Зейін механизімі мидың ректорлық қызметіне, жануарлардың И.П Павлов ашқан шартсыз рефлексіндегі «Бұл не?» деген таңдану рефлексіне байланысты. Бұл рефлекстің биологиялық мәні жануарлардың қоршаған ортадан әсер ететін жаңа тітіркендіргіштерке жауап беруі болып табылады.Адамдағы аңғару рефлексі-туа біткен қасиет, одан зейіннің сыртқы тітіркендіргіштерге тікелей байланыстылығы айқын көрінеді.Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын физиологиялық құбылыспен де түсіндіруге болады.Миға көптеген тітіркендіргіштер бір мезгілде әсер етеді.Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады.Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардың ми қабының бір ғана бөліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік индукция заңына орай бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Тәлім-тәрбие істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың оптималдық ошағының жасалу заңдарына сүйенеді.Мәселен, «Балалар, дұрыстап отырындар, қане, қолдарыңды партаға қойып, маған қарандаршы!» деу арқылы ұстаз оқушыларға әсер етіп, олардың зейінін негізгі объектіге аударады.
Адамның зейінділік күйіне тән нәрселер:
сезімталдық,
ойдың айқындығы,
сезім көрнеуі
ерік күшінің әсерімен ойдағыдай орындап шығуы үшін жан дүниесінің әсерлену шапшаңдығы. Мұндай жағдайда ырықты зейін басым болады.
Зейінділік күй-адамның мүдделі ісі мен қажетті нәрсенің қызығуы күшеюіне байланысты. Бұл жағдайда ырықсыз зейін басым болады. Зейін күйінің тағы бір қыры-зейінсіздік немесе зейіннің шашырап алаңдауынан байқалатын ерекшелік. Ауыр жұмыстан шаршау,терең ойға бату, қызықсіз істі орындау сияқты себептер кісі зейінін шашыратып,оны алаңдауға ұшыратады. Соның салдарынан зейінсіздік туады.
Бағыт психикалық қызметі Сана Сана
Зейіннің басқару іс әрекетіндегі негізгі функциялары
маңызды әсерлерді таңдау және басқа елеусіз әсерлерді елемеу;
осы қызметті сақтау;
қызметтің барысын реттеу және бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |