193
жетімді болуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдай-
ларды қоспағанда, мұндай ақпарат тегін беріледі.
4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты барлық рәсімдер мен та-
лаптар нақты және түрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынаны қамтуы тиіс.
Басқаша
айтқанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шеңберінде сіз биз-
несіңізді жүзеге асыруды қажет ететін ақпаратты уәкілетті мемлекеттік орган-
ның (рұқсат беру үшін жауапты) тегін және заңнамада көзделген мерзімдерде
ұсынуын талап ете аласыз!
Жеке кәсіпкерліктің субъектілері бірдей құқықтарға ие, атап айтқанда:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе,
кез келген
жеке кәсіпкерлік түрін жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбектi пайдала-
ну арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен филиалдар
мен өкiлдiктердi құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген жағдайларды
қоспағанда, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) бағаларын дербес
белгiлеуге;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтелетін негізде қаражат (қарыз) беруге;
6) оның құқықтық қабiлетi шегiнде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асы-
руға;
7) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн құруға;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген
бірлестіктері арқылы са-
раптама кеңестерінің жұмысына қатысуға;
9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын
бұзуға жауапты адамдарды
жауапқа тарту жөнiндегi қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау
және мемлекеттiк органдарға жүгінуге;
10) өздерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сот билiгiне жү-
гiнуге;
11) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк
құқықтық актiлердiң орындалмауына немесе тиiсiнше орындалуына ықпал ететiн
себептер мен шарттарды жою туралы мемлекеттiк органдардың қарауына ұсыны-
стар енгiзуге;
12) әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске
асыруды арқылы немесе оның қатысуымен бизнестің
әлеуметтік жауапкершілігі
жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: