Бастапқы кезең жан-жақты экономикалық реформалар емес, шикізатты сату нәтижесінде түскен «тез ақшаға көңіл толып масайрау» және көптен күткен тұтынушылық мүмкіндіктерді қанағаттандыру жылдары болды



Дата14.12.2021
өлшемі38,61 Kb.
#126204
Байланысты:
тарих


Бастапқы кезең жан-жақты экономикалық реформалар емес, шикізатты сату нәтижесінде түскен «тез ақшаға көңіл толып масайрау» және көптен күткен тұтынушылық мүмкіндіктерді қанағаттандыру жылдары болды. Бұл жағдай Гётенің «Фаустындағы» «Тоқта, мезет! Сен тамашасың!» деген сөзіндегідей реформалауға деген құлшынысты бәсеңдетті. Реформалар 1 Бұл мақала «Қазақстан экономикасының трансформациясы» кітабының бірінші басылымындағы авторлары Томас Хельм және Николаса Шольцтің «Қазақстан экономикасының трансформациясы: ресурстық тәуелділіктен қазіргі заманғы өнеркәсіптік қоғамға» деген мақаласына ішінара негізделеді.– Астана, 2017. 10 Қазақстан экономикасының трансформациясы жоспарланған болатын, бірақ олар көбінесе жүйелі жүзеге аспады немесе мүдделердің қарама-қайшылығына байланысты іске асырылмады. Барлығы «осы да жарай береді!» қағидаты бойынша жасалды. 2014 жылғы әлемдік шикізат нарықтарындағы бағалардың күрт құлдырауы сияқты күрделі үдерістер, реформаларға қайта кірісуге алып келді. Бірақ Қазақстандағы реформаларға деген ұмтылыс туралы не деуге болады? Бертельсман қорының жарияланған Трансформация индексіне (Transformation Index) BTI 2018 сәйкес, Қазақстан қарастырылған елдердің экономикасы арасында орташа орынды алады (129 орыннан 64-орын), сонымен қатар саяси реформалар саласында 93 және мемлекеттік басқару тұрғысынан 81-орынды алады 2 . Нақты саяси өзгертулер бөлігінде мемлекет қатаң автократиялы елдер қатарына жатқызылған. Молдова мен Украинадағы 3 сияқты Еуропалық Одақпен қауымдасу туралы келісім, Қазақстанға қатысты тіпті қол қойылғаннан кейін екі жылдан соң да күтілмейді. Дегенмен, 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астанада Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы серіктестік және кооперация туралы келісімге қол қойылды. ЕО және Қазақстан арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі кеңесі 2018 жылғы 26 ақпанда Келісімді табысты іске асыруды құптады. Ол сауда және кеден ісі, қоршаған орта және климаттың өзгеруі, энергетика және «жасыл экономика» (экологиялық экономика), сондай-ақ заң үстемдігі мен сот органдарының ынтымақтастығы сияқты салаларды қамтиды. Ынтымақтастық жөніндегі кеңес қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту, соның ішінде аймақты тұрақтандыру мен дамытуда ЕО және Қазақстанның ортақ мүдделерін растады 4. Қазақстан көптеген жылдар бойы ЕО‑ның Орталық Азиядағы стратегиясын жүзеге асыруға сындарлы түрде қатысып келе жатқан жалғыз ел болғаны туралы еш жерде айтылмаған. Бұл факт қазірдің өзінде шет елдерді бағалау схемалары арқылы «бақылау» шектерінің өзіндік шекарасына ие екенін және көбінесе саралауға келмейтінін айқын көрсетеді. Бұл құбылыс Орталық Азия елдеріне қатысты жиі кездеседі. Баяндамада, шын мәнінде EXPO – 2017 нәтижелерін көрсетпеген; атап айтқанда, жаңартылатын энергия көздерін енгізу жөніндегі көптеген бастамалар туралы 2 Бертельсман қоры. Трансформация индексі BTI 2018, Қазақстан туралы елдік есеп, Гютерсло 2018, 1 б. 3 Трансформация индексі (BTI), 2016, 96 б. 4 http://www.consilium.europa.eu/de/meetings/international-ministerial-meetings/2018/02/26/ 11 Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері айтылмаған. Экономикалық өзгертулер жүргізу бөлігінде 5 Қазақстанның реформаларды жүзеге асыру бойынша индексі Орталық Азияның барлық елдерінен әлдеқайда асып түсті, алайда екі жылдан кейін экономиканың көптеген салаларында тоқырау байқалады 6 . Бұл мұнай бағасының шешуші әсерімен және оның бүгінгі күнге дейін төмендеуімен, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тарапынан бір құрылымды меншік жүйесімен байланысты экономиканың басқа да жақтарын бұғаттау механизмдерімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, атқарушы билікке тәуелді сот әділдігіне байланысты туындаған сыбайлас жемқорлық пен проблемалар экономиканы жайлаған 7 . Индекс бойынша 2050 жылға қарай Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіне алып келуі тиіс өршіл реформаторлық стратегиялар осылайша сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Трансформация индексі BTI 2016 Қазақстан Республикасына қатысты ағымдағы экономикалық жағдайды қатаң түрде айқындап жатыр дейтін болсақ та, мынадай бір қызықты сұрақ туындайды, яғни: саяси өмірде жеткілікті трансформациясыз, экономикадағы өзгертулер бойынша шаралар қаншалықты табысты болуы мүмкін? Сыртқы көзқараспен Қазақстандағы өзгерістерге деген ұмтылысты дәлірек анықтау және оларды бағалау үшін басқа да статистикалық деректерге жүгіну керек. 2000 жылдардың басынан мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты экономикалық дағдарыс (2014) басталғанға дейін барлық негізгі экономикалық көрсеткіштерде елеулі өсім байқалады. Осылайша, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 14 жылда 18 млрд АҚШ долларынан 216 млрд АҚШ долларына дейін өсті 8. Жан басына шаққандағы табыс 1 230 АҚШ долларынан 12 400 долларға дейін өсті, бұл – Ресейді қоса алғанда, бұрынғы Кеңес елдерінің арасында ең жоғары көрсеткіш. 2017 жылдан бастап мұнай бағасының қайтадан өсуіне орай, жан басына шаққандағы табыс 2016 жылы дағдарыстың ең төменгі нүктесінде 7 500 долларға дейін, ал 2017 жылға дейін 8 841 АҚШ долларына дейін өсті 9 . Сондай-ақ осы кезеңде тікелей шетелдік инвестициялар 10,1 млрд АҚШ долларынан 129,2 млрд 5 Трансформация индексі (BTI) 2016, 98 б. 6 Трансформация индексі (BTI) 2018, Қазақстан туралы елдік есеп, 19-27 бб. 7 Трансформация индексі (BTI) 2016, 99 б. 8 Федералды статистикалық басқарма: Қазақстан, статистикалық профильдер, 2016 жылғы арнайы басылым, 2 б. 9 Федералды статистикалық басқарма: Қазақстан, статистикалық профильдер, 06/2018 басылым, 2 б. 12 Қазақстан экономикасының трансформациясы АҚШ долларына 10 дейін он есе артып, тіпті дағдарыс кезінде де тұрақты болып қалды 11. Әрине, бұл керемет өсім негізінен пайдалы қазба шикізатын барлау мен сату және соның төңірегіндегі көрсетілетін қызметтер инфрақұрылымына негізделген. 2014 жылы дағдарыстың басталуына дейінгі кезеңде ЖІӨ‑дегі әлсіз өнеркәсіптік сектордың үлесі – 40,5%-дан 36%-ға дейін төмендеді, ал ЖІӨ‑дегі ауыл шаруашылығының үлесі (ЖІӨ‑дегі 8,7%-дан 4,7%-ға дейін) тіпті екі есе қысқарды 12. Экономикалық өсім дағдарыс кезінде 1%-ға дейін төмендегеннен кейін, 2017 жылы тұрақты 4,0%-ға қол жеткізілді, ал ағымдағы жылы шамамен 3,8% өсім болжанады 13. Өтпелі кезеңдегі ел үшін олар қомақты болғанымен, бірақ та жоғары көрсеткіштер емес. Бұл жаңа өсу мүмкіндіктерін ашу үшін біржақты, ресурстарға тәуелді экономикадан – басқа экономикалық өзгертулер қажет екендігін тағы да айқындайды. Халық санының өсуі, яғни 1990 жылдардың соңында 14,9 миллионға дейін қысқарғаннан кейін қазірдің өзінде айтарлықтай өсіп 17,8 миллион адамды құрауы, тек он бес жылда халықтың 20%-ға артуы болашаққа үміт арттырады. Атап айтқанда, Қазақстан халқының 26 процентінен астамы 15 жасқа толмағандықтан, болашақтағы әлеуеті зор. Саяси және әкімшілік салаларда реформаларды жүргізу қажеттілігі Қазақстанда ел экономикасындағы табысты өзгертулерді жүргізу үшін жеткілікті мөлшерде дұрыс пайдаланылатын және дайындалған адам капиталы бар. Алайда, экономикалық өзгертулер саяси реформалармен сүйемелдеу арқылы жүргізілмесе, онда оның шектеулі екенін түсіну керек. Қазіргі уақытта Қазақстан президенттік басқару жүйесіне кейбір құрылымдық кемшіліктермен ендірілген нарықтық шаруашылық кезеңінде тұр. Саяси жүйе ел Президентінің көптеген басқару салаларында маңызды немесе тіпті жалғыз билік факторы болып табылатындығымен сипатталады. 10 Федералды статистикалық басқарма, 2016, 2 б. 11 Федералды статистикалық басқарма, 2018, 4 б. 12 Федералды статистикалық басқарма, 2016, 4 б. 13 www.worldbank.org/en/country/kazakhstan/publication/economic-update-spring‑2018 13 Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері тумысынан Республика азаматы, 40 жасқа толған, екі реттен артық сайлана алмайды, бұл шектеу Тұңғыш Президентке қолданылм қолданылмайды Президент Премьер-министр Үкімет Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Сайлаушылар 5 жылға сайланады Таратады Шақырады / Таратады 98 депутатты сайлап алу 2 депутаттан сайлап алу Қалыптастырады / Таратады 15 депутатты тағайындайды Сайлайды / Босатады Төрағаларын / мүшелерін Сайлауға сәйкес тағайындайды Қалауы бойынша босатады 14 облыстан, астанадан, республикалық маңызы бар қаладан Төрағаны және басқа мүшелерді анықтайды Төрағаларды және мүшелерді ұсынады ҚР Жоғарғы Соты ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі Жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы Сенімсіздік вотумы 47 депутат, 6 жылға сайланады, олардың жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады 107 депутат, 5 жылға сайланады Парламент Сенат Мәжіліс Төрағаларды және мүшелерді ұсынады Қазақстан Республикасының саяси құрылымының схемасы 14,15 Осылайша, Президент Парламентті (Мәжілісті) таратуға және шақыруға құқылы. Ол Мәжілістің 107 депутатының 9-ы мен Сенаттың 15 мүшесін тағайындай алады. Қазіргі Президент16 мандаттардың 80%-нан астамы бар (депутаттар сайлаушылармен тікелей емес, сайлауға түскен партиялар тізімдері бойынша сайланады) билік басындағы «Нұр Отан» партиясының Төрағасы болғандықтан, ол сайлаушылар тізімінде кім болатынын, яғни Парламентте кімнің болатынын немесе болмайтынын өзі анықтайды. 2017 жылғы конституциялық реформаның нәтижесі бойынша Президент Үкіметтің ең болмағанда бір бөлігін қалыптастырады және таратады. 14 https://de.wikipedia.org/wiki/Politisches_System_Kasachstans. Деректерді жаңарту үшін жауапты автор кестеге кейбір өзгерістер енгізді. 15 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы Конституциялық реформа Парламенттің Үкіметті қалыптастыру құқығын едәуір кеңейтті 16 Нұрсұлтан Назарбаев – 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенті. Ол Қауіпсіздік Кеңесінің және «Нұр Отан» партиясының төрағалығын жалғастыруда. 14 Қазақстан экономикасының трансформациясы Судьяларды Жоғары Сот Кеңесінің ұсынысы бойынша Президент тағайындайды. Осылайша, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі бір-бірімен Президенттің шешімі бойынша байланысты, ал Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевқа Президент лауазымына сайлану құқығы екі мерзіммен шектелмейді. Оның сайлауға қатысуға құқығы да шектелмеген, қалауы бойынша сан мәрте қатыса алады. 2018 жылдың шілдесінде Қауіпсіздік кеңесі туралы заң күшіне енді, ол бұл органды конституциялық органдарды бақылаушы органға айналдырды. Заң осы органда Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейін де елдегі басты оқиғаларға және оның орнына келген адамға деген ықпалын сақтайтын өмір бойы президенттікке құқықты бекітуді көздейді 17. Көріп отырғанымыздай, Қазақстанда «тежемелік және тепе-теңдік» жүйесі іс жүзінде жоқ. Бұл жаһандық бәсекелестіктегі ерекше маңызы бар қоғамдық құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ экономикалық тұрғыдан ең негізгі кәсіпорындарды басқару сияқты маңызды мәселелерде де көрініс табады. Трансперенси Интернэшнл сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 180 елдің арасында 122-орынға ие (яғни, 135-орындағы Ресейді, 140-орындағы Украинаны басып озған), осылайша өткен жылға қарағанда он позицияға көтерілген 18. Көптеген жылдар бойы Қазақстан Республикасының Үкіметі елдегі сыбайлас жемқорлықты болғызбауға тырысты. Президент Әкімшілігінің жанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Бас прокуратураның қарауында. Конрад Аденауэр атындағы қор бұл мәселеде оларға жәрдемдеседі. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаевтың қызметінен босатылуы және оның 2017 жылдың басында қамауға алынуы, сондай-ақ оған 2018 жылы үкім шығару қоғамдық өмірдің көптеген салаларында кең таралған сыбайлас жемқорлықтың шарықтау шегінің дәлелі болды 19. 17 Хельм Томас: Конрад Аденауэр атындағы Қордың «Алаң тапсырыста» атты елдік есебі, 2018 жылғы шілде, 2 б. 18 https://www.transparency.org/news/feature/corruption_perceptions_index_2017 19 https://thediplomat.com/2018/03/former-kazakh-economy-minister-sentenced-to‑10-years -on-corruption-charges/ 15 Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері Бішімбаев «Бәйтерек» холдингіндегі өзінің лауазымдық жағдайын теріс пайдаланғаны үшін айыпталды, атап айтқанда жұмыстарды орындауға мердігерлікті беру үшін пара алған 20. Істі тыңдау нәтижесінде Холдинг сапалы жұмыстардың орындалуы үшін құрылыс мердігерлігін бөліп берген, алайда бұл жұмыстар төмен деңгейде орындалғанымен, тапсырыс беруші сұраған парасын алып осы жұмысты қабылдап отырған. Әрине, мұндай жең астынан жалғасқан жемқорлық болған кезде, әділ бәсекелестік туралы айту да қисынсыз. Осындай жағдайлар «Бәйтерек» холдингінің және «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының басқару құрылымдарындағы өзгерістер туралы ойлануға себеп болуы керек. Бұл сондай-ақ нарықтық экономиканың қағидаларын ілгерілетудің негіздерін қамтиды. Нұрсұлтан Назарбаев 2015/16 жылдар қарсаңында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында екі кәсіпорынның да тиімді жұмыс істемейтінін, олардың шамадан тыс штаты жеке инвестициялардың ығыстырылып шығарылуына ықпал еткендігін атап өтті 21. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы осы жағдай, Ұлттық қордың ақшасы тек мемлекеттік бюджетке ғана емес, сонымен қатар басқа біреулердің қалтасына түсіп жатқанын көрсетеді. Екі ірі холдингті кішігірім құрылымдарға шұғыл түрде бөлу қажет, осының арқасында оларды бақылау және басқару оңтайлы әрі ашық болады. 2018 жылдың 5 шілдесінде ағылшын (британдық) жалпы заңының негізінде әрекет ететін, сондай-ақ ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге ықпал ететін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (AIFC) ресми ашылуы болды. Бұл Ұлттық әл-ауқат қорының сипатын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді және дұрыс басқарылатын болса осы саладағы сыбайлас жемқорлықты болғызбайды. Үкімет жариялаған және енгізген шараларының, мысалы полиция қызметкерлерін оқыту сияқты шаралары тұрақты бола ма, жоқ па – мұны соңғы жыл ішінде рейтинг көрсеткіштерінің жақсаруы негізінде анықтау мүмкін емес шығар. Дегенмен, бұл бастама мақтауға тұрарлық. 2017 жылдың 20 2017 жылғы 12 қаңтар 21 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы, 30 қараша, 2015 ж., 11 б. 16 Қазақстан экономикасының трансформациясы бас кезінен бастап Конрад Аденауэр атындағы қор Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ынтымақтастықты бастады. Әділ сауда және экономикалық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері басымдық болып табылады. Негізгі ұсынымдардың бірі – әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықты болғызбау мақсатында мемлекеттік келісімшарттар және монополияға қарсы органдардың палаталары сияқты құрылымдарды ұйымдастыру. Трансперенси рейтингінде Беларусь кейінгі екі жылмен салыстырғанда 39 позицияға көтеріліп, 107-ден 68-орынға ие болды 22. Бұл тіпті Беларусь сияқты тоталитарлық жүйелерде сыбайлас жемқорлықты болғызбау және азайту үшін мүмкіндіктер бар екенін көрсетеді. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әрбір жағдайы, биліктің нақты бөлінісі жоқ және заңдастырылған (демократиялық) билік Үкіметке қарсы емес жағдайлары мәселелерімен шектелетіндігін атап өту қажет. Басқаша айтқанда, Үкімет өзін-өзі бақылайтын кезде, жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдар өздерінің шеңберінде тежеледі. Әрине, қолданыстағы жүйеде барлық мүмкіншіліктер таусылған жоқ. Әсіресе сыбайлас жемқорлықтың күнделікті көрінісіне қарсы күресте – полицияда, мектептерде және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде көптеген іс-шаралар жасалуы мүмкін. Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі салыстырмалы түрде төмен деңгейдегі жалақы алады және сондықтан да жайлылық жолдарын іздестіреді. Жалақы мен зейнетақылардың артуымен, «қосымша табыс көздерін» табуға тырысушылық біршама азаяды. Бірқатар жағдайларда, көптеген мемлекеттік қызметшілердің тәуекелге дайын еместігі, яғни парақорлыққа байланысты айып тағылса, зейнеткерлікке шығу құқығы және жұмысынан айырылу қаупін туындататын сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Сыбайлас жемқорлықтың елге үлкен залал алып келетінін Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасымен экономикалық байланыстарына айтарлықтай әсер етуінен де көруге болады. 2009 жылы жаһандық банктік дағдарыстың салдарынан БТА банкінің банкрот болуына байланысты, банкті қайта құрылымдау және сақтап қалу кезінде «Самұрық-Қазына» қоры қыруар ақшаны жұмсады, бұл Германия 22 https://www.transparency.org/news/feature/corruption_perceptions_index_2017 17 Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері мемлекеті үшін шамамен 280 млн еуро көлемінде зиян келтірді, өйткені ол «Euler Hermes» компаниясы арқылы сақтандырылған мәмілелерді қайта сақтандырған болатын. Елдегі экономикалық дағдарыс және теңгенің күшті девальвациясы тұтастай алғанда несиелік операцияны күрделі етіп 23, залалдың өтелуін қиындатты. Сол уақыттан бері Қазақстандағы неміс бизнесі үшін неміс компанияларын «Hermes» арқылы ұзақ мерзімді несиелері бойынша сақтандыру тоқтатылды. Осылайша, ірі инвестициялар үшін жағдай қазір ең төменгі деңгейде, ал егер олар «Hermes» арқылы хеджирленетін болса, онда бұл инвестициялар шын мәнінде алып тасталады. Германия Федеративтік Үкіметі «Hermes» сақтандыру компаниясын қайта жандандыру үшін ысырап болған қаражатты төлеуді талап етеді. Бірнеше жыл бойы тоқыраудан кейін, мүдделі тараптардың пікірінше, жақын арада осы мәселені шешу жоспарлануда. Сонымен қатар, соманың шамалы бөлігі ғана келіссөздердің нақты нысанасы болып қалады. Екіжақты экономикалық қызметте бұл тежеуішті жою үшін екі тарап та консенсусқа қол жеткізу мақсатында қажетті икемділік байқатады деген үміттеміз24. Мұндай оқиғалар экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін ашу үшін елеулі кедергі болып табылады. Осылайша, 2016 жылдың бірінші жартысында Қазақстанға неміс экспорты өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға төмендеді; Қазақстаннан импорт осы уақыт аралығында 13 23 https://www.gtai.de/GTAI/Navigation/DE/Trade/Maerkte/Geschaeftspraxis/kreditvergabeund-zahlungsmoral, t=kreditvergabe-und-zahlungsmoral – kasachstan, did=1398466.html. 24 2019 жылдың маусым айында келіссөздер барысында серпінділікке қол жеткізілді, осылайша Hermes-ге сілтеме жасалған веб-сайтта мынадай ақпарат бар: «Экспорттық кредиттердің кепілдіктері жөніндегі Комитет (IMA) Қазақстанмен бизнес үшін жабуды айтарлықтай жақсартты. Негізінен бұл несие операцияларына қатысты. Мемлекеттік секторға кредит беру әлі күнге дейін Қаржы министрлігінің немесе Орталық банктің кепілгерлігін талап етті. Мұндай көп емес. Жеке секторға кредит берген жағдайда бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалған және расталған болашақ жылдық қаржылық есептілік жабу үшін жеткілікті болады. Қазақстандық банктер сондай-ақ тиісті тексеруден кейін кепілгер ретінде қайта қабылданатын болады. Сонымен қатар, IMA жабу алушылар ретінде жекелеген қаржы мекемелерін алып тастауды тоқтатты. Ағымдағы рұқсатты ел туралы ақпарат бөлімінен табуға болады» (https://www.agaportal.de/_Resources/Persistent/8d05f4e9f01f101c36a6d5095692bd02f4303 99b/ar302.pdf) 18 Қазақстан экономикасының трансформациясы пайыздан астам қысқарды 25. 2016 жылдан кейінгі кезеңде бұл жағымсыз үрдіс біршама көрінді. Жалпы, 2016 жылы Қазақстанға неміс экспортының 12 пайызға төмендеуі байқалады 26. 2017 жылы Германия және Қазақстан арасындағы сауда-саттық қайтадан жақсарды, мұнай бағасының күрт көтерілуіне әрі барреліне 70 доллардан астам тұрақтануына байланысты да болды. Мысалы, Германиядан импорт 16,4%-ға ұлғайып 1,3 млрд еуроны құрады, ал Германияға экспорт 23,5% өсті және өткен жылмен салыстырғанда 3,6 млрд еуроға жетті 27. Егер Германия мен Қазақстанның арасындағы терең әріптестіктің әлеуетін ескеретін болсақ, ең алдымен жоғары технологиялы Германия Қазақстандағы трансформацияның табысына айтарлықтай үлес қосуы мүмкін болса, онда Қазақстан Үкіметіне тек «Hermes» компаниясына байланысты мәселені жою үшін барлық қажетті шараларды жасауды ұсынуға болады. Залал келтірілгеннен бастап іс жүзінде он жылға жуық уақыттан бері бизнес қаншама мүмкіндігін жіберіп алды және уақыт өте келе келтірілген залал алдындағыдан асып түсті. 2012 жылы Германия мен Қазақстан арасында жасалған Шикізаттық келісімді іске асыру бойынша алғашқы жобалар 2018 жылдың басында басталса да (Ә. Мусинаның мақаласын қараңыз), тиісінше әлеуетіне қарағанда әлдеқайда төмен жүзеге асырылуда. Неміс кәсіпорындарының тарапынан «Siemens», «Thyssen-Krupp» және «Lanxess» сияқты компаниялар «білім мен технологияларды беру үшін айырбасталатын шикізат» қағидаты бойынша әрекет етуі тиіс Келісімді жасасуға қатысты 28. Мәселен, Қарағанды облысынан мысты Германияға жеткізу және өнеркәсіптік секторды цифрландыру саласында Қазақстанға Германия тарапынан қолдау көрсетуде осындай алғашқы жобалар бар. Неміс тарапы жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін инвестициялық жағдайларды қайта-қайта сынға алды. Олардың ішінде шарт талаптарының жеткіліксіздігі, шешімдер қабылдаудағы ашықтықтың жоқтығы, 25 Германия экономикасының Шығыс комитеті: 2016 жылдың қаңтарынан маусымына дейінгі сауда көрсеткіштері. 26 Германия экономикасының Шығыс комитеті: 2016 жылдағы Шығыстағы неміс саудасы. 27 https://www.oaoev.de/de/kasachstan 28 Дальманн, Анья (және басқалар): Неміс шикізаттық серіктестігі: болашақ перспективасы бар модель? Конрад Аденауэр атындағы қор, Талдаулар және дәлелдер, 137-басылым, қараша, 2013, 4 б. 19 Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері шикізаттық жобалардың экономикалық қайтарымдылығын жария ету үшін құқықтық қолдаудың болмауы және ақпараттың төмендігі 29 бар. Технологияларды беру үшін қажетті инвестициялар да сақталғандықтан, Шикізаттық шарт та сыбайлас жемқорлық пен заңды тазалықтың жеткіліксіздігі туралы мәселелерді көтерді. Президенттік республикадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің шектеулері мен ірі мемлекеттік холдингтердегі басқару тапшылығын ескеретін болсақ, 2016/17 жж. Жолдауында айтылған реформаларды жүзеге асыруға және конституциялық реформа жүргізуге тек Президенттің ниетін ғана қолдай аламыз, сонда олар да Конституциялық шындыққа айналады. 2017 жылдың қаңтарында Тұңғыш Президент Назарбаев Үкіметті қалыптастырудағы және Үкіметке қатысты бақылау функцияларына қатысты Парламенттің өкілеттігін кеңейту қажеттілігі туралы жариялады 30. Конституциялық реформа заңның қабылдануына байланысты мәлімдемелерге негізделгенімен, сол уақыттан бері Үкіметтің жұмыс тәжірибесі өзгерген жоқ. Президент әлі күнге дейін барлық ішкі саяси мәселелерді шешеді, ал бастапқыда Конституциялық реформа бойынша осы өкілеттікті биліктің басқа тармағына бермекші болғанын айта кету керек. Ең бастысы, барлық негізгі кадрларға қатысты шешімдерді өзі қабылдайды, ал дұрысында оған Парламент жауапты болу керек. Қазақстан жол айрығында тұр. Ел экономикасын және оның институттарын сәтті түрде өзгертуге мүмкіндігі бар. Алайда, барлық қажетті реформалар кешіктірілсе немесе мүлде орындалмаса, құлдырау қаупі де бар. Елде барлығын бақылайтын мемлекеттік экономиканың шамадан тыс сыбайлас жемқорлықпен байланысы, табиғи ресурстарға бай елін құлдыратуы да мүмкін. Мұны соңғы жылдары Венесуэла мысалынан (Трансперенси рейтингінде 166-орында) байқауға болады. Экспроприацияның агрессивті толқыны іскерлік білімі аз, бизнеске ыңғайлары жоқ, бірақ өзін-өзі байытуға құштар менеджерлердің (көбінесе бұрынғы әскери қызметкерлердің) қолдарына көптеген маңызды кәсіпорындарды берді 31. Нашар басқару нәтижесінде, бүгінгі күні азық-түлік пен дәрі-дәрмекпен 29 Сонда. 30 inform.kz. 25.1.2017; Rferl.org. 25.1.2017 31 Қараңыз. Хенниг Зур: Түбіне жету – Венесуэланың қираған үйінділерге жолы, Конрад Аденауэр атындағы Қордың шетелдік ақпараты, 3/2016 басылым, 65/66 бб. 20 Қазақстан экономикасының трансформациясы қамтамасыз етілмеген Венесуэла гуманитарлық апатқа тап болды 32. Әлемдегі ең бай мұнай қоры бар осы елден қазіргі уақытта жүз мыңдаған адамдар кедейшілік пен аштықтан құтылу үшін көршілес Латын Америкасы елдеріне босып кетті. Бұл – ақылға сыйымсыз жәйт. Табиғи ресурстар байлығы Қазақстан экономикасының діңгегі ретінде Әлемдік мұнай қорларының 1,8%-на иелік ететін Қазақстан өзінің ең маңызды өндірушілерінің арасында 18-орында тұрса, посткеңестік кеңістіктегі Ресейден кейін екінші мұнай өндіруші болып табылады 33. Алайда, географиялық жағынан бұл қорлар бүкіл ел аумағы бойынша біркелкі бөлінбейді. Мұнай және газ бассейндерінің еліміздің 62%-ын алып жатқандығына, 172-ден астам мұнай кен орны бар екендігіне қарамастан, ең ірі үш кен орны елдің батыс бөлігінде Каспий теңізінің маңында орналасқан 34. 32 Сонда. 70 б. 33 Слав, Ирина 2016: ЕО пен Қазақстан ынтымақтастығының стратегиялық перспективалары, МҰНАЙ БАҒАСЫ, 10/13/2016, http://oilprice.com/Latest-Energy-News/World-News/OilProduction-Starts-At-Giant-Kashagan-Field.html [18.01.2017] 34 KazMunaiGas (https://www.kmgep.kz/eng/about_kazakhstan/oil_and_gas_sector/) 21 Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері Дәлелденген мұнай қорлары (млн / баррель) 0 20 40 60 80 100 120 Қазақстан Ресей Әзербайжан Өзбекстан Түрікменстан Дереккөз: Умбах, Франк/Рашевский, Славомир 2016: ЕО және Қазақстан арасындағы екіжақты энергетикалық ынтымақтастықтың стратегия‑ лық перспективалары, Конрад Аденауэр атындағы қор / Еуропалық энер‑ гетикалық және ресурстық қауіпсіздік орталығы, 21 б.: http://www.kas.de/ wf/doc/kas_44337–1522–2–30.pdf?160519070605 [17/01/2017] Бұл үш кен орны, яғни Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған елдегі мұнай қорының көп бөлігін қамтиды 35. Сонымен қатар, тәулігіне 250 мың баррель және тәулігіне 600 мың баррель құрайтын Қарашығанақ және Теңіз кен орындары сәйкесінше елдегі жалпы мұнай өндірісінің жартысын құрайды 36,37, . Мұнай-газ секторын одан әрі дамыту үшін Қазақстан Үкіметінің жоспарларында әртүрлі себептер бойынша екі кен орны да маңызды рөл атқарады. Теңіз Қазақстан Үкіметі 2016 жылдың шілдесінде Теңіз кен орнынан мұнай өндіруді тәулігіне 850 мың баррельге дейін ұлғайту үшін 36,8 миллиард 35 Разави, Хоссейн 2014: Орнықты энергетика секторы: Айтжанова, Ақтоты / Кацу, Шигео / Линн, Йоханнес Ф. / Ежов, Владислав (басылым): Қазақстан –2050, «Баршаға арналған заманауи қоғамға», 113-145 бб., – мұнда: 115-бет. 36 Теңізшевройл 2016: Компания шолуы, Теңізшевройл, http://www.tengizchevroil.com/ about/overview [17.01.2017] 37 Разави, Хоссейн 2014: Орнықты энергетика секторы: Айтжанова, Ақтоты / Кацу, Шигео / Линн, Йоханнес Ф. / Ежов, Владислав (басылым): Қазақстан –2050, «Баршаға арналған заманауи қоғамға», 113-145 бб.,- мұнда: 115-бет. 22 Қазақстан экономикасының трансформациясы АҚШ долларын инвестициялауды мақұлдады. Бұл тәулігіне 670 мың баррельден күніне 1,4 миллион баррельге дейін кезең-кезеңмен шығарылуы тиіс 5,4 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі CPC (Caspian Pipeline Consortium) құрылысы жобасының аясында жүргізілуде. CPC құбырын салу арқылы Қазақстан Үкіметі Украина мен Грузия сияқты геосаяси тұрақсыз транзит елдеріне тәуелділігін төмендетуге және Ресейдің Қара теңіз порты арқылы Новороссийск арқылы Еуропа елдеріне мұнай экспортын ұлғайтуға ниетті. Сонымен бірге бүгінгі жаһандық күрделі ортадағы нарық үлесі, 2007 жылдан бастап CPC құбырының транзиттік қуатынан асып түскен Теңіз және Қарашығанақ кен орындарынан жоғары сапалы шикі мұнайды сату есебінен қамтамасыз етілуі керек. Қарашығанақ Қарашығанақ кен орнының құны энергияның тиімділігін және ішкі тұтынуды тек мұнай өндіруден ғана емес, сондай-ақ жергілікті газды өндіруге қатысуды 45%-ға арттыру бойынша жоспарларымен айқын көрінеді 38. Қазақстанда газ көлемі шамамен 85 трлн текше футқа жетіп 39, әлемде 18-орынға ие болса да бүкіл елдің қажеттіліктерінің бір бөлігін ғана қамтиды, ал оның қалған бөлігін елге Өзбекстан мен Ресейден импорттауға мәжбүрлейді 40. Осы тұрғыдан алғанда, 2005 жылы мұнай өндіру кезінде ілеспе газды жағу заңға түзетулермен тыйым салынған болатын, ал шетелдік мұнай компанияларына мұнай көздерінен келетін газды кәдеге жарату немесе кері айдау керек деп айтылған. Газды кері айдау арқылы резервуардағы қажетті қысым сақталып, мұнай өндіруді елеулі 38 2016 жылғы табиғи газ әлемі: Астана «Қарашығанақ» серіктестерінен $1,6 млрд үмітті, «Табиғи газ әлемі», 07.04.2016, http://www. naturalgasworld. com/astana-claims‑1.6bnfromkarachaganak-partners‑28955 [17.01.2017] 39 Разави, Хоссейн 2014: Орнықты энергетика секторы: Айтжанова, Ақтоты / Кацу, Шигео / Линн, Йоханнес Ф. / Ежов, Владислав (басылым): Қазақстан 2050 – «Баршаға арналған заманауи қоғамға», 113-145 бб., – мұнда: 118-бет. 40 Еникеев, Шамиль Мидхатович 2008: Қазақстан газы: экспорттық нарықтар және экспорттық бағыттар, Оксфорд Энергетикалық зерттеулер институты, 93-97 бб. https://www. oxfordenergy.org/wpcms/wp-content/uploads/2010/11/NG25-KazakhstansgasExportMarketsan dExportRoutes-ShamilYenikeyeff‑2008.pdf 23 Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері түрде арттыруға болады. Қазақстандық газдың басым бөлігі – бұл мұнай өнімдерінің жанама өнімі ретінде шығарылатын мұнай газы 41. Бұл әсіресе Қазақстандағы ірі, бай мұнай кен орындарына қатысты: жалпы газ көлемінің 75% тек Қарашығанақ, Теңіз, Имашев және Қашаған кен орындарында ғана өндіріледі 42. Екінші жағынан, мұнай өндіруді ұлғайту үшін табиғи газды қайта кәдеге жарату есебінен, отандық энергиямен жабдықтауда газдың рөлі үшін тығыз шекаралар белгіленді. Елдің батысында шығарылған газды солтүстік-батыс елді мекендеріне тасымалдау үшін толығымен дамыған инфрақұрылым әлі күнге дейін ішкі энергия теңгерімінде газдың маңыздылығын шектеді. Осыған байланысты, мақсаттың табыстылығына сәйкес «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» құжатында тұжырымдалған елдегі электр энергиясын тұтынудағы газ үлесін едәуір арттыру үшін тиісті газ құбырларын салу бойынша елеулі күш-жігер жұмсалады. Дегенмен, Үкімет бұл мәселені шешті. Осылайша, Алматы 2017 жылдан бастап Қазақстаннан Қытайға 1400 шақырымнан астам созылған газ құбырының артықшылықтарын пайдаланады 43. Осының нәтижесінде Алматыда көмір электр станцияларын газдандыру басталды. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік-батысынан солтүстікке қарай тағы бір газ құбыры салынады, оған Астана мен Қарағанды қосылатын болады. Жоғарыда келтірілген мәліметтерден екі мәселені бөліп алу мүмкіндігі бар. Біріншіден, газ тасымалдау инфрақұрылымына инвестициялар Қазақстанның энергетикалық теңгерімінде таскөмірдің өте жоғары үлесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді (бұрын: 63%), ол электр энергиясын беру мен жылу энергиясын өндіруде басымдыққа ие. Екіншіден, газ инфрақұрылымының жетіспеушілігі, сонымен бірге жаңартылатын энергия көздерін, ең алдымен ауылдық жерлерде орталықтандырылмаған жылуды тұтынуға мүмкіндік береді, себебі инфрақұрылымның қажеттілігі, кейде тіпті көмірді пайдаланғаннан да төмен. 41 Еникеев, Шамиль Мидхатович 2008: Қазақстан газы: экспорттық нарықтар және экспорттық бағыттар, Оксфорд энергетикалық зерттеулер институты, 21 б., https://www. oxfordenergy. org/wpcms/wp-content/uploads/2010/11/NG25-KazakhstansgasExportMarketsa ndExportRoutes-ShamilYenikeyeff‑2008. pdf [17.01.2017]. 42 Витте, Мишель: Табиғи газ: Қазақстанның басқа табиғи ресурстары, қорытынды, http:// www. edgekz. com/natural-gas-kazakhstans-natural-resource/ [17.01.2017]. 43 http://www.chinadaily.com.cn/business/2017–04/15/content_28939945.htm 24 Қазақстан экономикасының трансформациясы Қашаған Қашағанның геологиялық қорлары 38 миллиард баррель мұнайды құрайды, оның 10 миллиарды өндірілетін болады 44. Осылайша, Қашағанда тәулігіне 1,66 млн баррельге дейін өндіруге болады; OPEC‑ке мүше ел ретіндегі Ангола тәулігіне осындай мұнай өндіреді 45. Бұдан басқа, кен орнында 1 млрд текше метрден астам газ қоры бар. Дегенмен, кен орнын игеру жақында үлкен техникалық қиындықтар тудырды және түпкілікті іске қосу 2016 жылдың қыркүйегінде ғана ұзақ мерзімді кешіктірілумен өтті. Бастапқыда 10 миллиард доллардан 100 миллиард долларға дейінгі жобалық шығыстардың артуы, италиялық мұнай компаниясымен басқарылатын «ENI» Каспий құбыржол консорциумы ішіндегі жанжалға алып келді, ал бұл техникалық мәселелерді еңсеруді қиындатты. Әрине, барлау жұмыстарының құнының әрдайым жоғары болуына байланысты 2017 жылы Қазақстан Ресеймен бірлесіп мұнай бағасын көтеру үшін OPEC елдерінің өндірісіндегі төмендеуді қолдауға дайын болды, алайда Қашаған үшін тиісті Қағидалар шеңберінен шегінді. Мұнай-газ секторына экономикалық тәуелділік Дағдарыс кезеңіндегі күрделі нарықтық жағдайға қарамастан 46 (42,81 $ / барреліне – 2016 жылғы орташа жылдық баға) Қазақстан үкіметі нарықтың барлық үлесін және оны бюджетке түсімін қолдауды қамтамасыз ету үшін мұнай өндіруді кеңейту туралы шешім қабылдады. Мұнай сатудан түсетін пайда қазақстандық мемлекеттік бюджеттің 60%-ын құрайды және осылайша Үкіметтің қаржылық жоспарлауында іргелі жобалардың бірі болып табылады. 2018 жылы мұнайдың орташа бағасы бір баррель үшін 75 долларға дейін өсуі екі мәселені көрсетеді. Қазақстанның экономикасы ішінара қалпына келтірілді, ал дағдарыс кезеңінде ЖІӨ‑нің өсу қарқыны 3%-дан 4%-ға дейін артты, алайда дағдарысқа дейін бұрынғы өсу көрсеткіштеріне 44 Аббасова, Нигяр 2016: Қазақстандағы мұнай өндірісінің қысқаруы, AZERNEWS, 08.22.2016, http://www.azernews.az/region/101187.html [17.01.2017] 45 Каллус, Эндрю. Тұралап Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері оралмады 47. Мұнай бағасының төмендеуіне негізделген дағдарыс мұнай экспортына тәуелді Қазақстан экономикасының тұрақсыздығын көрсетіп отыр, бірақ сол уақыттағы мұнай бағасының жоғары болуы осы Орталық Азия мемлекетінің экономикасын тұрақты дамыту үшін жеткіліксіз. Дағдарыс кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев экономиканың тұрақсыздануы жағдайы мен ұлттық валюта теңгенің айтарлықтай төмендеуін ескере отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры мен зейнетақы қоры қаржыландыратын бірқатар дағдарысқа қарсы құтқару топтамасын дайындауды қажет деп есептеді. Мысалға, 2014 жылы қазақстандық банктер 5 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржылық қолдау алды, ал жұмыссыздықпен күресте 2,8 миллиард доллар бөлінді 48. 2017 жылға дейін «Нұрлы жол» бағдарламасының конъюнктурасы аясында экономиканы әртараптандыру, жұмыс орындарын құру және бірінші кезекте жергілікті инфрақұрылымды дамытуға 1 млрд доллар инвестициялады 49. 0 30 60 90 120 150 20 40 60 80 100 Венесуэла Сауд БАӘ Арабиясы Оман Катар Ресей Нигерия Кувейт Ливия Қазақстан Иран Бахрейн Мемлекеттік бюджеттегі мұнай кірістерінің үлесі (%) Дереккөз: Stratfor 47 https://de.statista.com/statistik/daten/studie/323350/umfrage/ wachstum-des-bruttoinlandsprodukts-bip-in-kasachstan/ 48 AsiaNews.it 2008: Қазақстан үкіметі жаһандық қаржы дағдарысы жағдайында шешімдер табу үшін белсенді қадамдар жасауда, 22.10.2008, http://www.asianews.it/news-en/Kazakhgovernment-taking-aggressive-steps-to-tackle-global-financial-crisis‑13548.html [17.01.2017] 49 Уатханов Ерболат, Қазақстан Президенті экономикаға жаппай жаңа инвестициялар туралы тапсырма берді, 11.02.2016, http://astanatimes.com/2016/02/kazakh-president-ordersnew-massive-investments-in-economy/ [17.01.2017] 26 Қазақстан экономикасының трансформациясы Жаңа стратегиялық теңестіру және «ҚазМұнайГаздың» рөлі Мұнай-газ инфрақұрылымына, атап айтқанда, CPC құбыржолын салу және Каспий көлік жүйесін құру сияқты инвестицияларға басымдық беріледі. Шикі мұнайдың бір баррелін өндіру орташа құны 28 АҚШ долларын құрайды, дегенмен бұл есептеу қазақстандық мұнай секторының қайтадан пайда табуы үшін көлік шығындарының жоғары деңгейін немесе транзиттік төлемдерді білдірмейді, бұл әлемдік нарықтағы шикі мұнай бағасының жаңа өсуіне байланысты болады 50. Қазақстандық мемлекеттік бюджетті теңестіру үшін әлемдік нарықтағы баға кем дегенде 66 АҚШ доллары болуы керек екендігін ескере отырып, өндірістік шығындардың төмендеуі де басымдыққа ие 51. Бұдан басқа, тасымалдаудың шектеулі мүмкіндіктері мұнай өндіруді дамытуға және еліміздің экспортын ұлғайтуға кедергі келтіреді. Қазақстан Үкіметі жылына 558,5 млн баррельден өнім өндіруді жылына 1,1 млрд баррельге дейін арттыру жөніндегі жоспарларын іске асыруы үшін зор қаржылық күшжігер мен саяси сараптама қажет 52. 2002 жылы құрылған «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай компаниясы (KMG) мемлекеттің оң қолы ретінде жетекші рөл атқарады. Иран, Ирак және Ливиядағы шикізат өндірісінің артуы, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарындағы сланец революциясы арқасында жаһандық мұнай нарығындағы артықшылықты ескере отырып, компания өзінің стратегиялық басымдықтары мен ұзақ мерзімді мақсаттарын қайта анықтады. Компанияның бастапқы қаржылық жағдайын жақсарту және жоғары әрі төменгі секторларға арналған тұрақты кәсіпорынға апстрим- және даунстрим-секторлары үшін (мұнай өндіру және өндіру, сондай-ақ оны тасымалдау) оны қайта құруды жеделдету мақсатында ҚМГ шикізатты өңдеуді, 50 Петрофф, Аланна / аспектілері яғни шикізатты қайта өңдеу секторынан бөлуге ниетті 5354, . Мұндай стратегияның үлгісі 2015 жылдың желтоқсан айында «CEFC China Energy Company Ltd.» қытай компаниясының 4 миллиард долларға ҚазМұнайГаз Интернэшнл (KMGI) компаниясын сатып алуы болып табылады 55. Бұған ҚМГ‑ға тиесілі Қара теңіздегі (Румыния) «Petromidia» мұнай өңдеу зауытын сату да жатады. Бұл іс-шараға 2016 жылы жекешелендіру бағдарламасының аясында Павлодар, Атырау және Шымкент қалаларында ескі үш мұнай өңдеу зауыттарымен сауда-саттық өткізу де маңызы жағынан тең келеді 56. 2012–2014 жылдардағы қайта жаңғыртуға қарамастан, бұл зауыттар қазақстандық мұнай өнімдерінің нарығына сұранысты қанағаттандыра алмайды, оны 2017 жылдың жаз мезгілінің соңында болған жағдай дәлелдеді. Оның орнына, 30%-ға жуық жалпы сұраныстың тапшылығы Ресей Федерациясының импорты есебінен жабылады 57. Сонымен қатар, жаңа МӨЗ жаңғыртуға және салуға салынған инвестициялар Ресейге экономикалық тәуелділікті қысқартып қана қоймай, сондай-ақ Еуропаға жоғары октанды бензин немесе керосин сияқты жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты экономикалық және геосаяси тұрғыдан бизнес-стратегияны сын тұрғысынан қайта қарастыру керек. 53 Авторлық ескертпе: Апстрим: шикі мұнайды өндіру; Мидстрим: мұнайды тасымалдау; Даунстрим: шикі мұнайды қайта өңдеу (рафинерия); 54 «ҚазМұнайГаз» 2016: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы, 01.03.2016 ж. ҚазМұнайГаздың» ішкі стратегиялық құжаты. 55 Коэн, Ариэль 2016: Қазақстанның мұнай және газы: қуатты серіктестік әлеуеті, Таяу Шығыс институты, 04.04.2016, http://www. mideasti. org/sites/default/files/Cohen%20Op-Ed. pdf [17.01.2017]. 56 Коңырова, Күлпаш 2015: Қытай қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын сатып алуды ойластырып отыр, NEWEUROPE, 11.11.2015, https://www. neweurope. eu/article/ chinamullsbuying-kazakh-oil-refineries/ [17.01.2017]. 57 kazinform 2014: Қазақстан Ресейден түрлі отын өнімдерінің 30% импорттайды, kazinform, 05.11.14: http://www.inform.kz/en/kazakhstan-imports-up-to‑30-of-various-fuel-productsfrom-russia_a2713663 [17.01.2017] 28 Қазақстан экономикасының трансформациясы 1992 1994 1996 1998 2000 2000 1800 1600 1400 1200 1000 800 600 400 200 0 2002 2004 2006 2008 2010 2012 2014 Шикі мұнайды өндіру Шикі мұнайды экспорттау Шикі мұнайды тұтыну Қайта өңделген мұнай мөлшері Дереккөз: indexmuni, Observatory of Economic Complexity Мидстрим-сектордың (мұнай тасымалдаудың) мәні Мидстрим-сектордың маңыздылығы немесе шикізатты тасымалдау, бұл жағдайда шикі мұнай экономикалық қажеттіліктерден ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің геосаяси көзқарасынан туындайды. Б

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет