СӨЖ мазмұны:Домбырада орындау шеберлігін арттыру үшін динамикалық белгілерінің қойылымын дұрыс қою керек.Динамикалық белгілер – қойылым дұрыс болғанда ғана нәтижелі болады. Қатты дыбыс шығара білген де шеберлік емес. Дыбыс қаттылығы қағыс күшіне байланысты, қағыс күштірек болса, дыбыста күшті, бірақ шеберлік мұнымен шектклмейді. Барлық мүмкіндікті, әдіс есеппен қосқанда ғана сіңімді, түсінікті дыбыс алынады. Дұрыс сақталған тыныштықтың өзі музыка. Ол шығарманың дұрыс тынысы.Осы қағидаларды ескеріп, фантазияны ойнап жаттығу.
14 апта
1 кредит сағат
№27 практикалық сабақ
Тақырып: Рейтинг.Өткен тақырыптарды қайталау.Қазақ күй өнері және А.Жұбанов.
Практикалық сабақ мазмұны:Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ халқының күй өнері – Ахмет Жұбановтың өмірімен тығыз байланысты. А.Жұбанов – қазақ күйлерін қорғап, оның ұлттық өнер ретінде қалыптасуына баға жетпес ұшан теңіз еңбек етті. Көп жағдайда А.Жұбанов жайлы сөз бола қалса – Құрманғазы оркестірін құрушы, соның негізін қалаушы деп бағалайды. Құрманғазы оркестрі қазақ халқының рухани өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Қазақ домбырасының академигі А.Жұбанов – қазақтың күй өнерін, белгілі бір ғылыми жүйемен тиянақталған қағидалар дәрежесінде алып қарайды. Күйшілік өнердің тәжірибесіне сүйене отырып, күйлерді болашақта қалай дамытудың жолын сілтеді. Өзінің терең білімін, жан – жақты жетілген ғылыми тәсілін, парасатты ақыл – ойын – халқының өнері үшін алға қойған мақсатын орындап шығуға жұмсады.
Әдебиет: А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы, «Жазушы»-1975ж., 4-10 беттер.,
Т.Мерғалиев,С.Бүркіт,О.Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы-2000ж.,44-50 беттер.
Техникалық оқу құралдары:оқулық пайдалану.
ОЖСӨЖ мазмұны : . Гаммалар мен арпеджиоларды әр түрлі штрихта, ырғақта, екпінде түрлі аппликатурамен әр тональдықта ойнату. Мысалы; D-dur, A-dur тағы сол сияқтылар. . Күйдің көркем, әуезді болуы оң қолдың саусақ қағысымен сол қолдың саусақ кестесінің жарасымына тығыз байланысты. Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып, домбыраның дыбыс бөлуін үнеммен жұмсап, күйді динамикалық, орындаушылық шарықтау шегіне жеткізуге үйрену. Домбырадағы позициялардың схемасын ойнап жаттығу. Жаттығуларды , гаммаларды, арпеджионы санап ойнауға жаттығу. Үстінде кварта аралығымен бастап және аяқтау домбыра бұрауына үйрену. Жоғары қағыстарды бірден тездетуге тырыспаған жөн. Студент қолы жаттыққан сайын, қағыс аралығын жиілете беру керек.
Ең әуелі студент саусақтарын оң қолды қоспай, бірнеше рет пернеге қойып, дыбыссыз қозғалысқа келтіреді.
СӨЖ мазмұны:Өткен сабақтарды қайталағанда ескеретін қағидалар: домбыра тартудан бұрын,аспапты ыңғайлы ұстап, дұрыс отырып үйрену, көркем шығарманы өз бетінше үйреніп, орындауға дағдылану. Шығармамен танысу барысында оның авторы, өмір сүрген дәуірі, музыкалық тілінің стилистикалық және орындалу ерекшеліктері жөнінде, туындының мазмұны, характері, сюжеті, негізгі екпіндері, құрылысы мен позициясымен танысу. Күйде әуелі бас буын, ортаңғы буын, содан соң кіші, үлкен сағаларды, ал пьесада фразаларды, сөйлемдерді жеке – жеке ойнап жаттыққан жөн. Техникалық қиын тұстары арнайы жаттығулар арқылы меңгеріледі. Тағы бір ескеретін жай, есту, есте сақтау, шығарманы әр тональдықта ойнай білу, нотаны бірден оқып – ойнап кету қабілеттерін үнемі қадағалап, дамытып отыру студенттің творчестволық мүмкіндігін ашатыны сөзсіз.
2кредит сағат
№ 28 практикалық сабақ
Тақырып:Байжігіт (XVI-XVII ғғ.) Теріс бұраулы күйлердегі ерекшеліктер х. күйі «Қара жорға»
Практикалық сабақ мазмұны: Домбыраның соль ішегінде бір дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, секста интервалын – 1, 2 – саусақтармен, квинтаны – 3, 2 – саусақтармен, ал квартаны 4,2 – саусақтармен алу. Квинта интервалын - 2, 3, содан соң 3, 4 – саусақтармен алу.мысалға: Байжігіттің «Көкбалақ» күйін ойнап талдау. «Қаражорға» күйі теріс бұрауда ойналады. Қазақ тіршілігінің көзі жылқы екені белгілі. XVIII ғасырда өмір сүрген қазақтың белгілі жырауы Ақтамберді өзінің бір толғауында: «Қыздың көркі – құлпыда, жігіттің көркі – жылқыда», - дейді. Күй өзінің атынан көрініп тұрғандай жорғаның жүрісін бейнелейді. Күй екпіндете жүрдек ойналады.
Әдебиет: А.Есенұлы,Г.Елеусізқызы «Күй керуені»Алматы, «Өлке»-1997ж.,67-69 беттер.,
А.Жайымов,С.Бүркітов, Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы, «Өнер»-1992 ж.,98-бет.
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.
ОЖСӨЖ мазмұны : Байжігіт қазақтың күй өнеріне ұлттық әуез дарытуға ұйтқы болған, сөйтіп осынау қанатты өнердің төлтума тұлғасын біржолата орнықтыруға ықпал ете білген санаулы саңлақ күйшілердің бірі. Байжігіт тек қана дәулескер күйші емес, сонымен бірге қара сөзге шешен, өлең сөзге көсем ақын болғандығы жөнінде дерек бар. Байжігіттің жиырмададан астам күйлері белгілі. Бұлардың ішінде «Қайың сауған», «Қоңыр қаз», «Жетім торы», «Көкбалақ», «Қосбасқан», «Беласар», «Секіртпе» т.б.күйлері бар.
СӨЖ мазмұны: «Қара жорға» күйімен дайындалғанда, мына нәрселерге көңіл бөлу қажет; домбыраның құлағын теріс бұрауға жаттығу, барлық саусақ бірдей емес, бірақ пернеден шығар дыбыс деңгейі бірдей болуы керек.
Сол қол саусақтары кестесінің аймақ аралық ерекшеліктерін сақтау. Оң қолдағы әр саусақтың өзіндік қажеті бар, әр буынның, домбыра мойынының, бет қақпағының аумағының қай шамадан қағудың дыбыс бояуы үшін қасиетін ажырата білген дұрыс. Қағыс күшінің ішекке жанасуындадәлдік заңдылығы бар. Дыбыс күшін жобалауда шынтақты ашып, жабудың өзіндік реті бар. Оң қолда жүретін әдемі қимылдар, қағыс түрлері қиын да қызықты үрдіс. Орындаушылық өнердің тобықтай түйіні екі қолдың жымдасқан үндестігінде, ойыңның жүректі серпіген сол сезіміңнің саусақ арқылы пернеге тіл бітіріп, домбыраны сөйлетуінде.
15 апта
1 кредит сағат
№29 практикалық сабақ
Тақырып:Айтыс күйлері. Емтиханға дайындық. Өткен тақырыптарды қайталау. Емтиханға ойналатын күйлерді іріктеу. Шығармаларды таңдау.
Практикалық сабақ мазмұны : Күймен айтысу, күймен сайысу арқылы өнерлерін сынға салу қазақ күйшілерінің ертеден бар дәстүрі. Елге есімі мәлім күйшілердің қай – қайсысы да небір әсем өрнекті күйлерін егес үстінде төгіп тастайтын болған. Күй айтысында ердің намысы ғана емес, елдің де намысы сынға түскен сәттер аз емес. Бұған қазақ пен турікмен, қазақ пен қырғыз, қазақ пен қалмақ арасында болған күйшілер сайысы, соған орай туған толып жатқан күйлер куә. Күй айтысының қазақ арасында ежелден орныққан екі түрлі үлгісі бар. Оның біріншісін – «қара тартыс», екіншісін – «түре тартыс» немесе «қайым тартыс» деп атайды.
Әдебиет: А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана «Күлтегін»-2002 ж.,89-91 беттер.
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану.
ОЖСӨЖ мазмұны : Күй тартып айтысу дәстүрі, күймен жауаптасу дәстүрі қазақ даласының барлық өңірінде болған. Күй аңыздарының дерегіне қарағанда, осынау тамаша өнер жарысының ертеден-ақ орныққан дәстүр екенін аңғаруға болады.
СӨЖ мазмұны: Өткен тақырыптағы күйлерді пысықтау. Шығарма ойнағанда бабына келтіріп тамылжыта, тебірене орындауға дағдылану.
Орындау кезінде динамикалық белгілерге мән беру керек. Сахнаға дайындалып шығуға жаттығу. Алдымен сахнадағы жүріс-тұрысы, шыығарманы орындаудағы өзіндік сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәріне жаттығу.
2кредит сағат
№30 практикалық сабақ
Тақырып:Емтихан.
Практикалық сабақ мазмұны: Емтихан бағдарламасы :
1. Сейтек «Ортпа»
2.Тәттімбет «Қосбасар»
3. х.күйі «Қара жорға»
4.А.Доброхотов «Фантазия»
5. М.Әубакиров «Көңілді жастар»
Әдебиет: А.Есенұлы,Г.Елеусізқызы «Күй керуені» Алматы «Өлке» 1997,67-69 бет.,
А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өлке» 1992 ж., 175-180 беттер., :
Қ.Ахмедияров «Жігер»Алматы «Өнер» 1996ж., 4-11-беттер.,
Т.Мерғалиев, С.Бүркіт, О.Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы-2000ж.,255-бет. :
Қ.Ахмедияров «Жігер»Алматы «Өнер» 1996ж., 4-11-беттер.,
Т.Мерғалиев, С.Бүркіт, О.Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы-2000ж.,255-бет.
ОЖСӨЖ мазмұны: Емтихан алдындағы дайындық жұмысы. Алдымен сахнадағы жүріс-тұрысы, шығарманы орындаудағы өзіндік сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәрі әрбір орындаушыда өзінше болсада жаттықтыру қажет. Емтихан болатын күні тыңғылықты, тиянақты түрде бірнеше уақыт дайындалу. Студенттің бойында өз-өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу, сонан соң емтиханға тлоық дайынсың деп ынталандыру да алға жетелейді. Бұл деген сенімділік сезімін туындатады. Толқуды болдырмау үшін халық алдына жиі шығу өте жақсы ролді атқарады. Студенттерді халық алдына көп шығару мүмкіншілігін жасау керек.
СӨЖ мазмұны: Студент емтиханға өте тыңғылықты дайындалып келуіне жаттығу. Сахналық киім,орындаушылық көңіл – күйі, шығармаларын жатқа білу.Емтихан алдында студент назарын ескертулерді алмау керек, өйткені көп жағдайда осындай ескертулер сахнада орындау кезінде есіне түсіп, кесірі тиеді. Сондықтан емтихан алдында өзін-өзі шаршатып алмау үшін, аспапта көп ойнамауға, ешқандай күш түсіретін, кедергі келтіретін нәрселер болмауы керек.
Негізгі және қосымша әдебиет тізімі .
1. А.Жұбанов. «Ән-күй сапары» Алматы, «Ғылым» баспасы 1976
2. А.Жұбанов. «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» Алматы,1942
3. А.Жұбанов. «Ғасырлар пернесі» Алматы, «Жазушы» баспасы 1975
4. А.Жұбанов. «Құрманғазы» Алматы, 1960
5. А.Жұбанов. «Өскен өнер» Алматы «Ғылым» баспасы 1985
6. «Күй қайнары» ( Құрастырған А. Райымбергенов, С. Аманова ) Алматы «Өнер», 1990
7.А.Жайымов. «Домбыра ойнау өнері». 1-2 бөлім. – А., 1999
8. Қ. Ахмедияров. «Сарыарқа» (Құрманғазы күйлері).- А.,1994.
9. Қ.Ахмедияров. «Жігер» (Дәулеткерей күйлері). – А., 1996.
10. Қ. Ахмедияров. «Әсем қоңыр» (Дина күйлері) – А., 1997.
11. Қ. Ахмедияров. «Есірдің күйлері» - А., 1999.
12. К. Сахарбаева. «Атырау ән-күй мұхиты» - А., 2002.
13. К. Сахарбаева. «Домбыраға арналған хрестоматия» - А., 2003.
14. А. Сейдімбеков. «Күй шежіре» - А., 1992.
15. А. Сейдімбеков. «Қазақ күй өнері» - А., 2000.
16. Ө. Спанов. «Домбыра үйренейік» - А., 1992.
17. Х. Тастанов «Домбыра үйрету әдістері» - А., 1967.
18. Б. Ысқақов. «Салтанат» - А., 1997.
19. Б. Ысқақов. « Домбыра үйрету сабақтары» - Қазақстан мұғалімі. – А., 2004.
20. «Қазақтың музыкалық фольклоры». – «Ғылым», А., 1982.
21. Т. Мерғалиев. «Домбыра сазы» Алматы, «Ғылым» - 1972.
22. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1975.
23. «Қазақ халқының аспап музыкасы» (құрастырған З. Жанұзақова) Алматы,1964.
24. «Маңғыстау күйлері» (құрастырған, нотаға түсірген Роза Айдарбаева) Шевченко, 1987.
3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
Үй тапсырмасы
|
Оқу процесіне белсенді атсалысуы
|
А.Жұбанов. «Ән-күй сапары» Алматы, «Ғылым» баспасы 1976
К. Сахарбаева. «Домбыраға арналған хрестоматия» - А., 2003.
|
|
3 балл
|
Жатқа ойнау
|
|
Жеке сабақ
|
әр шығарманы жатқа ойнау арқылы студенттің қабілеті дамиды
|
. Х. Тастанов «Домбыра үйрету әдістері» - А., 1967.
Б. Ысқақов. «Салтанат» - А., 1997.
|
|
3 балл
|
Нотаға қарап ойнау
|
|
Коллоквиум
|
Шығарма негіздеріне қатысты мәліметтерді білу
|
А.Жайымов. «Домбыра ойнау өнері». 1-2 бөлім. – А., 1999
Қ. Ахмедияров «Сарыарқа» (Құрманғазы күйлері).- А.,1994.
|
|
3 балл
|
Ауызша сұрау
|
|
Техн.сынақ
|
Жатқа ойнау
|
«Күй қайнары» ( Құрастырған А. Райымбергенов, С. Аманова ) Алматы «Өнер», 1990
А.Жайымов. «Домбыра ойнау өнері». 1-2 бөлім. – А., 1999
|
|
3 балл
|
Жатқа ойнау
|
|
Акад.сынақ
|
Жатқа ойнау
|
А.Жұбанов. «Құрманғазы» Алматы, 1960
А.Жайымов. «Домбыра ойнау өнері». 1-2 бөлім. – А., 1999
|
|
3 балл
|
Жатқа ойнау
|
|
P1+P2
|
|
«Қазақ халқының аспап музыкасы» (құрастырған З. Жанұзақова) Алматы,1964.
«Маңғыстау күйлері» (құрастырған, нотаға түсірген Роза Айдарбаева) Шевченко, 1987.
|
|
30+30
|
Нотаға қарап ойнау
|
|
Емтихан
|
|
|
|
40
|
Жатқа ойнау
|
|
Барлығы
|
|
|
|
100
|
|
4.Пәннің оқу - әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра «Вокал және аспаптық өнер»тьютор Шакенова Ағипа Наурызбаевна
Пән __________Мамандық (домбыра)______________________
Кредит саны – 1
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Ескерту
|
Кітапханада
|
Кафедрада
|
Студенттердің қамтылу пайызы %
|
Электрон.
түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Қ.Ахмедияров «Сарыарқа»-А.,1994
|
10
|
|
100 %
|
|
оқытушыда
|
2
|
Қ.Ахмедияров-Жігер-1996
|
10
|
|
100 %
|
|
|
3
|
У.Бекенов «Күй табиғаты»-А.,1981
|
|
|
|
|
оқытушыда
|
4
|
А.Жайымов,Б.ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі»-А.,1992
|
30
|
|
100 %
|
|
оқытушыда
|
5
|
А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі»-А.,1975
|
10
|
|
100 %
|
|
|
6
|
А.Жұбанов «ән-күй сапары»-А.,1975
|
6
|
|
100 %
|
|
|
7
|
Қ.Ахмедияров «Күйші Қали»-А.,2002
|
2
|
|
100 %
|
|
|
8
|
Т.Мерғалиев «Домбыра сазы»-А.,1972
|
|
|
100 %
|
|
|
9
|
К.Сахарбаева «Атырау ән-күй мұхиты»-А.,2002
|
10
|
|
100 %
|
|
|
10
|
К.Сахарбаева «Домбыраға арналған хрестоматия»-А.,2003
|
15
|
|
100 %
|
|
оқытушыда
|
11
|
Е.Үсенов-Шәмші Дастан-1998
|
1
|
|
100 %
|
|
|
12
|
Б.Ысқақов «Салтанат»-1997
|
1
|
|
100 %
|
|
оқытушыда
|
13
|
А.Жайымов «Шалқыма» 1997
|
1
|
|
100 %
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |