«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


 Жалған ақпарат, бизнес-жоспардағы қате ақпарат немесе жалған құжаттар



Pdf көрінісі
бет45/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   196
Байланысты:
edu kk
2-сабақ. ДНҚ молек құрыл принц, Абдуллина сож, сандугаш, Документ Microsoft Word, 6 класс тжб сараптама[1], 123, матемст, матем34уж, 10 grade ACTION 3rd term
6. Жалған ақпарат, бизнес-жоспардағы қате ақпарат немесе жалған құжаттар 
Банктер болашақ қарыз алушыларды тексеру әдістерін үнемі жетілдіріп оты-
рады, сондықтан олар жалған құжаттарды немесе жалған ақпаратты анықтайды. 
Сонымен қатар кредит беруден бас тартып қана қоймай, алаяқтық бап бойынша 
қылмыстық жауапкершілікке тарта алады
7. Кепіл мүлкі құнын бағалаудағы мәселелер
Егер қарыз алушы аккредиттелмеген немесе күмәнді компанияда кепілдік құ-
нының тәуелсіз бағалауын жүргізсе, сондай-ақ талап етілген сомадан бағаланған 
кепіл құны жеткіліксіз болса, онда сізге кредит беруден бас тартылуы мүмкін. Кеп-
ілдік құнын бағалауды кредит алынатын жылы жүргізу қажет.
8. Кредит мақсатқа сай емес болса
Қарыз алушы белгілі бір мақсаттарға (жөндеу жұмыстарына, демалысқа, бизне-
ске) кредит алғысы келсе, кредит берудің белгілі бір бағдарламасына жүгіну қажет 
екенін түсіну маңызды. Мысалы, бизнес бастау немесе автомобиль алу үшін тұты-
нушылық кредит ала алмайсыз. Банктерде тіпті тұрмыстық техника, жиһаз, телефон, 
компьютер және т.б. үшін арнайы кредиттер бар. Ал тұрмыстық қажеттіліктер үшін 
мақсатқа сай емес кредит ресімдеу оңай. 
«ҚазАгроГарант» АҚ келесі жағдайларда кепілдік беруден бас тартады:
1) Жобаның экономикалық мақсатқа сай еместігі және тиімсіздігі;
2) Жобаның Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеуі;
3) Бағдарламаға қатысушының және/немесе олармен үлестес заңды және/не-
месе жеке тұлғалардың кредит тарихының дұрыс болмауы;
4) Микрокредиттер бойынша берілген кепілдіктер үшін комиссияны төлеу тура-
лы ЖАО-мен жасалған шарттың бұзылуы;
5) Микрокредиттеу ұйымының МҚҰ/КС-терді қорландыруын тоқтату.
Берілген оқу модулі аясында кез келген кәсіпкер мемлекеттік қолдау шарала-
рына ие бола алатындығын білдік. Берілген бағдарламаларға қатысу мақсатында 
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры
services.atameken.kz, farmers.kz сайттарының мониторингісін жасау қажет, сонымен 
қатар «Атамекен» ҰКП өңірлік өкілдіктерінен кеңес алып немесе call-центр 1432 
номеріне телефон шалу қажет. 
Сонымен біз мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен ісін жаңадан кәсіпкерлерді 
несиелеу механизмдерімен таныстық. Келесі маңызды қадам – бизнес-идея таңдау, 
себебі барлық жетістік пен табыс дұрыс бизнес-идея таңдаудан басталады. 


52
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
3-МОДУЛЬ. БИЗНЕС-ИДЕЯЛАРДЫ ТАҢДАУ. 
НАРЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ
3.1. Бизнес-идеяны қалай таңдау қажет?
3.2. Бизнес-идеялар табыстылығын (өміршеңдігін) талдау. SWOT-талдау
3.3. Тауарлар/көрсетілетін қызметтің өткізу нарығын талдау
3.1 БИЗНЕС-ИДЕЯНЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАУ ҚАЖЕТ?
Кез келген жоспарлаудың негізі – бизнес- 
идеяға негізделеді. Идея – болашақта не істей-
тініміз туралы түсінік береді. Бизнес-идея – биз-
нес-жоспарлаудың бастамасы, барлық табыстар 
мен жетістіктер дұрыс таңдалған бизнес-идеяға 
байланысты болады.
«Өз бизнесіңді қалай бастау керек?» сұрағына 
кем дегенде үш жауап бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет