Барлығы – 135 сағат



бет26/45
Дата11.11.2016
өлшемі3,54 Mb.
#1504
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45

Әдебиеттер:


  1. Уткин А.И. «Россия и Запад: История цивилизаций». М., 2000 г.

  2. Семенникова Л.И. «Россия в мировом сообществе цивилизаций». Брянск, 2000 г.

  3. История. Отв. ред. Самыгин П.С. Ростов-на-Дону, 2002 г.

  4. Платонов С.Ф. «Полный курс лекций русской истории». Ростов-на-Дону, 2002 г.

  5. Анисимов Е.В.,Каменский А.Б. Россия в ХУІІІ-первой половине ХІХ века. М.,1994.

  6. Бракнер А.Г. История Екатерины ІІ. М.,1991. т.1,2.

  7. Эйдельман Н.Я. Твой восемнадцатый век. Прекрасен наш союз... М.,1992.

  8. История Отечества: люди, идеи, решения в 2-х т. М.,1991.

  9. Н. И. Павленко, В. Б. Кобрин. В. А. Федоров. «История России с древнейших времен до 1861 года». М., 1989 ж.

  10. М. Мунчаев, В. М. Устинов. «История России». М., 2003 ж.

  11. История Российского государства. Ред. басқарған Ш. М. Мунчаев. М.,2000 ж.

- ХVШ ғ. ІІ ж. Ресейдің саяси дамуы. Сарай төңкерісі. І Екатеринаның таққа келуі. А.Д.Меньшов. Жоғарғы Құпия Кеңесі. ІІ Петр. Кондициялар. Анна Иоановнаның тұсындағы Ресей. Министрлер кабинеті. Құпия істерінің Канцеляриясы. VІ Иван мен Анна Леопольдовна. ІІІ Петр мен Елизавета Петровнаның елді билеу кезеңдері. Елизавета Петровнаның билігі. Оның саяси тұлғасының қалыптасуы;

- ХVІІІ ғ. ІІ ж. елдің территориясы мен халқы. Ауыл шарушылығы. Ақша оброгі. Барщина мен айлық. Шаруалардың әлеуметтік жағдайы. 1762 ж. Ресейлік дворяндардың еркіндік Манифесті. Өнеркәсіптің дамуы және оның басты бағыттары. Ішкі және сыртқы сауда;

- Сыртқы саясат. Оның басты бағыттары. Түркиямен соғыс. 1756-1763 ж.ж. Жетіжылдық соғыс. Ресейдің Швециямен соғысы. Ресейдің жетіжылдық соғысқа қатысуы. Ресей әскерінің жеңісі. П. А. Румянцевтің және А. И. Суворовтың әскери қолбасшылық қызметтерінің басталуы. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы.


14 кредит сағат

10 дәріс

Тақырып: Ұлы Екатерина тұсындағы Ресей империясы.

ХVІІІ ғ. «Ағартушылық абсолютизм» дәуіріндегі Ресей мемлекеті.




  1. Ағартушылық дәуірге тән сипаттар.

  2. Екатерина ІІ – дәуірі – «ағартушылық абсолютизм» кезеңі.

  3. ХХІІІ ғ. ІІ-жарт. әлеуметтік-экономикалық жағдай. ІІ-Екатерина ішкі-сыртқы саясаты.

  4. Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы.



Дәрістің мазмұны:


  1. ІІ Екатеринаның жеке тұлғасының қалыптасуы және ағартушылық философиясы;

  2. ХVІІІ ғ. әлеуметтік-экономикалық және саяси даму. Ауыл шаруашылығы;

  3. Сыртқы саясат: орыс-түрік соғысы. Қырымның қосылуы. Швециямен соғыс;

  4. ІІ Екатерина тұсындағы мәдениет: оқу орындары жүйесінің қалыптасуы. М. В. Ломоносовтың ғылым жолы. Техниканың дамуы.

Әдебиеттер:


1. Уткин А.И. «Россия и Запад: История цивилизаций». М., 2000 г.

2. Семенникова Л.И. «Россия в мировом сообществе цивилизаций». Брянск, 2000 г.

3. История. Отв. ред. Самыгин П.С. Ростов-на-Дону, 2002 г.

4. Платонов С.Ф. «Полный курс лекций русской истории». Ростов-на-Дону, 2002 г.

5. Анисимов Е.В.,Каменский А.Б. Россия в ХУІІІ-первой половине ХІХ века. М.,1994.

6. Бракнер А.Г. История Екатерины ІІ. М.,1991. т.1,2.

7. Каменский А.Б. Сословная политика Екатерины ІІ.//Вопросы истории, 1995, № 3.

8. Медушевский А.Н. Утверждение абсолютизма в России. М.,1994.

9. Эйдельман Н.Я. Твой восемнадцатый век. Прекрасен наш союз... М.,1992.

10. История Отечества: люди, идеи, решения в 2-х т. М.,1991.

11. Политическая история: Россия-СССР. В 2-х т. Т.1-2. М.,1996.


  • ХVШ ғ. ІІ ж. Ресейдің саяси дамуы. Сарай төңкерісі. І Екатеринаның таққа келуі. А.Д.Меньшов. Жоғарғы Құпия Кеңесі. ІІ Петр. Кондициялар. Анна Иоановнаның тұсындағы Ресей. Министрлер кабинеті. Құпия істерінің Канцеляриясы. VІ Иван мен Анна Леопольдовна. ІІІ Петр мен Елизавета Петровнаның елді билеу кезеңдері;

  • ХVІІІ ғ. ІІ ж. елдің территориясы мен халқы. Ауыл шарушылығы. Ақша оброгі. Барщина мен айлық. Шаруалардың әлеуметтік жағдайы. 1762 ж. Ресейлік дворяндардың еркіндік Манифесті. Өнеркәсіптің дамуы және оның басты бағыттары. Ішкі және сыртқы сауда;

- Сыртқы саясат. Оның басты бағыттары. Түркиямен соғыс. 1756-1763 ж.ж. Жетіжылдық соғыс.

- Ресей мемлекетінің саяси құрлысының ерекшеліктері. Самодержавиелік, абсолюттік құрылыстың күшеюі;

- ІІ Екатерина дәуірі. «Ағартушылық абсолютизм». Ерекшеліктері мен белгілері. ІІ Екатерина «Наказдары»;

- Ел ішіндегі әлеуметтік қарама-қайшылықтар. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы;

- ХVІІІ ғ. а. ауыл шаруашылық. Өнеркәсіп өндірісі. Қалалардың өсуі;

- География ғылымы. Тарихи шығармалар. 1725 ж. Петербург Ғылым Академиясының ашылуы. Әдебиет, өнер, сәулет өнері, публицистика. Феофан Прокопович, Федор Салтыков, И.Т. Посошков. Мәдениеттің дамуының қортындылары. Ғылыми-техникалық ой.



10-дәріс
ХVІІІ ғ. «Ағартушылық абсолютизм» дәуіріндегі Ресей мемлекеті.
1 Ағартушылық дәуірге тән сипаттар.

2 Екатерина ІІ – дәуірі – «ағартушылық абсолютизм» кезеңі.

3 ХХІІІ ғ. ІІ-жарт. әлеуметтік-экономикалық жағдай. ІІ-Екатерина ішкі-сыртқы саясаты.

4 Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы.



1. Ағартушылық дәуірге тән сипаттар.

ХV-ХVІІ ғғ. Батыс Европа тарихында Қайта өркендеу дәуірі деп аталады. Міне, осы дәуір қойнауында жаңа дәуірдің қоғамдық қатынастар және мәдениет жүйесінің негізі қаланды, буржуазиялық қоғамдық қатынастардың алғышарттары пайда болды, шіркеу мен мемлекет арасындағы қатынас өзгеріп, жаңа секулярлық сана – гуманистік көзқарас қалыптасты.

ХVІІІ ғ. бұл үрдіс әрі жалғасып, Батыс Европада буржуазиялық қатынастардың орнығуымен аяқталды. Бұл, әрине, дәуірдің маңызды әлеуметтік-экономикалық мазмұны, бірақ бұнымен қатар өркениеттің тұтас құрылымын өзгерткен іргелі құбылыстар болды: ол Европалық өркениеттің дәстүрлік негіздерін қиратқан және жаңа дәуірді бастап берген модернизациялық (жаңғыру) өзгерістер болатын.

Модернизация – көп жақты үрдіс. Өндіріс саласында – индустрилазия, машиналарды қолдану. Әлеуметтік салада – урбанизация, яғни қалалардың гүлденіп, маңызының артуы. Саяси салада – азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің негіздері қаланып, саяси құрылымдардың демократизациялануы.

Рухани салада діни институттар ықпалы әлсіреп, сауаттылықтың, білімнің, ғылымның дамуы.

Тұтастай алғанда жаңа дәуір жаңа адамды қалыптастырды.

Жаңа дәуірдегі қоғамдық өмірді модернизациялаудың идеялық негізі Ағартушылық идеологиясы болды. Ағартушылық дәуірдің қайраткерлері философияда, ғылымда, искусствада, әдебиетте, саясатта терең із қалдырып, жаңа көзқарасты қалыптастырып, адамзат ойын ортағасырлық провиденциалистік шеңберден шығарды.

Ағартушылық дәуірдің философиялық негізі рационализм болды. Қалыптасып келе жатқан буржуазия мүдделерін қорғаған ААғартушылық идеологтары – адам қабылеті мен, ақыл ойын бірінші орынға қояды, қабылеті мен қасиетін еркін қолдана алатын адам ғана қоғамда қайта құра алады.

Ф. Энгельс Ағартушылық дәуір идеологтары туралы былай дейді:

«Дін, табиғатты тану, мемлекеттік құрылыс - барлығы адам ақыл-ойы алдында тізе бүгіп, ақыл-ой бүкіл болмыстың бірден-бір өлшеміне айналды». (Маркс К, Энгельс Ф, Соч., т.20.с16). Ағартушылық идеологиясы – классикалық үлгіде ХVІІІ ғ. Францияда орнықты. Француз әдебиеті, тілі бүкіл Европаға тарап, Франция Европалық интелектуалдық тұрмыстың орталығына айналды.

Француз Ағартушылық ойының ірі өкілдері: Вольтер (Франсуа Мари Аруэ), Ж..Ж. Руссо, Ш. Монтескье, П.А. Гольбах, К.А. Гельвеций, Д.Дидро.

Саяси биліктің қанаттары – атқарушы, заңшығарушы, сот туралы идеяның негізін салушы Ш.Монтескье. Қоғамда заңдылықты берік орнықтыру «билік тармақтарын бөлу» арқылы жүзеге асады.

Вольтер творчествасында тарихи еңбектер өте көп: «Карл ХІІ тарихы», (1731), «Людовик ХІV ғасыры» (1751), «Ұлы Петр кезеңіндегі Россия» (1759). «Халықтардың парасаты мен рухы тәжірибесі» деген еңбегінде Вольтер «Әрбір адам өз ғасырымен қалыптасады, алайда өз заманының рухынан озған адамдар болады»деді.

Жан-Жак Руссо (1712-1778) «Қоғамдық келісім...» (1762) деген трактатында халықтың абсолютизмді құлату құқығы туралы айтады. Ол: «Халық бекітпеген заң - заңсыздық».

Ағартушылық қозғалыс Англида да дамыды. Ағылшын Ағартушылығының саяси бағдарламасының негізгі белгілерін философ материалист Джон Локк (1632-1704) анықтап либералдық ілімнің идеялық – саяси негізін салды.

Европалық Ағартушылық тарихында экономист Адам Смит (1723-1790) үлкен орын алады. Қоғам орасан зор манфактура, «қоғам байлығы» қоғам мүшелері арасындағы еңбек бөлінісі жолымен жасалады.

Германиядағы Ағартушылық елдің саяси бытыраңқылығына байланысты өте күрделі қарама-қайшы құбылысқа айналды.

Неміс Ағартушылығының негізін салушы Иммануил Кант (1724-1804), Кенигсберг университетінің профессоры, (1794) Петербург ғылым Академиясының құрметті мүшесі. Кант құқықтық мемлекет туралы концепция қорына мол үлес қосты. Мемлекет қоғам мүшелері арасындағы сыйластықты қамтамасыз ету керек. Адамдардың, ұлттардың, халықтардың, әртүрлі қоғамдық жүйелердің бірін-бірі сыйлап, бірінің бірі құқықтарын мойындап, өзара бейбіт өмір сүруі керек деген Кант идеясы тек ХХ ғасырдың ортасында санамызға сіңе бастады. Көптеген ойшылдар сияқты Кант – утопист, бірақ ол бізге сол утопиясымен қымбат, жақын.

(Кант И. Трактаты и письма. М. 1980, С. 355).

Германияның саяси-тарихи даму ерекшелігі неміс Ағартушылық идеясына өзіндік өң берді. Бостандық, жеке бас қадірі, деспотизмді сынау идеялары жалпылама ғана сипат алды. Тек қана Лессинг еңбектерінде және Шиллер драмаларында олар нақтылана түсті.

Сонымен Ағартушылық заманы адамзат ойының ерекше бір лабораториясы болды, ХІХ – ХХ ғғ әлемдік дамуға әсер еткен либерализм, социолизм және коммунизм идеяларының жасыл өзектері, тамырлары осы заманда жатыр.

ХVІІІ ғ. тарихқа Ағартушылық абсолютизмі ғасыры болып енді. Инквизицияны жою, шіркеу жерлерін секуляризациялау, дворяндардың сословьелік артықшылықтарын жою осы саясат мазмұнына айналды. Алайда ағартушылық абсолютизм саясатының ең басты белгісі «барлығына бірдей құқық»принципін жариялап, азаматтық құқық негізін салу болды.

Ағартушылық абсолютизм саясаты Австрия, Пруссия, Португалия және Ресейде кең арнада жүзеге асты, басқа елдерде тек кейбір белгілері байқалады. Бұл саясаттың жүргізілуі қоғамдағы саяси қайшылықты жоймайды. Абсолютизм - өлі форма. Абсолютизмді жетілдіруге, жаңғыртуға болмайды. Олай бола қалған жағдайда бұл саясат өмір сүруін тоқтатады.


  1. Екатерина ІІ – дәуірі – «ағартушылық абсолютизм» кезеңі.

ХҮІІІ – ғасырдың екінші жартысы тарихи әдебиетте «ағартушылық абсолютизм дәуірі» деп аталады. Бұл кезеңде Европада Карл ІІІ Испанский, Фридрих ІІІ Прусский, Густав ІІІ Шведский, император Иосиф ІІ Австрийский және Россияда Екатерина ІІ сияқты мықты ел басшылары болды. Бұл тарихи тұлғалар белгілі бір дәрежеде Ағартушылық идеяларын өз саясаттарында қолданды.

Ағартушылық абсолютизмнің қалыптасуының ең бірінші шарты абсолюттік биліктің мүдделері дворян сословиесімен бюрократияның мүдделерімен тоғысуы.

Екінші басты шарты – монархиялық құрылыстың мықтылығы, яғни өзінің саяси күшінің мәнін сақтай отыра жаңа тарихи формаларды қабылдау.

Ағартушылық абсолютизм буржуазиялық қатынастар салыстырмалы алғанда жәй дамыған мемлекеттерде қалыптасты, яғни, дворяндардың саяси праволарымен экономикалық артықшылықтары әлі де сақталып қалуда. Экономикалық тұрғыдан алғанда – бұл мешеу дамыған елдердің капитализм орныға бастаған елдер қатарына қосылу әрекеті болып есептелінеді.

Бұл саясаттың негізгі бағыттары мыналар:


    1. Сословиелік айырмашылықтар әлсірейді.

    2. Буржуазиялық мазмұндағы даму тенденциялары күшейеді.

    3. Мемлекеттік басқару аппараты қайта құрылады.

    4. Шіркеу ықпалы әлсіреп, ол мемлекетке бағына бастайды.

    5. Ағартушылық және роццанализм идеялары тарап, осыған сай жаңа білім жүйелері де қалыптасады. Дін, ғылым, әдебиет, искуства мемлекет мақсатына қызмет жасау керек. Ағартушылық абсолютизм ресми түрде өз идеялогиясын, рухани мәдениетін қалыптастырып, дінді билікті күшейтудің саяси құралына айналдыруға ұмтылады. Дін иелері бюрократияның ерекше бір саласына айналады.

Классикалық типтегі ағартушылық абсолютизм Францияда, Пруссияда, Австро-Венгрияда және Баварияда қалыптасты.

Мысалы, Австро-Венгрия императрициясы Мария Тэреза басқару аппаратын жетілдіру мақсатында бірнеше реформалар жүргізді. Оның реформаторлық бағытын баласы Иосиф ІІ (1780-1790) одан әрі жалғастырды.

Абсолютизмнің екінші бір типі – мемлекеттік - саяси құрылыс Испания мен Партугалияда қалыптасты. Бұл елдерде ағартушылық саясаттың бағыттарын анықтауда либералдық көзқарастағы мемлекет қайраткерлері белсенділік танытты.

Дания, Швеция және Италияда ағартушылық абсолютизмнің біршама өзге түрі орнықты. Бұнда реформаны жүргізушілер жаңа дворяндар болатын.
Петр І-ден кейін Ресейдегі реформалау саясатын одан әрі жалғастырған Екатерина ІІ-ші болды. Екатерина ІІ – Ресейді (1762-1796 жж.) 34 жыл басқарған, тарихқа ұлы императрица деген атпен енген тұлға. Н.М. Карамзин Екатерина ІІ реформаларына былайша баға береді: «Петр дәуірінің ұлылығын жалғастырған жаңа Ресейді екінші рет түлеткен тұлға Екатерина ІІ».

Екатерина ІІ анасы жағынан Голштейн князь тұқымынан, әкесі жағынан солт. Германиядағы Ангальтцербст кедейленген князь тұқымынан шыққан. Сарайлық некелесу тәртібі және есебі бойынша Петр ІІІ-ге күйеуге шыққан. Өзінің жазбаларында «Болашақ күйеуімнен де, орыстығы маған қатты ұнап еді», -дейді. 4 мыңдай көйлегі бар Елизаветта басқарған сарайға 2-3 көйлекпен келгенін Екатерина ІІ ол сәтті салқын қандылықпен еске алады.

Екатерина ІІ Ресейдегі ағартушылық абсолютизм тарихын бастап берді. Бұл саясаттың хронологиялық шеңбері туралы тарихнамада әртүрлі пікірлер бар.

Біз И.А. Федосовтың көзқарасына тоқталып оны 1762 – 1815 жылдар дейміз.

Европалық дәрежеде білім алған Екатерина ІІ ағартушылар – Ш. Монтескье, Вольтер, Д. Дидро т.б. еңбектерін зерттей келе, Ресей қоғамын өзгерту қажеттігін түсінді. Патшалық құрған кезеңде Ресейдің «Жаңа адамдарын» қалыптастыра отырып, либералдық реформаларды жүргізуге, елдегі білім мен мәдениет саласын жетілдіруді мақсат тұтты.

Елдің экономикалық құрылымының күрделілігін, саяси тұрақсыздығын ескере келе жеке билікті бекіту қажеттілігін түсінді.

1649 жылғы Собор Уложениесі (жинағының) орнына Екатерина ІІ жаңа заңдар жинағын шығаруды қажет деп есептеп, арнаулы комиссия құрды. Комиссия жұмысына басшылық ретінде тарихта «Нұсқаулар» деген ат алған арнаулы құжат әзірленді. «Наказдар» 546 мақалаға бөлініп, 20 тараумен құрастырылған, соның 245 мақаласы Ш.Монтескье, 106-белгілі юрист Ч. Бекарии, неміс ғалымдары Бильфелд пен Юст еңбектері қағидаларынан алынған.

«Наказ» идеясының негізі – мемлекетті нығайту, самодержавиялық билікті нығайту. Монархтың шексіз билігін бекіте, кеңейте отырып, азаматтық құқық белгілерін орнықтыру.

1767 жылы шыққан «Наказ» бірнеше Европа тілдеріне аударылды.

Консервативтік Ресей дворяндарына заңмен реттелген қоғам қауіпті, сондықтан да елде заң ережелерінің енуі олардың ықпал, билігін әлсіретер еді. Комиссия жұмысы орыс қоғамындағы сословье аралық және қарама-қайшылықтардың бар екендігін айшықтап берді.

Ағартушылық абсолютизм саясатының құрамдас бөлігі – шіркеу иеліктерін секуляризациялау болды.

Дворян сословьесінің өз арасындағы алауыздықтар сақталып, қоғам тұрмысы күрделене берді. Сословьелердің әралуан өкілдері қатынасқанмен Ресей заңдарын реттеу ісі сәтсіз аяқталды. Сондықтан да 1768 ж. орыс-түрік соғысы басталуымен, Екатерина ІІ комиссия жұмысын тоқтатты.Дегенмен де 1785 жылы екі үкімет актісі шықты.



  1. Ақсүйек Ресей дворяндарының құқығы, еркіндігі және артықшылықтары.

  2. Ресей империясы қалалары туралы

Бұл екі заң орыс қоғамын сословьелік негізде бекітіп, үкімет пен ел арасындағы қарым-қатынастың юридикалық негізін салды.

Дворяндар туралы заң оларды Ресей империясының үстем сословьесіне айналдырды.



  1. Дворяндар міндетті қызметтен босатылды.

  2. Меншік құқығы, мұралық құқығы қорғалды.

  3. Дворян корпорациялары – дворян қоғамдары құрылды. Губерния дворяндарының жиналыстары көптеген жергілікті мәселелерді шешіп отырды.

Қалалар туралы Грамотада қалаларды басқару органдарының құрылымы анықталып, қала тұрғындары 3 гильдияға бөлінді.

  1. Көпестер гильдиясы

  2. Қолөнершілер гильдиясы

  3. Қара халық тобы.

Қала думасы құрылып, қала басшылыры сайланды.

Екатерина ІІ – кезеңінде Ресей империясының басқару аппаратын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болды. Солардың бірі – ХVІІІ ғ. 75-80 жж. жергілікті әкімшілік жүйесін реформалау болды.

1775 жылы «Жалпы Ресей империясы губернияларын басқару мекемелері» деп аталатын заң актісі шықты. Бұл заң бойынша губерния территорияларының көлемі қысқартылып, бұрынғы 23 губернияның орнына 50 губерния құрылды. Губерниялар уездерге бөлінді де, провинциялар деген жойылды. Әрбір губернияда 300-400 мыңдай халық тұрды. Губернияларды барлық әкімшілік билікті өз қолдарына жинақтаған наместник (генерал-губернатор) басқарды. Сонымен қатар арнаулы коллегиялық орган-Губерния Басқармасы құрылды. 1775 жылы ауруханалар, жетім-жесір үйлерін, мектептерді басқаратын приказ құрылды.

1775 ж. реформа барысында сот жүйесіне өзгерістер енгізілді. Губерниялардағы ең жоғарғы сот палатасы – қылмыстық, азаматтық сот, сословьялық сот, губерния магистраты, және жергілікті сот, деген сияқты жүйе қалыптасты.

Міне осы өзгерістер билік ауқымын күшейтіп, елді басқаруда белгілі бір жүйе қалыптасты.

Әкімшіліктің ағымдағы жұмысын Сенат басқарды. 1703 ж. реформа бойынша Сенат 6 департаменттен тұрып, әрқайсысы өзіне жүктелген салаларды басқарды.

Тұтас 34 жылды алғанда, абсолютизм бекіп, монарх билігі күшейе берді. Сонымен қатар коррупция, фаворитизм сиқты келеңсіз құбылыстар да етек алып, крепостниктік жүйе ең дөрекі форма деңгейіне көтерілді.

Н.М. Карамзин Екатерина ІІ дәуірінде екі «өркениет» тәртібі орнады: жоғарғылар «өркениеті» және төменгілер «өркениеті» деген анықтама береді.

Екатерина ІІ 1796 ж. 6-ноябрьде қайтыс болды. Қоғамның ішкі – сыртқы шешілмеген мәселелері сақталды, ол келесі ұрпақтың үлесіне тиді.

- 1725 ж. ашылған Ғылым Ак-да неміс тарихшылары Готлиб 3. Байер, Герард Фридрих Миллер, Август Людвиг Шлецер жұмыс жасады. Норман теориясының негізін салды. (Идея завоевания как основопологающего момента в возн-ии гос-д ва).

Мих В. Ломоносов (1711-1765). Русь мем-нің қалыптасу тарихымен айналысты. (Ломоносов М.В. П.Собр. Сич. М.Л., 1950-1956. Т6, 8).

1776 ж. «Ресейдің ежелгі тарихы» «Краткий Росс. летописец» еңбектерінде орыс халқының Рюриктерге дейін-ақ көне тарихы бар екендігін дәлелдейді. Славян және скандинав халықтарының этникалық айырмашылықтары туралы айта келе, әлемдік тарихтағы славян халықтарының орнын анықтайды. Ломоносов пікірінше: халықтардың ұлы қоныс аудару кезеңінде славян және чуд тайпаларының араласуы барысында жаңа этникалық топ-орыс халқы қалыптасты. Сөйтіп Рюриктер славян тайпаларынан шыққандар деген тезисті ұсынады.

Келесі орыс тарихшысы-белгілі аристократ М.М. Щербатов (1733-1790). 7-томдық «Ресей тарихын»жазды. Тарих – 1610 жылға дейін әкелінді.

Щербатов – мемлекеттің қуаты мен тұрақтылығы – адамзат ақыл-ойы, ағартушылықпен анықталады. Сондықтан тарих төрінде, бастауында – жеке тұлға тұрады, яғни патша. Патшаның ақыл-ойы, парасаты мемлекеттің тағдырына елеулі әсерін тигізеді. Тарихи тұлғаға идеялар, ой ықпал жасады. (ағартушылық тезис-мнения правят миром).

Щербатов самодержавия, және дворяндар тарихын, олардың өз-ара қатынасын зерттейді. Дворян сословиесі ықпалымен шектелген патша билігі – монархия –мемлекеттің ең жетілген саяси формасы. Сонымен қатар креп. Право мәселесіне де осы монархиялық идея тұрғысынан қарайды.

Крепост. Праваны жою Россияны бүлік жолына салады. «Бостандық» деген тәтті сөз, бірақ ол тек дворян сословьесімен қатар айтылатын сөз. Қандай болмасын бүлік, революциялар – қасырет. Оған мысал Ағ. бур. револ-сы.

Жалпы ағартушылық ағым ХVІІІ ғ. 60 ж. қалыптасты. Сөз жоқ Батысев идеялар ықпалы болды. ХVІІІ ғ. ағартушылық идеяның қалыптасуының 2 кезеңі бар.

1) 60-70 жж. «Просвещенный монарх» қолымен заңдарды, тәртіпті, өзгертуге болады.

2) 80-90 жж. Радищев шығармашылығымен байланысы крепост. Құрылыс пен самодержавияны халық революциясы арқылы жоюға болады.

Н.И. Новиков. (1744-1818). Сатир. Журналдар «Трутень», «Живописец», «Кошелек» - деспотизм мен тираниялық тәртіп сыналады.

Нидерлания революциясы тарихын, зерттей келе, халықтың қозғалысты – буржуазия басқару керек.


Комментарии

Петр I установил новый порядок престолонаследия, характерный для абсолютной монархии: правитель сам назначает себе наследника. Но сам Петр умер 30 января 1725 г., не успев никому завещать свой трон. Началась ожесточенная борьба за власть («страсти у трона»), в ходе которой участники больше думали о своих личных амбициях, чем об интересах государства и народа.

В 1725 – 1727 гг. императрицей была вдова Петра Екатерина I, при которой фактическим правителем был А.Д. Меншиков. После ее смерти в 1727 – 1730 гг. императором был Петр II, внук Петра I (сын казненного царевича Алексея, родного сына Петра Алексеевича от первого брака). Фаворитами Петра II были князья Долгоруковы. В 1730 – 1740 гг. императрицей была Анна Иоанновна, родная племянница Петра I (дочь его соправителя Ивана V). Фаворитом Анны был Э.Бирон. В политической жизни страны решающую роль стали играть гвардейские офицеры, бывшие опорой и движущей силой всех дворцовых переворотов. Они были противниками, какого бы то ни было ограничения императорской власти, от которой за свои услуги напрямую получали земли, награды и др. В 1730 г. Анна Иоанновна сначала подписала, а затем разорвала «Кондиции», условия, которыми ограничивалась ее власть в пользу членов Верховного тайного совета, высшего правительственного органа с 1726 г.

Всего несколько месяцев находился на престоле Иван VI Антонович. Он был племянником Анны Иоанновны. При провозглашении императором ему было всего полгода. Сначала регентом при нем был Э.Бирон, а после его насильственного отстранения фельдмаршалом Минихом регентшей стала его мать Анна Леопольдовна, не способная к правлению. В 1741 г. родная дочь Петра I Елизавета Петровна свергла младенца – императора и отправила в ссылку все его окружение. Она правила с 1741 по 1761 г., опираясь на фаворитов и гвардию. Елизавета Петровна не была замужем и не имела детей. После ее смерти в декабре 1761 г. полгода на престоле пребывал

Петр III, который был родным внуком Петра I, сыном его дочери Екатерины, умершей при рождении будущего российского императора. Все перечисленные правители не обладали достоинствами и энергией Петра Великого. Лишь Елизавета Петровна пыталась подражать своему выдающемуся отцу. Петр III был в июне 1762 г. свергнут с престола собственной женой Екатериной и убит. Павел I смог занять престол только после смерти своей матери.

После смерти Петра I верховная власть в стране дважды оказывалась в руках несовершеннолетних детей и пять раз в руках женщин, из которых лишь Елизавета Петровна и Екатерина II правили самостоятельно.


Комментарии

Петр I установил новый порядок престолонаследия, характерный для абсолютной монархии правитель сам назначает себе наследника. Для абсолютизма были характерны централизация, концентрация власти, бюрократизация, дифференциация функций управления, а также милитаризация, опора на силовые структуры. В полицейском государстве поощряли доносчиков, жестоко карали непокорных.

При Екатерине II для подготовки нового государственного законодательства (Уложения) в 1767 г. были избраны 572 депутата от разных сословий (кроме помещичьих крестьян и духовенства). Работа Уложенной комиссии выявила острые социальные противоречия, столкновение интересов. Комиссию Екатерина II распустила.

Для внутриполитической сфере наиболее важной была областная (губернская) реформа 1775 г. Страна была разделена на 50 губерний по 300 – 400 тыс. жителей в каждой. Губернаторы, генерал – губернаторы или наместники назначались императрицей и обладали огромными полномочиями. В работе губернских и уездных органов управления участвовали выборные от дворянства. По Жалованной грамоте городам (1785) были созданы городские органы самоуправления. Большинство рядовых горожан, несших подушную, рекрутскую и другие повинности, составляло податное сословие. Екатерина II опиралась на фаворитов, армию и полицию, жестко преследовала любые покушения на свою власть. Тайная экспедиция при Сенате провела следствие по делам Пугачева, Новикова, Радищева, княжны Таракановой, Мировича др.

В социально – экономической сфере огромные усилия тратились на освоение новых территорий, на которых устанавливались крепостные порядки. До 800 тыс. государственных крестьян Екатерина раздарила своим фаворитам. Крестьянство оставалось полностью бесправным. Помещики могли за любую повинность сослать своих крестьян в Сибирь с зачетом за рекрутов. Барщина доходило до 8 дней в неделю. Получила распространение месячина, при которой крестьяне лишались надела и за работу только на помещика получали скудное продовольственное обеспечение. Помещики зачастую творили жестокий произвол. Дарья Салтыкова замучила до смерти 90 из 600 своих крепостных.

После начала Великой французской революции (1789) Екатерина II окончательно овладела к идеям философии Просвещения и реформам. Новшества (на схеме выделены курсивом), укрепляли абсолютизм, который применительно ко второй половине XVIII в. обычно называют просвещенным.

Комментарии

Петр ликвидировал разницу между боярством и дворянством (1714). Поместья были приравнены к вотчинам , могли передаваться по наследству как полная частная собственность . Имение мог получить только один наследник . Остальные были обязаны поступать на государственную службу. Из сыновей белого духовенства лишь один мог наследовать приход и должность после отца. Остальные должны были поступать на службу или записывались в рекруты, в государственные крестьяне.

Если к началу 17 века дворянская служба была пожизненной, то 1762г. Манифестом о вольности дворянской дворяне получили право самим решать служить или не служить императору.

Жалованной грамотой дворянству 1785 г. Екатерина оформила привилегированный статус этого сословия. Только дворяне могли владеть землями и крестьянами , в отношении которых их власть была безграничной. Дворяне освобождались от любых налогов , постоя солдат, от пыток и телесных наказаний. Смертный приговор в отношении дворянина мог быть обжалован у императора. Дворяне могли беспошлинно вести оптовую и, в том числе международную торговлю, заводить мануфактуры и. т.д. Екатерина предусмотрела , что выборными предводителями дворянских обществ и другими выборными должностными лицами могли быть только мужчины с 25 лет, имевшие определенное число крепостных душ и определенный чин за государственную службу . Это заставляло часть дворян служить или числиться на службе .

В городах каждая из шести категорий граждан имела свой статус . Привилегированным было купечество трех гильдий , люди свободных профессий ( архитекторы, композиторы, врачи и др). В зависимости от размера капитала купцы вели не только соответствующую деятельность ( внешнюю или внутреннюю торговлю) , но и отвечающий статусу образ жизни . Большинство рядовых горожан несло подушную, рекрутскую и другие повинности , составляло податное сословие.

Крестьянство оставалось полностью бесправным . По закону помещики не могли своих крестьян принуждать к вступлению в брак , наказывать кнутом и убивать, так как крепостные были налогоплательщиками, В действительности даже эти ограничения часто нарушались.

Между сословиями существовали жёсткие перегородки. Свободным людям запрещалось закабаляться. Дети дворянок от браков с не дворянами дворянских прав не получали . Переходы из сословия в сословия, межсословными браки были редкостью.6 апта

Комментарии
На протяжении XVIII в. основу экономической жизни составляла система крепостного права, которая сохранялась и укреплялась. Помещичьи и государственные крестьяне, рядовые горожане платили подушную подать, которая постоянно росла. Помещичьи крестьяне работали на барской земле несколько дней в неделю и платили оброк деньгами или натурой. В 60-е гг. XVIII в. по третьей ревизии насчитывалось 4 млн. владельческих крестьян – крепостных. Они составляли 55 % всего крестьянского населения. В самом тяжелом положении находились барщинные крестьяне, составлявшие

12 – 15 % всего населения империи, которое в 1719 г. составляло 15,6 млн. человек, а к 1795 г. выросло до 37,4 млн. Крепостные, находившиеся на оброке, в конце XVIII в. платили за год 5 рублей, а государственные – 2 – 3 рубля с мужской души. Крепостные не умирали с голода в нормальные годы, но были абсолютно бесправны. Их жизнь практически не имела смысла, хотя и имела рыночную цену. Стимулы к активной деятельности были минимальными, а это означало, что данная производительная сила общества использовалась минимально.

Податные сословия – крестьяне и посадские люди – несли кроме уплаты подушной подати другие повинности. Но самой тяжелой считалась рекрутская. Правители страны сотни тысяч государственных крестьян жаловали вместе с землями дворянству, что ухудшало положение крестьян. На дворянских, купеческих и государственных мануфактурах также работали крепостные крестьяне. К концу правления Петра I в стране было 200 мануфактур, к концу правления Екатерины II – 2 тыс.

Орудия труда оставались примитивными. В сельском хозяйстве использовались сохи, бороны, косы, крестьянские и лошадиные силы. В промышленности и строительстве преобладал ручной труд лопатой, топором, молотом и т.п.

В социальной – экономической сфере огромные усилия тратились на освоение новых территорий. Появились Севастополь, Одесса и другие города. На новых землях – в Новороссии, в Литве, Белоруссии – устанавливались крепостные порядки. Была проведена секуляризация (переход в руки государства) монастырского (церковного) землевладения. Расходы на содержание церкви были сокращены в 5 раз.

Государство увеличивало налоги, стало брать в долг за границей, заменило металлические деньги бумажными. Расходовались деньги в основном на войны и содержание императорского двора.


16 кредит сағат

11 дәріс

Тақырып: ХІХ ғ.а. – ХХ ғ.б. Ресейдің ішкі саясаты. І Александрдің саясаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет