Баширова Ұлдай Башбаевна



Дата25.12.2016
өлшемі260,12 Kb.
#5219
Баширова Ұлдай Башбаевна.

Эссе.  «Қазіргі заман тәрбиешісі»

Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі – мұғалім-тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайын. Өйткені мен де бала бағбаны - тәрбиешісімін.

Алғашқы сәбилердің сыңғырлаған күлкісі, балдай тәтті сөздері, мөлдіреген көздері бәрі - бәрі өте қызықты сәттер болды.

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын  менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы - әр тәрбиешінің бақыты


Бала өмірдің гүлі, отбасы дәнекері, ана ғұмырының жалғасы, ең бастысы, біздің қоғамымыздың алға қарай дамытушы болашағы. Сондықтан да жас ұрпақты заман талабына сай, көздің ғана емес, көңіл қуанышы етіп тәрбиелеу – басты міндет. Педагог К. Д. Ушинскийдің егер педагогика адамды жан - жақты тәрбиелегісі келсе, оны жан - жақты білуі керек деген терең мағыналы сөзін жадыма сақтай отырып, білімімді тереңдетіп, ізденуді мақсат еттім. Кішкене сәбимен сөйлесе білу де – үлкен өнер. Олар бір нәрсені естігені мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш, мейлінше сенгіш, барынша таза, адал көңілді, білуге, тануға құмартқыш келеді.
Менің педагогикалық ұстанымым балаларды денсаулығы мықты адам етіп қана өсірмей, сонымен қатар кең пейілді, ақылды, жауапкершілігі бар адам етіп тәрбиелеу. Көздері қарақаттай мөлдіреген балалардың менің өткізген оқу іс - әрекеттеріме қызығушылықпен қарап отырғандарын ұқтым. Тәрбиеші баланы жан тәнімен сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі қажет. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мен өз мәртебемді көтере аламын. Балаға үнемі қолдау көрсету - менің ізгі ұстанымым.

Француз ағартушысы,жазушы Жан-Жак Руссо  «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді»деген нақыл сөзі осы мектепалды даярлық сыныбының балаларына арналғандай.


Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта –жігері артары сөзсіз деп білемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл-парасат болуы шарт. Баяғы Сократтың «Таным – бұл жақсылық» деген пәлсәпалық қағидасы дәл осы жерде тікелей мағынасына ие. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын мұғалім оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады.

Балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин «балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлесу, мағыналы сөздермен түсіндіру керек» деп кеңес береді. Ал сәби жүрегіне қонымды жауап беру үшін, мен күнделікті оқу іс - әрекеттерді шынайы, жақсы, қызықты өткізуге тырысамын. Әр оқу іс - әрекетінің сәтті шығуы бірінші кезекте, әрине, тәрбиешілер қауымына – өзімізге байланысты.


Менің педагогикалық ұстанымым – кішкентай бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Болашақта тәрбиеленушілерімнен Қазақстан елінің жарқын да белсенді балалары болады деген үлкен үміт күтемін.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

5 «Жұлдыз» санаторлық түрдегі туберкулез ясли-балабақшасы



Эссе:

«Қазіргі заман тәрбиешісі»

Тәрбиеші: Баширова Ұ.Б.

Ақтөбе 2015 г.

Эссе.  «Баланың періште әлемі-тәрбиешінің бақыты»


        Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі – мұғалім-тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайын. Өйткені мен де бала бағбаны - тәрбиешісімін.
Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің  дәндерін қондыру - менің жұмысымның мәні.
Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын  менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы - әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен  айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен  сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген  күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне" бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және  тәрбиешіге  тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. 
     Француз ағартушысы,жазушы Жан-Жак Руссо  «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді»деген нақыл сөзі осы мектепалды даярлық сыныбының балаларына арналғандай.
Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта –жігері артары сөзсіз деп білемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл-парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы әлемнің ішінде, осы әлеммен қатар, үндесе өмір сүруі тиіс. Ол үшін сол мөлдір әлемнің айқыш-ұйқыш құбылыстары мен қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша тереңірек түсініп, парықтай алатын айқын да қуатты ақыл-парасат қажет. Адам жанын аялай отырып, түсінетін нәзік те әмбебап табиғи құрал керек. Баяғы Сократтың «Таным – бұл жақсылық» деген пәлсәпалық қағидасы дәл осы жерде тікелей мағынасына ие. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын мұғалім оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады.
Оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп алды оқушысын мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейін «Мен бәрін де мектептен үйренемін» – деген үмітін анықтау, бүкіл мектеп ұжымымен  ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырылады. Балалардың ата-аналарымен үнемі байланыста болып, оларды мектептегі түрлі шараларға белсене қатыстырып отырдым. 
          Баланың мектепке дайындығын балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыру – басты  мақсатым.
Осындай тынымсыз еңбектің жемісін көру үшін, тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан – жігерлілік пен еңбекқорлықты  қажет ететінін айқын аңғардым. Әрине, әрбір тірлікте де жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал тәрбиешіде бұл қасиеттердің түп негізі жауапкершілікте дер едім. Қолыңдағы баланың, адамның, тағдырын шешуден артық жауапкершілік бар ма?! Тәрбиешінің жұмысын дәрігермен салыстырамын. Емші адам бойындағы ауру-сырқатпен алысса, тәрбиеші оның ойындағы надандықпен күреседі. Осы ауыр жауапкершілікті қабылдаған тәрбиеші күндіз-түні тыным таппасы анық. Оның мұқалмас жігері балаға бұйрық беруге жұмсалмасын деңіз. Тәрбиеші жігері оның бала санасына «мол суымен сабырлы аққан кең арналы өзендей» таси құйылған білімі мен дана тәрбиесінен көрінеді. 
«Құдай алдында адамның бәрі бірдей» екені ақиқат. Бірақ бесенеден белгілі ақиқат – пендешілікте екі адам заты ешқашан бір-біріне ұқсаған емес. Ақыл-парасат жағынан да, сезім-түйсік жағынан да, мінез-құлық жағынан да, тұлға-тұрқы жағынан да, жалпы жаратылысынан адам баласы бірегей, дара..Сол бір «жауқазынның бүр жарғанындай» сырлы сәтті басынан өткізген тәрбиеші  бақытты. 
Балалар  - өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі. 


Ортанғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы 11.11.15ж.

Тәрбиеші: Баширова Ұ.Б.

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Шахмат патшалығы .

Тақырыбы: Шахмат патшалығындағы қиғаш қара жолдар.

Бағдарламалық мазмұны: Балаларға шахмат тақтасындағы қиғаш қара жолдар туралы білім беруді жалғастыру. Қиғаш қара жолдар туралы түсінік беру. Үлкен алаңда жүргізіп, үйрету. Шахмат ойынына ынталандыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет

Кейіпкер Торкөз қыз келеді:

-Балалар, мен сендерге тағы да қонаққа келдім. Бүгін де мен сендерге ойындар ала келдім. Бірақ, мен бірінші сендерге сұрақтар қоямын, содан кейін ойындар ойнаймыз.

-Шахмат тақтасында көп нелер бар?

-Олар қалай орналасқан?

-Шахмат қатарынан не құрастыруға болады?

Балалар қонақты қарсы алады.

-Көп тор көздер бар.

-Олар кезектесіп орналасқан.

-Шахмат тақтасын.


Ұйымдастыру іздену

-Ендеше балалар, қараңдар, мынау не?

-Бұдан не құрастырамыз?

-Қатарды төмен қарай жалғастырса, нені құрастырып шығамыз? Сонда не шығады?

-Ал енді естеріңе түсіріңдер осы шахмат тақтасында нелер бар?

-Дұрыс айтасыңдар, әр түрлі жолдар бар. Бүгін біз қиғаш қара жолдарға тоқталамыз.

Д/о: «Аталған жолды тез көрсет»

Педагог үлкен алаңды жерге төсейді, бірінші сол алаңын үстінен балалар қиғаш қара жолдармен өтіп, үстел үстіндегі шахмат тақтасында педагог берген тапсырмаларды орындайды.



Үлестірмелі материалмен жұмыс:

2.Тапсырма: «Қызгылт гүлдерді қиғаш қара жолдарға қойып шық. Бұл қай жол екенін айт?»

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш, төрт

Жиналамыз бәріміз.

Бір, екі, үш, төрт

Секіреміз бәріміз.

Бір, екі, үш, төрт

Отырамыз бәріміз.

Педагог тапсырмалар арқылы балалардың білімдерін тиянақтап қаншалықты өткен тақырыпты меңгергенін анықтайды.



-Бұл тор көздер. Шахмат қатарын.

–Шахмат тақтасын

-Шахмат тақтасында әр түрлі жолдар бар. Балалар педагог көр-сетіп тұрған қиғаш қара жолды қайталап, есте сақтауға тырысады.

Ойынға қызығушылық-тарын танытып қаты-сады.

Балалар педагог бер- ген тапсырмаларды мұқият орындауға тырысады. Сөздеріне сәйкес қимыл – қозғалыс жасайды.

Тапсырмаларды орындауды жалғастырады.



Жетекші –жөңдеуші

-Балалар, ойындар ұнады ма?

-Бүгін біз қандай жолмен жүрдік?

-Көлденең жолдың бағыты қай жақтан басталады?

-Тағы немен айналыстық?

Педагог қорытындылап , мадақтайды.


-Иә, ұнады.

- Қиғаш қара жолмен жүрдік.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтижелер:

Білу қажет: Шахмат алаңында – тақтасында әр түрлі жолдар бар екенін біледі.

Қалыптасқан түсініктері: қиғаш қара жол деп атайтынын түсінді.

Орындаушылық қабілеті: Тапсырмалар арқылы барлық: қиғаш қара бағыттарды белгілеу қабілеттері артты.

Ортанғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы: 09.11.15ж.

Тәрбиеші: Баширова Ұ.Б.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қ.М.Т.Қ.

Тақырыбы: Алда-артқа, оң жақта - сол жақта.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдас-тырушы қозғаушы қызмет

Суретпен жұмыс.

Дәптердегі сурет бойынша әңгіме жүргізу.

- Мына суретте қоян нешеу?

- Сәбіз нешеу?


Балалар сандармен жұмыс істейді. Тапсырманы орындайды.



Ұйымдастыру іздену

1тапсырма.- Қуыршақтың оң жағында неше ойыншық машина тұр?

- Оның оң жағында ойыншық ит тұр?

2-тапсырма.Әр қыздың қай үйде тұратынын ойлап табыңдар да оларды үйіне қарындашпен жол салыңдар.

-Биік үй қай жақта?

-Одан аласа үй қай жақта?

-Ең аласа үй қай жақта?

Сергіту сәті: «Бәріміз біргеміз»

Оңға бір қадам,

Солға бір қадам

Шапалақ ұрамыз.

Алға бір қадам

Артқа бір қадам

Шапалақ ұрамыз.

3-тапсырма. Педагог балаларға өлең оқып береді:



Үй жанында байланған,

Бар ғой әсем күшігім.

Бұлғандатып құйрығын,

Күзетеді үйшігін.

Балаларға тапсырма береді:

- Иттерді жақсылап қарап шығындар және олардың бір-бірінен қандай және қандай айырмашалағы барып табыңдар.

Д/ойын: «Орындарына орналастыр»

Педагог аңның, құстың орнын айтады, балалар тақтадағы суретке орналастырады.


Балалар тақтадағы суретті мұқият қарайды да педагогтың сұрақтарына жауап береді.

Балалар тапсырманы орындап, оң-сол жақтағы үйлерді табады.

Сергіту сәтін сөздеріне сәйкес орындайды.


Жетекші –жөңдеуші

Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

- Қуыршақтың оң жағында неше машиналар болды?

- Сендер қандай ұғымдармен таныстыңдар?

-Тағы ұ.о.і.әрекетінде немен айналыстыңдар?

Педагог ұ.о.і.әрекетінде белсене қатысқан үшін балаларды мақтайды.


Балалар өздері атқарған жұмысқа баға береді.

Сұрақтарға жауап береді.

Қуанады шаттанады.


Бағдарламалық мазмұны: Балаларды цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету. Қағаз бетінде бейнеленген заттарды орналасу ретіне қарай сөзбен атап көрсету ( оң жағында, сол жағында) Көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Күтілетін нәтижелер:

Білу қажет: өзіне қатысты тұрғыды заттардың орналасуын сөзбен баяндауды (сол жақта, оң жақта).

Қалыптасқан түсініктері: Оң-сол жақта; алда-артта; т.б ұғымдарды түсінді.

Орындаушылық қабілеті: Ойындар арқылы өзіне таныс заттарды көлеміне қарай салыстыруды.
Ортанғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы 11. 11. 15ж.

Тәрбиеші: Баширова Ұ.Б.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Балық

Бағдарламалық мазмұны: балық туралы мағлұмат беру; балықтың дене құрылысы туралы білімдерін кеңейту; ермексаз кесектерінен үзу, жагшу, созу тәсілдерін қолдана отырып балықты мүсіндей алуға үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдас-тырушы қозғаушы қызмет


Шаттық шеңбері

Достар бірге жүреміз,



Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз.

Міне, біздер қандаймыз!

Орман, көлге, шыңға біз

Саяхатқа шығамыз.

Бөлінбейді іргеміз.

Әрқашанда біргеміз!

Әрқашан тілектес

Досына көмектес.

Балалар шеңбер жасап тұрады, педагогпен бірге сөздерді қайталайды.



Ұйымдастыру іздену

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ.

Сусыз оның күні жоқ.

Жүріп кетсе соңында.

Қалып жатқан ізі жоқ.

- Бұл не, балалар?



Сөздік жұмыс: қалып жатқан ізі жоқ.

«Балық қайда өмір сүреді?» дидактикалық ойыны.

Билингвальды компонент: балық – рыба, су – вода.

Тәрбиеші балаларға балықтың суретін көрсетеді.



  • Балықтарды адамдар не үшін аулайды? Оның қандай пайдасы бар?

  • Балықтар азайып кетпеуі үшін оған қандай жағдай жасау керек?

Үлестірмелі материалға назар аударады.

  • Адамдардың дұрыс қарамауынан өзен түбіндегі балықтардың бәрі қашып кетіпті.

Біз осы өзен түбіне балықтарды жасап жіберіп, өз қамқорлығымызға алайық.

Алдымен бойымызды сергітіп алайық.



Сергіту сәті

Балық суда жүзеді.

Жып-жылтыр боп бүйірі.

Қолға түспей қашады,

Ұстағым кеп шаршадым. (Г. Бектұрова)

Педагог балықты жасау тәсілін көрсете отырып түсіндіреді. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


Жұмбақты тыңдайды, ойланады, жауап береді.

- Балық.

Қайталайды: қалып жатқан ізі жоқ.

Ойынға кіріседі.


Балалардың жауабы.
Қайталайды: балық.

Үлестірмелі материалды қарастырады, сұрақтарға жауап береді.

Қарайды, мұқият тыңдайды.

Балалар үлгі бойынша балық жасайды.


Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Жетекші –жөңдеуші

- Біз бүгін не істедік?

- Балық несімен демалады?

- Балықтың денесін не жауып тұрады?

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.



Балық жасадық.

Денесінде желбезегі болады.

Балықтың өкпесі жоқ.


Күтілетін нәтижелер:

Білу қажет:ермексаз кесектерінен ұзу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып, балықты мүсіндейді;

Қалыптасқан түсініктері: балықтың пайдасын, оны өорғау қажеттігін.

Орындаушылық қабілеті: балықтың ерекшеліктерін мүсіндеу кезінде көрсете алады.

Ортанғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы 13. 11. 15ж.

Тәрбиеші: Баширова Ұ.Б.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Тәрелкені әшекейлеу.

Бағдарламалық мазмұны: Балаларды белгілі бір тұтынатын бұйымдардың пішініне сәйкес ою-өрнектермен тәрелкені әшекейлей білуге үйрету, қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды, нүкте арқылы ою жасауды, әсемділікті қабылдай білуге тәрбиелеу.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдас-тырушы қозғаушы қызмет


«Көрме» ойыны.

Кесе, тәрелке, торсықты көрсету, оларды бір-бірімен салыстыру, бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атайтынын сұрау (ыдыстар), олардың ою-өрнектеріне мән беру.


Балалар ыдыстарды ұстап көреді, пішініне, түсіне көңіл аударады..



Ұйымдастыру іздену

Педагог балалардан қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдары жайлы сұрап, ол ыдыстармен таныстырады.

Бұл ыдыстар күнделікті тұрмыста қолданылатыны туралы, ыдыстарға салынатын «омыртқа», «тышқанізі», «толқын», «құсқанаты» оюлары туралы түсіндіреді («құсқанаты» оюы құстың екі қанатына ұқсайды т.б.)


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Бойымызды жазайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.
- Осы суреттегі ыдыстардың ішінде тәрелкенің суретін салып, оның ішін өрнектермен әшекейлейік, Тәрелкеде бейнеленген ою «сутамшысы» деп аталады. Су тамшысы – су, судың тамған бөлігі, демек судың тамшысы. Алдымен үлкен дөңгелек (шеңбер пішіндес) сызамыз, сосын шет-шетіне айналдыра кішкентай тамшылар – судың тамшыларын салып, іштерін бояймыз. (Әртүрлі трафарет – үлкен, орташа дөңгелектерді қолдануға болады).

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.



Қазақтың ұлттық ыдыстары – кесе, пияла, ожау, тостаған, тәрелке.

Бұл ыдыстардың сырты өрнекпен әшекейленген, ол өазақтың ұлттық ою-өрнектері – «қошқармүйіз», «құсқанаты».

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Қылқаламды тік бағытта ұстап, қылқаламның ұшымен жұмыс жасайды.

- Бұл ою «су тамшысы» деп аталады.

Балалардың жауабы анық және толық болуы қажет.



Жетекші –жөңдеуші

- Біз бүгін не істедік?

- Қандай сурет салдық?

Тәрбиеші балаларды мадақтайды, балалардың жұмыстарын көрмеге іледі.


Сұрақтарға жауап береді. Әдемі әшекейленген тәрелкелерді өздері таңдайды.



Күтілетін нәтижелер:

Білу қажет: белгілі бір тұтынатын бұйымдарды пішініне сәйкес ою-өрнектермен әшекейлеуді;

Қалыптасқан түсініктері: қылқаламның ұшымен жұмыс жасай білуді.

Орындаушылық қабілеті: қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды.

Ортанғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы 13. 11. 15ж.

Тәрбиеші: Баширова Ұ.Б.

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Атасының ақылы

Бағдарламалық мазмұны: Әңгімені тыңдай білуге үйрету, үлкен адамның айтқан нақыл сөздеріне көңіл бөлуге баулу; қазақтың мақал-мәтелдеріндегі ұлағатты сөздерді меңгерту; үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдас-тырушы қозғаушы қызмет


Психологиялық сәт

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір, екі, үш, демімізді алайық.




Шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын қайталап, қимыл жасайды.



Ұйымдастыру іздену

Кіріспе әңгіме

- Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде С.Сейтеновтың «Атасының ақылы» атты әңгімесімен танысамыз.

Әңгімені оқып беру.



Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу:

- Әңгімеде не жайлы айтылған?

- «Дос» дегенді қалай түсінесін?

- Дос қандай болуы керек?

- Еркін мен Төкен достықты қалай түсінеді?

Сергіту сәті

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Дәптермен жұмыс:


  1. Өлеңді оқу.

  2. Қазақтың киелі домбрасымен таныстыру.

Балалардың жауаптары.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Тапсырманы орындайды.


Жетекші –жөңдеуші

- Біз бүгін оқу іс-әрекетінде қандай әңгімемен таныстық?

-Авторы кім?

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтижелер:

Білу қажет: әңгіменің мазмұнын дұрыс түсіне біледі;

Қалыптасқан түсініктері: суретке қарап әңгіме құрауды, сұрақтарға жауап беруді.

Орындаушылық қабілеті: жақсы қасиеттерін меңгереді.

Ортанғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы 21.10.15ж.

Тәрбиеші: Туякбаева К.С.

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Шахмат патшалығы .

Тақырыбы: Шахмат патшалығындағы көлденең жолдар.

Бағдарламалық мазмұны: Балаларға шахмат тақтасындағы жолдар туралы білім беруді жалғастыру. Көлденең жолдар туралы түсінік беру. Көлденең жолдардың бағыты - сол жақтан оң жақ бағытты, оң жақтан сол жақ бағытты (яғни цифрлардан цифрларға дейін) – көлденең жол деп таныстыру. Үлкен алаңда жүргізіп, үйрету. Шахмат ойынына ынталандыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдас-тырушы қозғаушы қызмет

Кейіпкер Торкөз қыз келеді:

-Балалар, мен сендерге тағы да қонаққа келдім. Бүгін де мен сендерге ойындар ала келдім. Бірақ, мен бірінші сендерге сұрақтар қоямын, содан кейін ойындар ойнаймыз.

-Шахмат тақтасында көп нелер бар?

-Олар қалай орналасқан?

-Шахмат қатарынан не құрастыруға болады?


Балалар қонақты қарсы алады.
-Көп тор көздер бар.

-Олар кезектесіп орналасқан.

-Шахмат тақтасын.


Ұйымдастыру іздену

-Ендеше балалар, қараңдар, мынау не?

-Бұдан не құрастырамыз?

-Қатарды төмен қарай жалғастырса, нені құрастырып шығамыз? Сонда не шығады?

-Ал енді естеріңе түсіріңдер осы шахмат тақтасында нелер бар?

-Дұрыс айтасыңдар, әр түрлі жолдар бар. Бүгін біз көлденең жолдарға тоқталамыз.

-Көлденең жолдардың бағыты – сол жақтан оң жақ бағыт, оң жақтан сол жақ бағыт (яғни цифрлардан цифрларға дейін) – бұл көлденең жол.



Д/о: «Аталған жолды тез көрсет»

Педагог үлкен алаңды жерге төсейді, бірінші сол алаңын үстінен балалар көлденең жолдармен өтіп, үстел үстіндегі шахмат тақтасында педагог берген тапсырмаларды орындайды.



Үлестірмелі материалмен жұмыс:

2.Тапсырма: «Қызгылт гүлдерді сол жақтан оң жақ бағытқа қойып шық. Бұл қай жол екенін айт?»

Сергіту сәті: «Киіз үй» өлеңі.

Дөңгелене тұрйық,

Киіз үйді құрайық,

Кереге болып керіліп,

Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрайық!

Педагог тапсырмалар арқылы балалардың білімдерін тиянақтап қаншалықты өткен тақырыпты меңгергенін анықтайды.



-Бұл тор көздер. Шахмат қатарын. –Шахмат тақтасын

-Шахмат тақтасында әр түрлі жолдар бар. Балалар педагог көр-сетіп тұрған көлденең жолды қайталап, есте сақтауға тырысады.

Ойынға қызығушылық-тарын танытып қаты-сады.

Балалар педагог бер- ген тапсырмаларды мұқият орындауға тырысады. Сөздеріне сәйкес қимыл – қозғалыс жасайды.

Тапсырмаларды орындауды жалғастырады.


Жетекші –жөңдеуші

-Балалар, ойындар ұнады ма?

-Бүгін біз қандай жолмен жүрдік?

-Көлденең жолдың бағыты қай жақтан басталады?

-Тағы немен айналыстық?

Педагог қорытындылап , мадақтайды.


-Иә, ұнады.

-Көлденең жолмен жүрдік. Сұрақтарға жауап береді.




Нәтижелер:

Білу қажет: Шахмат алаңында – тақтасында әр түрлі жолдар бар екенін біледі.

Қалыптасқан түсініктері: Сол жақтан оң жақ бағытты, оң жақтан сол жақ бағытты (яғни цифрлардан цифрларға дейін) – көлденең жол деп атайтынын түсінді.

Орындаушылық қабілеті: Тапсырмалар арқылы барлық: көлденең бағыттарды белгілеу қабілеттері артты.

Ортанғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы: 19.10.15ж.

Тәрбиеші: Туякбаева К.С.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қ.М.Т.Қ.

Тақырыбы: Өзіңе қатысты кеңістікті бағдарлау.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдас-тырушы қозғаушы қызмет

Педагог балаларды қоңыраудың сылдырымен ұ.о.і.әрекетіне шақырады.

Тақтаға сурет ілді, әңгімесін айтады:

Айша, Әлия және Әсел деген үш қыз өмір сүріпті. Айша ең ұзыны, Әлия оң жақта тұр, Әсел сол жақта тұр.

Балалар сандармен жұмыс істейді. Тапсырманы орындайды.



Ұйымдастыру іздену

1тапсырма.-Қыздардың қайсысының бойы қысқа?

-Ең ұзын қыздың аты кім?

-Айшадан қысқа қыздың аты кім?

2-тапсырма.Әр қыздың қай үйде тұратынын ойлап табыңдар да оларды үйіне қарындашпен жол салыңдар.

-Биік үй қай жақта?

-Одан аласа үй қай жақта?

-Ең аласа үй қай жақта?

Сергіту сәті: «Қарағай»

3-тапсырма.Қыздар орманға барып, биік аласа орман ағаштарын айырады, орманда кездестірген жандар туралы жұмбақ шешеді:

-Үсті толы ине, бірақ та іс тігіп, қадамайды түйме.

-Бұтақтарға секіріп, әр жерден жылт етеді.

Кейде жаңғақ кеміріп, жоғары өрлеп кетеді.

-Қорыққанда жел аяқ, отырғанда томардай – ақ.

Д/ойын: «Орындарына орналастыр»

Педагог аңның, құстың орнын айтады, балалар тақтадағы суретке орналастырады.

Қыздар орманнан себеттері толы үйлеріне қайтты:

-Айша қайда себетін қойды? Әлия ше? Әсел ше?


Балалар тақтадағы суретті мұқият қарайды да педагогтың сұрақтарына жауап береді.

Балалар тапсырманы орындап, оң-сол жақтағы үйлерді табады.

Сергіту сәтін сөздеріне сәйкес орындайды.

-Ол, кірпі.

-Ақ тиын.
-Ол қоян.

-Қоян шырша мен қарағайдың ортасында отыр.

-Кірпі шыршаның түбінде отыр.

-Биік түбірге.

-Әлия одан алысрақ


Жетекші –жөңдеуші

Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Айшаның себеті қандай екен?

-Сендер қандай ұғымдармен таныстыңдар?

-Тағы ұ.о.і.әрекетінде немен айналыстыңдар?

Педагог ұ.о.і.әрекетінде белсене қатысқан үшін балаларды мақтайды.


Балалар өздері атқарған жұмысқа баға береді.

Сұрақтарға жауап береді.

Қуанады шаттанады.


Бағдарламалық мазмұны: Балаларды кеңістікті бағдарлауға үйрету. Оң-сол жақта; жақын-алыс; арасында-қашықта; астында-алдында; т.б. Балаларды заттың көлеміне қарай салыстыруға үйрету (жоғары-төмен, ұзын-қысқа) логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, қоршаған орта туралы тұсініктерін кеңейту.
Нәтижелер:
+Білу қажет: Кеңістік қатынастарымен танысты, бағдарлай білді.

Қалыптасқан түсініктері: Оң-сол жақта; жақын-алыс; арасында-қашықта; астында-алдында; т.б ұғымдарды түсінді.

Орындаушылық қабілеті: Ойындар арқылы ортасында, үстінде, түбінде, артында, жоғарыда, төменде деген өзіне қатысты кеістікті бағдарлау қабілеттері артты.
Ортанғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы 04. 02. 15ж.

Тәрбиеші:Туякбаева К.С.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Әдемі табақ

Бағдарламалық мазмұны: ыдыс түрлерімен таныстыруды жалғастыру; тәрелкені мүсіндей алуға және безендіре білуге үйрету; ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдас-тырушы қозғаушы қызмет

  • Балалар үйге қонақтар келерде не істеу керек?

(тәрбиеші әр балаға допты лақтырып сұрақтың жауабын алады)


  • Үйді жинау керек.

  • Ыдыс - аяқ таза болу керек.

  • Тәтті тағамдар дайындау керек...

Ұйымдастыру іздену

«Ыдыс түрлерін ата» дидактикалық ойыны.

Тәрбиеші балаларға әртүрлі ыдыстардың суреттерін көрсетеді.



  • Біз де балабақшаға қонақ шақырайық.

  • Біз қазір палау пісіреміз. Палау пісіру үшін ет, күріш, пияз, сәбіз, май керек.

  • Палауды қандай ыдысқа саламыз?

  • Онда палау салу үшін әдемі безендірілген табақ жасайық.

Сөздік жұмыс: табақ.

Үлестірмелі материалдағы табаққа назар аударады.



  • Оның пішіні қандай?

Жұмыстың орындалу ретімен таныстырады. Ермексазды екі алақанның арасында айналдыра отырып домалақтаймыз. Оны екі алақанның арасына салып жалпақтаймыз. Табақ ернеуін шығарамыз.

Ермексаздан жіңішке ширатпалар жасап аламыз. Олармен табақтың жиегін безендіреміз.



  • Бетіне өз қалауларың бойынша түрлі түсті өрнек салуға болады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Билингвальды компонент: әдемі табақ – красивое блюдо.

Ойынға кіріседі. Суреттегі ыдыс түрлерін атайды.
Тағам атауларын өайталайды: ет, күріш, пияз, сәбіз, май.

Балалардың жауабы.


Қайталайды: табақ.

Үлестірмелі материалды қарастырады, сұрақтарға жауап береді.

Қарайды, мұқият тыңдайды.

Балалар үлгі бойынша табақ жасайды. Табақты өз қалауынша безеңдіреді.



Қайталайды: әдемі табақ...

Жетекші –жөңдеуші

Тәрбиеші балаларды мадақтайды. Ата – аналар үшін көрініс ұйымдастырады.

Қуаныштарын білдіреді. Бір – біріне жұмыстарын көрсетеді. Мүсіндеу бұрышына жұмыстарын апарып орналыстырады.

Нәтижелер:

Білу қажет: мүсіндеу тәсілдерін пайдалана отырып табақ жасайды және оны безендіреді;

Қалыптасқан түсініктері:ыдыс түрлерін, олардың не үшін қолданылатынын.

Орындаушылық қабілеті: оқу іс - әрекеті барысында алынған дағдыларды қолдану біледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет