Бастапқы әскери дайындық құқықтық негіздері ” 050104 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша


Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар



бет2/5
Дата08.09.2017
өлшемі1,04 Mb.
#31077
1   2   3   4   5

Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Әскери қызметшіге тіл тигізу?

  2. Қашқындық?

  3. Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу?


Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2011 ж.

  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары 2007 ж.

4 тақырып: Әскери қылмыстар: 376-бап. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу. 377-бап. Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу. 378-бап. Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу. 379-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарудың ережелерін бұзу. 380-бап. Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі.
Дәріс мақсаты: Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу, Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу, Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы туралы түсініктеме беру.
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу.

  2. Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу.

  3. Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу.

  4. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарудың ережелерін бұзу. 380-бап. Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі.

      376-бап. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерiн бұзу

      1. Шекаралық нарядтың құрамына кiретiн немесе шекаралық қызметтiң өзге де мiндеттерiн атқарушы адамның шекаралық қызмет атқарудың ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет мемлекеттiң қауiпсiздiгi мүдделерiне зиян келтiрсе немесе зиян келтiруi мүмкiн болса - 
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет - 
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. 
       Ескерту. 376-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      377-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық 


                ережелерiн бұзу

      1. Қарауыл (вахта) құрамына кiретiн адамның қарауыл (вахта) қызметiнiң жарғылық ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет қарауыл (вахта) күзететiн объектiге зиян келтiруге немесе өзге зиянды зардаптардың болуына әкеп соқса -       екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 


      2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер - 
      жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. 
       Ескерту. 377-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      378-бап. Iшкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль 


                болудың жарғылық ережелерiн бұзу

      1. Бөлiмнiң тәулiктiк нарядына (қарауыл мен вахтадан басқа) кiретiн адамның iшкi қызмет атқарудың жарғылық ережелерiн бұзуы, сол сияқты патруль нарядының құрамына енген адамның гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерiн және осы ережелердi дамытуға шығарылған бұйрықтар мен өкiмдердi бұзуы, егер ол зиянды зардаптарға әкеп соқса, оның алдын алу осы адамның мiндетiне кiретiн болса - 


      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға жазаланады.  
      2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет - 
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. 
      Ескерту. 378-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.12.21 N 363 , 2009.07.10 N 177-IV , 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      379-бап. Қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық 


               қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қызмет 
               атқарудың ережелерiн бұзу

      Қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кiретiн адамның қызмет атқарудың ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса, - 


      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
       Ескерту. 379-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.10 N 177-IV Заңымен.

      380-бап. Билiктi терiс пайдалану, билiктiң асыра 


                қолданылуы немесе әрекетсiздiгi

      1. Бастықтың немесе лауазымды адамның билiктi немесе қызмет бабын терiс пайдалануы, билiгiн немесе қызметтiк өкiлеттiгiн асыра қолдануы, сол сияқты пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке мүдделiлiкте жасаған және елеулi түрде зиян келтiрген, әскери қызметшiлердiң (азаматтардың) немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң елеулi түрде бұзылуына әкеп соққан билiктiң әрекетсiздiгi - 


      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер - 
      мүлкi тәркiленiп, үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, 
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер - 
      мүлкi тәркiленiп, бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер - 
      он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту. 380-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.09 N 10, 2009.07.10 N 175-IV, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу?

  2. Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу?

  3. Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу?


Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2011 ж.

  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары 2007 ж.

5 тақырып: Әскери қылмыстар: 381-бап. Қызметке селқос қарау.



382-бап. Құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету. 383-бап. Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету. 384-бап. Тұтқынға өз еркімен берілу. 385-бап. Тонаушылық.
Дәріс мақсаты: Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету, Тұтқынға өз еркімен берілу туралы қылмыстарды айту.

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Қызметке селқос қарау.

  2. Құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету.

  3. Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету.

  4. Тұтқынға өз еркімен берілу.

  5. Тонаушылық.

      381-бап. Қызметке селқос қарау

      1. Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауы елеулi түрде зиян келтiрсе - 
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер - 
      жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      3. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер - 
      үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
      Ескерту. 381-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      382-бап. Құрып бара жатқан әскери кеменi тастап кету

      1. Құрып бара жатқан әскери кеменi өзiнiң әскери мiндеттерiн ақырына дейiн орындамаған кеме командирiнiң, сол сияқты командирдiң оған тиiстi өкiмiнсiз қызмет атқаратын кеме командасы құрамындағы адамның тастап кетуi - 
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      2. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет - 
      бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
       Ескерту. 382-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      383-бап. Жауға соғыс жүргiзу құралдарын беру немесе 


               тастап кету

      Бастықтың өзiне сенiп тапсырылған әскери күштердi жауға беруi, сол сияқты ұрыс жағдайы мәжбүр етпеген ретте бекiнiстердi, әскери техниканы және соғыс жүргiзудiң басқа да құралдарын жауға қалдырып кету, егер аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында жасалмаса - 


      бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      384-бап. Тұтқынға өз еркiмен берiлу

      Қорқақтық немесе жiгерсiздiк салдарынан өз еркiмен тұтқынға берiлу - 
      он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      385-бап. Тонаушылық

      Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын ұрлау (тонау) -       үш жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Қызметке селқос қарау?

  2. Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету?

  3. Тұтқынға өз еркімен берілу?


Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2011 ж.

  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары 2007 ж.

6 тақырып: Әскери қылмыстар: 386-бап: Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтерді бар құжаттарды жоғалту. 387-бап. Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру. 388-бап. Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру. 389-бап. Әскери мүлікті жоғалту. 390-бап. Айналадағыларға қауіп туғызудан қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу.


Дәріс мақсаты: Әскери құпияны жария ету, әскери мүлікті құртуға байланысты қылмыстар жайлы түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтерді бар құжаттарды жоғалту.

  2. Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру.

  3. Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру.

  4. Әскери мүлікті жоғалту.

  5. Айналадағыларға қауіп туғызудан қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу.

      386-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету 


                немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар 
                құжаттарды жоғалту

      1. Мемлекеттiк құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды немесе заттарды осы құжаттар немесе заттар қызметi бойынша сенiп тапсырылған адамның жоғалтуы, егер жоғалту аталған құжаттар мен заттарды ұстаудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдары болып табылса - 


      бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не екi айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      2. Мемлекеттiк құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi осы мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе қызметi бойынша белгiлi болған адамның жария етуi - 
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер - 
      үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
     Ескерту. 386-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47 , 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      387-бап. Әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру

      1. Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру - 
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол iс-әрекеттер - 
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
       Ескерту. 387-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      388-бап. Әскери мүлiктi абайсызда құрту немесе бүлдiру

      Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын не әскери техника заттарын абайсызда құрту немесе бүлдiру ауыр зардаптарға әкеп соқса - 
      бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
       Ескерту. 388-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      389-бап. Әскери мүлiктi жоғалту

      Қызметте пайдалану үшiн сенiп берiлген қару-жарақты, оқ-дәрiнi немесе әскери техника заттарын сақтау ережелерiн бұзуы, егер бұл олардың жоғалуына әкеп соқса - 
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
       Ескерту. 389-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      390-бап. Айналадағыларға қауiп туғызатын қару-жарақты, 


               сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау 
               ережелерiн бұзу

      1. Айналасындағыларға үлкен қатер туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, радиоактивтi материалдарды, жарылғыш және өзге де заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтiрсе, әскери мүлiктiң жойылуына не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса - 


      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет - 
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет - 
      он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
       Ескерту. 390-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

  1. Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру?

  2. Әскери мүлікті жоғалту?

  3. Айналадағыларға қауіп туғызудан қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу?


Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2011 ж.

  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары 2007 ж.

7 тақырып: Әскери қылмыстар: 391-бап. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу. 392-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу. 393-бап. Кеме жүргізу ережелерін бұзу.


Дәріс мақсаты: Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу, ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу, кеме жүргізу ережелерін бұзу қылмыстары туралы оқыту.
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу.

  2. Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу.

  3. Кеме жүргізу ережелерін бұзу.

391-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану 


               ережелерiн бұзу

      1. Әскери, арнаулы немесе көлiктiк машинаны жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса - 


      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет - 
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет - 
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту. 391-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.09 N 10, 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      392-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу

      Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану ережелерiн бұзу - 
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      393-бап. Кеме жүргiзу ережелерiн бұзу

      Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әскери кемелердi жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн 
бұзу - 
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу?

  2. Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу?

  3. Кеме жүргізу ережелерін бұзу?


Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2011 ж.

  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары 2007 ж.

8 тақырып: Қазақстан Республикасының Заңы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет». 1993 ж. 19 қаңтар


Дәріс мақсаты: Студенттерге әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы жалпы түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Әскер қызметке шақыру.

  2. Әскери қызметті өткеру.




  1. «Жалпыға бірдей әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы» Заңының жалпы ережелерінде республиканың қазіргі конституциясының талаптарына сәйкес, елді қарулы агрессиядан қоғау мемлекеттің басты қызметі болып табылатыны және Қазақстан халқының әрқайсысының ісі екендігі айтылған. Сондай-ақ онда жалпыға ортақ әскери міндеттердің негіздері, мақсаттарымен мазмұны ашып көрсетіліп, оған республика азаматтарының қатынастары, олардың әскери қызметке қатысты міндеттері, кімнің босатылатыны және оның талаптары кімге таратылмайтындығы көрсетілген.

Шақыру учаскелеріне тірекеу мен мерзімді әскери қызметке шақыру Республика Президентінің Жарлығы негізінде өткізілетіні және оны шақыру комиссиялары жүргізетіні заңда айтылған, оның шақыру комиссиялары жүргізетініңі заңда айтылған, оның ережелерін Қорғаныс министрлігі жасайды да, Рсепубликада Үкіметі бекітеді. Комиссия құрамын жергілкті үкімет және басқару органдары бекітеді. Шақырлу мерзімін ұзартуды тағайындау механизмінің ережелері едәуір өзгерген. Бұрынғыдай әскери қызметке шақыру мерзімін ұзарту аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының шешімі бойынша азаматтарға мына жағдайларда беріледі: отбасы жағдайына байланысты, онда арнайы басқа адамның күтімін қажет ететін адам болса және егер оған күтім жасайтын адам болмаса, ал ал шақырылушыларының отбасы мүшелері толық мемлекет қарамағында болса; өз қарауында анасыз тәрбиеленген екі не одан көп баласы бар шақырылушылар, ата-анасының өліміне, олардың ауруына байланысты (5-айдан кем емес қарауында болған адамдар); денсаулығына байланысты (1 жылға дейін); орат және орта арнаулы білім алғанға дейін, бірақ жасы 20-дан аспағандар, ЖОО-ның күндізгі бөлім студенттері (27 жасқа дейінгі) оқуын жалғастыру үшін; депутаттық қызметіне байланысты (депутаттық құзырлы мерзімге) ұзартылады. Мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін ұзарту, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы педагогикалық білімі бар ауыл мұғалімдеріне (осы мектепте жұмыс жасаған барлық уақытында) беріледі; басқа санаттағы шақырылушыларға немесе жекелеген шақырылушыларға рұқсат Қазақстан Республикасы үкіметі шешімімен беріледі.

  1. Заңның төртіні бөлімі әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздерін баяндайды. Онда Әскери қызмет мерзімдері, әскерлердің санат бойынша әскери-қызметті өтеуінің шектік жасы белгіленген. Әскери қызмет мерзімі: әскери теңіз флотында мерзімді қызметті өтеу әскери қызметшілер үшін – 2 жыл 6 ай; құрлықтағы әскерлер, ІӘҚ, ӘШҚҚ-та – 2жыл , жоғары білімі барларға – 1жыл, қатардағы және сержант құрамындағы қызметте келісім-шарт негізінде қызметін өтеуші сарбаздар, сержанттар, әйел-әскери қызметшілер үшін – 2 жыл, прапорщиктер (мичмандар) үшін – 2 жыл, оларға кейіннен 3 жылдан кем емес мерзімге келісім шартын ұзарту құқығы беріледі; запастан шақырылған офицерлерге – 3 жыл, оларға кейіннен 5 жылдан кем емес мерзімге келісім шартты ұзарту құқығы беріледі.

Заңда әскери қызметте болудың төмендегідей шектік жасы белгіленген; мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін – 29 жас; қатардағы, сержант және старшина құрамындағы қызметте келісім шарт бойынша әскери қызметтен өтушілер үшін – 45 жас, кіші офицерлер үшін – 45 жас, полковник – 50 жас, генерал-лейтенантқа дейін – 55 жас, генерал-полковниктер үшін – 60 жас.

Заңда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің шешімі боынша қызмет мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін ұзартылуы мүмкін әскери қызметшілер анықталған. Заңда тұңғыш рет әскери-оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) әскери қызметті өтеу тәртібі анықталған. Жасы 16-ға толмаған курсанттар үшін бірнеше курсты бітірген қызметтен офицерлер ретінде (күнтізбелік есептеу бойынша) 10 жыл ішінде өтетіндігі туралы жеке тәртіппен келісім-шарт жасалады. Мұндай келісім-шарт жасалмаса, курсанттардың оқуы тоқтатылады. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін де, әйел-әскерилер, прапорщиктер мен офицерлер үшін де әскери қызметтен босау едәуір кеңейтілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет