ақпараттық қорының саяси бөлігін қалыптастыру.
В) Мақсаты: Анықтама- ақпараттық қорының саяси бөлігін қалыптастыруды қарастыру.
С) Негізгі сұрақтар:
1. АБА құрамы мен мазмұны, анықтама- библиографиялық басылымдар қоры, каталогтар мен картотекалар жүйесі, орындалған анықтамалар қоры.
2. Әр типті кітапханаларда АБА- ны қалыптастыру.
3. Анықтама ақпараттық қорды қалыптастыру принциптері: Негізгі және директивті сипаттағы материалдар, анықтамалық және библиографиялық басылымдар, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар.
Мазмұны: АБА-ның маңызы мен құрамы кітапхананың типіне, оның қызметіне және кітапхананың қызмет ететін ауданының профилінің ерекшелігіне байланысты.
АБА-ң құрамы: 1) Анықтама және библиографиялық басылымдар қорын, 2) каталогтар мен картотекалар жүйесін және 3) орындалған анықтамалар қорын қамтиды.
АБА-т қордың қоғамдық – саяси бөлігін ашып көрсетеді, кітапханадағы ақпараттық ресурстарды іздеп табуға көмектеседі, анықтама- библиографиялық, ақпараттық-библиографиялық қызметтің базасы болып саналады.
Ал экономикалық дамуы туралы мәліметтерді статистикалық басылымнан табуға болады.
Тарихи тақырыптағы анықтамалар, айтулы даталарға арналған сұраныстарды орындау үшін календардағы материалдар қолданылады.
АБ қордың ең көпшілік бөлігі – қоғамдық саяси тақырыптағы библиографиялық басылымдар массивін құрайды.
Сондықтанда, олар, негізінен оқырманға қызмет көрсететін бөлімінде, оқу залы мен абононементтерде орналасқаны жөн. Анықтама- библиографиялық қордың құрамды бөлігінен саналатын- орындалған анықтама қоры. Бұл күрделі сұраққа жауап, жазба түрінде беріледі, кейбір жағдайда тақырыптық тізім ретінде жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |