«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет146/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   196
Байланысты:
edu kk

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 
Бірыңғай жер салығын төлеушілер 2018 жылдан бастап ай 
сайын әлеуметік төлемдер мен қызметкерлер табысынан жеке табыс салығын 
төлейді.
Салық кезеңі күнтізбелік жылды құрайды. Салық төлеушілер «Бірыңғай жер 
салығын төлеушілерге арналған декларация» 920.00 нысанында есепті салықтық 
кезеңнен кейінгі 31 наурыздан кешіктірілмей ұсынады.
Ауылшаруашылық өнімдерін, балық шаруашылығы өнімдерін өндірушілер 
мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған АСР.
АСР-ды қолдануға құрылымдық бөлімшелері, еншілес ұйымдары бар, АСР қол-
данатын басқа заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары болып табылатын, 
резидент емес заңды тұлғалардың АСР қолдануға құқығы жоқ.
АСР акцизделетін тауарларды өндіру немесе өңдеу қызметіне қолданылмайды. 
КТС немесе ЖТС, әлеуметтік салық, мүлік салығы мен көлік салығының есептелген 
сомалары 70%-ға азайтылады. Жеке есеп жүргізу шартында, салық төлеушілер 
ҚҚС-тың қосымша сомасын есептеуге (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 
411-бабы) құқылы. Бюджетке салық төлеу және есеп беру жалпы белгіленген 
тәртіппен жүзеге асырылады.
9.5. ЖК ҮШІН ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ САЛЫҚ РЕЖИМІН ҚОЛДАНУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Бұл салық режимі АСР-ға қатысты белгілі бір артықшылықтарға ие, өйткені 
мұнда кіріс мөлшері мен қызметкерлер санына шектеу қоймайды.
Бұған қоса, бұл салық режимі ЖК-ге жарамды, бұл патентке немесе ОД-ге негіз-
делген АСР қолдану барысында есепке алынбайтын айтарлықтай шығындарға ие.
220.00 нысанымен ЖТС бойынша декларация мен ЖТС төлеу жалпыға бел-
гіленген режимде ЖК жылына бір рет төлейді.
Салық сомасы шығыстар сомасына азайтылған, ЖК табысына 10%-дық мөл-
шерлемені қолдану жолымен есептеледі, сондай-ақ Салық кодексіне сәйкес өткен 
жылдардағы шығындардың сомасына дейін төмендету арқылы есептеледі.
ЖК шығындарында әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік, көлік, төлемдер
алымдар, сондай-ақ өздері және жалдамалы қызметкерлер үшін міндетті зейне-
тақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар секілді са-
лықтарды да есепке алуға құқылы.
Жалпыға белгіленген режимде жұмыс істейтін ЖК-де әлеуметтік салықты, МЗЖ 
және ӘА, МӘМС-ті өздері және жалдамалы қызметкерлер үшін есептеу тәртібінде 
айырмашылықтар бар.


188
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет