Барлығы – 180 сағат


Тапсырманың мақсаты мен мазмұны



бет32/40
Дата05.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#16956
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны



Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Аудиторияда тақырыптық жұмыс

Логикалық ойлау қабілетін тексеру

Берілген тақырыпқа байланысты

Апта сайын

1% (оқу тапсырмасы түрінде бағаланады)

практикалық жұмысын
тексеру

2

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау
(барлығы 15 тапсырма)

Аналитикалық және танымдық қабілеттерін дамыту

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ тақырыбына бөлінген уақыт кестесіне байланысты

2% (Тақырып бойынша)

Тапсырмалардың орындалуын,
сұрақтарға жауап
беру қабілетін
тексеру

1

Реферат



Тақырып бойынша негізгі баяндама

Семинар тақырыбына байланысты

8 апта

6% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және
баяндама

2

Жеке тапсырма

Тақырып бойынша

Семинар тақырыбына байланысты

15 апта

9% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Семинарда жауап
беруі

5

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







Практикалық жұмыс






4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ







Әдебиет атауы



Барлығы



Ескерту



кітапханада



кафедрада



Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі



1

2

3

4

5

6

7

1

«Қазақ халқының колөнері» С. Кисманов Алматы «Өнер.»1987 ж.

2


-


10


-


-


2

«Қазақтан колөнері.» Эмирғазин Қайрат Алматы «Дайк- Прес» 2004ж.
«Қазақтан халқының колөнері» Х. Арғынбаев Алматы «Өнер.» 1987ж.
«Изделия мастеров- зергеров центральной Азии.» альбом иллюстрированный
«Орталық Азия зергерлерінің бұйымдары. » И. Тасмагамбетов А. 1997ж.

7


-


60


-


-


3

«Чудеса Казахстана» Изд. «Аруна» 2001 г.
«Национальные орнаменты» Изд. «Аруна» 2001 г.
«Казахски ювелирные украшения » Изд. «Аруна» 2001 г.
«Ою-орнектердің (бояуын өзің теп!) » құлыншақ Астана 2003ж.
«Ер қаруы- бес қару » Баспасы «Аруна» 2001г.

4


-


20


-


-




5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ


5-семестр
1-апта
Дәріс 1.
Тақырып: Кіріспе. Зергерлік өнерге кәсіптік мінездеме.
Тақырып: Зергерлік өнерге кәсіптік мінездеме.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Зергерлік өнер туралы түсінік
2. Зергерлік өнердің дұғалық қасиеттері.
Дәріс мақсаты:
Студенттерге өз елінің өткен тарихын, халқының салт-дәстүрлерін, қолөнердің мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін, оның жасалу жолдарын түсіндіру
Дәріс мазмұны:
«Зергерлік өнер» курсының мақсаты мен мазмұны және оның болашақ мамандар дайындаудағы маңызы. Пәннің оқу жоспарындағы басқа пәндермен байланысы. Зергерлік өнердің теориясы мен тәжірибесіне қысқаша тарихи шолу. Зергерлік бұйымдарды классификациялау ассортименті және конструкциялары. Зергерлік сәне, қазіргі заманғы зергерлік бұйымдар.
Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимикалық деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда-ақ қолға алынғандығын айғақтайды. Қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдардағы қолтаңбалар ежелгі өнердің көркемдік деңгейінің биік болғанын байқатады.
Қазақ халқының металдан әртүрлі бағалы бұйымдар жасап шығараған. Металл бетіне әртүрлі нақыш салғыштардың көмегімен бедерлі өрнек, бедерлі бейне түсіру тәсілін бедерлеме деп атайды. Бұл әдістің металды көркемдеп өңдеуге мүмкіндігі мол. Батырған сызық түрінде өрнек бейне түсіріп қана қоймай, металды бедерлей қолдануға, тіпті мүсін жасауға болады.
Қолөнер бұйымдарының ішінде ерекше көркем, сәнділікпен байланысты өнердің түрі – зергерлік өнер. Ондай бұйымдарды жасаумен шұғылданатын адамды «ұста», «дархан», «шебер» деп атайды. Халық аузында ұсталық Дәуіт пайғамбардан қалды деген сияқты сөздер бар. Мұндай өнердің құрал-аспабын ұстаған адамдардың иесі, киесі болады делініп, халық арасында құрмет көрсетіліп, қадірленеді. Бұрынғы кезде зергерлік бұйымдардың көпшілігіне дұғалық қасиет берілген. Ол қасиеттердің екі түрлі мәндік мағынасы болды. Бірінші жағдайда, зергерлік бұйымдардың жеке элементтері мен композициясының біртұтас түзілімі дүние құрылымы жөніндегі түсінікпен байланысты болды. Оған Есік обасынан табыған «алтын жауынгер-көсемнің» киімі мен қару жарақтарының композициялық шешімі мысал бола алады. Оның космостық мағынасы жөнінде көптеген ғылыми зерттеулерде жазылды. Зергерлік бұйымдағы дұғалық қасиеттің екінші мағынасын, ол адамды пәле-жала, қауіп-қатерден сақтайды және адамның іс-әрекетінің сәттілігіне игі әсерін тигізеді деп түсінген. Осы сенімдер зергерлік бұйымдардың пішіндік кескініне , түзілімнің анық және жинақы болуына көркем образдық шешімнің біртұтастылығын анықтайды.
Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Үй кәсібіне негізделген ұлттық қолөнердің басқа түрлеріне қарағанда, зергерлік өнердің өзіндік жасалу жолы ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. Қазақ зергерлері («зер-зар» парсы тілінде алтын ұғымын білдіреді) көбіне жеке-дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр-сырын ұрпақтан-ұрпаққа үйретіп отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет