І. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
ІІ.Армысыздар, бүгінгі кеш қонақтары!
І. Ана! Тірліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы Ана есімінен қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес.
ІІ. «Ана дегеніміз –әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ол тіршілікпен үлкен тағдырдың махаббат пен шабыттың нәрі. «Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды», -деген екен авардың ұлы ақыны Расул Гамзатов.
І. Қарғалы ауылдық «Геолог» мәдениет үйі жанынан құрылған «Асыл әжелер» ансамблі –қаламыздағы белгілі өнер ұжымдарының бірі. Бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары.