Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар. 1924 жылы болған партияның XIII съезінде «Баспасөз туралы»



Дата08.02.2022
өлшемі16,06 Kb.
#98357
Байланысты:
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар


Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
1924 жылы болған партияның XIII съезінде «Баспасөз туралы» қаулы қабылданып, онда газеттердің тілін жақсарту жолында әлі де болса көп жұмыстар тындыру керек, газет тілі мазмұндылығы, мәнділігімен қатар мазмұн тереңділігімен әрі жатық, жеңіл оқылуға тиіс деген сияқты мәселелер айтылып, күн тәртібіне қойылды. енді баспасөздің тілі мен стиліне нақты талаптар қойыла бастады. Бұл арадағы ең басты талап – қысқалық, ықшамдылық. Яғни, хабар әрі қысқа, әрі түсінікті болуы керек. Ал, ықшамдылық дегеніміз- баспасөздің бетін, яғни, газет бетін үнемдеу деген сөз.
Екінші талап- Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын екінші талап, газет метериалдары әсерлі, тұщымды, бейімді, оқығанда тамсанып отырылып оқылуы тиіс.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын үшінші талап – тақырыптың, фактінің сипатына қарай үн, тіл, лексиканы дұрыс пайдалану қажеттігі. Өмірде қунанатын да, ренжитін де оқиғалар бар. Сондықтан, жанрды ажырата білген жөн. Тіл, стиль өте мәдениетті болуы керек.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын төртінші талап ондағы әрбір сөйле, сөз орамдары оқырманға дәл жеткізілуге тиіс, олар екі ұшты, екі түрлі мағына бермеуі керек.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын бесінші талап – тіл шұбарлығына жол бермеу, материалдарды таза қазақ тілінде жазу мәселесі.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын алтыншы талап сөздерді орынсыз қысқартып, мұнысы несі деп оқырманды аң-таң етіп қоймауымыз керек. Өйткені, қысқарған сөздердің терминком бекіткен тізімі бар. Ал, қазір журналистердің өздері баспасөз бетінде қалай болса солай сөздерді қысқартып, қолданып жүр.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын жетінші талап кез-келген материалда даурығушылық, даңғазалық, көпірмешілікке барушылық болмауға тиіс. Автордың әрбір пікірі ұстамды салмақпен, жайдары үнмен, салқындылықпен берілуі керек.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын тоғызыншы талап онда әрбір сөз, сөйлемге саяси мән берілуі керек. Саяси жағынан ұстамды, мәнді болғаны жөн. Әрбір сөз, сөйлем,үкіметінің ұстаған саясатын қолдап, қызмен етіп тұруға тиіс.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын соңғы оныншы талап әрбір сөз сөйлем мағынасына қарай сараланып қолданылуы керек. Сөзді саралап қолдану тіл мәдениетін өркендетудің маңызды бір буыны екенін ана тілін қадірлейтін әр азамат жаксы ұғынуы тиіс. Бұл жерде айтылатын ойды сауатты жеткізе білмеутек жазушының не журналистің жалпы мәдениетінің төмендігін білдіріп қана қоймайды, сонымен қатар ол адамдардың бір-бірімен түнісісуін қиындатады. Сондықтан, мазмұнын дәл беретін тілдік құралдарды сұрыптап қолданудың маңызы қашан да зор болмақ.
Ал, осы сөздердің сараланып қолданылуы, әдеби нормаға келуі – айтылайын деген ойдың, екінші бір адамға жеткізілетін пікірдің екшелуі,солардың тап-тұйнақтай қонымды, үйлесімді шығуы, сөйтіп тіл мәдентетінің артуы деген сөз. Осы ойымыздың бәрін қорыта айтатын болсақ, онда бұл талаптардың тоғысатын жері авторлардан шеберлікті талап ету болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет