Барлығы – 90 сағат



бет11/13
Дата17.02.2017
өлшемі1,68 Mb.
#9447
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ҚОЛДАНЫЛУЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ

      5.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасының бекiтуiне жатады.


      5.2. Осы Шарт Тараптар арасында оны Қазақстан Республикасының бекiткенi туралы куәландыратын құжатпен және оның SOS KDI тарапынан ресми расталу актiсi туралы куәландыратын құжатпен алмасқан күннен бастап күшiне енедi.
      5.3. Осы Шарт күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" SOS-балалар ауылдарын құру жөнiндегi халықаралық қоғам арасындағы 1993 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасында SOS-балалар ауылдарын құру, құрылысын салу, жабдықтау және олардың жұмыс iстеу туралы Шарт пен олармен байланысты жобалардың қолданылуы тоқтатылады.
      5.4. Осы Шарт өзiнiң қолданылуын Тараптардың кез келгенi басқа Тарапты Шарттың қолданылуын тоқтатуға өз шешiмi туралы жазбаша түрде хабардар еткеннен кейiн алты ай өткен соң тоқтатады.

      2004 жылғы 8 сәуiрде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар.


      Осы Шарттың ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алады.

      __________________________


      Қазақстан Республикасының                 Астана,
      Үкiметi үшiн                              орны, күнi "08" 04.
      2004 ж.

      Қазақстан Республикасының


      Бiлiм және ғылым министрi

      __________________________


      SOS KINDERDORF INTERNATIONAL              Алматы,
      үшін                    орны, күнi "08" 04. 2004 ж.
      Өңiрлiк директор

 

Үлгі-2



КIРIСПЕ

 SOS АУЫЛДАР ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

      Ең алғашқы SOS ауылының негiзiн 1949 жылы Тирольдағы Имста қаласында Герман Гмайнер қалады. Бүгiнгi таңда бұл ауыл Герман Гмайнердiң SOS-балалар ауылдары туралы идеясын халықаралық деңгейде iске асыру үшiн үлгi болып отыр.
      SOS-балалар ауылдары ата-аналарынан айырылған немесе ата-аналары тастап кеткен балаларға немесе қалыпты отбасының жылуына мұқтаж балаларға көмектеседi. SOS-балалар ауылдарындағы отбасылар баланың өз отбасының орнына дәл осындай отбасының жылуын қамтамасыз етедi.

 SOS-БАЛАЛАР АУЫЛДАРЫНЫҢ НЕГIЗГI ТӨРТ


ҚҰРАМДАС БӨЛIГI

      Баланы SOS-балалар ауылдарында тәрбиелеу төрт қағидатты құрамдас бөлiкке негiзделген:

 АНА

      Әрбiр тастанды бала жаңа анасын табады. SOS-балалар ауылында тұратын аналар - өздерiне сенiп тапсырылған балаларға өз өмiрiн толығымен арнайтын әйелдер. SOS-балалар ауылындағы ана балаға өз махаббаты мен мейiрiмiн бередi, әрбiр баланы оның салауатты дамуына қажеттi барлық нәрсемен қамтамасыз етедi. Мұндай ауылдағы ана отбасының басшысы болып табылады. Ол үй шаруасын өз бетiнше жүргiзедi.

 AFA-IНIЛЕР МЕН АПА-CIҢЛIЛЕР

      SOS-балалар ауылдағы әрбiр отбасы, әдетте, 6-10 баладан шын мәнiндегi отбасындағыдай, аға-iнi, апа-сiңлi болып өз "аналарымен" бiрге тұратын әртүрлi жастағы ұлдар мен қыздардан тұрады. Бiр ата-анадан туған ұл-қыздар бiр отбасында тәрбиеленедi.


      SOS-балалар ауылына балалар нәресте кезiнен бастап 8 жасқа дейiн, айталық, олар отбасында қалыпты тәрбиеленуге лайық болатын жағдайда қабылданады. Неғұрлым ересек жастағы балалар қаны бiр ағалы-қарындасы болып келетiн топтың бiр бөлiгi болған жағдайда ғана қабылданады.

 

      SOS-балалар ауылындағы үйдiң нағыз ортасы-қонақ бөлме болып табылады. Балалар өз анасының қалай ас даярлайтынын, үй шаруасын қалай жүргiзетiнiн бақылайды және олармен отбасы өмiрiнiң бүкiл қуанышы мен қайғысын бөлiседi. SOS-балалар ауылындағы үй балалардың тұрақты үйi болып табылады. Мұндай отбасылық үйдегi өмiр балаға сенiмдiлiк пен қорғалғандық сезiмiн қамтамасыз етедi.

 АУЫЛ

      Әдеттегi SOS-балалар ауылы жеке-жеке отбасына арналған 10-20 үйден тұрады. Балалар мектепке барады және сөйтiп ауыл ұжымдық тәрбиенi қамтамасыз ететiн үлкен бiр отбасына айналады. Шын мәнiнде SOS-балалар ауылы балалар мен сыртқы дүниенiң арасындағы көпiр қызметiн атқаруға есептелген. Сондықтан, оның орналасу, орнын анықтау жоспарлануы кезiнде және барлық қалған аспектiлерде SOS-балалар ауылы қоршаған ортаның ажырамас бөлiгi болуға тиiстi. SOS-балалар ауылындағы әке бейнесi еркек жынысты әртүрлi қызметкерлер мен қызметшiлердiң, ең алдымен ауыл директорының бейнесiнде қабылданады.
      SOS-балалар ауылының миссиясы барлық ұлттағы, мәдениет пен дiни сенiмдегi жетiм және тастанды балаларды қоғамға қосудан, олар үшiн болашаққа сенiмдi жол ашудан тұрады.

 SOS-БАЛАЛАР АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАСТАР

      SOS-балалар ауылдары қамтамасыз ететiн бастапқы қолдауға қосымша жақын қауымдастықтағы балаларды өздерiнiң толыққанды дербес еңбек өмiрiн бастауы үшiн зәру болып отырған қажеттi дағдымен, ақыл-кеңеспен, консультациялармен, моральдық қолдаумен қамтамасыз ету үшiн айтарлықтай күш-жiгер жұмсалады.
      Сондықтан SOS-балалар ауылдары өздерiне сенiп тапсырылған барлық балалардың мiндеттi мектеп бағдарламасының шеңберiнде өз қабiлетiн барынша дамытуына кепiлдiк берудi қамтамасыз етедi және егер қабiлеттерi лайықты болса олар бiлiм алуын кәсiптiк бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында жалғастырады.
      Балалық жастан асқан, бiрақ жеке өмiрiн бастауға әлi де даяр емес жасөспiрiмдердi SOS-ауылы кең мүмкiндiктермен және қаражатпен қамтамасыз етедi, олардың қарауына оқу орталықтарын ұсынады, мұнда жасөспiрiмдер дербестiктiң, ынтымақтастықтың және басқа адамдармен араласудың құндылығын және айналадағы қоғам өмiрiне өз шамасы келгенше үлес қосудың маңыздылығын алғаш ұғына бастайды.

 SOS-БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҚҚА КӨМЕГI

      Балалардың шағын тобына қарқынды көмектi қамтамасыз ететiн көптеген елдерде, егер SOS-балалар ауылдарын қоршаған қауымдастықтардағы көптеген балалар мен отбасылар үшін өмір сүру деңгейiн жақсарту жөнiнде қосымша жұмыс жүргiзiлмесе мұндай көмектiң қаншалықты маңызды болғанына қарамастан әсер етуi шектеулi болады. Сондықтан SOS-жобасы сонымен қатар басқа жағдайда бұл ауылдың көршiлерi мүлде қол жеткiзе алмайтын қажеттi қолдауды қамтамасыз етудi мақсат ететiн жобалар мен бағдарламаларды ұйымдастыру мен iске асыруға қатысады. Мұндай жобалар күндiзгi күтiмдi қамтамасыз ету жөнiндегi орталықтарда балалар бақшаларын, мектептердi, аналар мен балалар орталықтарын, емханаларды және т.б. қамтиды.
      Мұнымен қатар SOS бағдарламасы бойынша жұмыс басқа да жағдайда отбасы мен тұтастай алғанда қауымдастық қамтамасыз етуге тиістi қолдаусыз және мейiрiмсiз қалуы мүмкiн әлемнің барлық балалары үшiн тамаша әлем құруға ұмтылады.

      
Үлгі - 3



Ядролық терроризм актiлерiмен күрес туралы халықаралық конвенцияға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 1646 Жарлығы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 490-құжат

      Мемлекеттер арасындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықаралық терроризмнiң алдын алу, жолын кесу және оны жою жөнiндегi шараларды iске асыру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасының атынан Ядролық терроризм актiлерiмен күрес туралы халықаралық конвенцияға қол қойылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

 Ядролық терроризм актiлерiмен


күрес туралы халықаралық конвенция

Біріккен Ұлттар Ұйымы
2005

      Осы Конвенцияға қатысушы-мемлекеттер,


      халықаралық татулық пен қауiпсiздiктi қолдауға және тату көршiлiк пен достық қарым-қатынастарды және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын назарға ала отырып,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының елу жылдығына орай 1995 жылғы 24 қазандағы Декларацияға сүйене отырып,
      барлық мемлекеттердiң атом энергиясын бейбiт мақсатта дамыту мен қолдануға және олардың атом энергиясын бейбiт мақсатта қолдану нәтижесiнде алуы мүмкiн пайдаларына заңды мүдделiлiгi құқығын мойындай отырып,
      Ядролық материалды физикалық қорғау туралы 1980 жылғы конвенцияны назарға ала отырып,
      бүкiл әлем бойынша терроризм актілерiнiң барлық нысандары мен көрiнiстерінiң ұлғаюына терең алаңдаушылық білдiре отырып,
      Халықаралық терроризмдi жою жөнiндегi шаралар туралы декларацияның, атап айтқанда Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүше - мемлекеттер қай жерде және кiм жүзеге асырмасын, оның iшiнде мемлекеттер мен халықтар арасында достық қарым-қатынастарға қауіп төндiретiн және мемлекеттердiң аумақтық тұтастығы мен қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыстық және ақталуға жатпайтын барлық актілердi, терроризмнiң әдiстерi мен практикаларын сөзсiз айыптайтынын салтанатты түрде растайтын Бас Ассамблеяның 1994 жылғы 9 желтоқсандағы 49/60 қарарына қосымшада қамтылған қағидаларына сүйене отырып,
      Декларацияда мемлекеттерге осы мәселенiң барлық аспектілерi енетiн, барлығын қамтитын құқықтық негiздеме болуын қамтамасыз ету мақсатында терроризмнiң барлық нысандары мен көрiнiстерiнiң алдын алу, жолын кесу және жою туралы қазiргi халықаралық-құқықтық ережелердi қолдану аясына шұғыл түрде шолу жүргiзу ұсынылатынын атай отырып,
      Бас Ассамблеяның 1996 жылғы 17 желтоқсандағы 51/210 қарарына және Халықаралық терроризмдi жою жөнiндегi шаралар туралы 1994 жылғы декларацияны толықтыратын Декларацияның қосымшасына сілтеме жасай отырып,
      Бас Ассамблеяның 51/210 қарарын орындау үшiн, атап айтқанда тиiстi қазiргi халықаралық құжаттарды толықтыру мақсатында ядролық терроризм актілерiмен күрес туралы халықаралық конвенцияны тұжырымдау үшiн арнайы комитет құрылғанын еске сала отырып,
      ядролық терроризм актілерi айтарлықтай зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкiн екендiгiн және халықаралық татулық пен қауiпсiздiкке қауiп төндiруi мүмкiн екендігiн атай отырып,
      қазiргi бар көпжақты халықаралық құқық ережелерiнде бұл шабуылдар тиiсiнше қаралмайтындығын да атай отырып,
      терроризмнiң мұндай актілерiнiң алдын алу үшiн және қылмыстық қуғындау мен кiнәлiлердi жазалау үшiн тиiмдi, практикалық шараларды әзiрлеу мен қолдануға, мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың аса қажеттiгiне көз жеткiзе отырып,
      мемлекеттердiң қарулы күштерiнiң әрекетi осы Конвенцияның шеңберiнен тыс халықаралық құқық нормаларымен реттелетiнiн және осы Конвенцияның қолданылу аясынан кейбiр әрекеттердi алып тастау өзге де қатынастарындағы заңсыз актілер үшiн жауапкершiлiктен босатпайтынын, оларды заңды етпейтінiн және басқа заңдардың негiзiнде жауапкершiлiкке тартуға кедергi келтiрмейтінiн атай отырып,
      төмендегілер туралы келiстi:

 1-бап



      Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:
      1. "Радиоактивтi материал" - ядролық материалды және құрамында өздiгiнен ыдырайтын (иондаушы сәулеленудiң бiр немесе бiрнеше түрлерiн, мысалы альфа-сәулелену, бета-сәулелену, нейтронды сәулелену және гамма сәулелену шығарумен болатын процесс) және өздерiнiң радиологиялық ерекшелiктерiнiң әсерiнен немесе өзiнiң өлiмге әкелiп соқтыруы, айтарлықтай зақым келтiруi не меншiкке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтiруi мүмкiн нуклидтер бөлетiн қасиеттерi болатын басқа да радиоактивтi заттарды бiлдiредi.
      2. "Ядролық материал" плутоний-238 бойынша 80 пайыздан асатын изотоптардың шоғырлануындағы плутонийдан басқа плутонийды; уран-233; уран-235 немесе уран-233 изотоптарымен байытылған уранды; табиғатта кеннен немесе кен қалдықтарынан ерекшеленетiн түрде кездесетiн изотоптардың қоспасынан тұратын уранды; және жоғарыда аталған элементтердiң бiреуiн немесе одан көбiн қамтитын кез келген материалды білдiредi;
      "уpaн-235 немесе уран-233 изотоптарымен байытылған уранда" деген уран-235 немесе уран-233 изотоптарын қамтитын уранды немесе екi изотоптың мөлшерi осы изотоптардың жиынтығынан артық пайызы уран-238 изотопымен салыстырғанда уpaн-235 изотопының пайызы жоғары, табиғатта кездесетiн уран-238 изотопымен салыстырғанда жоғары уранды бiлдiредi.
      3. "Ядролық объект":
      а) теңiз кемелерiнде, көлiк құралдарында, ұшу аппараттарында немесе ғарыш объектілерiнде осындай кемелердi, көлiк құралдарын, ұшу аппараттарын немесе ғарыш объектілерiн қозғалысқа келтiру үшiн немесе кез келген басқа мақсат үшiн энергия көзi ретiнде пайдалану үшiн орнатылған реакторларды қоса алғанда, кез келген ядролық реакторды;
      b) радиоактивтi материалды өндiру, сақтау, өңдеу немесе тасымалдау үшiн қолданылатын кез келген құрылысты немесе қатынас құралдарын бiлдiредi.
      4. "Құрылғы":
      а) кез келген ядролық жарылғыш құрылғыны; немесе
      b) кез келген радиоактивтi материалды таратушы немесе өзiнiң радиологиялық ерекшелiктерiнiң әсерiнен өлiм, ауыр жарақат не меншiкке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтiруi мүмкiн радиация шығаратын құрылғыны бiлдiредi.
      5. "Мемлекеттiк немесе үкiметтiк объект" мемлекеттің өкiлдерi, үкiмет мүшелерi, заң немесе сот органының өкiлдерi, не мемлекеттік билiк органының немесе өзге мемлекеттік органның немесе мекеменiң лауазымды тұлғалары немесе қызметшiлерi, не үкiметаралық ұйымның қызметшiлерi немесе лауазымды тұлғалары өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты пайдаланатын немесе орналасатын кез келген тұрақты немесе уақытша объектінi немесе көлiк құралын бiлдiредi.
      6. "Мемлекеттiң қарулы күштерi" мемлекеттiң iшкi заңнамасына сәйкес бiрiншi кезекте ұлттық қорғаныс немесе қауiпсiздiк мiндеттерiн орындау үшiн ұйымдастырылған, оқытылған және жарақтандырылған қарулы күштерiн және олардың ресми әмiрiнде, бақылауында және жауапкершiлігінде болатын осы қарулы күштердi қолдауға әрекет ететін адамдарды бiлдiредi.

 2-бап

      1. Осы Конвенцияның мәнi бойынша кез келген адам, егер ол заңсыз және қасақана:
      а) радиоактивтi материалды иеленсе не құрылғыны дайындаса немесе оны иеленсе:
      i) өлтiру немесе ауыр зақым келтiру ниетiмен; немесе
      іі) меншiкке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтiру ниетiмен;
      b) радиоактивті материалды немесе құрылғыны кез келген түрде пайдаланса не ядролық объектінi радиоактивтi материалды босататындай немесе босату қаупi туындайтындай етiп немесе зақым келтiретiндей:
      i) өлтiру немесе ауыр зақым келтiру ниетiмен; немесе
      ii) меншікке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтiру ниетімен; немесе
      ііі) жеке немесе заңды тұлғаны, халықаралық ұйымды немесе мемлекеттi қандай да болсын әрекетті жасауға немесе одан қалыс қалуға мәжбүр ету ниетiмен пайдаланса, қылмыс жасайды.
      2. Сондай-ақ кез келген адам, егер ол:
      а) осы баптың 1 b-тармағында көрсетілген қылмысты жасауға қоқан-лоққы көрсетсе, сонымен бiрге осы қауiптiң нақтылығын көрсететiн белгілер болса; немесе
      b) радиоактивтi материалды, құрылғыны немесе ядролық объектiнi заңсыз және қасақана талап етсе, бұл ретте осы қауiптiң нақтылығын көрсететiн жағдайларға, не күш қолдануға сүйенетiн болса, қылмыс жасайды.
      3. Кез келген адам, егер ол осы баптың 1-тармағында аталған қылмыстың қандай да болмасын бiреуiн жасауға әрекет етсе де қылмыс жасайды.
      4. Кез келген адам, егер ол:
      а) осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қылмыстың қандай да болмасын бiреуiн жасауға бiрге қатысушы ретiнде қатысса; немесе
      b) осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қылмыстың қандай да болмасын бiреуiн жасау мақсатында басқа адамдарды ұйымдастырса немесе оларға басшылық жасаса қылмыс жасайды; немесе
      с) ортақ мақсатта әрекет ететiн адамдар тобымен осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қылмыстың бiреуiн немесе бiрнешеуiн жасауға кез келген басқа түрде жәрдемдессе қылмыс жасайды; мұндай жәрдемдесу қасақана және не қылмыстық әрекеттiң жалпы сипатын немесе топтың мүддесiн қолдау мақсаттарында немесе тиiстi қылмысты немесе қылмыстарды жасаушы топтың ниетiне ықпалдасу осы болып табылуға тиiс.

 3-бап

      Осы Конвенция мынадай жағдайларда қолданылмайды: егер қылмыс бiр мемлекетте жасалса, ықтимал қылмыскер мен жәбiрленушi осы мемлекеттiң азаматтары болып табылса, ықтимал қылмыскер осы мемлекеттің аумағынан табылса және ешқандай басқа мемлекет 9-баптың 1 немесе 2-тармағына сәйкес өзiнiң заңдық құзыретiн жүзеге асыру үшiн негізге ие болмаса, осы жағдайларға тиiстi мән-жайларға 7, 12, 14, 15, 16 және 17-баптардың ережелерiн қолдануды жоққа шығармайды.

 4-бап

      1. Осы Конвенциядағы ешнәрсе де халықаралық құқыққа, атап айтқанда Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына және халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес мемлекеттер мен адамдардың басқа құқықтарын, мiндеттемелерi мен мiндеттерiн қозғамайды.
      2. Қарулы қақтығыс кезiндегi қарулы күштердiң әрекеттерi, бұл терминдер халықаралық гуманитарлық құқықпен реттелетiн осы құқықта түсiндiрілетiндей осы Конвенциямен реттелмейдi, сол сияқты олар халықаралық құқықтың басқа дa нормаларымен реттелетiндiктен мемлекеттің қарулы күштерi олардың ресми функцияларын жүзеге асыру мақсатында қолданатын әрекеттерi онымен реттелмейдi....
 5-бап

      Әрбiр қатысушы мемлекет қажет болуы мүмкiн мынадай шараларды:


      а) 2-бапта көрсетiлген әрекеттердi оның ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыстық iстер деп мойындау үшiн;
      b) осы қылмыстардың ауыр сипатын ескере отырып осы қылмыстар үшiн тиiсті жазаларды белгілеу үшiн қолданады.

 6-бап

      Әрбiр қатысушы мемлекет қандай шаралар қажет болса, оның iшiнде iшкi заңнама саласындағы тиiстi жағдайларда, осы Конвенцияның қолданыс аясына енетiн қылмыстық әрекеттердiң, атап айтқанда халықтың, адамдар тобының немесе нақты адамдардың арасында террорлық жағдай жасауға бағытталғандардың немесе есептелгендердiң, ешбiр жағдайда саяси, философиялық, идеологиялық, нәсiлдiк, этностық, дiни немесе өзге де осыған ұқсас сипаттағы қандай да болмасын пiкiрлер бойынша ақтауға жатпауын және олардың ауырлық дәрежесiне орай жазаға тартылуын қамтамасыз ету үшiн сондай шараларды қолданады.

 7-бап

      1. Қатысушы мемлекеттер:
      а) олардың тиiсті аумақтары шегiнде 2-бапта аталған қылмыстарды жасауға дайындықтың алдын алу мақсатында қажет кезiнде өзiнiң ұлттық заңнамасын бейiмдеудi, олардың аумақтарының шегiнде немесе шегiнен тыс және мұндай дайындыққа қарсы әрекеттердi, оның iшiнде олардың аумақтарында осы қылмыстарға қолдау көрсететiн, арандататын, ұйымдастыратын, қасақана қаржыландыратын немесе қасақана техникалық көмек көрсететін немесе ақпарат беретiн немесе осы қылмыстарды жасауға қатысатын адамдардың, топтардың және ұйымдардың заңсыз қызметiне тыйым салу жөнiндегi шараларды қоса алғанда, барлық мүмкiн болатын шараларды қолдану;.....
.

 9-бап

      1. Әрбiр қатысушы мемлекет 2-бапта аталған қылмысқа қатысты оның заңдық құзыретiн белгілеу үшін:
      а) қылмыс осы мемлекеттiң аумағында жасалса; немесе
      b) қылмыс осы мемлекеттiң туы астында жүзетiн кеме бортында немесе қылмыс жасалған мезетте осы мемлекеттiң заңына сәйкес тiркелген әуе кемесiнде жасалса; немесе
      с) қылмысты осы мемлекеттiң азаматы жасаса, қандай қажеттi шараларды болса да қолданады.
      2. Қатысушы мемлекет өзiнiң заңдық құзыретiн осындай кез келген қылмысқа қатысты:
      а) қылмыс осы мемлекеттiң азаматына қарсы жасалса; немесе
      b) қылмыс осы мемлекеттiң елшiлiгiн немесе өзге де дипломатиялық немесе консулдық өкiлдігінің үй-жайларын қоса алғанда, шетелдегi осы мемлекеттiң мемлекеттік немесе үкiметтiк объектiсiне қарсы жасалса, немесе;
      с) қылмысты осы мемлекеттiң аумағында тұрып жатқан азаматтығы жоқ адам жасаса; немесе
      d) қылмыс осы мемлекеттi қандай да бiр iс-қимыл жасауға немесе одан қалыс қалуға мәжбүрлеу ниетiмен жасалса; немесе
      e) қылмыс осы мемлекеттiң үкiметi пайдаланатын әуе кемесiнiң бортында жасалса, белгiлей алады.....
     

 10-бап

      1. Қатысушы мемлекет, 2-бапта аталған қылмыс оның аумағында жасалғаны немесе жасалып жатқаны немесе қылмыс жасаған немесе оның аумағында болуы мүмкiн осындай қылмысты жасауы мүмкiн деген адам туралы ақпаратты ала отырып, осы ақпаратта көрсетiлген фактілердi тексеру үшiн өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес қажеттi болып табылатын осындай шараларды қолданады.
      2. Аумағында қылмыскер немесе қылмыскер деп болжанған адам тұратын қатысушы мемлекет жағдай осыны талап ететiніне көз жеткiзе отырып, қылмыстық қуғындау немесе ұстап беру мақсатында оның қатысуын қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi шараларды өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес қолданады.
      3. Оған қатысты осы баптың 2-тармағында айтылған шаралар қолданатын кез келген адамның:
      а) өзiнiң азаматы болып табылатын, сол мемлекеттiң немесе сол адамның құқығын өзгеше түрде заңдық қорғайтын мемлекеттiң жақын жердегі тиiсті өкілiмен немесе азаматтық алмаған адам болса, аумағында тұратын мемлекет өкiлiмен шұғыл байланысуы;      
      b) осы мемлекеттің өкiлiне келуi;
      с) а) және b) тармақшаларына сәйкес өз құқықтары туралы хабардар болу құқығы бар.

 11-бап

      1. Қылмыскер деп болжанған адам табылған аумақтағы қатысушы мемлекет 9-бап қолданылатын жағдайларда, егер ол осы адамды ұстап бермесе, оның аумағында қылмыс жасалған-жасалмағанына қарамастан қандай да бiр ерекшелiк жасамай, өз заңнамасына сәйкес тексеру жүргiзу арқылы қылмыстық қуғындау мақсатында өзiнiң құзыретті органдарына ақталмайтын iркілiстерсiз табыстауға мiндеттi. Бұл органдар сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес ауыр сипаттағы кез келген басқа қылмыс жағдайындағыдай шешiм қабылдайды.
      2. Қатысушы мемлекеттiң ұлттық заңнамасы оған өзiнiң азаматтарының бiрiн ұстап беруге немесе өзгеше түрде беруге мүмкiндiк беретін барлық жағдайда, бұл адам осы мемлекетке ұстап беру немесе беру сұратылған бұл адамның iсiн сотта қылмыстық тексеру немесе қарау нәтижесiнде шығарылған үкiм бойынша жазасын өтеу үшiн қайтарылады деген шартпен және осы мемлекет пен осы адамды ұстап беру туралы өтiнiш жасаушы мемлекет осы нұсқамен және олар орынды деп тапқан басқа да шарттармен келiскен жағдайда ғана, осы баптың 1-тармағында айтылған мiндетті орындау үшiн жеткілiкті болып табылатын осындай шарт жасалған ұстап беру немесе беруi орынды деп танылады.

13-бап

      1. 2-бапта аталған қылмыстар осы Конвенция күшiне енгенге дейiн қандай да бiр қатысушы мемлекеттер арасында жасалған ұстап беру туралы кез келген шартқа ұстап беруге әкелетiн қылмыстар ретiнде қосуға жататын болып саналады. Қатысушы мемлекеттер кейiннен олардың арасында жасалатын ұстап беру туралы барлық шарттарға ұстап беруге әкелетiн осындай қылмыстар ретiнде енгiзуге мiндеттенедi.....


Үлгі-4

Қазақстан Республикасының Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға қосылуы туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 2 қазан N 347-ІІ


"Егемен Қазақстан" 2002 жылғы 4 қазан N 235

1-бап. Қазақстан Республикасы Нью-Йоркте 2000 жылғы 10 қаңтарда

жасалған Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық

конвенцияға қосылсын.

2-бап. Қазақстан Республикасы өзін Терроризмді қаржыландыруға қарсы

күрес туралы халықаралық конвенцияның 24-бабы 1-тармағының ережелерімен

байланысты деп санамайды.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық

конвенция

Кіріспе


Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға және мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды және тату көршілік пен ынтымақтастықты нығайтуға қатысты мақсаттары мен қағидаларын назарға ала отырып,


      терроризм актілерінің бүкіл дүние жүзіндегі барлық нысандары мен көріністерінің өршуіне аса алаңдаушылық білдіре отырып,
      Бас Ассамблеяның 1995 жылғы 14 қазандағы 50/6 қарарында берілген Біріккен Ұлттар Ұйымының елу жылдығына байланысты Декларацияны негізге ала отырып,
      сондай-ақ 1994 жылдың 9 желтоқсанындағы 49/60 қарарын және оған қосымшаны қоса есептегенде, қай жерде және кімнің жасағанына қарамастан, соның ішінде мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынастарға қауіп төндіретін және мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін терроризмнің барлық актілерін, әдістері мен іс-тәжірибелерін қылмыстық және ақтауға жатпайтын әрекеттер ретінде сөзсіз айыптайтын осы мәселе бойынша Бас Ассамблеяның барлық тиісті қарарларына сүйене отырып,
      халықаралық терроризмді жою жөніндегі шаралар туралы декларацияда осы мәселенің барлық аспектілерін қамтитын барынша кең көлемді құқықтық шеңбердің болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттер шұғыл тәртіпте терроризмнің барлық нысандары мен көріністерінің алдын алу, жолын кесу және жою туралы қолданылып жүрген халықаралық құқықтық ережелерді қолдану аясына шолу жасауды да ұсынатындығын атап көрсете отырып,
      Бас Ассамблеяның террористер мен террористік ұйымдарды қаржыландыруға тікелей немесе жанама жүзеге асырылуына қарамастан терроризм іс-әрекеттерін қаржыландыру мақсатында адамдарды пайдалануды қоса есептегенде, атап айтқанда орынды жерінде құралдар террористік мақсаттарға арналған деген күдікке қатысты қаражаттың қозғалысына кедергі келтіруге және қарсы әрекет ету үшін бұл ретте заңды капиталдың қозғалу еркіндігіне ешбір кедергі келтірмей реттеу шараларын қолдану туралы мәселені қарауға және мұндай қаражаттың қозғалысы туралы ақпаратпен алмасуды жандандыруға тиісті ішкі шаралар арқылы барлық мемлекеттерді қайырымдылық, қоғамдық немесе мәдени мақсаттарды көздейтін немесе көздейді деп сендіретін немесе қару-жарақты заңсыз жеткізіп беру, есірткілердің заңсыз айналымын және бопсалаушылық сияқты тыйым салынған іс-әрекет түрлеріне қатысы бар ұйымдар арқылы кедергі келтірулер мен қарсы әрекет ету қадамдарын жасауға шақырған 1996 жылғы 17 желтоқсандағы 51/210 қарары 3-тармағының (f) тармақшасына сүйене отырып,
      сондай-ақ Бас Ассамблеяның мемлекеттерді, атап айтқанда 1996 жылғы 17 желтоқсандағы 51/210 қарарының 3-тармағының (а)-(ғ) тармақшаларында аталған шараларын жүзеге асыру туралы мәселені қарауға шақырған 1997 жылғы 15 желтоқсандағы 51/165 қарарына сүйене отырып,
      Бас Ассамблеяның 1996 жылғы 17 желтоқсандағы 51/210 қарарымен құрылған Арнаулы комитет терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы қолданылып жүрген тиісті халықаралық құжаттарды толықтыратын, халықаралық Конвенцияның жобасын жасауға тиіс деп қаулы еткен 1998 жылғы 8 желтоқсандағы Бас Ассамблеяның 53/108 қарарына сүйене отырып,
      терроризмді қаржыландыру жалпы алғанда халықаралық қауымдастыққа елеулі алаңдаушылық туғызатынын ескере отырып,
      халықаралық терроризм актілерінің саны мен ауырлығы терроршылардың қол жеткізулері мүмкін болатын қаржыландыруға байланысты болатындығын атап көрсете отырып,
      сондай-ақ қолданылып жүрген көпжақты құқықтық құжаттарда мұндай қаржыландыру нақты қарастырылмайтындығын көрсете отырып,
      терроршылдықты қаржыландыруға жол бермеу, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды іздеу және жазалау арқылы олармен күресу бойынша тиімді шаралар әзірлеу және қолдану ісінде мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың аса қажеттілігіне сенімді бола отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап


      Осы Конвенцияның мақсаты үшін:
      1. "Қаражаттар" оларды алу тәсіліне қарамастан, кез келген түрдегі шынайы немесе шынайы емес, жылжымалы немесе жылжымайтын активтерді, сондай-ақ осындай активтерге немесе оларға қатысуға құқық беруді куәландыратын кез келген, соның ішінде электрондық немесе цифрлық нысандағы заңдық құжаттарды немесе актілерді білдіреді. Оларға банктік несиелер, жол чектері, банктік чектер, пошта аударымдары, акциялар, бағалы қағаздар, облигациялар, вексельдер, аккредитивтер жатады, бірақ бұлармен шектелмейді.
      2. "Мемлекеттік немесе үкіметтік объект" мемлекет өкілдері, үкімет мүшелері, заң шығару немесе сот органының өкілдері не мемлекеттің немесе кез келген басқа мемлекеттік органның немесе мекеменің лауазымды адамдары немесе қызметшілері, не үкіметаралық ұйымның қызметшілері немесе лауазымды адамдары өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты пайдаланатын немесе орналасатын кез келген тұрақты немесе уақытша объектіні немесе көлік құралын білдіреді.
      3. "Түсімдер" 2-бапта аталған қылмыстарды жасау арқылы тікелей немесе жанама алынған немесе сатып алынған кез келген қаражатты білдіреді.

2-бап
1. Осы Конвенцияның мағынасы бойынша кез келген адам қылмыс жасайды, егер ол кез келген тәсілмен, тікелей немесе жанама, заңсыз және қасақана төмендегі іс-әрекеттерді жасау үшін толық немесе ішінара пайдаланылады немесе олар пайдаланылатын болады деген ниетпен қаражат берсе немесе оларды жинауды жүзеге асырса:


      а) қосымшада аталған шарттардың бірін қолдану аясына және ондағы анықтамаға сәйкес қылмыс болып табылатын кез келген іс-әрекет;
      б) қарулы қақтығыс жағдайында әскери іс-әрекеттерге белсене қатыспаған кез келген азаматтығы бар адамды немесе кез келген басқа тұлғаны өлтіруге немесе мұндай іс-әрекеттердің мақсаты, оның сипаты мен мағынасына қарай халықты қорқытуға немесе үкіметті не халықаралық ұйымды қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе оны жасаудан қалыс қалуға күштеу болып табылатын кезде оған ауыр дене жарақатын салуға бағытталған кез келген басқа да іс-әрекеттер.
      2. а) қосымшада аталған шарттардың біріне қатысатын тарап болып табылмайтын мемлекет қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы өздерінің бекіту грамоталарын немесе құжаттарын сақтауға тапсырғаннан кейін бұл Конвенцияны осы қатысушы мемлекетке қолдану кезінде бұл шарт 1-тармақтың (а) тармақшасында аталған қосымшаға енгізілмеген деп саналатындығын мәлімдей алады. Мұндай мәлімдеме осы шарт бұл факті туралы депозитарийді хабардар ететін осы қатысушы мемлекет үшін күшіне енгеннен бастап қолданылуын тоқтатады.
      б) қатысушы мемлекет қосымшада аталған шарттардың бірінің тарабы болуды тоқтатқан жағдайда ол осы бапта қарастырылғандай осы шартқа қатысты мәлімдеме жасай алады.
      3. Кез келген іс-әрекеттің 1-тармақта аталған қылмысты құрауы үшін қаражаттардың 1-тармақтың (а) немесе (б) тармақшаларында көрсетілген қылмыстарды жасау үшін нақты пайдаланылуы міндетті емес.
      4. Осы баптың 1-тармағында аталған қылмыстардың кез келгенін істеуге әрекет еткен кез келген адам да қылмыс жасайды.
      5. Егер:
      а) осы баптың 1 немесе 4-тармақтарында аталған қылмыстардың кез келгенін жасауға қатысушы ретінде қатысса;
      б) осы баптың 1 немесе 4-тармақтарында аталған қылмыстың кез келгенін жасау мақсатында басқа да адамдарды ұйымдастырса немесе оларға басшылық жасаса;
      с) осы баптың 1 немесе 4-тармақтарында аталған бір немесе бірнеше қылмысты ортақ мақсатта әрекет ететін адамдар тобымен жасауға ықпал етсе. Мұндай ықпал қасақана сипатта және:
      і) не қылмыстық іс-әрекеттерді немесе топтың қылмыстық мақсатын қолдау мақсатында, мұндай іс-қимыл немесе мақсат осы баптың 1-тармағында аталған қылмыстардың бірін жасауға арналғанда;
      іі) не топтың осы баптың 1-тармағында аталған қылмыстардың бірінің қасақана екендігін білген жағдайда кез келген адам қылмыс жасайды.

3-бап


Қылмыс бір мемлекетте жасалған, қылмыскер ретінде күдікті осы мемлекеттің азаматы болып табылған және осы мемлекеттің аумағында жүрген жағдайларда бұл Конвенция қолданылмайды және ешқандай басқа мемлекеттің осы Конвенцияның 7-бабының 1 немесе 2-тармақтарына сәйкес өз құқықтық өкілеттіктерін жүзеге асыруға негізі болмайды, бұл 12-18-баптар ережелерінің жағдайлары кезінде оны жоғарыда аталған жағдаяттарға қолдануды жоққа шығармайды.

4-бап
Әрбір қатысушы мемлекет:


      а) оның ішкі құқығына сәйкес 2-бапта аталған қылмыстарды қылмыстық іс-әрекет деп мойындау үшін;
      б) осы қылмыстар үшін олардың ауырлығын ескере отырып, соларға сай жаза белгілеу үшін қажетті болуы мүмкін шараларды қолданады.

5-бап
1. Әрбір қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқығы принциптеріне сәйкес өз аумағындағы немесе оның заңдары бойынша құрылған, өзінің ресми міндетін атқаратын заңды тұлғаны осы заңды тұлғаны басқаруға немесе оған бақылау жасауға жауапты жеке тұлғаның 2-бапта аталған қылмысты жасаған жағдайында жауапкершілікке тарту мүмкін болатын қажетті шараларды қолданады. Мұндай жауапкершілік қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік сипат алуы мүмкін.


      2. Мұндай жауапкершілік осы қылмыстарды жасаған жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі үшін нұқсан келтірмейді.
      3. Әрбір қатысушы мемлекет, сондай-ақ жоғарыдағы 1-тармаққа сәйкес жауапты болатын заңды тұлғаларға тиімді, мөлшерлес және пәрменді қылмыстық, азаматтық-құқықтық немесе әкімшілік санкцияларды қолдануды қамтамасыз етеді. Мұндай санкцияларға қаржы санкциялары да кіруі мүмкін.

6-бап


  Әрбір қатысушы мемлекет осы Конвенцияның күші қолданылатын қылмыстық іс-әрекеттердің қандай да бір саяси, философиялық, идеологиялық, нәсілдік, этникалық, діни немесе осындай сипаттағы өзге де ұйғарымдар бойынша қандай жағдаяттарда болсын, ақталмауын қамтамасыз ету үшін соның ішінде ішкі заңдар саласындағы тиісті жағдайларда қажетті болатын шараларды қолданады.

7-бап
1. Әрбір қатысушы мемлекет 2-бапта аталған қылмыстарға қатысты:


      а) қылмыс осы мемлекеттің аумағында жасалғанда;
      б) қылмыс осы мемлекеттің жалауын қадап жүзіп жүрген кеме немесе қылмыс жасалған кезде осы мемлекеттің заңына сәйкес тіркелген ұшу аппараты бортында жасалғанда;
      с) қылмысты осы мемлекеттің азаматы жасағанда олардың юрисдикцияларын белгілеу үшін қажетті шаралар қолданады.
      2. Қатысушы мемлекет:
      а) қылмыс 2-баптың 1-тармағының (а) немесе (б) тармақшаларында аталған қылмыстарды осы мемлекеттің аумағында немесе оның азаматының біріне қатысты жасауға бағытталғанда не мұндай қылмыс оның нәтижесі болғанда;
      б) қылмыс 2-баптың 1-тармағының (а) немесе (б) тармақшаларында аталған қылмыстарды көрсетілген мемлекеттің шетелдегі осы мемлекеттің дипломатиялық немесе консулдық өкілеттігінің үй-жайын қоса мемлекеттік немесе үкіметтік объектіге қарсы жасауға бағытталғанда немесе мұндай қылмыс оның нәтижесі болғанда;
      с) қылмыс 2-баптың 1-тармағының (а) немесе (б) тармақшаларында аталған қылмыстар осы мемлекетті қандай да бір іс-әрекетті жасауға немесе оны жасаудан қалыс қалуға мәжбүрлеуге бағытталғанда немесе мұндай қылмыс оны жасауға әкеп соқтырғанда;
      д) қылмысты осы мемлекеттің аумағында тұратын азаматтығы жоқ адам жасағанда;
      е) қылмыс осы мемлекет үкіметі пайдаланатын әуе кемесінің бортында жасалғанда осындай кез келген қылмысқа қатысты өзінің юрисдикциясын анықтай алады.
      3. Осы Конвенцияны бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезінде әрбір қатысушы мемлекет 2-тармаққа сәйкес оларға юрисдикция белгілеу туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын хабардар етеді. Қандай да бір өзгеріс болған жағдайда тиісті қатысушы мемлекет бұл туралы Бас хатшыны тез арада хабардар етеді.
      4. Әрбір қатысушы мемлекет қылмыс жасады деп болжанған адам оның аумағында болған жағдайда 2-бапта аталған қылмыстарға қатысты оның құқықтық өкілеттігін белгілеу үшін қажетті шараларды қолданады және ол оны 1 немесе 2-тармақтарға сәйкес өз құқықтық өкілеттігін белгілеген қатысушы мемлекеттердің ешқайсысына бермейді.
      5. Кемінде бір қатысушы мемлекет 2-бапта аталған қылмыстардың біріне қатысты құқықтық өкілеттік алуға үміткер болған жағдайда, тиісті қатысушы мемлекеттер өздерінің іс-қимылдарын, атап айтқанда қылмыстық қудалау тәртібіне және өзара құқықтық көмекті жүзеге асыру тәсілдеріне қатысты үйлестіруге ұмтылады.
      6. Осы Конвенция жалпы халықаралық құқық нормаларына нұқсан келтірмей, қатысушы мемлекет белгілеген кез келген қылмыстық құқықтық өкілеттікті оның ішкі құқығына сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

8-бап


     1. Әрбір қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқық принциптеріне сәйкес 2-бапта аталған қылмыстарды жасау мақсатында пайдаланылған немесе бөлінген, сондай-ақ осындай қылмыстар нәтижесінде алынған кез келген қаражатты, тәркілеу мақсатында анықтау, табу, қоршау немесе тыйым салу үшін қажетті шаралар қолданады.
      2. Әрбір қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқық принциптеріне сәйкес 2-бапта аталған қылмыстарды жасау мақсаты үшін пайдаланылған немесе бөлінген және осындай қылмыстардың нәтижесінде алынған қаражаттарды тәркілеу үшін тиісті шаралар қолданады.
      3. Әрбір тиісті қатысушы мемлекет тұрақты негізде немесе әрбір нақты жағдайда осы бапта көзделген тәркілеу нәтижесінде алынған қаражатты басқа да мемлекеттермен бөлісу жөніндегі келісімдерді жасасу туралы мәселені қарай алады.
      4. Әрбір қатысушы мемлекет осы бапта көзделген тәркілеу нәтижесінде алынған қаражат көмегімен 2-баптың 1-тармағының (а) немесе (б) тармақшаларында аталған қылмыстардың құрбандарына немесе олардың отбасы мүшелеріне өтемақы төлеу үшін пайдалануға болатын амалдарды жасау мүмкіндігін қарастырады.
      5. Осы баптың ережелерін қолдану басқа адал ниетті адамдардың құқықтарын сақтау жағдайында жүзеге асырылады.

9-бап


   1. 2-бапта аталған қылмысты жасаған немесе қылмыс жасады деп болжанған адам аумағында болуы мүмкін деген ақпарат алған тиісті қатысушы мемлекет осы ақпаратта аталған фактілерді тергеу үшін оның ішкі заңдарына сәйкес қажет болуы мүмкін шараларды қолданады.
      2. Мән-жайлар бұл үшін негіз беретініне сенген, қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деп ұйғарылған адам аумағында жүрген қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңдарына сәйкес қылмыстық тергеу немесе беру мақсатында осы адамның қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шаралар қолданады.
      3. 2-тармақта аталған шаралар қолданылатын кез келген адамның:
      а) өзі азаматы болып табылатын немесе өзге жолмен оның құқығын қорғауға өкілетті мемлекеттің жақын тиісті өкілімен немесе егер ол азаматтығы жоқ адам болса, өзі аумағында тұратын мемлекет өкілімен кейінге қалдырмай байланысуға;
      б) оның өкілімен осы мемлекетке баруға;
      с) (а) және (б) тармақшаларына сәйкес өзінің құқықтары туралы хабардар болуға құқығы бар.
      4. 3-тармақта аталған құқықтар қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деп болжанған адам аумағында жүрген мемлекеттің заңдарына және қаулыларына сәйкес аталған заңдар мен қаулылар осы баптың 3-тамағына сәйкес құқықтар берілетіндерге мақсатына толық жетуіне мүмкіндік беруді қамтамасыз етуге тиіс екендігі туралы ережелерді ескере отырып жүзеге асырылады.
      5. 3 және 4-тармақтардың ережелері 1-тармақтың (б) тармақшасына немесе 7-баптың 2-тармағының (б) тармақшасына сәйкес құқықтық өкілеттікке үміткер кез келген қатысушы мемлекеттің құқығына залал келтірмейді, Халықаралық Қызыл Крест комитетіне қылмыс жасады деп ұйғарылған адаммен байланыс жасауды және оған барып тұруды өтінеді.
      6. Қатысушы мемлекет осы бапқа сәйкес қамауға алғаннан кейін ол тікелей немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы арқылы 7-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес құқықтық өкілеттік белгілеген қатысушы, егер ол орынды деп санаса, кез келген басқа да мүдделі қатысушы мемлекеттерді осындай адамдарды қамауда ұстау фактісі туралы және осындай адамдарды ұстау үшін негіз болатын жағдайлар туралы жедел хабардар етеді. 1-тармаққа сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет оның нәтижелері туралы аталған қатысушы мемлекеттерге жедел хабарлайды және ол өз құқықтық өкілеттігін жүзеге асыру ниеті туралы көрсетеді.

10-бап
1. Қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деп болжанған адам аумағында жүрген қатысушы мемлекет, қылмыскерге 7-бап қолданылған жағдайда, егер бұл адамды бермейтін болса, ешқандай жағдайларға, қылмыс оның аумағында жасалған, жасалмағанына қарамастан өзінің құзыретті органдарына осы мемлекеттің заңдарына сәйкес қарау арқылы сотта тергеу мақсатында жіберуге міндетті. Бұл органдар осындай жол арқылы да, осы мемлекеттің заңдарына сәйкес ауыр сипаттағы басқа да кез келген қылмыстар жағдайында да шешім қабылдайды.


      2. Қатысушы мемлекеттің ішкі заңдары оған өз азаматтарының бірін қайтаруға немесе өзге жолмен беруге мүмкіндік беретін барлық жағдайларда бұл адам осы мемлекетке сотта қарау немесе сотта істі қарау нәтижесінде осы адамды қайтарып беру немесе беру сұралған адамға шығарылған үкім бойынша жазаны өтеу үшін қайтарылатын шарттарда ғана осы мемлекет те, осы адамды беру туралы өтініш жасаған мемлекет те осы нұсқалармен және осындай шартты түрдегі қайтарып берулер мен берулерді орынды деп есептейтін басқа да жағдайлармен келіскенде 1-тармақта айтылған міндеттерді орындауға жеткілікті болады.

11-бап
    1. 2-бапта аталған қылмыстар осы Конвенция күшіне енгенге дейін қандай да бір қатысушы мемлекеттер арасында жасалған беру туралы кез келген шартқа берілуге тиіс қылмыстар ретінде енгізуге жатады деп есептелінеді. Қатысушы мемлекеттер осындай қылмыстарды соңынан олардың арасында жасалатын беру туралы барлық шарттарға берілуге тиіс қылмыстар ретінде енгізуге міндеттенеді.


      2. Шарт болған жағдайда беруге шарт қоятын қатысушы мемлекет беру туралы шарт жасаспаған басқа қатысушы мемлекеттен беру туралы өтініш алған жағдайда, сұрау салынып отырған қатысушы мемлекет өзінің қалауы бойынша 2-бапта аталған қылмыстарға байланысты беру үшін құқықтық негіз ретінде осы Конвенцияны қарастырады. Беру сұрау салынып отырған мемлекеттің заңдарында көзделген басқа да шарттар сақтала отырып жүзеге асырылады.
      3. Шарт болған жағдайда беруді көрсетпеген қатысушы мемлекеттер өз арасында 2-бапта аталған қылмыстарды сұрау салынып отырған мемлекеттің заңдарында көзделген шарттар сақтала отырып берілетін қылмыстар ретінде қарастырады.
      4. Қажет болған жағдайда 2-бапта аталған қылмыстарды, егер бұл қылмыстар оларды жасаған жерде ғана емес, 7-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес өз құқықтық өкілеттіктерін белгілеген мемлекеттер аумағында да жасалған болса, қатысушы мемлекеттер оларды беру мақсатын да қарастырады.
      5. 2-бапта аталған қылмыстарға байланысты қатысушы мемлекеттер арасында жасалған беру туралы барлық шарттар мен келісімдердің ережелері осы Конвенциямен дәл болмаған жағдайларда, олар қатысушы мемлекеттер арасында өзгертілген болып саналады.

12-бап
  1. 2-бапта аталған қылмыстарға байланысты қылмыстық тергеулерде, қылмыстық қудалауда немесе беру рәсімдерінде қатысушы мемлекеттер бір-біріне барынша көмек көрсетеді, істі жүргізу үшін қажетті оларда бар айғақтарды алуға жәрдемдесу де жатады.


      2. Қатысушы мемлекеттер банктік құпияға сілтеме жасай отырып, өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініштен бас тартпауға тиіс.
      3. Сұрау салынып отырған тарап сұрау салып отырған тарап берген ақпаратты немесе дәлелдерді өтініште көрсетілген тергеулерді, қылмыстық қудалауды немесе сотта қарауларды жүргізу үшін сұрау салып отырған тараптың алдын ала келісімінсіз ешкімге бермейді және пайдаланбайды.
      4. Әрбір қатысушы мемлекет 5-бапқа сәйкес қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік жауапкершілікті белгілеу үшін қажетті ақпаратты немесе дәлелдерді басқа қатысушы мемлекеттермен бөлісу тетіктерін құру туралы мәселені қарастыруы мүмкін.
      5. Қатысушы мемлекеттер өзара құқықтық көмек немесе олардың арасында болуы мүмкін ақпаратпен алмасу туралы кез келген шарттарға немесе басқа да келісімдерге сәйкес 1 және 2-тармақтар бойынша өз міндеттерін орындайды. Мұндай келісім немесе келісімдер болмаған жағдайда қатысушы мемлекет олардың ішкі заңдарына байланысты бір-біріне көмек көрсетеді.

13-бап


      2-бапта аталған қылмыстардың ешқайсысы беру мақсаты немесе өзара құқықтық көмек үшін салыққа байланысты қылмыс ретінде қарастырылмайды. Қатысушы мемлекеттер беру немесе өзара құқықтық көмек туралы өтінішті ол салыққа байланысты қылмыстарға қатысты деген негізде ғана сүйеніп орындаудан бас тартпауға тиіс.

14-бап
   2-бапта аталған қылмыстардың ешқайсысы беру мақсаты немесе өзара құқықтық көмек үшін қатысушы мемлекеттер арасында саяси қылмыс немесе саяси қылмысқа байланысты қылмыс, немесе саяси себептерге байланысты жасалған қылмыс ретінде қарастырылмайды. Осының салдарынан осындай қылмыстарға байланысты беру немесе өзара құқықтық көмек туралы өтінішті саяси қылмысқа немесе саяси қылмысқа байланысты қылмысқа, немесе саяси себептерге байланысты жасалған қылмысқа қатысты негізде ғана орындаудан бас тартпауға тиіс.

15-бап
  Егер сұрау салынып отырған қатысушы мемлекеттер 2-бапта аталған қылмыстарға байланысты беру немесе осындай қылмыстарға қатысты өзара құқықтық көмек өтініш соттық тергеуді немесе осы адамды оның нәсілі, діні, азаматтығы, этникалық шығу тегі немесе саяси көзқарасы бойынша жазалауды мақсат етеді, немесе бұл өтінішті қанағаттандыру осы себептердің кез келгені бойынша осы адамның жағдайына нұқсан келтіреді деп ойлауға себепті дәлелдері болса осы Конвенцияда кез келген адамды беру немесе өзара көмек көрсетуде жазасын міндеттеу ретінде талқыланбауы тиіс.

16-бап


   1. Бір қатысушы мемлекетте қамауда болған немесе түрмедегі мерзімін өтеген адам және басқа қатысушы мемлекетте болуы 2-бапта аталған қылмыстарға байланысты тергеулер үшін жеке басын анықтау, жауап беру немесе дәлелдеме алу өзге де көмектер көрсету мақсатында қажет болса, ол мына шарттарды сақтай отырып берілуі мүмкін:
      а) бұл адам толық ақпарат негізінде оған өз келісімін берсе;
      б) екі мемлекеттің де құзыретті биліктері осы мемлекеттер қолайлы деп есептейтін жағдайларға келісім алса.
      2. Осы баптың мақсаты үшін:
      а) адам берілетін мемлекет, егер осы адамды берген мемлекет басқаша сұрамаса немесе басқаша рұқсат етпесе, берілген адамды қамауда ұстауға өкілетті және міндетті;
      б) адам берілген мемлекет бұл алдын ала келісілгендей немесе екі мемлекеттің құзыретті биліктері өзгеше келісілгендей ешқандай кешіктірусіз бұл адамды бұрын осы адамды берген мемлекеттің қарауына қайтару туралы өз міндеттемесін орындайды;
      с) адам берілген мемлекет осы адамды берген мемлекеттен оны қайтару үшін беру рәсімдерін қозғауды талап етпеуі тиіс;
      д) берілген адамның өзі берілген мемлекетте өтеген жазалау мерзіміне ол берілген мемлекетте қамауда ұстау мерзімі есептеледі.
      3. Осы бапқа сәйкес кез келген адам одан берілуге тиіс қатысушы мемлекеттің келісімінсіз бұл адам оның азаматтығына қарамастан, оны берген мемлекеттің аумағынан ол кеткенге дейін оған қатысты шығарылған үкімге немесе іс-әрекетке байланысты тергелуге немесе қамауда ұсталуға тиіс емес және бұл адам берілген мемлекеттің аумағында оның жеке бостандығына қатысты ешқандай шек қойылуы мүмкін емес.

17-бап


  Қамауға алынған немесе оған қатысты кез келген басқа да шаралар қолданылған немесе осы Конвенцияға сәйкес қарастырулар жүзеге асырылған кез келген адамға әділеттікпен қарауға, соның ішінде өзі аумағында жүрген мемлекеттің заңдарына сәйкес барлық құқықтар мен кепілдіктерді, адам құқығы саласындағы халықаралық стандартты қоса есептегенде қолданылып жүрген халықаралық құқық ережелерін пайдалануға кепілдік беріледі.

18-бап
1. Қатысушы мемлекеттер 2-бапта аталған қылмыстардың алдын алуда осы қылмыстарды олардың аумағында немесе олардың аумағынан тыс жерлерде олардың тиісті аумақтардың шегінде жасау дайындығына қарсылық ету немесе қарсы іс-әрекет жасау үшін іс жүзінде жүзеге асырылатын барлық шараларды қолдану жолы арқылы, сондай-ақ қажет болғанда олардың ішкі заңдарын өзгерту жолы арқылы ынтымақтасады. Соның ішінде:


      а) олардың аумағында 2-бапта аталған қылмыстарды қасақана ұлғайтатын, ұйымдастыратын және жасайтын адамдардың немесе ұйымдардың заңсыз іс-әрекетіне тыйым салатын шаралар;
      б) қаржы мекемелерін және қаржы операцияларын жасауға қатысатын басқа да ұйымдарды олардың тұрақты немесе кездейсоқ клиенттерін, сондай-ақ олардың пайдасына есептер ашылған клиенттерін сәйкестендіру үшін олардың иелігіндегі шаралардың ең тиімдісін қабылдауға, кәдімгі немесе күдікті операцияларға ерекше назар аударуға, қылмыстық іс-әрекетке байланысты деп ұйғарылған операциялар туралы хабарлауға міндеттейтін шаралар. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер мынадай мүмкіндіктерді қарастырады:
      і) иелері немесе бенефициары бірдей емес немесе бірдей болуы мүмкін емес есеп-шоттарды ашуға тыйым салатын ережелерді және осындай мекемелердің осындай операцияларға нақты қатысушыларының жеке басын тексеруді қамтамасыз ету шараларын қолдану;
      іі) заңды тұлғаларды сәйкестендіруге қатысты қаржы мекемелеріне талаптар қою, қажет болғанда, мемлекеттік тіркеуден өткен органнан, клиенттен немесе екеуінен де клиенттің заңды тұлға ретінде ресімделуі туралы, клиенттің атауы, оның заңды нысаны, мекен-жайы, басшылары және осы заңды тұлға атынан қабылданған міндеттемелер жөніндегі өкілеттіктерді реттейтін ережелер туралы мәліметтерді қоса есептегенде, дәлелдемелерді алу жолы арқылы клиенттің заңды мәртебесін және құрылымын тексеру бойынша шаралар қолданады;
      ііі) құзыретті биліктерге жедел хабарлау міндеттерін жүктейтін ережелерді қабылдау қаржы мекемелеріне барлық күрделі, ерекше үлкен операциялар туралы және көрінеу экономикалық немесе көрінеу заңды себептері жоқ операциялардың ерекше серпіні туралы, егер олар бұл ретте ақпаратты жариялауға қойылған кез келген шектеулерді бұзу үшін қолданылатын қылмыстық немесе азаматтық жауапкершіліктен қорықпай, өздерінің күдіктері туралы адал түрде хабарласа;
      iv) қаржы мекемелеріне ішкі де, халықаралық та операциялар жөніндегі барлық қажетті құжаттарды кем дегенде бес жыл бойы сақтау талаптарын қою.
      2. Қатысушы мемлекеттер 2-бапта аталған қылмыстардың алдын алуды:
      а) ақша аударылымдарын, бұған мысалы, лицензия беруді де қоса отырып жүзеге асыратын барлық агенттіктердің жұмысына бақылау жасау бойынша шаралар қолдану;
      б) ақпаратты тиісінше пайдалану және қандай нысанда болсын шектеу қоймай, капиталдың еркін қозғалысына берілетін кепілдіктерді қатаң сақтай отырып, шекара арқылы көрсетушіге қолма-қол және айналымдағы құжаттарды нақты аударуларды анықтау немесе соңына түсу бойынша жүзеге асырылатын шараларды қолдану мүмкіндіктерін қарастыра отырып, одан әрі ынтымақтастық жасайды.
      3. Қатысушы мемлекеттер 2-бапта аталған қылмыстардың алдын алуда олардың ішкі заңдарына сәйкес анық және тексерілген мәліметтер алмасу және 2-бапта аталған қылмыстарды жасаудың алдын алу мақсатында қажет болған жағдайларда қолданылатын әкімшілік және басқа да шараларды үйлестіру жолы арқылы одан әрі ынтымақтастық жасайды. Атап айтқанда:
      а) 2-бапта аталған қылмыстардың барлық аспектілері туралы ақпараттарды қорғауға және олармен жедел алмасуға ықпал ету мақсатында олардың құзыретті мекемелері мен қызметтері арасындағы байланыс жолдарын құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      б) 2-бапта аталған қылмыстарға байланысты тергеу жүргізуде
бір-бірімен:

і) осындай қылмыстарға қатысты деген негізді күдіктері бар адамдардың

жеке басы, мекен-жайы және жұмысына;

іі) осындай қылмыстарды жасауға қатысы бар қаржы қаражаттарын

аударуға қатысты ынтымақтастық жасайды.

4. Қатысушы мемлекеттер Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы

(Интерпол) арқылы ақпараттар алмаса алады.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет