«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Бизнесте CRM енгізу қандай басты пайда береді?



Pdf көрінісі
бет69/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   196
Байланысты:
edu kk

Бизнесте CRM енгізу қандай басты пайда береді? 
- өзінің клиенттік базасын нақты қадағалау 
- сатып алушыларды сегменттеу 
- «сату воронкасының» барлық сатысын қадағалау
- сауда және түсім көлемін болжау 
- әр келісімнің жағдайын қарастыру 
- клиенттердің барлық дерегін енгізу 
CRM көмегімен сіз әр кезде «ұйқыдағы» клиенттерді оятып (көп уақыт сізден 
сатып алмағандар), клиенттерді уақытында мерекелерімен құттықтай әрі марке-
тингілік науқанды тиімді жоспарлай аласыз.
Сіз клиенттеріңізбен үнемі және тұрақты байланыста болуыңыз қажет: оларға 
өтетін акциялар мен жаңа тауарлар жайында хабарлау, сауалнама жүргізу, іс-ша-
раларға шақыру.
Клиенттеріңізді таңғалдырыңыз әрі тауарларыңыз жайында айтуға ынталанды-
рыңыз.
Жақсы өткізу нарығын жасау және кейіннен оны талдау мен түзету кәсіпорын-
ның табысты дамуының кепілі болады. Сондықтан да жобаның бастапқы сатысын-
да күш-жігерді зерттеуге және қателерді түзетуге бағыттау керек.
5.4. ӨҢІРДЕГІ ӨТКІЗУ (САТУ) ТІЗБЕГІ КАРТАСЫН ҚҰРУ
Маркетингілік өткізу (сату) саясаты әртүрлі тауарларды жеткізудің ықтимал 
нұсқаларын талдауды көздейді және өнімдерді сату арнасының барлық учаске-
лерінде максималды шаруашылық нәтижелерін алу нәтижесі ретінде сатып алушы-
лар талғамын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. 
Өңірде тиімді сату тізбегін құру өндірілген өнімдерді сатуды қажет ететін 
зәкірлі кооперацияның немесе дайындаушы кәсіпорынның ғана емес, сондай-ақ 
белгілі бір функцияларды орындайтын және табыс табатын кез келген басқа сату 
бөлімінің міндеті болып табылады.
Маркетингідегі өткізу (сату) арнасы деп біз өндірушілерден тауарларды түпкі 
пайдаланушыға дейінгі жөндеу, тасымалдау, сақтау, тарату және басқа да қажетті 
функцияларды орындайтын топтардың өзара байланысты жиынтығын түсінеміз. 
Өндіруші кәсіпорын мен тұтынушыдан басқалары аралық буынды құрайды.


82
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Шығындарды стратегиялық талдаудың маңызды құралы – өнім немесе қызмет-
ті әзірлеу, өндіру, ілгерілету, жеткізу және қолдау жөніндегі қызметтерді, функция-
лар мен процестерді айқындайтын өткізу тізбегі. Кәсіпорындар тізбегі тұтынушы-
лар үшін баға құратын негізгі қызмет түрлерін және қосымша қызмет түрлерін 
анықтауға мүмкіндік береді. Стратегияны әзірлеу үшін маңызды болып табылатын, 
сондай-ақ бар артықшылықты қалай дамытуға болатындығын анықтау үшін фир-
мада және одан тыс қызмет түрлерінің арасындағы қатынастарды стратегиялық 
бағалаудың құралы болып табылады. Қызмет түрлерінің құнын жасайтын тізбек 
шикізатпен қамтамасыз етуден басталып, өнімнің бөліктері мен компоненттерін 
өндіру, құрастыру мен шығару процесінде, түпкі тұтынушыларға өнімді жаппай 
және бөлшек саудамен сату немесе қызметтер көрсетумен аяқталады. 
Өңірде өткізу тізбегін қалыптастыру үшін мына ақпараттар қажет: 
• Кәсіпорын қызметінің бағыты
• Кәсіпорын атауы
• Кәсіпорын реквизиттері
• Елді мекен
• Шикізатты қайдан және қандай бағамен сатып алады?
• Шикізатты қандай көлемде сатып алады? 
• Қандай өнім және қандай көлемде өндіреді? 
• Өнімді қайда және қандай бағамен өткізеді? 
ШҚО Катонқарағай ауданындағы сүт өткізу тізбегінің картасы:


83
Өңірдің өткізу тізбегі картасының деректері негізінде ШҚО Катонқарағай ауда-
ны бойынша талдау мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет