197
Хабарлама – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган не-
месе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен нысан бойынша өтiнiш
берушi жасаған, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны
немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат.
Әрі қарай, негізгі терминологияны меңгергеннен кейін, сіз қандай кәсіпкерлік
қызмет түрі рұқсатнамалық бақылауға жататынын білуіңіз керек.
Ол үшін сіз өзіңіздің жұмыс кейісіңізді таңдауыңыз қажет, жоғарыда санама-
ланған рұқсат құжаттарының үш санатының бірін ресімдеу үшін рұқсатнамалық
құжаттар тізбесінен сізге қажетті талаптар бар ма екенін қарастыруыңыз керек.
Рұқсат құжаттарының тізбесін қайдан қарауға болады?
Біріншіден, компьютерде жұмыс істей білуіңіз керек. Бұл уақыт талабы, өмірлік
қажеттілік, уақытыңызды үнемдейді, жүйкеңізді сақтайды.
Егер компьютеріңіз жоқ болса, ХҚКО барыңыз, онда өзіне өзі қызмет көрсету
зонасы бар, онда сізге қажетті барлық ақпаратты қалай алуға болатынын көрсетеді
әрі тегін аласыз.
Тізбені қарау үшін үкіметттік НҚА сайтына кіру жеткілікті, еш қиындығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: