55
• Көп өтпей жұмысқа шығуым қажет. Балаларды қалдыратын ешкім жоқ, үйдің
жанында балабақша болғаны жақсы болар еді – идея балабақша ашу.
• Тракторым тағы сынып қалды, жөндеу үшін білікті механикті тауып алсам ғой
– идея ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу пунктін ашу.
Қандай тауарды немесе қызметті сату керек?
Жауабын күтіп тұрған екінші сұрақ: кәсіпорын нені сатпақшы немесе қандай
қызметтер көрсетпекші?
Бизнес-идеяңыз жақсы таныс тауарлармен немесе өзіңіз көрсете алатын қыз-
меттермен байланысты болуы тиіс, яғни клиенттер сатып алуға дайын тауарлар
немесе қызметтер болғаны дұрыс.
Тауар
– өзіңіз өндіретін немесе сатып алып, қайта сататын нәрсе, мысалы: ас-
паптар, кондитерлік өнімдер, маталар, киімдер, нан өнімдері, сүт өнімдері және
басқалары.
Қызмет көрсету
– адамдар үшін жасалатын нәрсе, ол үшін ақша төленеді, мы-
салы: шағын мейрамхананы басқару, азық-түлік жеткізіп беру, интернет-кафені
басқару, шаштараз, автожуу, жөндеу шеберханасы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: