Құжат мәтіні, деректемелер Құжаттың жеке құрамды бөлігі деректеме



бет1/5
Дата20.12.2021
өлшемі22,58 Kb.
#103724
  1   2   3   4   5
Байланысты:
00a0ebb4-2b59-4188-a53f-6843abe62b05


Құжат мәтіні, деректемелер

Құжаттың жеке құрамды бөлігі деректеме(реквизит) деп аталады. Құжаттың міндетті деректемелері:

1.Ұйымның атауы-құжат авторы

2.Ұйымның коды-құжат авторы

3.Құжаттың атауы

4.Тақырыбы

5.Құжат түрінің коды.

6.Құжатты толтыру мерзімі.

7.Индексі.

8.Мәтіні.

9.Бұрыштамасы.

10.Қойылған қолы.

11.Құжаттың орындалғаны және іске тіркелгендігі туралы белгі.

Деректеме толық және дәл мәлімет беруі керек,әрі жалпыға ортақ,стандарт бойынша толтырылуы тиіс.



Формуляр –үлгі-құжаттың бірыңғай пішімге түскен моделі.Формулярда түрлі деректемелердің –тұрақтыларының да,өзгеріп тұратындарының да орналасу аумағы анық көрсетіледі. Тізбелердің құжат парағындағы бірізділігі және ұзындығы белгіленеді.

Тұрақты деректеме баспаханалық жолмен дайындалған бірыңғай формаға немесе фирмалық бланкі деп аталатын қағазға түсіріледі.Ауыспалы (өзгермелі) деректеме құжатты құру кезінде түсіріледі.



Мәтін –құжаттың негізгі деректемесі.Ол негізгі екі бөлікке бөлінеді.Біріншісінде-құжатты толтыруға негіз болған жай көрсетіледі.Екіншісінде –қорытындылар,ұсыныстар,нұсқаулар немесе өтініш-тілектер жазылады.Мәтін бір ғана тіркестен тұрғанда,оның бірінші бөлігінде құжатты жасаудың себебі немесе негіздемесі айтылып,екіншісінде – шешім нұсқау, өтініш хабарланады.

Мәтін азат жолдарға бөлінеді,тақырыпшалар қойылады.Мысалы: «Агенттіктің құрамын қайта құру туралы»


Деректемелердің нөмірлері мен атауы мыналарды қамтиды:


03. ұйымның эмблемасы немесе тауар белгісі

17. мәтіннің тақырыбы

06. ұйымның атауы

18. бақылау туралы белгі

07. ұйым туралы анықтамалық деректер (байланыс кәсіпорнының индексі, почталық мекен-жайы, телефоны, телеграфтық адресі, факс, е-мейл, банктің атауы және банктегі шот нөмірі)

19. құжат мәтіні

08. құжат түрінің атауы

20. қосымшасының бар екендігі туралы белгі

09. құжаттың күні

21. қолы

10. құжаттың тіркеу нөмірі

23.құжатты келісу қолдары

11. құжаттың тіркеу нөміріне және күнінен сілтеме

24. мөрі

13. құжатта оқуға шектеу белгісі

26. орындаушы туралы белгі

14. адресат

27. құжаттың орындалуы және оның іс құжатына жіберілуі туралы белгі

15.құжатты бекіту белгісі

28. құжаттың ұйымға түскені туралы белгі

16. бұрыштама

29. құжаттың электронды көшірмесінің бірегейлендірушісі

Осы тізімге қарай отырып, мыналарды айтуға болады: бірқатар деректемелер бір кәсіпорынның әртүрлі құжаттарын ресімдеу кезінде өзгеріссіз қалады – бұл кәсіпорынның эмблемасы, ұйымның атауы және ұйым туралы анықтамалық деректер. Әрине, кәсіпорын өз атауы мен эмблемасын немесе мекен-жайын күнде немесе жылда өзгерте бермейді. Сондықтан кестедегі алғашқы 3 деректеме тұрақты деректемелер деп аталады. Нақты құжатты жасау кезінде белгіленетін қалған барлық деректемелер (құжат түрінің атауы, құжаттың күні және т.б.) әр түрлі құжатта ерекшеленеді – сондықтан да оларды ауыспалы деректемелер деп атайды.

Осы схемадан көріп отырғанымыздай, әрбір құжатты негізгі 3 бөлікке бөлуге болады:

- тақырыптық бөлік (оған мәтіннің соңына дейін орналасқан деректемелер кіреді);

- негізгі бөлік (мәтіннің деректемелері және қосымша),

- ресімдеуші бөлік (мәтіннің төменгі жағында орналасқан деректемелер және қосымшалар).

Әсіресе құжатқа заңды күш беретін құжаттың күні, мөрі, тіркеу нөмірі, бекіту белгісі секілді деректемелердің дұрыс толтырылуы маңызды болып табылады.

Құжатта деректемелер 2-3 жоларалық интервалмен бөлінеді. Құжатты дайындау кезінде 6.0 сериялы және одан жоғары Word for Windows мәтін редакторын, № 12 (кейде 14 кегл) кеглді Times New Roman шрифтін қолдану ұсынылады. Екі немесе одан да көп беттен тұратын құжатты ресімдеу кезінде екінші және одан кейінгі беттері нөмірленуі керек. Бет нөмірлері парақтың төменгі оң жағына араб санымен сөз және тыныс белгілері қосылмастан қойылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет