Қоғамның саяси жүйесі

Дата14.11.2022
өлшемі1,29 Mb.
#158165
Байланысты:
саясаттану презентация

Қоғамның саяси жүйесі

Cаяси жүйе

Саяси жүйе деген не?

Саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тəртіпті қамтамасыз ететін, əлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады.

Саяси жүйенің жұмыс жасап, дамуы оның «кірісі» мен «шығысына» байланысты. Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе келіспеушіліктер. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағы да басқалары. Саяси жүйенің басқа қоғамдық жүйелерден айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.

Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері бар. Д.Истон мен Г.Алмонд олардың төрт түрін көрсетеді
Топтар мен жеке адамдардың жүріс – тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;
Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі;
Қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;
Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі.
Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері
Саяси сана
Саяси институттар
Саяси қарым- қатынастар
Құқықтық нормалар
Жеке саяси
Тікелей саяси билікті
іске асырушы саяси
Партиялар
Жеке емес саяси
Кәсіподақтар,
қауымдастықтар,
жастар ұйымдары
Саяси емес
Спорттық қоғамдар,
экологиялық
қозғалыстар
Саяси жүйеде оған кіретін ұйымдардың қызметі құқық нормалармен реттеледі. Осы нормалар жүйесінде құқық ерекше орынға ие, ол барлық қоғамдық қатынастардың басты нормативтік реттеушісі.
Саяси қатынастарға таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азаматтар мен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді
Өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттерін бағыт беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы

Саяси жүйе қоғамдық өмірдің барлық салаларының дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, оларды басқарады. Қоғам дамуының мақсатын айқындайды. Мақсатына байланысты саясат экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ұлттық, ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Әдетте, мақсаттарды саяси партиялар зерттеп дайындайды. Парламенттік сайлауда жеңген партияның саяси бағыты мемлекеттің еріксіз мәжбүр ететін күштеріне (әскер, милиция) сүйеніп жалпыға міндетті мемлекеттік жарлық сипатын алады. Мемлекеттік басқару органдары қоғамды қабылдаған шешімдерді орындауға жұмылдырады, қоғамдық процестерге әсер ететін негізгі тетікке айналады.

Саяси жүйенің функциялары
Қоғамның мақсаты мен міндетін анықтау
Оларды орындау үшін ресурстарды жұмылдыру
Көпшіліктің саяси санасын
қалыптастыру
Қоғамның бүкіл элементтерін
интеграциялау
Саяси жүйе саяси тəртібіне қарай
Тоталитарлық
Автолитарлық
Демократиялық
Жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғадық өмірдің барлық саласын өзінің бақылауына алады.
Билік басындағы жеке адам не адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Парламент, оппозициялық партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы келеді. Мемлекеттің сайланбалы органдары, азаматтарының құқықтары мен еркіндіктері шектеледі.
Тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдарын жалпыға бірдей сайлау арқылы халық сайлайды, азаматтарға саяси құқықтар мен еркіндіктер беріледі, елде заңдылық билейді
Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түріне сай 5-ке бөлді
Либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешелдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады.
Дəстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси жəне экономикалық үстемдігіне негізделеді
Коммунистік жүйе. Ол əлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды.
Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастағн саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады.
Авторитарлық-консервативтік жүйе. Онда əлеуметтік жəне экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет