Басталуы Т. Айбергенов «Ана»


Бейнежазба «Аштық жылдары



бет12/17
Дата11.05.2022
өлшемі1,31 Mb.
#142648
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ana-degen-altyn-azy-altyn-ba

Бейнежазба «Аштық жылдары»
ІІ. Осы тақырып төңірегінде қалам тербеген жазушы Б.Майлин. Ашаршылық тақырыбы Б.Майлин шығармаларында көп қозғалды. Бір ғана «Күлпәш» әңгімесі арқылы осы тақырыпты өте нәзік жеткізе білді. Сол кездегі аштық көрінісін, жетім –жесірлердің жай күйін, өмір өрнегін өз болмысымен бере білді.
Аштық құрбандары
Ашаршылық жылдарындағы әйел бейнесі.
Қазақ халқының тарихындағы қасіретті парақтардың бірі – 1920-21 жылдардағы,1932-33 жылдардағы ашаршылық.
Халқымыз бастан кешірген ауыр нәубет-ашаршылық тақырыбы Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінде жазуға,зерттеу нысаны болуға рұқсат етілмеген тақырып ретінде жабық болып келді. Дегенмен сол кезеңдегі оқиғаларды қамтыған шығармаларда қаншалықты тыйым салынса да,уақыт шындығы,замана тынысы бой көрсетіп қалып отырады.
Ашаршылық тақырыбын прозашылардың ішінде Бейімбет Майлиннен көбірек жазған ешкім жоқ десе де болғандай.Б.Майлинді көзімен көріп, куә болған аштық қасіретін көркем шығармада бейнелеген санаулы қаламгерлердің қатарына жатқызуға болады.Өткен ғасырдың алғашқы жартысында бүкіл елді шарпыған аштық және оның ащы да ауыр зардабын сөзбен жеткізу мүмкін еместей көрінгенімен,қаламгер алғашқылардың бірі болып ұлт басына үйірілген осынау зұлматтың шерлі шежіресін көркем әдебиетте бейнелеп, «шындықты шыңдап қана қоймай,тастан қалағандай шегеледі»(З.Қабдолов). Оның «Айт күндері», «Аштық құрбаны», «Күлпаш» әңгімелерінде елдің басындағы бұл ауыр нәубет айқын суреттеледі. «Аштық құрбаны» әңгімесіндегі әл-дәрмені таусылып,аштықтан құр сүлдері қалған ата-анасы мен бауырын құтқару үшін амалсыз болса да, саналы түрде өзін-өзі құрбандыққа шалып (жасы 60-тан асқан Тілеумағамбетке тоқалдыққа шығу), тағдыр тәлкегіне түскен Дәмештің аянышты жағдайына бей-жай қарау мүмкін емес. «- Құдай-ай, жоқшылықтың да шегі болмайды екен ғой! Қара судан басқа бір ұрттам тамақ жоқ. Екі күннен бері дым таппай жүрек қарайып отырғаны мынау! Мұның ар жағында не болмақшы? Не қыламыз? Немен күн көреміз?»- деген шешесі Шырынкүлдің зарынан соң, қара басының қамымен емес, талғажау таппай өмір мен өлімнің ортасында қалған отбасы тағдырына жаны күйіп, басын бәйгеге тігіп,аштықтың құрбанына айналған Дәмештің жан әлеміндегі ауыр күйді қаламгер боямасыз өмірдің ащы шындығы екенін санаңа сіңіріп, тұла-бойыңды шымырлататынын нағыз суреткерлік шеберлікке,шынайы сезімталдыққа жатқызбасқа болмайды.
Бейімбеттің «Күлпашы»-осы тектес шындықты бейнелейтін туындылардың бірі. Онда Бейімбет 1920-1921 жылдарындағы аштық суретін бір отбасы,бір әйел тағдыры арқылы ашады.Әңгімедегі қайыр сұраудан пайда түспей бұралып өлгелі жатқан Мақтым мен Қалидың аянышты күйі де, оларды қимай, әрі аштық қысып,әрі сіңлісі Раушанның азғыруынан бай адамға кету туралы ой басын шырмаған Күлпаштың трагедиясы психологиялық тұрғыда күшті берілген. «Мақтымды Күлпаш бір көргеннен-ақ тәуір көріп кеткен.Содан бері екуінің арасы әлі тәуір:біріне-бірі наз қылып сөйлескенде: «екеумізді қара жер айырар»деп серттесетін ...Мақтым үйде азғана жоқ болса «қайда кетті»деп келгенше ынтық болатын Күлпаш осы...Сүйткен Мақтымын бүгін тастамақ.Әй,рақымсыз аштық –ай! Кімдерді жылатпады,кімдер жыламады! Күлпаш өксіп жылап жіберді.» Мақтым да,баласы Қали да өледі, бай адамға күйеуге тиіп,ол үйден күйеуі мен баласына тамақ алып жүгірген Күлпаш оларды тірі көре алмай,әкелген тамағын бере алмай күйінеді. «Қарды тастай беріп Күлпаш жалма-жан сығалап еді,пештің жанында ұйлығып,бүк түсіп құшақтасып жатқан әкелі-балалы екеуіне көзі түсті...Іші елжіреп,көзіне жас келді.Ұйықтап жатыр екен деп қуанып,малтыға,сүріне үйге кірді: -Қарағым,Қалижан, тұр!.. Төніп келіп Қалиды сүйейін деп ұмтылғанда,көзі Мақтымның көзіне түсіп кетті: көзі адырайып,аузы ашылып,тісі ақсиып жатыр екен!.. Күлпаш шошып: -Әй...- деді. Бұдан кейін не болғанын өзі де білмей,өліп жатқан байы мен баласын құшақтай құлайды.» Сұмдық трагедиялық финалды,адам жүрегін дір еткізер ауыр сәтті екі-ақ ауыз сөзбен түйіндеп,замана халін сездіріп тұрған жазушының шеберлігі. Жазушының суреттеуі бойынша,тірі қалса да,Күлпаш- рухани өлген адам,ол-аштық құрбаны.Оның Жұмағазыға тиюі де – өзінің қарабасын сақтау амалы емес, күйеуі мен баласының жолына өзін құрбан етуі, сол екуіне тамақ тауып беру амалы.Шындықты,адам басына түскен ауртпашылықты характер арқылы,оның психологиялық күйзелісі арқылы суреттеуде Бейімбет «Күлпаш»арқылы бір қадам ілгері басты.
Ұлтымыздың жүріп өткен жолынан,ауыр тағдырынан,шерлі шежіресінен тағлымды сабақ алу,бойымызға сіңіру,есте сақтау ,біздерге,кейінгі ұрпаққа жүктеледі.
І. Қазақ даласында жайлаған аштықтың ащы шындығын тайсалмай жазған бесеудің бірі Ғ.Мүсірепов болатын. Ғабит қаламынан туған қадау –қадау дүниелерден аз жазса да, саз жазуды мұрат еткен талғампаз таланттың дара қолтаңбасы анық сезіледі. Кеңістік кезеңнің ұраншылдық дертінен бойын аулақ ұстаған тектіліктің сәулесі оның шығармаларының құнын арттыра түсетіндей. Ол сомдаған көркем бейнелер табиғилығымен тартымды, шынайылығымен құдіретті. Қазақтың біртуар перзенті, сырбас сөз өнерінің парасаты бір тұлғасы –Ғабит Мүсірепов аналар тақырыбына ерекше тоқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет