Барлығы – 135 сағат



бет34/73
Дата10.06.2017
өлшемі5,95 Mb.
#18949
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73


  1. Қандай жүйелер Крамер әдісімен шешілмейді?

  2. Кез келген СТЖ-сін матрицалық түрде қалай жазады?

  3. Қандай жүйелер матрицалық т.рде шешілмейді?

Әдебиеттер: [1], [15], [16], [22].
Тақырып: Біртекті СТЖ-ң базистік (фундаменталь) шешулері.

Анықтама. Бос мүшелерінің бәрі нолге тең СТЖ-сін біртекті деп атайды.

Біртекті СТЖ әруақытта үйлесімді болады, өйткені <0, 0, …, 0> кортежі біртекті жүйенің шешуі екені түсінікті. Мұндай шешу нолдік шешу деп аталады. Егер біртекті жүйе анықталған болса, онда оның жалғыз нолдік шешуін ғана аламыз. Сондықтан біртекті СТЖ-сін қарастырғандағы мақсат – оның нолден өзге шешулерінің болу жағдайын, яғни анықталмаған болу жағдайын білу және сол нолден өзге шешулерді табу.

Анықтама. Біртекті СТЖ-ң сызықтық байланыссыз шешулері оның фундаменталь немесе базистік шешулері деп аталады.

Біртекті жүйенің фундаменталь шешулерін табу үшін оны Гаусс әдісімен шешіп, жалпы шешуін табады. Бос айнымалылар саны қанша болса, оларға сызықтық байланыссыз болатын сонша мән беріп, сәйкес бас айнымалылардың мәндерін есептейді. әдетте бос айнымалыларға бірлік матрица құрайтындай мәндер береді.

Біртекті СТЖ-ң шешулерінің мынадай қасиеттері бар:

1о. Шешулердің сызықтық комбинациясы осы жүйенің шешуі болады.

2о. Жалпы жүйенің кез келген шешуімен сәйкес біртекті жүйенің кез келген шешуінің қосындысы жалпы жүйенің шешуі болады.

Сұрақтар:


  1. Квадрат біртекті СТЖ-сін Крамер ережесімен шешуге бола ма?

  2. Бос айнымалыларға не себепті бірлік матрица құрайтын мәндер береді?

Әдебиеттер: [15], [21], [22].
Тақырып: Комплекс сандардың алгебралық формасы.

Анықтама. Алгебралық формада жазылған комплекс сан деп z=a+bi өрнегін айтады. Мұндағы а – нақты саны z-ң нақты бөлігі деп, bi – жорымал бөлігі деп, ал b нақты саны жорымал бөліктің коэффициенті деп аталады.



Егер b=0 болса, z комплекс саны z=a нақты саны болады. Егер b≠0 болса, z комплекс саны таза жорымал сан деп аталады.

-a-bi саны z-ке қарама-қарсы сан, ал a-bi саны z-ке түйіндес сан деп аталып, сәйкесінше –, деп белгіленеді. Алгебралық формадағы комплекс сандардың теңдігі, оларға арифметикалық амалдар қолдану мына формулалармен орындалады:

Түйіндес сандардың мынадай қасиеттері бар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет