«Элита» термині француз тілінен elite – іріктелген, таңдалған деп аударылады. 17 ғасырдан бастап, бұл термин таңдалған, атақты, жоғары мәртебелі адамдарды атауға қолданған.
Элита теориялары — әр әлеуметтік структураның қажетті бөлігі деп жоғарғы, ерекше құқықтары бар қатарды мойындаған әлеметтік-саяси концепцияларының жиынтығы.
Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.
Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.
Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады.