Баскетбол: Доппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру. Баскетбол – ептілікті қажет ететін қызу тартысты спорт ойын. Оған бес ойыншыдан тұратын екі команда қатысады. Баскетбол алаңының қарама-қарсы екі шетіне орнатылатын қалқаны бар тағандарға сақина бекітіледі. Ойынның мақсаты- допты қарсыласының сақинасына түсіріп, ұпай жинау. Ойыншылар допты лақтыруға, пас жасауға, домалатуға немесе жерге жиі-жиі ұрып дриблингпен алып жүруіне болады. Доп өзіне тигеннен кейін ойыншы онымен тек екі адым ғана аттай алады. Баскетболды таза 20 минуттан екі тайм ойнайды. Таймдардың арасындағы үзіліс 10 минуттан тұрады. Ойынның басталуында төреші алаңның қақ ортасында командалардың екі ойыншысының арасында тұрып допты тіке лақтырады. Олар секіріп, допты командасындағы әріптестеріне тартып әперуге тырысады.
Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.
Ұпай санау Егер лақтырылған доп кәрзеңкеге дәл тиіп, кәрзеңкенің ішінен сырғанап жерге түссе, нысанаға жеткен болып саналады. Ойын уақытында доп дұрыс лақтырылса, команда екі ұпай алады. Мұндай лақтыру үш ұпайлық сызықтың ар жағынан жасалса ұпай саны үшеу болып саналады. Айып добын лақтыру (ереже бұзылғанда рұқсат етіледі) кезінде әрбір сәтті тигізуге бір ұпайдан есептелінеді. Ондай кезде ойыншы айып сызығының ар жағында тұруы тиіс.