179
- мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және ма-
зутты сату;
- лотереяларды ұйымдастыру және өткізу;
- жер қойнауын пайдалану;
- шыны ыдыстарды жинау және қабылдау;
- түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (сақтау),
сақтау, өңдеу және сату;
- кеңес беру қызметтері;
- бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет;
- сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру
және брокерлік қызметі;
- құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет;
- қаржылық лизинг шеңберінде қызмет.
2) әртүрлi елді мекендерде салық салу объектiлерi бар ЖК-лар;
3) агенттiк шарттар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн ЖК арнаулы салық
режимін қолдануға
құқығы жоқ
.
9.3. ШАҒЫН БИЗНЕС ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІН ҚОЛДАНУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Арнаулы салық режимі (АСР) – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін
белгіленген және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін салықтың және төлемдердің
жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін, сондай-ақ салық
есептілігін табыс етуді қарастыратын бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
Шағын бизнес субъектілері үшін АСР-ді келесі шарттарға сәйкес келетін ЖК-лер
қолдануға құқылы:
1) салық кезеңіндегі
жұмыскерлердің орташа тізімдік саны
оңайлатылған де-
кларация негізінде және тіркелген шегерімді пайдаланумен АСР бойынша қызмет-
керлердің санынан аспайды;
2) салық кезеңіндегі патент
бойынша кіріс
оңайлатылған декларация негiзiнде
және тіркелген шегерімді пайдаланумен АСР-де көзделген шектен аспайды.
ЖК үшін АСР-ге (арнайы салық режимі) мыналар кіреді:
Достарыңызбен бөлісу: