3 курс студенті Айтказиева Перизат Айтказықызына Мінездеме



Дата23.05.2023
өлшемі14,69 Kb.
#177520
Байланысты:
мінез


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің педагогика және психология факультетінің 3 курс студенті Айтказиева Перизат Айтказықызына
Мінездеме
Айтказиева Перизат Айтказықызы 2023 жылғы 23 қаңтар мен 25 ақпан аралығында, Алматы қаласының №204 жалпы білім беретін орта мектебінде педагогикалық тәжірибеден өтті. Іс-тәжірибе мақсатын жүзеге асыру үшін 1 «в» сыныбында зерттеу жұмысын жүргізді. Мектептің ғылыми педагогикалық құжаттарымен танысты. Сондай-ақ 1 «в» сынып оқушылары жөніндегі жалпы мағлұматтармен танысты.Тәжірибе барысында әртүрлі тақырыпта 3 ашық,1 тәрбие сағат сабағын өткізіп, пәндерді жоғары деңгейде меңгергендігін көрсетті.
Педагогикалық бағытта оқушылармен жұмыс жүргізді. Практикадан өту барысында 1 «в» сыныбына түрлі әдістемелер жүргізу арқылы сыныптың қарым-қатынасын анықтай білді. Алғашқы күннен бастап өз ісіне тиянақтылығымен, жауапкершілігімен көзге түсті. Перизат практика барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, кемшіліктерін түзеуге тырысады. Перизат өзіне берілген оқушылармен оқу және практика барысында бірін-бірі түсіну, бірігіп жұмыс жасау сияқты қарым-қатынасын арттыруда нәтижелі жұмыстар атқарды. Перизат мейірімді, ақкөңіл, ізденімпаз қасиеттерімен болашақ ұстаз екендігін танытты.
Мектеп әкімшілігі тәжірибеден өтушіні «өте жақсы» деген бағаға лайық деп санайды.

Жетекші бағасы___________________
Қолы _____________________________
Мекеме басшысы _______________________
М.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет