Дәрістің мазмұны:
1. ХІХ ғ. ІІ ж. Ресейде ауыл шаруашылығының дамуы. Шаруалар мен помещиктердің шаруа қожалықтарының дамуының жаңа бағыттары;
2. Ресей қоғамының әлеуметтік структурасы.
3. 1861 ж. – ХХ ғ. б. өнеркәсіптің дамуы. Жаңа салалардың п.б., өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуы;
4. Қаржы және несие жүйесі. 1897 ж. ақша реформасы. Ішкі және сыртқы сауданың дамуы.
Әдебиеттер:
1. Чапек В.Н. «История России». Ростов-на-Дону, 2002 г.
2. Уткин А.И. «Россия и Запад: История цивилизаций». М., 2000 г.
3. Семенникова Л.И. «Россия в мировом сообществе цивилизаций». Брянск, 2000 г.
4. История. Отв. ред. Самыгин П.С. Ростов-на-Дону, 2002 г.
5. Анисимов Е.В.,Каменский А.Б. Россия в ХУІІІ-первой половине ХІХ века. М.,1994.
6. Русское общество 30–х годов ХІХ в.: Мемуары современников. М.,1989.
7. Чаадаев П.Я. П.С.С. и изб.письма. В 2-х т. М.,1991.
8. Зайончковский П.А. Проведение в жизнь крестьянской реформы 1861 г. М.,1958.
9. Сперанский М.М. Проекты. Записка. Л.,1961.
10. Ленин В.И. Развитие капитализма в России./Полн.собр.соч. 5-е изд. М.,1967. т.3.
11. Соловьев Ю.В. Самодержавие и дворянство в конце ХІХ века. Л.,1973.
12. Боханов А.Н. Крупная буржуазия России. Конец ХІХ в. 1914 г. М.,1992.
13. Балуев Б.П. Либеральное народничество на рубеже ХІХ –ХХ вв. М.,1995.
14. Бовыкин В.И. Очерки истории внешней политики России. Конец ХІХ в. –1917 г. М.,1960.
15. Советская историческая энциклопедия. М.1961-1976. Т.1-16.
16. История России ХІХ-начале ХХ вв. Учебник под ред.Д.А.Федорова. М.,2000.
17. История России: Ролссия в мировой цивилизации. Учебное пособие. М.,1998.
18. История России.ХХ век. Отв.ред.В.П.Дмитриенко. М.,1996.
19. История Отечества: люди, идеи, решения в 2-х т. М.,1991.
20. Политическая история: Россия-СССР. В 2-х т. Т.1-2. М.,1996.
21. Н. И. Павленко, В. Б. Кобрин. В. А. Федоров. «История России с древнейших времен до 1861 года». М., 1989 ж.
22. М. Мунчаев, В. М. Устинов. «История России». М., 2003 ж.
23. История Российского государства. Ред. басқарған Ш. М. Мунчаев. М.,2000 ж.
- ІІ Александр және оның буржуазиялық реформалары. 1861 ж. 19-ақпанындағы «Манифест» пен «Положение»;
- 1861 ж. Реформадағы жер мәселесі., надельдердің түрлері. Жарлық грамоталары. Удельдік шаруалардың еркіндікке қол жеткізулері. 1861-1863 ж.ж. шаруалар толқулары;
- 60-70 ж.ж. реформалар. Жер реформалары. Сот реформасы. Әскери реформа. Әскери минстр Д.А.Милюткиннің саяси портреті;
- Халықтық білім беру саласындағы реформалар. 1863 ж. Университеттік Устав. Қаржы реформалары. 1860-1870 ж.ж. реформалардың қорытындылары.
13-дәріс
Реформа дәуіріндегі Россияның әлеуметтік экономикалық дамуы.
Ресей капитализмі.
ХІХ ғ. 60-70 жж. Ресей капитализмі ескі саяси жүйе жағдайында қалыптасып дамыды, сондықтан да әлеуметтік экономикалық процестер күрделі және қарама – қайшылық жағдайда дамыды.
Крепостниктік правоның жойылуы еркін жұмыс қолын қалыптастырып, капитал қорлануына жағдайлар жасады. 80 ж. басында Россияда өнеркәсіп төңкерілісі аяқталды. Ендігі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – индустриализация мәселесі болды. Әлемдік модернизациялау процесінде кенже дамып келе жатқан Россия алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін, техникалық жаңалықтарын және кадрларды пайдаланды. Ең бірінші қатардағы экономиканың басты саласы өнеркәсіп болды. 70 ж. аяғында жүн, мата тоқу өндірісі ірі машиналы өндіріске айналды. Тау кен өндірісі қарқынды дами бастады. 1860-1890 жж. аралығында көмір өндіру 20 есе өсті.
Елдің өнеркәсіп географиясы өзгерді. Оңтүстік (Домбасс, Екатеринослав, Баку) өнеркәсіп ауданы қарқынды дамыды. Транспорт өнеркәсібінің ірі орталықтары Сормоло, Луганско, Колона болды. Ауылшаруашылық техникасы Харьковте, Одессада, Бердянскіде қалыптасты.
Өнеркәсіп дамуы оның шоғырлануымен қатар жүрді. Ірі өнеркәсіп орындары құрылды. Олардағы жұмысшылар саны өсті. Мысалы: 1866-1890 жж. аралығында 100 және одан да көп жұмысшылары бар өнеркәсіп орындары 1,5 есе өсті. Жұмысшылардың шоғырлану деңгейі жоғары болды. 1890 ж. 500 және одан да көп жұмысшылары бар өнеркәсіп орындарында елдің барлық жұмысшыларының 50% -і шоғырланды, ал, АҚШ-та 3/1 болатын.
Елдің индустрияландыру процесінде темір жол жүйесінің дамуы үлкен роль атқарады. 1857 ж. Ресей темір жолдарының Басты қоғамы құрылды. Реформа дәуірінде темір жол ұзындығы 3 есе өсті.
ХІХ ғ. ІІ жартысында ішкі және сыртқы рынок дамуы өте қарқынды болды. Әсіресе ішкі астық рыногы дамыды. Рынокқа түкен астықтың 60%-і ішкі рынокқа, 40%-і сыртқы рынокта сатылды.
Реформа дәуірінде елдің капиталистік жолмен дамуына сай банк және кредит жүйесі қалыптасты. 1860 ж. Мемлекеттік банк құрылды. 90 ж. оның 110 филиалы жұмыс жасады. Сонымен қатар жеке банктар жүйесі қалыптасты. 1864-1870 жж. оның саны 31 жетті. 1864-1879 жж. 15 жылдың ішінде банк салымдары 4 есе өсті.
Елдің экономикасының дамуында шет ел капиталы елеулі роль атқарды. 1890 ж. Ресей экономикасына 200 млн., ал 1900 ж. 900 млн. инвестиция енді. Ресей өнеркәсібіне негізінен Франция, Англия, Германия, Белгия капитал салды. Шетел капиталы үшін тиімді жағдайлар жасалды. Олардың табыс мөлшері өте жоғары болды. Шетел капиталы негізінде ірі өнеркәсіп орындары салынды. Мысалы: Ағылшын-ЮЗ, Швед-ағайынды Новельдер, Француз-Гужун, Неміс-Зингер аттары әлемге әйгілі болды. Әрине шетел капиталының осылайша енуі Ресей экономикасын шетел рыногына тәуелді ете бастады.
ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Ресей экономикасын модернизациялау елдің әлемдік деңгейіндегі жағдайын бекіткенімен, алайда озық дамыған елдерді қуып жету мүмкін болмады, себебі алшақтық өте зор болатын.
Крепостниктік право жойылғаннан кейін ауылшаруашылығы да капиталистік даму жолына түсті. Феодалдық жүйе қалдықтары сақталғанмен, шаруалар мен помещиктер бірте-бірте нарықтық қатынасқа тартыла бастады. Шаруашылықтың негізгі екі типі қалыптасты: 1. Жұмыспен өтеу жүйесі үстем болған шаруашылықтар, 2. Өз қожалықтарын капиталистік даму жолына салып, жалдамалы еңбекті пайдаланған қожалықтар. 80 ж. шаруашылықтың осы екі типі үстем бола бастады.
Крепостниктік право жойылғаннан кейін ауылшаруашылық өндірісінің дамуы байқалады. Бидай егу 1,5 есе өсті 1861-1865 жж. сыртқы рынокқа 80 млн. пұт астық шығарылса, 1805 ж. 609 млн. пұт астық шығарылды.
80 ж. басында ауылшаруашылығы өте қиын жағдайға тап болды. Әлемдік рынокқа АҚШ, Аргентина, Канада шықты да, астықтың бағасы түсті. Бұл әлемдік дағдарыс 20 жылға созылды. Сонымен қатар астықтың шықпай қалуы, қуаңшылық бірқатар аудандарда аштық байқалды. Әсіресе 1891-1892 жж. елдің 29 губерниясында аштық болып, 600 мың адам өлді.
Сонымен реформа дәуіріндегі экономикадағы негізгі процесс капитализм дамуы болатын. Алайда, экономиканың әртүрлі салаларының дамуы, елдің әртүрлі аймақтарының дамуы біркелкі болмады. Капитализм тез және қарқынды өнеркәсіп саласында дамыды, ал ауылшаруашылығында бұл процесс жай жүрді. Ресей экономикасы көпуклатты экономика болатын, яғни капитализммен қатар ұсақтоварлы және патриархалды – натуралды өндіріс сақталды.
Елдің экономикасының дамуында мемлекет зор роль атқарды, капиталистік қайта құрулардың негізгі факторы мемлекет болды. Сондықтан да Ресей капитализмі жоғарыдан басқарылды.
2-сұрақ.
Ресей қоғамның әлеуметтік структурасы.
Россияның экономикалық дамуының ерекшеліктері қоғамның әлеуметтік структурасынан бейнеленді. Феодалдық қоғамның сословьелері – помещиктер мен шаруалар сақталды, сонымен қатар жаңа таптар да қалыптасты.
1897 ж. халық санағының нәтижелері бойынша Россияның сословьелік жағдайы төмендегідей болды.
1. шаруалар-71,1%
2. Мищандар -10,7%
3. Казактар- 2,3%
4. Дворяндар -1,5%
5. Көпестер -0,5%
6. Дін иелері-0,8% т.б. паупер элементтер.
Ең жоғарғы сословье дворяндар сословьесі болды. Олардың өзі біртекті болған жоқ. 1. Ұсақ поместьие дворяндары (100 және 500 десятина)
Ірі поместьиелі дворяндар (500-5000 десятина жері бар).
ХІХ ғ. аяғында шенеуніктердің 75 %-і, армия мен флоттағы офицерлер құрамының 90 %-і дворяндардан құралды. Дегенмен де бұл сословьелік жүйе елдегі әлеуметтік өзгерістерді толық сипаттай алмады. Ең басты сословье помещиктер мен дворяндар арасында әлеуметтік жіктелу болды. Помещиктердің бірқатары күйзеліске ұшырады, бірқатары өздерінің қожалықтарын капиталистік даму жолына салды.
Ресей әлеуметтік структурасындағы ең басты тап шаруалар. 97 млн. ауылшаруашылық тұрғындарының 48%-кедейлер, 29% ауқатты шаруалар, 3% пролетарлық элементтер, патрактар. Ауылшаруашылығының капиталистік дамуына басты кедергі село қауымының сақталуы. Қауымдық дәстүрлердің сақталуы анти меншіктік менталитет қарпынды қожалардың, меншік иелерінің қалыптасуына кедергі жасады. ХХ ғ. басында шаруа жерлерінің 4/5 бөлігі қауым қарауында болды.
Шаруалардың үлес жерлері 15-десятинадай болды. Қожалықтың товалы сипаты төмен болды. Күйзеліске ұшыраған шаруалар жаппай қосалқы табыс көздерін іздеп, қалаларға кетті, сөйтіп,жартылай пролетарларға айналды.
Ресейдің әлеуметтік дамуындағы жаңа бір көрсеткіш өнеркәсіп пролетариаты мен буржуазияның қалыптасуы болды. 60-90 ж. пролетариат саны 706 мыңнан 1 млн. 432 мыңға дейін өсті. Пролетариат ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы тарихи оқиғаларда үлкен роль атқарды.
Өнеркәсіп буржуазиясы да олардың арасынан кейіннен атақты өнеркәсіп саласын ұйымдастырушылар шықты. Атақты Н.И. Путилов, Бахрушин, Рукавишников т.б.
Ресейдің қоғамдық тұрмысында интелегенцияның маңызы зор болды. Реформа дәуірінде білім, ғылым дамыды.
Ресей қоғамындағы әлеуметтік өзгерістердің бір көрінісі урбанизация болды. 1863-1897 жж. қала халқы 2,5 есе өсіп 16,7 млн-ға жетті. Москвада 1,04, Петербургта 1,3 млн. халық тұрды. Тұтастай алғанда Россияның халқының 18%-і қалаларда тұрды.
20 кредит сағат
№ 14 дәріс
Тақырып: ХІХ ғ. ІІ ж. қоғамдық қозғалыстар. Мәдениеттің дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |