«Басқару психологиясы»



бет1/2
Дата22.12.2021
өлшемі219,02 Kb.
#127561
  1   2
Байланысты:
5c86bea6-f0c3-45d3-84c8-1505c202043f

«Басқару психологиясы»


Басқару психологиясы ғылым ретінде еңбек ұжымының іс-әрекетін басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімді зерттейді. Басқару психологиясының ерекшелігі оның объектісі ретінде адамдардың ұйымдасқан іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Ұйымның ережелері, нормалары және талаптары тек ұйымдағы адамдардың арасындағы ерекше психологиялық қатынастарды қалыптастырады - бұл адамдардың басқарушылық қатынастары. Әлеуметтік-психологиялық қатынастар - мақсат, міндет және біріккен іс-әрекеттің құндылықтарымен байланысқан адамдардың өзара қатынастары.

Басқару психологиясының пәні туралы пікірлер әртүрлі. Психологтар Е.Е. Вендров және Л.И. Уманский басқару психологиясы пәнінің келесі аспектілерін ұсынды: ұжым және топтардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері; басшының іс-әрекет психологиясы; басшының жеке тұлға психологиясы; басқарушы кадрларды таңдаудың психологиялық мәселелері; басқарушы қадрларды даярлау және қайта даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері



Лев Ильич Уманский-психология ғылымдарының докторы, профессор.

Вендров, Ефим Ефремович (1924—2013) — советский офицер

Басқару стилінің тиімділігін ең алғаш Курт Левин зерттеді. К.Левин зерттеуі бойынша, авторитарлы басқару демократиялық стильге қарағанда жұмысты ауқымды көлемде орындайды. Бірақ авторитарлы басқаруда төменгі мотивация, топ бірігушілігінің, топтық ойлаудың болмауы және агрессивтілік байқалды. Лайкерт өз зерттеулерінің негізінде, басқару стилі міндетті түрде жұмысқа немесе адамға бағдарланатынын көрсеткен. Осы екі саланы бірдей және жоғарғы деңгейде бірде-бір басшы көрсете алмаған. Сонымен қатар, нәтиже көрсеткіші бойынша, адамға бағытталған басқару стилі барлық жағдайда еңбек тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді Фидлердің моделі теорияның ары қарай дамуына үлкен үлес қосты. Ол модель жағдайға көп көңіл бөліп, басшының тәртібіне әсер ететін факторды айқындап берген. Фидлердің пікірінше, адамзаттық қатынастарға бағдарланған басқару стильдері басшы үшін бірқалыпты жағымды жағдайларда тиімді болып табылады. Мұндай жағдайларда, басшының бағыныштыларының толық бірігушілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті билігі жоқ. Адамзаттық қатынастарға бағдарланған басқару стилі басшының ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді

Курт Левин-неміс және америка психологы

Пол Херси және Кен Бланшар лидерліктің жағдайлық моделін құрды және оны «өмірлік цикл теориясы» деп атады. Бұл теория бойынша, ең тиімді лидерлік стильдері орындаушылардың «кемелденуіне» байланысты. Пол Херси және Кер Бланшардың өмірлік циклының моделі басқарудың бейімделгіш, иілгіш стилін ұсынды. Бірақ сын бойынша, бұл модельде стильдің бөлінуі қысқартылған және іс жүзінде басшылардың модель бойынша әрекет етуі қиынға соғатыны дәлелденген. Қазіргі заманда ең тиімді стиль бейімделуші немесе Арджирис атағандай, шындыққа бағдарланған стиль болып табылады.


  • Зерттеу міндеттері: Басқару психологиясының даму тарихын қарастыру. Жетекшінің басқару стилінің ерекшілігін және маңыздылығын талқылау. Жетекшілік стилінің зерттеулерін теориялық тұрғыда талдау. Басқару стилінің әртүрлілігін қарастыру. Жетекшінің басқару стилін психодиагностикалау.
  • Зерттеу әдістері: Жетекшінің басқару стилін анықтауға арналған тесттер, анкета әдісі, тренингтік жаттығулар, әңгімелесу, бақылау, сауалнама жүргізу, ұжым мүшелерімен пікір алмасу, олардың көзқарастары жайлы әңгіме жүргізу.
  • Зерттеу болжамы: Жетекшінің тиімді басқару стилі арқылы ұжымдағы жағымды адамгершілік – психологиялық ахуалды қалыптастыруға және ұжым мүшелерінің еңбек үрдісін арттыру болжамдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет