Басқару құжаттарын рәсімдеу тәртібі , құжат реквизиттері
Орындаған:Жұмағұлова Қ.
Тексерген:Даныбаева Қ.Ж.
№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі
Алматы,2020ж
Деректеме-кез келген құжат ресімдеу элементтерінен (қол қою, күнін көрсету және т.б.) тұратын құрамдас бөліктер. Деректемелердің құрамы арнайы мемлекеттік стандартта белгіленген. Деректемелер құжатта қатаң белгіленген стандарттық тәртіпте орналасады.:
Құжаттарды дайындау мен ресімдеуде келесі деректемелер қолданылады:
1 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы немесе эмблеманың, логотиптің, тауар белгісінің (қызмет көрсету белгісі) бейнесі
2 - ұйымның ресми атауы
3 - ұйым туралы анықтамалық деректер
4 - құжат түрінің атауы
5 - құжат күні
6 - құжаттың тіркеу нөмірі (индексі)
7 - кіріс құжатының тіркеу нөміріне (индекс) және күніне сілтеме
8 - құжаттың жасалған немесе басып шығарылған жері
9 - құжатқа рұқсатты шектеу грифі
10 - адресат
11 - құжатты бекіту грифі
11 - құжатты бекіту грифі
12 - бұрыштама
13 - құжат мәтініне тақырып
14 - бақылау туралы белгі
15 - құжаттың мәтіні
16 - құжатқа қосымшаның бар екендігі туралы белгі
17 - қолы
18 - құжаттың келісілгені туралы белгі
19 - мөр бедері
20 - құжат көшірмесінің куәландырылғаны туралы белгі
21 - құжат орындаушысы туралы белгі
22 - құжаттың орындалғаны және оның іске жіберілгені туралы белгі
23 - құжаттың электронды көшірмесінің сәйкестендірушісі
24 - құжаттың ұйымға келіп түскендігі туралы белгі
Құжат деректемелерінің орналасу схемасы
Бланкте және онсыз ресімделген құжаттың әрбір парағында кемінде: сол жағынан - 20 мм; оң жағынан - 10 мм; жоғарғы жағынан - 10 мм; төменгі жағынан - 10 мм жиек болуы тиіс.
Құжаттарды дайындау мен ресімдеуде келесі деректемелер қолданылады:
Бланкілердегі деректемелердің орналасуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 Қаулысында белгіленген тәртіппен және санға сәйкес болады. Алайда, бұл ең жоғарғы жиынтық және тәжірибеде құжаттың түріне байланысты ең аз мөлшері қолданылады.