Бастау Бастау



Дата11.01.2017
өлшемі14,66 Kb.
#7070
  • Бастау
  • Бастау
  • Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік : Мәтін мазмұнын терең ашу, жаңа сабақтың авторымен танысу, тақырыптың неге былай аталғанын ұқтыру, қызығушылықтарын оята отырып, оқушылардың өздеріне тақырыптың мазмұнын ашуға жол салу,топпен және жеке жұмыс жолдарын жұргізу,мадақтау, бағалау.
  • 2 Дамытушылық :Оқушылардың жеке ойлау қабілеттерін ашу,сөздік қорларын молайту, өз пікірлерін ашық-анық  айтуға мүмкіндік жасау, пікірлерін дәлелдей білуге, және шығармашылық қабілеттерін дамыту.                                           
  •   3. Тәрбиелік: Ұжымда тыныштық сақтауға, бірін-бірі тыңдауға, жағымсыз қылықтан арылуға, адамгершілік қасиет мен білімге тәрбиелеу.
  • Үй тапсырмасы
  • Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»
  • «Көкшетау»
  • Сәуірдің он екісі
  • Жолтай Әлмашұлы
  • Орманның оянуы
  • Жолтай Әлмашұлы (14.02.1957, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы) – жазушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты.
  • ҚазМУ-дың журналистика (1979) факультетін.
  • Алматы жоғары партия мектебін (1991) бітірген.
  • 1979-89 жылы Қызылорда облысында газеттерде, комсамол жұмысында.
  • 1991 жылдан Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында, Президент пен Үкімет аппаратында референт, консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
  • Қазір үкіметтік басылымдарының бас редакторы.
  • Мәтінмен жұмыс
  • Терек
  • Үйеңкі
  • Тобылғы
  • Қайың
  • -Сен ағаштардың арасындағы татулықты білесің бе?
  • -Түсінбедім......
  • -Орман ағаштары бір-бірімен бауырмал болып келеді.
  • -Оны қалай байқауға болады?
  • -Мен оны өз көзіммен көргенмін.
  • Атай екеуміздің арамыздағы әңгіме осылай басталып кетті.
  • -Баяғыда-а,-деді атай сөз бастап. –Менің жас күнімде болған бір қызық жайт әлі есімнен кетпейді.
  • Бір жолы есік алдына жаңадан қора салатын болдық. Әкей үй жанында жатқан ескі-құсқы ағаштармен бітіре салмақшы еді, мен оған көнбедім. Орманға барып, жаңа ағаш кесіп әкелем дедім.
  • Обал болады ғой, құлыным,-деді әкем. Қора үшін осы үйдегілер де жарап жатыр.
  • -Жоқ, мен барып келем.
  • Сөйттім де, балтаны өткірлеп, бір досымды ерітіп, ауылдан алыстау орманға кеттік. Әрине, орман ішінде не көп, ағаш көп. Жуаны керек пе, жіңішкесі керек пе-бәрі бар. Тек таңда да, кесіп ала бер. Досым айтты:
  • -Осы шетінен алайық та қайтайық,-деді.
  • -Жоқ,ортасында түзулері көп болады, соларды кесейік,-дедім мен.
  • Қысқасы, не керек, орман ішіне кіріп кетіп, әр ағашқа балта ұрып, аралап жүрміз. Біреуінің ұзындығы ұнамайды, біреуінің жуандығы келіңкіремейді. Әзер дегенде түп-түзу өсіп тұрған қайың ағашын таңдап, соны қырқуға кірістік. Екеуміз екі ағашқа балта ұра бастадық. Кенет орман ішінде жел көтерілгендей болды. Айнала суылдап, ысқырып, адай-түлей бола бастады.
  • -Мен қорқайын дедім, қайтсақ қайтеді, а?!-деп дрсым үрейлене сойледі. Мен алған бетімнен қайтпадым. Ағашты құшақтай ұрып, кесіп жатырмын. Біңр кезде айналадағы ағаштардың бұтақтары салбырап, бетімнен сабалай бастадын.
  • “Бұнысы несі!” деп ойлап қоям ішімнен. “Ағаштар да өстуші ма еді...”
  • Сәлден соң айналамыздағы бүкіл ағаш қозғалып, теңселіп-теңселіп кетті, бйздің үстімізге құлап кетердей боп тербеле бастағанын байқадым. Енді өзім де қорқа бастадым. Шынымен-ақ мына долы желден айналадағы ағаштар сынып кетіп, басымызға құласа, осы жерде сеспей қатып қалармыз ә...
  • -Сені білмеймін, мен кеттім,-деп, досым құрал-сайманын жинастыра бастады.
  • Бұл кезде орман іші алай-түлей күйге ұласып кетіп еді...
  • Алды-артымызға қарамай, тезірек жазыққа шығуға асықтық.
  • Ең қызығы-біз жазық жерге шыққанда жел уілін естімелік.Айнала тып-тыныш. Түк болмағандай.
  • Ауылға оралғанда осы оқиғана әкейге айтып беріп ем, ол кісі:
  • -Орман оянып кеткен гой,-деді.
  • -Оны қалай түсінеміз?
  • -Е,қарағым, орманда тірі тіршілік иесі. Олар оянса, өте қиын жағдай болады. Қайта аман-есен шығып кеткендерің жақсы болған. Әйтпесе, тір оралуларың да қиын болып қалуы мүмкін еді.
  • -Міне,-деді атай күлімсіреп. –Міне, мен осылайша орманның ашуына қала жаздағанмын. Содан бері қарай орманға барып, ағаштқырқып көоген емеспін.
  • Сұрақ жауап әдісі
  • 1 топқа “Орманның оянуы” дегенді қалай түсінесің?
  • 2 топқа Осы әңгімеге ұқсайтын қандай шығарманы
  • оқыдың? Айтып бер.
  • 3 топқа Әңгіме көңіліңе қандай ой түйді?
  • 4 топқа Алмабек не үшін ағаштардан таяқ жеді, ал
  • осы әңгімедегі оқиғада ағаштар неге
  • ашуланды?
  • Сергіту сәті:
  • Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.
  • Жаттығудың жүргізілуі: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?
  • Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып  барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып  қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.
  • Алдыңғы тұрған  баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.
  • Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады... Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғап, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.
  • Топпен жұмыс
  • 1 топқа Мәтін бойынша сурет салу.
  • 2 топқа Эссе жазу.
  • 3 топқа Екі әңгімен салыстыра отырып, кенеттен болған өзгерістерді кестеге толтыр.
  • 4 топқа Ормандағы ағаштардың қандай пайдасы бар?
  • Бердібек Соқпақбаев
  • Ағаштар неге ашуланды?
  • Жолтай Әлмашұлы
  • Орманның оянуы
  • Қане әрқайсысымыз өзімізді орманда журміз деп елестетейік, қалың ағаштар арасында ағаш жапырағына өз тілек армандарымызды жазып, тілек ағашына жапсырайық.
  • Сабақты бекіту:
  • Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
  • Ағаштарды кесуге, жарақаттауға бола ма екен?
  • Бізге қандай пайдасын беріп отыр?
  • Сендер бүгінгі әңгімедегі кейіпкердің орнында болсаңдар не істер едіңдер?
  • Қорытындылау:
  • Түсініп оқу, орман суретін салу.
  • Үйге тапсырма:
  • Назар аударғандарыңызға
  • рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет