Барлығы – 180сағат


Тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалар психодиагностикасы



бет118/191
Дата06.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#35981
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   191
Тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалар психодиагностикасы.
Дәріс мазмұны:
1. Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін зерттеудің психодиагностикалық әдістері.
3.Мектеп жасына дейінгі балалалардың жеке тұлғалық сапалары мен қарым-қатынасын диагностикалау.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі жөнінде жалпы түсінік қалыптастыру.
Мектепке дейінгі балалардың қабылдау, назар салу, елес, сақтау, ойлау және сөйлеу сияқты танушылық үрдістердің нақты психодиагностика әдістерін баяндау үшін «психодиагностикалық әдістердің стандартталған кешенінің» түсінігін қарастырамыз.
Психодиагностикалық әдістердің стандартталған кешені белгілі бір жастағы балалардың психологиясын бағалайды, баланың толығымен немесе бөлек сапасы мен қасиеті бойынша психологиялық дамуының деңгейін анықтайды. Әрбір ұсынылған әдістердің кешенінде оның қысқа нұсқаулықпен ескертілген толық бейнеленгеннен кейін алынған нәтижелерді бағалау амалы, мәліметтер негізінде баланың даму деңгейі туралы шарасы мен қорытындысы беріледі. Әдістердің барлық стандартталған кешенінің мәтіні баланың психологиялық дамуының жеке картасын ұсынумен аяқталады. Онда баланы кешенді тексеру кезінде психодиагностикалық әдістер бойынша алынған көрсеткіштер енгізіледі. Бұл картаға бірнеше жыл ішінде баланың қайталап және кейінгі психодиагностикалық тексерулердің мәліметтерін енгізуге болады. Баланың жылдан жылға, айдан айға психологиялық дамуын зерттеп отыруға қолайлы болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін көлемі тар немесе кең, тұрақты немесе тұрақсыз, ырықты немесе ырықсыз болуы мүмкін. Арнайы оларды зерттеу үшін әртүрлі әдістемелер өткізіледі. Зейінділікті анықтауда қарастырылатын мәселелер:
А) Зейіннің тұрақтылығын білу
Б) Зейіннің шоғырлануын бағалау.
В) Зейіннің көлемін анықтау.
3. Психодиагностикалық әдістерді қолданудың бірінші сатысында бағалаудың тиісті формасы тек шарасыз емес, пайдалы да сонымен қатар әрбір жастағы балалардың психологиялық даму деңгейінің көрсеткіші өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Көрсеткіштер – ұпайлар мен мінездеме олардың негізінде бейнеленген әдістемелерде пайдаланылған баланың психологиялық дамуының деңгейі, сонымен қатар дамудың дәрежеге жеткенін тікелей көрсететін 5-6 жастағы балаларға қатысты. Егер бала сол жаста болса алынған көрсеткіштер бойынша оның психологиялық даму деңгейі жөнінде қорытынды жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет