Баспа №3 26. 02. 2010ж орнына №4


Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар



бет6/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,39 Mb.
#4752
1   2   3   4   5   6   7

Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар:
14 Дәріс

Тақырыбы: Ауытқушылық мінез-құлықты психокоррекциялау бағдарламасы

  1. Психокоррекциялық жұмыстың маңызы

  2. Психокоррекциялық бағдарламалардың түрлері мен құрудың негізгі талаптары.

  3. Психокоррекциялық шаралардың нәтижелілігін бағалау.

Психологиялық коррекция - психолог маманының қызметінің ең маңызды және жауапты бағыты. Ол адамның ішкі әлемі мінездемесіне ықпал жасайды. Сонымен қатар адамның іс-әрекеті мен танымдық процестердің күйзелісін және нақты жағдайдың жауабын шешеді. Ол психолог қызметіндеге психикалық дамудың ерекшеліктерін түзету, оның шығу себептерін зерттейді

Психокоррекциялық жұмыстың негізгі принциптері мыналар:

Диагностика мен коррекцияның бірігу принципі. Бұл принцип коррекциялық жұмыстың екі бағытын қалыптастырады. Бірінші кезең комплекстік диагностиканы қарастырады, яғни коррекцияның даму жұмысының мақсаты мен міндетін демек бастапқы кезеңін қарастырады. Екінші кезең клиенттің түзету жұмыстарды өзгертеді, яғни мінез-құлық іскерлігі, эмоционалдық жағдайын қарастырады.

Нормативтік даму принципі: Бұл принциптің басты негізінде психологтың жас ерекшеліктері жатыр. Баланың даму деңгейін бағалауда сәйкестік нормасы ескеріледі, баланың іскерлік деңгейінің дамуы.

Түзету принципі төменнен жоғарыға қарай. Бұл принцип дайындықты қажет етеді. Яғни бұл психикалық қабілеті бір адамдарға, яғни берілген мінез-құлық модельдерін үйрену және оны дамыту.

Түзету принципі жоғарыдан төменге қарай. Түзету жұмысының бастысы жақындағы даму зонасын құрастыру бала үшін, яғни бұл болашақта психологиялық жаңа білімдерді меңгерту болып табылады.

Психологиялық іскерліктің жүйелік дамуы принципі. Бұл принципте түзету жұмысының профилактикалық және дамытушылық тапсырмаларды қарастырады. Яғни дамудағы бұзылумен күрес. Демек жүйелілік принципі анықтау кезінде себеп-салдарды құру және симптомдар мен оның бебебінің арасындағы байланысты анықтау. Отандық психологияда түзету мақсатын құрудың үш басты бағытын бөліп көрсетті.

1. Белсендіруәлеуметтік жағдайдың дамуы.

2. Баланың іскерлік даму түрлері.

3. Жаңа білімдердің жас ерекшелік психологиялық құоылымы.



Коррекциялық бағдарламалардың түрлері.

Коррекциялық әсер етудің бірнеше үлгілері бар: жалпы, типтік, индивидуалды.



Коррекцияның жалпы үлгісі-бұл жеке тұлғаның жас ерекшелік дамудың оптималды шарттар жүйесі. Ол қоғамдық қатынастар, адамдар, қоғамдағы өзгерістерді т.б. туралы білімдер жүйесін тереңдету.

Коррекцияның типтік үлгісіпрактикалық әрекеттерді ұйымдастыруға негізделген.Әртүрлі әрекеттерді бөлшектеп қалыптастыру көзделеді.

Коррекцияның дербес тұлға үлгісіКлиенттің кәсіби білімі, қызығушылығы, үйренуге деген қабілеттілігі т.б. индивидуалды ерекшелігі қарастырылады. Бағдарлама қалыптасқан негізде, алынған білімді жаңа әрекетке пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Стандартталған және еркін коррекциялық бағдарламалар да қазіргі кезеңде пайдаланылуда. Стандартталған бағдарламада –бағдарлама мүшелеріне нақты талаптар метілектер, қажетті материалдар мен коррекцияның кезеңдері анық белгіленген. Еркін бағдарламадакоррекцияның бағыты, мақсат, міндеті мен езеңдерін психолог өзі құрастырады.

Клиентке жүйелі түрде әсер ету психокоррекциялық кешен арқылы жүзеге асады. Ол бірнеше блокьардан тұрады. Әрбір блок белгілі бір мақсат, міндетке жауап береді де оны орындаудың әдіс-тәсілдері болады.

Психокоррекциялық кешен негізгі төрт блоктан тұрады.

Диагностикалық блоктың мақсаты: жалпы психологиялық коррекция бағдарламасын қалыптастыру, жеке тұлғаның даму ерекшелігін диагностикалау;

Бағдарланушы блоктың мақсаты: Бірлескен әрекетке деген қатынасты орнату, қобалжуды жою, клиенттің өзіне-өзінің сенімділігін жоғарлату, психологпен қарым-қатынас жасауға деген даярлығы, өзінің өмірін өзгертуге деген құлшынысы.

Коррекциялық блок мақсаты: клиенттің дамудағы үйлесімділігі, дамудың жағымсыз фазасынан жағымды фазасына көшу, әрекеттердің әдістерінн анықтау, қоршаған орта мен өзінің арасындағы қарым-қатынас бірлігі.

Коррекциялық әсердің нәтижелілігін бағалау болгының мақсаты: реакция динамикасы мен психологиялық мазмұның өлщеу, позитивті тәртіп реакциясы мен алаңдаудың пайд болуы, позитивті өзін-өзі бағалаудың тұрақтылығы.

Психокоррекциялық бағдарламаларды құрудың негізгі талаптары:

Психокоррекциялық бағдарламаларды құру барысында мына жағдайларды ескеру керек:

-коррекциялық жұмыстың мақсаты мен міндетін нақты қалыптастыру;

-коррекциялық жұмыстың мақсатын нақтылау және анықтау;

-коррекциялық жұмысты жүргізу барысында стратегия мен тактиканың таңдап алу;

- клиентпен жұмыс формасын (индивидуалды, топтық немесе аралас) анықтап алу;

-коррекциялық жұмысты жүргізу әдістері мен техникасын іріктеп алу;

-барлық коррекциялық бағдарламаны жүзеге асырудың жалпы уақытын анықтап алу;

- күнделікті кездесу жиілігін (күнделікті, жұмасына 1 рет, жұмасына 2 рет, екі жұмада 1 рет т.с.с.);

-коррекциялық сабақтың ұзақтығын ( 10 -15минут коррекциялық бағдарламаның басында, 1,5-2 сағат қорытынды бөлімінде);

-коррекциялық бағдарламаны құрастыру және коррекциялық сабақтардың мазмұның анықтау;

-жұмыс барысында басқа да адамдардың әрекетін жоспарлау;

-коррекциялық бағдарламаны орындау;

-қажетті материалдар мен жабдықтарды әзірлеу.



Психокоррекциялық шаралардың нәтижелілігін бағалау:

А. даму қиындығын шешу;

Б.коррекциялық бағдарламаның мақсаты мен міндетін анықтау. Коррекцияның нәтижелілігін бағалау бағалаушыға байланысты әртүрлі болады.

Клиент үшін, коррекциялық бағдарламаның нәтижелілігі оның эмоционалды қанағаттануы мен өзінің ішкі жағымды сезімдері мен өзгерістерінің жағымды болуымен сипатталады. Психолог үшін, коррекциялық бағдарламаның нәтижелілігінің негізгі критерииі оның қойған мақсатқа жетуімен сипатталады. Клиенттің қоршаған адамдары үшін, бағдарламаның нәтижелілігін өздерінің психолог көмегіне бетбұрған мотивтердің қанағаттану деңгейін анықтап, қанағаттануы мен клиенттің мәселелерін шешуінде.

Коррекциялық жұмыстардың нәтижелілігін талдау барысында коррекциялық іс-шаралардың интенсивтілігінің де маңызы зор екендігі анықталды. Коррекциялық сабақтар жұмасына 1 рет 1-1,5 сағат мөлшерінде жүргізілуі керек. Коррекциялық бағдарламаның интенсивтілігі оның мазмұнының әртүрлілігі мен клиенттің өзінің белсенділігіне байланысты. Коррекциялық жұмыстарға коррекциялық әсердің лонгидтілігі де әсер етеді. Коррекциялық жұмыстар аяқталғаннан кейін де клиентпен қарым-қатынастың болғандығы тиімді. Коррекциялық жұмыс аяқталғаннан кейін де 1-2 ай көлемінде бақылаудың болғандығы тиімді болады. Дамудағы ауытқушылық ерте анықталса, соғұрлым коррекциялық жұмыс тиімді болады.



Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар:

15 дәріс



Тақырыбы: Психокоррекциялық бағдарламаны құрастыру принциптері

  1. Психокоррекциялық бағдарламаны құрастыру принциптері

  2. Психокоррекция тиімділігін анықтау факторлары.

  3. Клиентке бағытталған әсер

Коррекциялық бағдарламалардың түрлерін құру келесі принциптерге сүйенуді талап етеді:

1. Коррекциялық профилактикалық, дамытушы тапсырмалардың жүйелігі принципі;

2. Коррекция мен диагностиканың бірлігі принципі;

3. Коррекцияның каузальді типінің проритеттілігі принципі;

4. Коррекциялық іс-әрекеттік принципі;

5. Клиенттің психофизиологиялық және дербес ерекшеліктерін есепке алу принципі

6. Кешенді әдістемелердің психологиялық әсері принципі;

7. Әлеуметтік ортаның коррекциялық бағдарламаларға белсенді әсері принципі;

8. Психикалық үрдістерді зерттеудің түрлі деңгейіне сүйену принципі;

9. Бағдарламалық оқыту принципі;

10. Күрделену принципі;

11. Материалдың көлемін, деңгейін және әртүрлілігін есепке алу принципі;

12. Материалдық эмоционалды күрделілігін есепке алу принципі.



1. Коррекциялық, профилактикалық, дамытушы тапсырмалардың жүйелігі принципі. Бұл рпинцип тапсырмалардың келесі үш түрінің коррекциялық бағдарламада міндетті түрде қатысуын көздейді: - коррекциялық, - профилактикалық, - дамытушы. Мұнда бала тұлғасының дамуының түрлі жақтары қарастырылады. Әрбір бала дамудың түрлі деңгейінде болуы мүмкін: қалыпты деңгей мұнда бала өзіне сай даму деңгейінде болады, қауіпті деңгей дамуда потенциялды қиыншылықтар туындайды. Дамудың актуалды қиыншылықтары деңгейі – баланың қауыпты дамуындағы айқын әрі обьективті көрінетін кемшіліктер. Мұнда дамудың заңдылықтарындағы түрлі өзгерістер көрініс береді. Баланың интелектуалдық және тұлғалаық дамуында кемшіліктері байқалады. Оны нақты анықтауда алғашқы кезеңде дәл қазіргі уақыт аралығындағы өзгерістерді есепке ала отырып, әрбір коррекциялық дамытушы бағдарламалар келесі үш жүйе сатыларына бағытталуы тиіс.

Коррекциялық - артта қалушылық пен дамудың өзгерістері мен бұзылуын түзету, дамудағы қиыншылықтарды шешу. Профилактикалық - артта қалушылық пен дамудың күрделі қиындықтарын ескеру. Дамытушы – белсендіру, стимул беру, бамуды байыту. Көрсетілген тапсырмалар ғана коррекциялық – дамытушы бағдарламалардың жемістілігі мен мақсатқа қол жеткізуге қамтамасыз етеді.

2. Коррекция мен диагностиканың бірлігі принципі. Бұл принцип практик психологтың негізгі іс-әрекетінің түрі ретінде клиенттің дамуына психологиялық көмек көрсетуді бүтіндей үрдіс деп қарастырады.

3. Коррекцияның каузальді типінің проритеттілігі принципі. Бұл принцип бағытталуына қарай коррекцияның екі типін қарастырады.

1. Симптоматикалық ;

2. Каузальдік (себептік) ;

Симптоматикалық коррекция кездесетін дамудың түрлі қиын жақтарынан симптомдары мен белгілерін қарастырады.



Каузальдік тип артта қалушылық пен кемшіліктердің себебін айқындауға бағыытталған.

4. Коррекциялық іс-әрекеттік принципі. Берілген принціптердің теориялық негізі ретінде А.Н.Монтьев пен Д.Б.Элькониннің баланың психикалық дамуы жөніндегі теориясын қарастыруға болады, яғни іс-әрекеттің бала психикасының дамуындағы рөлі жөнінде.

5. Клиенттің жастық- психологиялық және индивидуалды ерекшеліктерін есепке алу принципі. Мұндай талап клиенттің психикалық және тұлғалаық тұрғыдан қалыпты дамуына қойылады.

6. Кешенді әдістемелердің психологиялық әсері принципі. Бұл әдістемелер принціпі коррекциялық-бамытушы бағдарламаларды құруда кеңінен қолданылады және практикалық психологияның түрлі әдістемелері мен жабдықтарын кеңіне қолдануды талап етеді. Практикада қолданылатын көптеген әдістемелер шет елдік психологияның теориялық негізінде құрастырылған. Яғни бихевиаризм, гуманистік психология, гештальтпсихология және т.б. Әрбір психологиялық әдістеменің өзіндік ерекшеліктері болады, сондықтан клиентке психологиялық көмек көрсетуде бұл әдістемелердің алатын орны ерекше.

7. Белсенді әрі жақын әлеуметтік ортаның коррекциялық бағдарламаларға әсері принципі. Бұл принцип жақын әлеуметтік қарым-қатынас шеңберімен анықталады. Яғни баланың ересектермен қатынас жүйесі, тұлғалық қарым-қатынас ерекшелігі, іс-әрекет формасын баланың әлеуметтік дамуындағы келесі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бала әлеуметтік ортадан тыс адамдармен қарым-қатынас жасамай өмір сүре алмайды, дамымайды. Бала сол әлеуметтік жүйеде бір тұтас бірлікпен дамиды. Коррекциялық бағдарламаларды құруда неғұрлым дамыған психикалық үрдістерге сүйеніп және оларды белсендіруші әдістемелерді қолдану қажет.

8. Психикалық үрдістерді зерттудің түрлі деңгейіне сүйену принципі. интелектуалдық және перцептивті дамудың нәтижелі жасы болып табылады.

9. Бағдарламалық оқыту принципі. Яғни мұнда жүйелі әрә түрлі аперациялардан тұратын бағдарламалардың нәтижелілігі қарастырылады.

10. Күрделену принципі. Әрбір тапсырма белгілі деңгейлерден құрылу тиіс: қарпайымнан күрделіге қарай. Материалдың формальды күрделілігі оның психологиялық күрделілігімен үнемі сәйкесе бермейді. Ең жоғарғы деңгейдегі күрделі әрі нәтижелі коррекция клиентке жағымды, әрі қиыншылықтарды жеңуге деген құштарлығын оятады.

  1. Материалдың көлемін, деңгейін және әртүрлілігін есепке алу принципі. Яғни бұл принцип әрбір коррекциялық бағдарламаларда жүзеге асыруда материялдық көлемімен әртүрлілігін бірте-бірте жоғарлатуды қарастырады.

  2. Материалдық эмоционалды күрделілігін есепке алу принципі. Әрбір жүргізілетін ойындар жарияланатын материалдар жағымды эмоционалды әсер қалдыруф тиіс. Коррекциялық сабақтар міндетті түрде позитивтік эмоционалдық фонда аяқталу қажет. Коррекциялық жұмыс бағдарламасы психологиялық тұрғыда негізделген болуы керек. Коррекциялық бағдарламалардың түрлері : жалпы, типтік және индивидуалдылық.

Коррекцияның жалпы үлгісі –бұл жүйе тұлғаның жас ерекшелік дамуының біртұтас оптималды талаптарын қарастырады. Ол айналадағы орта, әлем және адамдар жөнінде терең, кең әрі нақты көз-қарасты қалыптастыру үшін ойлаудың үрдісін жақсарту, қабылдау мен бақылай алушылықты жоғарылату үшін дайындалады.

Коррекцияның типтік үлгісі- клиенттің психикалық дамуын, индивидуалдық дамуын, қызығушылығын, үлгерімін, түрлі іс-әрекет деңгейін анықтауды көздейді.

Стандарттық бағдарламада- коррекцияның этаптары, қажетті материалар, қатысушыларға қойылатын талаптар жазылады.

Клиентке бағытталған әсер:

«Психокоррекциялық кешеңді» құрайды: ол бірнеше блоктан тұрады.

1. диагностикалық;

2. бағдарлаушы;

3. корекциялық;

4. коррекциялық әсердің нәтижелілігін бағалау;



Психокоррекциялық бағдарламаларды құруға қойылатын негізгі талаптар:

  • Коррекциялық жұмыстың мақсатын нақтылау;

  • Коррекциялық жұмыстың мақсатын анықтайтын тапсырмалар шеңберін анықтау;

  • Белгілі тактикамен жұмыс жасау;

  • Клиентпен жұмысжасаудың түрлерін нақтылап алу;

  • Коррекциялық жұмыстың әдістемелері мен жабдықтарын іріктеу;

  • Барлық корекциялық бағдарламалрды жүргізуге кететін жалпы уақытты анықтау

  • Кездесудің аралықтарын белгілеу;

  • Әрбір корекциялық сабақтығын ұзақтығын есептеу;

  • Коррекциялық жұмысқа өзге адамдардың, жанұясының, туыстарының араласуын жоспарлау;

  • Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды әзірлеу.

Корекциялық сабақ аптасына 1(сағат) күн 1-1,5 сағаттан кем өткізілмеуі тиіс. Коррекциялық жұмыс аяқталған күннің өзінде қарастырылған мәселе жайлы. 1-2 айдан кейін бақылау жүргізіліп қойылуы тиіс.

Психокоррекция тиімділігін анықтау факторлары.

1. Клиенттің өзінің күткені.

2. Клиенттің өзінің мәселелерден босаудағы мақсаты.

3. Клиент мәселесінің мазмұны.

4. Клиенттің бірлесуге дайындығы.

5. Коррекциялық іс-шараны жүргізу барысындағы психологтың өзінің күткені.

6. Психологтың өзінің жеке бас және кәсіби тәжірибесі.

7. Психокоррекция әдіс-тәсілдерінің спецификалық әсері.



Коррекциялық әсердің нәтижелілігі келесі жағдайларға байланысты:

-коррекциялық әсердің нәтижелілігі әдіс-тәсілдердің нақтылығын қажет етеді,

-бір әдіс-тәсілдің өзі маманның кәсібилілігіне байланысты әртүрлі нәтиже беруі мүмкін;

-жұмыстың бағасын тәуелсіз эксперттер бағалауы тиіс;

-психологтың тәжірибесін де есепке алу керек;

-психокоррекциялық әсердің нәтижесін басқа да нәтижелермен салыстыру қажет;

-коррекциялық бағдарламада топтық формада психологтың тәжірибесін ескеру қажет

Кездесу топтарындағы жаттығу техникасы.

Негізі техника қатынас орнату, сенімді қарым-қатнас орнату, конфликттермен танысу, тай – таласты сараптау, қолдау көрсету.



  1. қарым-қатнас орнату немесе танысу: бірінш топтық процесте сенімді адам аралық қатнас орнатуға негізделген бірінші сабақта топ мүшелері контактіні жеңілдету негізінде лақап есемдер мен танысады. Танысу өте кіші топта немесе жұптер арасында жұзеге асады. Физикалық кантакт кеңейеді: жұптар бір-бірінің қолдарын, бет-пішінін зерттейді.

  2. сенімді қарым-қатнас орнату. Топта бірінші сабақта кантактіге түсе алмайтындықтан жалғыздықты сезінетін бірнеше адамдар бар. Таныспай жатып өз сезімдерін біреуге сеніп айту әр кімге жеңіл түспейді. өзінің жалғыздығымен басқаларға сенбеушілікті жоюдың көптеген түрлері бар.

  3. топқа ен (прорвись). Топтағы ойынға қатысушылар бір-бірінің қолдарын ұстап шеңбер құрады. Ал өзін жалғыз сезінген шетте қалған адам психологтың тапсыруы бойынша осы шеңберді бұзып, ішке кіруі керек. ойыншылар сыртта қалған адамды кіргізбеуге тырысып бағады, ақыр соңында өздеріне қабылдайды. Ішке кірген ойыншы жалғыздықты жеңуі үшін белгілі күш жұмсау керектігін түсінуі керек.

  4. сенімді құлау немесе сақтану. Қатысушылар жұптарға бөлінеді. Жұптардың біреуі көзін жұмған күйінде шалқасынан құлайды. Ал келесі біреуі оны ұстап қалатынына сенімді. Екінші адам құлатып алмауы керек.

  5. конфликтіні қарастыру. Конфликтіні тудыратын топтағы жарыс, бәсекелесу және лидерлік үшін күрес. Көп жағдайларда конфликтер вербалды түрде қарастырылады.

Психолог тай-таласқа түскен топ мүшелерін бірін-бірітындауға шақырады, ашық және тікелей өз ойларын айтуға тек өз сезімі емес, қарсылас сезіміне мойын сұнуға шақырады.

Тәуелділікпен жұмыс барысындағы арт-терапияның мүмкіндіктері.

Тәуелділікпен жұмыс барысындағы арт-терапияның мүмкіндіктері арт-терапияның әдістері мен ерекшеліктерін анықтау барысында көрінеді. Көптеген белгілі анықтамаларға қарасақ тәуелділікке мынандай анықтама беріледі: тәуелділік кез-келген тұрақтылық, хроникалық және интенсивті нақты ұстанымды қолдану, ол жеке тұлғаның өзінің эмоционалды қалпын бақылауда қолданыс табады.

Тәуелділікке алкогольге және наркотикке тәуелділіктен басқа да темекіге, дәрілік препараттарға тәуелділікті, булемия, анорекцияны жатқызамыз. Соңғы кезде бұл қатарға компьютерлік ойындарды және азартты ойындарды да жатқызуға болады. Сонымен қатар: жұмысқа берілушілік, теледидарға берілу, тәуекелділікке берілгіштік, ақша жұмсағылыштықты да айтуға болады. Дипрессия, сундицитті тәртіп, өзін төмен бағалау, отбасылық және т.б. проблемалардың барлығы да тәуелді тәртіп, немесе оның себебіне байланысты психологтың көмегіне жүгіндіреді:

Тәуелділікке қатысты жалпы белгілер:



  • тәуелділікке берілу - өмірдің басқа қырларынан ләззат ала алмау;

  • еркіндігінен айырылу тоқтау мен жалғастырудың арасындағы келіспеушілік;

  • өзін-өзі бақылай алмау - өзінің тәуелділігін тоқтата алмау;

  • өзінің физикалық және психикалық денсаулығына зардап келетінін біле отырып тәуекелге бел буу;

  • өтірік пен өзін-өзі алдау - өзін-өзі алдай отырып, бар проблеманы жоққа шығару, өз басынан жауапкершілікті алу;

  • абстинентті синдром – препарат дозасын азайту кезіндегі психологиялық және физиологиялық реакциялар;

  • тореланттылық – қажетті эффект алу үшін белгілі заттар қолдану арқылы жасалатын жағдайлар;

  • интенсивті түрде көңіл күйдің түсуі – эйфориядан ұялуға, кінәдан дипрессияға,

  • тәуелділікке байланысты ішкі жандүниелік және тұлғааралық келіспеушіліктердің прогрессивті саны.

Клиенттермен нәтижелі жұмыс жасау үшін жоғарыда көрсетілген белгілерден басқа мынадай ерекшеліктерге де көңіл бөлу керек. Психологиялық қорғаныс механизмдері: жұмыстың кез-келген этабында мынадай қиындықтар кезедеседі: қарсы тұру, рационализация мен проекция. Осы үш басты мәселе иррационалды ойлауға тәуелділерді терапияның әр этабында қаралуы тиіс. Манипуляцияға берілген – дер – қорғаныс маневрі, ол тәуелдіге өз проблемасынан бас алауға көмектеседі. Мұнадай психологтарды типті өз жақындарын алдап алады. Өзін -өзі алдау. Бұл тәуелділіктің ең басты және жеңу қиынға түсетін мінездеме. өтірік пен өзін-өзі алдау тәуелділермен жұмыс кезіндегі қиындық туғызатын бірден бір мәселе. Когнитивті психологияда психологиялық қиналыс тудыратын уайымның психологиялық қорғанысы. Американды психолог А.Тверскийдің айтуынша тәуелділердің сыртқы келбетіне сене беруге болмайды, ол қатеселуге апаруы мүмкін. Тәуелдінің интелектісі қаншалықты жоғары болса, соншалықты ол өзінің іс-қимылын ақтап бере алады.

Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар:
3. Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
1 семинар сабағы: Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәні және ғылыми зерттеу обьектісі

Талқылауға арналған сұрақтар:



  1. Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәні

  2. Ауытқушылық немесе девианттылық әрекет-қылық жайлы түсінік.

  3. Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәнінің маңызы

Әдебиеттер

1. Акажанова, А.Т. Девиантология .- Алматы, 2009



2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование. — СПб., 2007.

3. Тебенова, К.С. Дамуында ауытқуралы бар балалар .- Караганда, 2006

4. Богоявленская Д. Б. Психология творческих способностей. — М„ 2009.

5. БурлачукЛ. Ф. Психодиагностика. — СПб., 2009.

6. Общая психодиагностика / Под ред. А. А. Бодалева, В. В. Сто-лина. - М., 2007.

7. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008

8. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психоло­гическая природа и возрастная динамика. — М., 2010.

9. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000.


2 семинар сабағы: Девиантты мінез-құлық және оның типтері

Талқылауға арналған сұрақтар:



  1. Девиантты мінез-құлықтың шығу себептері.

  2. Девиантты мінез-құлықтың типтері.

  3. Девиантты мінез-құлықтың көріністері

Әдебиеттер

1. Акажанова, А.Т. Девиантология .- Алматы, 2009



2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование. — СПб., 2007.

3. Тебенова, К.С. Дамуында ауытқуралы бар балалар .- Караганда, 2006

4. Богоявленская Д. Б. Психология творческих способностей. — М„ 2009.

5. БурлачукЛ. Ф. Психодиагностика. — СПб., 2009.

6. Общая психодиагностика / Под ред. А. А. Бодалева, В. В. Сто-лина. - М., 2007.

7. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008

8. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психоло­гическая природа и возрастная динамика. — М., 2010.

9. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000.


3 семинар сабағы: Қиын немесе дағдарыс кезеңдердегі психофизиологиялық даму

Талқылауға арналған сұрақтар:



  1. Психофизиолгиялық даму туралы түсінік, дамудың базалық анықтамалары.

  2. Психология ғылымындағы «жетілу» мен «өсу» ұғымдары.

  3. Дамудың негізгі формалары: филогенез және онтогенез

Әдебиеттер:

1. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008

2. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психоло­гическая природа и возрастная динамика. — М., 2010.

3. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000.

4. Равич-Щербо И. В, Марютина Т. М., Григоренко Е. Л. Психоге­нетика. - М., 2002.

5. Романова Е. С. Графические методы в практической психоло­гии. - СПб., 2009.

6. Теплова Л.И. Тест умственного развития младших подростков. Руководство по работе с тестом. — М.: Обнинск, 2000.

7. Шмелев А. Г. Психодиагностика личностных черт. — М., 2010.

8. Штерн В. Умственная одаренность. — СПб., 2007.

9. Шульц Д., Шульц С. История современной психологии. — М., 2010.

9. Шванцара Й. Диагностика психического развития (Пер. с чешск.; Общ. ред. Г.А.Овсянникова. – Прага: медицинское изд-во Авиценум, 2008. С. 46.
4 семинар сабағы: Мінез-құлық ауытқуларының себептері

Талқылауға арналған сұрақтар:



  1. Мінез және мінез бітістері

  2. Аномия жайлы түсінік

  3. Мінез-құлық ауытқуларын тудыратын себептер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет