Барлығы – 135 сағат


Семинар 2. Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері



бет6/7
Дата07.12.2016
өлшемі1,19 Mb.
#3416
1   2   3   4   5   6   7

Семинар 2. Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері.
Мақсаты: студенттерді озат педагогикалық тәжірибемен таныстыру, оны талдау, ұғыну, зерттеу әдістемесімен қаруландыру.
Жоспар

  1. Озат педагогикалық тәжірибе ұғымы.

  2. Озат педагогикалық тәжірибені талдау принциптері.

  3. Педагогтың әрекетін талдау.

  4. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың озат педагогикалық тәжірибесімен танысу. (Әдебиеттер № 1, 2, 3, 4)


Әдебиеттер тізімі

  1. Скаткин М.Н. Изучение, обобщение и внедрение передового педагогического опыта. - М., 1977.- 3-20 б.

  2. Бекболғанов Е. Өзіндік танымдық іс-әрекетті белсендіру. //Қазақстан мектебі. – 2003. - № 11.

  3. Ошақбаева Г. Жаңашылдық шеберлікті арттырады. //Қазақстан мектебі. – 2003. – №1.

  4. Ортаев Б., Әлімбекова С. Пәнаралық байланыс негізінде. //Қазақстан мектебі. – 2004. - №3

  5. Рамазанова С. Ұстаз ерлігі. //Қазақстан мектебі. – 2004.-№ 8

  6. Сабыров А. Көрнекті ағартушы-педагог. //Қазақстан мектебі. – 2004. -№ 11.

  7. Темереева А. Ғұлама ғалым мұрасы. //Қазақстан мектебі. -2004.-№ 11

  8. Жұматаева Е. Жаны – алтын, рухы – гауһар Рәзия апа. //Қазақстан мектебі. – 2004. -№ 11.


Тапсырма А . Үлгіні талдау. Шебер педагогтың педагогикалық жүйесінің мәні жайындағы мақалаларды талдау (әдебиеттер 5, 6, 7, 8). Мақалаларды талдауда мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Мұғалім тұлғасы жайындағы мақала материалы не береді?

  2. Шебер-педагогтың жетістіктері қандай?

  3. Шебер-педагогтың оқу-тәрбие жұмысының қандай басты әдістерін қолданады?

  4. Педагогтың конструктивті іс-әрекетінің мәні қалай ашылған?

  5. Мұғалімнің сабаққа дайындығы?

Тапсырма Б.Нақты педагог шебердің іс-әрекетін үлгі-сызбаға сәйкес талдаңыз.
Шебер педагогтың педагогикалық тәжірибесін зерттеудің үлгі-сызбасы.

Тараулар атауы

Мұғалім тәжірибесін зерттеу әдістері және есеп беру үшін материалды жинақтау формасы

Мұғалім бейнесі

Мұғалімнің өмірі және педагогикалық қызметі жайында қысқаша мәліметтер

Барлық материалды жинақтау

Шебер педагогтың жетістіктері

Мұғалімнің жалпы жетістіктеріне сипаттама беру.

  1. Оның оқушыларының білімі, іскерлігі және дағдысының сапасы.

  2. Мұғалімнің тәрбие жұмысының нәтижелілігі.

Сабақтарды педагогикалық бақылау, сабақтағы оқушылардың жауаптарын талдау, олармен жеке әңгіме, үйірмелерге, тәрбие шараларына қатысу,оқушылардың жұмыстарымен танысу.

Шебер педагогтың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері

  1. 2Мұғалімнің сабаққа даярлығы. Пән бойынша мұғалімнің өз білімін әрдайым толықтыруы. Әдебиет бойынша жазып алынған конспектілері, мақалалары. Сабақтардың конспектісін құру.

  2. Жаңа білімді меңгеруе, бекітуде мұғалім шеберлігі (актуализация, мотивация, тақырыпты, мақсатты ұсыну, қабылдау, ұғындыру, орындау және т.б.)

  3. Оқу процесіндегі тәрбие.

Мұғалім лабораториясын: жеке кітапханасын, әдебиеттер қорын, папкаларын, конспектілерін зерттеу. Мұғаліммен әңгімелесу.


Бақылау, салыстыру, талдау.
Бақылау, жазба, әңгімелесу, талдау.

Мұғалімнің кәсіби өсуі.

Өз бетімен білім алуы. Өз тәжірибесін ұғыну және жинақтау. Өз білімін кеңейту, байыту.

Әңгіме.



Семинар 3. Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері.
Мақсаты: мұғалімнің вербальды емес мінез-құлық ерекшеліктерін ұғынуға көмектесу, қарым-қатынастың вербальды емес құралдары көмегімен өз қатынасын көрсету дағдысын қалыптастыру.
Жоспар

  1. Театр және педагогикалық өнердегі жалпы және жеке ерекшеліктер.

  2. Театр және педагогика өнеріндегі ықпал ету құралдары.

  3. Педагогтың мимикасы және пантомимикасы.

  4. Жас мұғалімдердің бойындағы кемшіліктер.


Мимикалық және пантомимикалық мәнерлілікті дамыту жаттығулары.

Тапсырма А. Баланың көңіл-күйін анықтау. Әртүрлі эмоционалдық бағыттағы фотосуреттерден қандай м2имиканы, қимылдарды анықтауға болады.

Тапсырма Б. Ішкі монолог. Адамның сыртқы бейнесіне қарай олтырып, оның і2шкі дүниесіне сипаттам беру. Сезімдер менойлар әлемін түсіне білу. Дауыстап адамның ішкі монологын ойластыр.

Тапсырма В. Нақты «тітіркендіргішке» жалпы мимикалық жауап беру жаттығулары.

  1. Сіз жазыр отырсыз. Бір кезде есік ашылды. Сіз басыңызды көтеріп, кірген адамға таңдана, ренжи, ашулана, сұраулы, кекете, қуана қарайсыз.

  2. Ж2үргізуші амандасты: «Қайырлы күн!». Сіз салқын, бейтарап, қуана, таңдана, ұнатпай, достықпен, күте, ашулана жауап бересіз.

  3. Ситуация. Оқушы мұғалім үстелінің жанында тұрып: «Мен үй тапсырмасын орындамадым!» дейді. Сіздің жауабыңыз: «Әрі қарай не болатынын күтемін, көмектесемін, таңданамын – неге әзір емессің, таңданамын – бұл қашанға дейін қайталана береді, маған бәрібір, ренжимін, сөгемін және т.б.»

Тапсырма Г. Мұғалім әңгімесі.

Әңгімені жүргізу тиімділігі мына талаптарға тәуелді:

  1. Логикалық-лингвистикалық талаптар: сұрақтарды дұрыс қисынды қоя білу,әңгіменің бөліктері арасындағы мазмұнды «көпірлердің» болуы, сөйлеудің оптимальды жылдамдығы, орфоэпиялық дұрыстығы, дикцияның нақтылығы, логикалық екпіндердің күші.

  2. Психологиялық талаптар: мұғалімнің жақсы жағымды үні,орынды әзілдің болуы, мұғалімнің байсалдығы,өзін-өзі ұстауы, сенімділігі, оқушыларға сөзбен, мимикамен, қимылмен қолдау көрсете білуі, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алуы, оқушылардың білімін бақылау және мотивті түрде бағалау іскерлігі.

  3. Педагогикалық талаптар: сұрақ қою, проблемді сұрақтар қою, сыныпқа сұрақ қоя білу, сұрақшалардың болуы, қорытынды жасау іскерлігі, көрнекілікті қолдану іскерлігі – тақтаға жазу, иллюстрация, ОТҚ.

Тапсырма: Студенттермен белгілі бір тақырыпта әңгіме өткізу.

Семинар 4. Мұғалім сөзі ақпарат тарату құралы ретінде. Мұғалім сөзінің мәдениеті мен техникасы.
Мақсаты: фонациялық тыныс алуды дамыту, дұрыс дауысты қалыптастыруға тәрбиелеу.
Жоспар

  1. Сөйлеу және оның қызметтері. Сөз – ақпарат алмасу құралы.

  2. Педагогикалық техниканың мұғалім қызметінде алатын орны.

  3. Сөйлеу техникасы, оның педагогикалық сипаты.

  4. Фонациялық тыныс алу. Тыныс алу түрлері. Диафрагмалық-қабырға демінің механизмі.

  5. Педагог дауысының негізгі ерекшеліктері. Педагог дауысының бұзылу себептері. Педагогтар дауысының кәсіби ауруларының алдын-алу.


Педагог сөзін дамыту.

  1. Өз сөзіңізді мына көрсеткіштерге сәйкес талдаңыз.

  • Сөйлеу мәнеріңізге «қыстырма-паразит» сөздер енгізілмеген бе?

  • Негізгі ойдан ауытқымай өз ойыңызды нақты жеткізе аласыз ба?

  • Сөйлеу жылдамдығыңыз қандай?

  • Интонацияны дұрыс қолданасыз ба?

  1. Интонация мәнерлілігін жаттықтыру жаттығулары.

  • Мына қарапайым сөздерді түрлі интонациямен айтып көріңіз: «ия», «жоқ», «сен».

Қатты Тұтыға Ойлана Ерегесіп

Жаймен Қолпаштап Қайғыра Көңілі қалғандай

Қысқаша Таңдана Нәзік үнмен Салтанатты түрде

Соза Шаттана Мысқылдай Ашулана



  • «Мен – қазақпын! Мың өліп, мың тірілген...» өлең жолын төмендегі реңдерді бере отырып, айтыңыз:

Сыбырлап

Барынша айқайлап

Сыбырдан айқайға көше

Пулеметтің жылдамдығымен

Тасбақаның жылдамдығымен

Сіз қатты тоңып тұрғандай

Аузыңызға ыссы тамақ түскендей

Сізді қазір атып тастайтындай

5 жастағы қыздың айтқанындай

Сіз осы сөзбен біреуге оны сүйетініңізді айту керексіз



Диафрагмалық-қабырға демін дамытуға арналған жаттығулар.

Жаттығу А. Иық белдігінің бұлшық еттерін босатып, ішіңізге жайлап мұрын арқылы ауа сорыңыз. Иығыңыз, бұғанаңыз қозғалмауы керек, бірақ тыныс алу кезінде қарынның бұлшықеттері мен төменгі қабырғаның аралық бұлшықеттері жұмыс жасайды. Осы жаттығуды жүйелі түрде орындай отырып, аралас демді жаттықтыруға болады.

Жаттығу Ә. «Гүлдер дүкені». Тіке тұрасыз. Бақылау үшін сол қолыңызды қарынға, оң қолыңызды қабырғаңызға қойыңыз. П-фффф деп сыртқа дем шығарыңыз. Енді ішке тыныс алғанда гүлді иіскеп отырғандай елестетіңіз. Дем алу – қысқа, дем шығару – ұзағырақ.

Жаттығу Б. «Май шам». Қағаз тілімін (жалпақтығы – 2-3 см, ұзындығы – 7-10 см) алып, оны май шам деп елестетіп, оған үріңіз. Ол сізден әрі қарай майысады. Бұл – «жалын». Егер сіздің деміңіз бірқалыпты болса, қағаз бір бағытта майысады. Ал деміңіз қалыпсыз болса, қағаз біресе көтеріледі, біресе қозғалады.



Педагогикалық тапсырма. «Сыныпты тазалау».

Сынып. Сыныпты тазалау күні. Сіздің міндетіңіз – сыныптың жұмысын ұйымдастыру. Қатысып отырған студенттер – оқушылар болып саналады. Олардың жасын өзіңіз белгілейсіз.

Оқушылардың мотивациясын тудыру, іс-әрекетті нақты бөлу және уақытты жұмсау, оқушылардың орнын белгілеу, еңбектену барысындағы өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, ойын элементтерін араластыру, мадақтау іскерліктері бағаланады. Сөздің мазмұнымен қатар сөйлеу техникасы есепке алынады.

Семинар 5. Сөйлеу техникасының негіздері. Дикция.
Мақсаты: студенттердің артикулляциялық аппаратын дамыту, таза сөйлеуге үйрету.
Жоспар


  1. Дикция. Оның педагогикалық әрекеттегі орны.

  2. Сөйлеу аппаратының құрылымы. Артикуляция органдары.

  3. Педагог дикциясындағы негізгі кемшіліктер және оларды жою жолдары.


Дұрыс фонациялық тыныс алуды, дауысты дамытуға арналған жаттығулар.

Жаттығу А. Ауыздың төменгі жағын жаттықтыру. Ауызды дұрыс ашу: басты тіке ұстап, иекті әдеттегі ыңғайлы орнында бекітеміз. Ауызды ашып, тілді еркін ұстаймыз, тістер көрінбеуі керек. Ауызды жабамыз.

Жаттығу Ә. Ерін бұлшық еттерін машықтандыру. Тісті жауып, ерінді еркін ұстау керек. Содан соң ерінді жиырып, оңнан солға қарай, солдан оңға қарай айналмалы қимылдар жасайсыз.

Жаттығу Б. «Тырналау». Астыңғы тістер жоғарғы ерінді жеңіл тырналайды, осы қимылды жоғарғы тістер жасайды.

Жаттығу В. Тіл бұлшық еттерін машықтандыру. Ауызды ашып тұрып, тілдің ұшын тістердің жоғарғы алдыңғы қатарына тигізесіз, орнына апарасыз, тістің ұяшығына апарасыз, орнына апарасыз.
Тілдесудің қарапайым машықтарын дамытуға арналған жаттығулар.

Жаттығу «Сәлеметсіз бе?» Оқытушының амандасуын 10 түрлі дыбыстаймыз: қорқыныш, рахаттану, тәртіпке шақыра, таңдана, немқұрайлы, ренжи, қуана, абыройлы, құрметпен, мысқылдай.

Жаттығу «Мында кел». Мұғалімнің қандай мақсатпен шақырып отырғанын дауысынан ажыратамыз.

Жаттығу «Дереу жауап». Сыныпта барлығы жұмыс жасап отыр. Кенет бір оқушы: «Жазбаймын! Ештеңе оқсамайды!» деп дәптерін лақтырып жіберді. Сіздің жауабыңыз/реакцияңыз.



Семинар 12-13. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті.
Мақсаты: сөйлеу мәдениетінің негізгі талаптарын студенттерге үйрету.
Жоспар

  1. Сөздің қоғамдық қызметі. Оынң оқу-тәрбие үрдісінде алатын орны.

  2. В.А.Сухомлинскийдің мұғалім сөзіне қоятын талаптары.

  3. 2Педагог сөзіндегі лексикалық талаптар.

  4. Сөзің грамматикалық сауаттылығы.

  5. Сөздің фонетикалық және орфоэпиялық нормалары.

  6. Сөздің мәнерлілігі.


Жаттығу А. Көркем әдебиеттен үзінді оқу.

«Қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды дамыған тұлға тәрбиелеуде барлық өнер түрлері үлкен маңызға ие екендігі белгілі. Әсіресе, өнер түрлерінің ішінде өскелең жастардың эстетикалық дүниетанымын, соның негізінде мәдениетін қалыптастыруда және дамытуда музыка (саз) өнерінің алатын орны ерекше. Оның мәні мынада: музыка өнері әрбір адамның адамгершілік тұрғыда тәрбиеленуіне, әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғаның объективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек. Бұл ойымызға дәлел бар. Айталық, бұл жағдай әсіресе кеңестер үкіметі дәуірінде үлкен қоғамдық мәнге ие еді. Өйткені, тәрбиедегі басты мақсат: қоғам 2мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни өнер адамның тек қана рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып қана қоймай, әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы болды. Музыка өнерінің мақсаты – жастарды өнер құныдылықтарын жасауға қатыстыру, олардың бойында белгілі бір адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық әдетті тәрбиелеу... Неге ендеше қазіргі кезде оқушылардың көркемөнерпаздық жұмысы өз деңгейінде ұйымда2стырылмай жүр? Неге саз өнерінің «хор, жеке ән айту, дуэт, трио, квартет, ән ансамблі» сияқты түрлерімен айналысуына деген қызығу төмен?» (Омар Е. «Эстетикалық тәрбиеге – айрықша назар»//Қазақстан мектебі.- 2004ж.- №9.- 68-70 б.)



Жатттығу Ә. Мына сөздерге синоним табыңыз: өте, өнер, қызығу, мақсат, ұйымдастыру.

Жаттығу Б. Мына сөздердің мағынасын сөздіктің көмегімен түсіндіріңіз. Осы сөзді түрлі мағынасында қолдана отырып, сөйлем құраңыз: тұлға, адамгершілік, әлем.

Жаттығу В. Мәтінді логикалық оқу.

  1. Логикалық үзіліс қойып, сөйлемді мәнерлеп оқыңыз.

Дұрыс отырып / тапсырманы жазып алыңыз.

Мен саған ертең кешке (мүмкін) келермін.

  1. Логикалық екпінді көрсетіңіз.

Бүгін біздің сынып жақсы жұмыс жасады.

Бүгін біздің сынып жақсы жұмыс жасады

Бүгін біздің сынып жақсы жұмыс жасады

Бүгін біздің сынып жақсы жұмыс жасады

Бүгін біздің сынып жақсы жұмыс жасады.

Жаттығу Г. Сөздің эмоционалдық мәнерлілігін дамыту.

Бәріңіз мында қараңыз!

Оқулықтарыңды ашыңыздыр!

Барлығымыз тұрамыз!

Осы сөйлемдерді «талап қоя», «іс-әрекетке шақыра», «қызықты нәрсені айтардай», «таңдана», «салмақты», «ашулана», «әзілдей» атыңыз.



Жаттығу Д. Сөздік импровизация.

Мұғалім бір суретті (адамның, жануардың, өсімдіктің) көрсете отырып, өзі бастайды:



  • Бірде...-

Әрі қарай студент өзі жалғастыруы тиіс.

Жаттығу Е. Афоризмдердің мәнін түсіндіру.

Мұғалім афоризмдерді оқиды. Студенттер оларды жазып алып, ойланып, өз түсінгенін қысқа да нұсқа айтып береді.



Тіл жүректі қорғайды.(Мақал)

Өзіңді өз қабілеттеріңнен жоғары бағалаудың керегі жоқ және өзіңді кемсітудің де керегі жоқ. (И.Гете)

Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге. (Абай)

Қарапайым адам – қасиетті адам. (Қытай мақалы)

Тасқын өтер, тас қалар. (Осетин мақалы)

Өнер де, даналық та үйренбесе қолға түспейді. (Демокрит)
Семинар 14-15. Мұғалімнің кәсіптік қызметіндегі педагогтік қатынастар.
Мақсаты: педагогтың қарым-қатынас орнату дағдысын қалыптастыру.
Жоспар

    1. Педагогикалық қарым-қатынастың мәні.

    2. «Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастар.

    3. «Мұғалім-ата-ана» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастар.

    4. Педагог этикасы педагог қарым-қатынасының негізі.

    5. Мұғалімнің педагогикалық әдептілігі.

    6. Педагогтың өзара қызметтестігінің тәсілдері.


Әдебиет: Ольшанская И.А. Техника педагогического общения: практикум для учителей и классных руководителей. – Волгоград., 2005. – 34-71б.

7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

ӨЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау

Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.

Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі



Кезеңдер

Позициялар

Мазмұны

1 кезең. Жеке жұмыс.

А Б

В Г


Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.

2 кезең. Жұппен жұмыс

А <-> Б

В <-> Г


Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.

3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)

А Б

| |


В Г

Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.

4 кезең. Топтық шешім қабылдау

А Б

\ /


/ \

В Г


Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.

Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.



Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.

Бақылау жұмысы. Берілген сұрақтарға жазбаша түсініктерін жазу.

Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.

Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық студенттер көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.



Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі

1ОЖСӨЖ мазмұны:

Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненттері ретінде.

Педагогикалық шеберлік еомпоненттері.

2 ОЖСӨЖ: Педагог қызметіндегі актерлік және режиссерлік шеберлік.

мазмұны:

Педагогикалық қимыл бір актердің театры секілді.

Педагог пен актер – аудиторияға тұлғалық ықпал етуді таратушылар.

3 ОЖСӨЖ мазмұны: Педагог пен актер – аудиторияға ерекше әсер етушілер.

4 ОЖСӨЖ мазмұны:Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәні мен мазмұны.

Педагогикалық қимыл бір актердің театры секілді.

Педагог пен актер – аудиторияға тұлғалық ықпал етуді таратушылар.

5 ОЖСӨЖ мазмұны:К.С.Станиславскийдің педагогтар дайындаудағы театралдық жүйесінің принциптері.

Көрнекі педагогтар шеберлігі.



6 ОЖСӨЖ мазмұны:Мектеп мұғалімдерін дайындау жүйесіндегі педагогикалық шеберлік негіздерін қалыптастыру.

7 ОЖСӨЖ мазмұны:Педагогикалық еңбектердің көрнекі шеберлері.

А.С.Макаренконың педагогикалық шеберлігі.

В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық шеберлігі.

8 ОЖСӨЖ мазмұны:Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде.

Жалпы педагогикалық және кәсіби-педагогикалық қызмет.



9 ОЖСӨЖ мазмұны:Педагог қызметінің ерекшеліктері мен қиыншылықтары.

Мұғалім педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде.



10 ОЖСӨЖ мазмұны:Кәсіби педагогикалық қызмет – педагогтік шеберлікті қалыптастыру негізі.

Мұғалімнің жеке басы оның кәсіптік қызметінің өзекті факторы ретінде.

Кәсіби-педагогтік қызметтегі мұғалімнің жеке басының қалыптасуы.

11 ОЖСӨЖ мазмұны: Мұғалімнің сыртқы пішін мәдениеті. Сән және педагог.

12 ОЖСӨЖ мазмұны: Мұғалімнің сыртқы пішіні және мәдениті.

13 ОЖСӨЖ мазмұны:Кәсіби педагогикалық қызмет – педагогтік шеберлікті қалыптастыру негізі.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі.

Бастауыш сынып мұғалімінің жеке басының кәсіби қасиеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет