«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша



Pdf көрінісі
бет148/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   196
Байланысты:
edu kk

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша
МӘМС есептеудің объектісі жұмыс берушінің жұмыскерге табыс түрінде төлен-
ген шығыстары болып табылады. 
ЖК жалдамалы жұмыскер үшін ай сайын МӘМС-ті жұмыскер кірісінің 1,5% 
мөлшерінде есептейді және төлейді.
ЖК 220.00 нысаны бойынша декларацияны салық органына жылдың 31 нау-
рызынан кешіктірмей орналасқан жерінде береді, ал ЖК табысы бар ЖТС 10 сәуір-
ден кешіктірмей төленеді.
Жұмыскерлердің табысынан оның пайдасына ұсталатын ЖТС, әлеуметтік са-
лық, МЗЖ, әлеуметтік аударымдар, МӘМС және жалдамалы жұмыскерлер үшін ЖК 
200.00 түріндегі декларацияда көрсетеді, ол салық органдарына есепті тоқсаннан 
кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей беріледі, ал төлем табыс табысталған 
ай аяқталғаннан кейін 25 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізіледі.


189
Осылай, егер жалдамалы жұмыскерлерге 2018 жылдың маусым айындағы та-
бысы маусым айының соңғы күнінде төленсе, онда декларация 200.00 түріндегі 
декларация 15 тамыздан кешіктірмей салық органына жіберілу тиіс, ал жұмыс-
керлерге ЖТС, өзіне және жұмыскерлерге әлеуметтік салықты 25-інші шілдеден 
кешіктірмей төлеу. Яғни декларация тоқсан сайын беріледі. Ал жұмыскерлерге 
ЖТС, ЖК мен жұмыскерлерге әлеуметтік салықты төлеу ай сайын жүргізіледі.
МЗЖ төлеуге келсек, онда ұсталған (есептелген) МЗЖ бірыңғай жинақтаушы 
зейнетақы қорына аударылады:
1) Қызметкерлерге төленетін кіріс ақысы – табыс төлеу айынан кейінгі айдың 
25-інен кешіктірмей;
2) ЖК оның пайдасына есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төле-
неді.
Жеке кәсіпкер әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру 
қорына есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлейді.
МӘМС міндетті медициналық сақтандыру қорына ЖК-мен есеп беру айынан 
кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді. 
Сонымен қатар, салық салудың жалпы бекітілген режимі бойынша жұмыс істей-
тін ЖК бухгалтерлік есепті, салықтық есепке алу тіркелімдерін жүргізуге және са-
лықтық есепке алу саясатына ие болу міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет