Баспасөз хабарламасы «НҰр отан» партиясы



Дата18.02.2018
өлшемі63,31 Kb.
#37890




L.N. Gumilyov Eurasian national university

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ERG КӨМЕК» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ
«Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік шежіресі» жобасымен

жарық көрген дерекнамалық 50 том кітаптың таныстырылымы
Уақыты: 12.12.2014 жыл

Басталуы: 11.00-де

Өтетін орны: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі – 12/1, «Нұр отан» партиясының бас ғимараты
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 23 жылдығы құрметіне «Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік шежіресі» жобасымен жарық көрген 50 том еңбектің таныстырылымы өткізіледі.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2008 жылдың 27 мамырында бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесуінде – тілдің мәртебесін, ұлттың рухын көтеретін мәселелерге ерекше назар аударып: «Біздің алдымыздағы үлкен міндеттің бірі – Тәуелсіздіктің толыққанды шежіресін жазу» деген болатын.

Осы Елбасының ойынан бастау алған бұл еңбектер 2008 жылдан бері жарық көріп келеді. «Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік шежіресі» жобасы еңбектері – тәуелсіз еліміздің жаңа тарихымен бірге Қазақстан мемлекеттігінің негізін қалаушы, тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың қоғамдағы, саясат пен экономикадағы, жаһандық ахуалды талдаудағы алатын орнын, халық алдындағы тарихи парызын терең сезіне білетін азаматтық жауапкершілігін, тұрақты даму мен ұлтаралық татулық идеясын Қазақстан аясында ғана жүзеге асырып қоймай, әлемдік деңгейге көтерген көрегендігін, кемел қасиеттерін, қажырлы қайраткерлігін ашып көрсететін көп томдық шығарма.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихына тікелей қатысты бұл еңбектерде Қазақстан Республикасының 1991 жылғы тәуелсіздік алғаннан бергі қабылданған ресми құжаттары мен шешімдері рет-ретімен беріліп, «Тәуелсіздік шежіресі», «Елмен сырласу», «Елбасы жолдады – Елі қолдады», «Әлем Қазақстан туралы, Әлем Президент туралы» деген атаулармен ұсынылған.



«Тәуелсіздік шежіресі» – әлеуметтік бағдарлы мемлекет орнатудың қазақстандық моделін және еліміздің дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына құқықтық негіз қалайтын әр кезең бойынша топталған заңнамалық актілерді қамтитын көптомдық шығарма. Онда 1991 жылдан 2008 жылға дейін Елбасы қол қойған мемлекеттік маңызы бар құжаттар – Жарлықтар, Заңдар, Өкімдер, Қаулылар енгізілген. Басылым орыс және қазақ тілінде жарияланып, барлығы 6 томды құрайды.

«Елбасы жолдады – елі қолдады» –басылымында тәуелсіз елімізде нарықтық экономика мен демократиялық қоғам құруға бағытталған реформаларды батыл жүргізіп, Қазақстанның заман талабына сай ілгерілеуіне жол бастаған, мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына әлемдік қауымдастық мойындаған зор үлес қосқан Елбасы Н.Назарбаевтың 1996-2008 жылдар аралығындағы Қазақстан халқына Жолдаулары толық қамтылған. Қазақ және орыс тілінде басылған бұл еңбек 2 томды құрайды.

«Елмен сырласу» – басылымында 1991-2001 жылдар аралығындағы Елбасының Қазақстан Республикасы Парламенті отырыстарында, баспасөз конференцияларында, ел алдында сөйлеген баяндамалары, тікелей эфир арқылы еліміздің көркеюі жолындағы көкейкесті мәселелерді көтерген сөздері, ел және шетел журналистеріне берген сұхбаттары қамтылған. Қазақ және орыс тілдерінде шығарылған бұл еңбектер 21 томды құрайды.

«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» – көптомдықтарында1991-2001 жылдардағы әлемдік ақпарат көздерінде жарияланған Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа кірігу үрдісіне тән оқиғалар, айғақтар, дәйектер хронологиялық тәртіппен берілген. Қазақ және орыс тілдерінде шыққан бұл басылым 21 томды құрайды.

Жобаның авторы – мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков. Ғылыми кеңесші – ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы, саясат ғылымдарының докторы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков. Жалпы редакциясын басқарған – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Бәтташұлы Сыдықов.

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен таныстырылымы өткізілетін бұл еңбектердің 40 томы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік бағдарламасы бойынша, биылғы 10 томы «ERG Көмек» қоғамдық қорының демеушілігімен және «KazFond» қоғамдық жастар қорының серіктестігімен жарық көрген. Келешекте тәуелсіз мемлекеттігіміздің шежіресіне, жаңа заманның – жаңа тарихына айналатын бұл көптомдықтар өз жалғасын табатын болады.

Көптомдықтарды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік шежіресі» зертханасының ғалымдары дайындаған. Кітаптарды көркем безендіріп оқырман қауымға ұсынған - «Күлтегін» баспасы.

Көптомдықтар мемлекеттік қызметкерлерге, саясаткерлер мен тарихшыларға, тәуелсіздік тарихын терең білгісі келетін қалың оқырман қауымға арналған.

Кітаптардың таныстырылымына мемлекет және қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.


Мәліметтер үшін: 70-44-54; 8 777 245 77 87


«Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік шежіресі»

жобасымен шыққан дерекнамалық еңбектердің тізімі







басылым атауы

тілі

қамтылған жылы

томы


1

Тәуелсіздік шежіресі

қазақша-орысша

1991-2008 ж.ж

6 т

2

Елмен сырласу

қазақша-орысша

1991-2001ж.ж

21 т

3

Елбасы жолдады – елі қолдады

қазақша-орысша

1996-2008 ж.ж

2 т


4

Әлем Қазақстан туралы.

Әлем Президент туралы



қазақша-орысша

1991-2001 ж.ж

21 т




барлығы: 50 том



Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет