«Басқару психологиясы»



бет2/2
Дата22.12.2021
өлшемі219,02 Kb.
#127561
1   2
Байланысты:
5c86bea6-f0c3-45d3-84c8-1505c202043f

Зерттеу кезеңдері:


Бірінші кезеңде тақырып таңдау, тақырып бойынша әдебиеттер мен материалдарды теориялық тұрғыда қарастыру және жазу, оларды талдау. Диагностика жүргізуге әдістемелерді қарастыру, сұрыптау.



Екінші кезеңде диагностикалық әдістерді тәжірибеден өткізу, олардың нәтижесі бойынша хаттамаларды түзу. Нәтиже көрсеткіштерін интерпретациялау.

Үшінші кезеңде зерттеу жұмысын толық қамтуға психотерапиялық жаттығулар бағдарламасы ұсынылды

Зерттеудің теориялық маңыздылығы:


Басқару психологиясының аймағында адамдардың өндірістік әрекетіне әсері, басқару типінің шынайы анықтамасы - ұжымды басқарудың максималды эффективтілігін қамтамасыз ететіндігін, ұжымның даму заңдылықтарының кұрылуы және басқару динамикасының орналасатындығы анықталады. Басқару стильдеріне шолу, олардың тиімділігі мен кемшіліктері көрсетіледі, жетекшілік стильдерін зерттеген ғалымдардың пікірлері, көзқарастары, берген анықтамалары мен бағалары беріледі.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы


Зерттеу жұмысының екі бөлімінен алынған жалпы нәтижелердің рейтингтік көрсеткіші мектеп басшыларының ұжымдағы беделінің деңгейін анықтау мақсатымен анықталды. Сонымен қатар жетекшілердің тиімді басқару стилін қолдану арқылы ұжымдағы адамгершілік-психологиялық ахуалды қалыптастырамыз. Жетекшілердің бойында ұжымды дұрыс басқаруға, ондағы психологиялық ахуалды оңды тұрғыдан қалыптастыру үшін қажетті сапаларды, жеке тұлғалық қасиеттерді, профессионалдық қабілеттерінің деңгейін анықтау арқылы, оларға толықтырулар немесе түзетулер енгізуге мүмкіндік туады. Алынған ұжымда жүргізілген психодиагностикалық іс – тәжірибенің жалпы нәтижесін негізге ала отырып, осы ұжымда басым қолданылатын басқару стилі ұжым мүшелері мен мекеме табысына тиімді болып табылады.

Қорытындылай келсек:


Басқарушылық нәтижелігінің феномені - ертерек түсіндіру әрекеті - басқарушының тәртібінің бір параметріне көңіл бөледі, яғни қойылған міндетке бейімделе білу. Ал, өте кеш зерттелген жұмыстар басшының тәртібіне көңіл бөлуді қарастырған, бірақ басқадай айналымдарды ескермеген. Ұжымның тиімді жұмыс атқаруы белгілі көлемде ұжымды басқару стиліне байланысты. Әр басшы басқару іс-әрекетінде қызметтік міндеттерді өзіне тән стильде орындайды. Басқару психологиясында стиль дегеніміз - басшыға тән басқару қызметін тиімді орындау мақсатында бағыныштыларға ықпал ету тәсілдерінің жүйесі. Яғни стиль тікелей басшының жеке тұлғасымен байланысты және оның жекелік қасиеттеріне байланысты көрінеді. Өкінішке орай, тәжірибеде басқару стиліне ерекше мән берілмейді. Соңғы кездері зерттеушілердің басқару стилін бағалаулары өзгеріске ұшырады. Егер либералды және авторитарлы стильдер жақында ғана теріс сипатталып, ал демократиялық стиль ең жағымды болып есептелсе, қазіргі кезеңде ұжымға көп табыс алып келетін, тұрақтылықты қамтамасыз ететін басқару стилі тиімді деп саналады. Ең бастысы, басшының жеке ерекшеліктеріне, кәсіби белсенділігінің психологиялық субъективті ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінеді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет