«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет68/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   196
Байланысты:
edu kk
2-сабақ. ДНҚ молек құрыл принц, Абдуллина сож, сандугаш, Документ Microsoft Word, 6 класс тжб сараптама[1], 123, матемст, матем34уж, 10 grade ACTION 3rd term
Сатуды ұлғайту
Іс жүзінде сату көлемін арттырудың үш негізгі стратегиясы бар.
• Нарықта бұрыннан бар немесе жаңа тауар жаңа сатып алушыларды тарту әле-
уетіне ие. Яғни бұл туралы мүлде білмейтін тұтынушылар бар, ал олардың арасын-
да осы тауарды сатып алатындардың белгілі бір пайызы бар. Бұл жағдайда марке-
тингілік қызметтің міндеті – осы тұтынушыларға ақпаратты жеткізудің тәсілдерін 
іздеу және іске асыру. Сондай-ақ бәсекелестерден сатып алатын тұтынушылар то-
бымен де жұмыс істеуге болады.
• Қолда бар тауарды пайдаланудың жаңа тәсілдерін іздеу.
• Өнім тұтынуын ұлғайтуды ынталандыру.
Кейбір жағдайларда компания тауарларын сата отырып, өз өнімі үшін қосым-
ша қызметті ұсынып, қызметтер көрсету нарығына шығуы мүмкін. Әдетте, мұндай 
тәсілге жаңа тауарды құруға және ілгерілетуге қарағанда әлдеқайда аз қаражат 
жұмсалады.
Кез келген табысты бизнес тұрақты клиенттерден құралады. Өзіңіз де жаңа 
клиенттерге қарағанда, бұрынғы клиенттерге сату жеңіл әрі арзан екендігі туралы 
статистиканы талай рет естіген шығарсыз.
Цифрларды егжей-тегжейлі қарастырайық:
– Жаңа клиентті тартуға кететін шығын бұрынғы клиенттерді ұстауға қараған-
да, салаға байланысты 5-тен 10 есе қымбатқа түседі;


81
- Клиенттердің кету ағынын 5-10% қысқарту компанияға 75%-ға дейін қосым-
ша табыс әкелуі мүмкін;
- Нарық қаныққан сайын әрбір жаңа клиентті тартуға кететін шығын артады, 
ұстап қалу шығыны үнемі төмен деңгейде сақталады;
- Тұрақты клиенттер пайызының жоғарылығы бизнестің тұрақтылығын және 
оның сыртқы инвестициялар үшін тартымдылығын қамтамасыз етеді. 
Сондықтан да көптеген кәсіпкерді «клиенттердің бізге қайта оралып, сатып 
алулары үшін не істеу керек?» деген сұрақ мазалайтыны қисынды. 
Іргелі факторлардың бірі – клиентке бағдарлану. Болашақ – тек клиентке 
бағдарланған компаниялар үшін. 
Екіншісі – клиенттермен арақатынасты басқару. Бұл үшін сізге CRM-жүйе керек 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет