177
9.2. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ, САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ МЕН БЮДЖЕТКЕ
ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР, САЛЫҚ
РЕЖИМДЕРІ
Салық мiндеттемесi ЖК-ның мемлекет алдындағы мiндеттемесi деп танылады,
оған сәйкес ЖК мынадай iс-әрекеттердi атқаруы тиіс:
1) салық органында тіркелу;
2) салық салу объектiлерiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объек-
тiлердiң есебiн жүргiзедi;
3) салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер,
салық базасы мен салық ставкалары, бюджетке төленетiн салықтардың және
төлемдердiң сомаларын, сондай-ақ Салық кодексiнiң ерекше бөлiмiне сәйкес
аванстық және ағымдағы төлемдердi есептейді;
4) салық есептiлiгiн, салық салу нысандарын және Салық кодексiнде белгiлен-
ген өзге де нысандарды белгiленген тәртiппен салық органына әзiрлейді және өт-
кізеді;
5) Бюджетке төленетін салық және төлемдер бойынша есептелген және төле-
нетін сомаларды, салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық
және ағымдағы төлемдерді Салық кодексінің арнайы бөлігіне сәйкес төлеуге мін-
детті.
Достарыңызбен бөлісу: