232
«БАСТАУ БИЗНЕС»
ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Келіссөздер үдерісінің іргелі қадамдары
Не істеу керектігінің біріншісі және маңыздысы – ол дайындалу.
Басқа емес,
неге тап осы нәтижеге қол жеткізгіңіз келетінін анықтап алыңыз. Басқа тараптар-
дың болжамды қызығушылықтары туралы өзіңізге сұрақ (сұрақтар) қойыңыз. Егер
бұл болжам қате болса да, келіссөздер барысында күтілетін жорамалдарды жасау
маңызды. Егер сіздің жорамалыңыз, оқиғалардың барысында тым көп ерекшеле-
нетін болса, бәлкім сіздің көзқарасыңызды қайта қарау керек шығар.
Тағы бір қадам өзара түсіністікті орнату болып табылады. Бұл тек қана қашан
кездесетіні мен қандай кино жұлдызын сіз «керемет» деп танитындығы жайлы
емес, екеуіңіздің көзқарастарыңыздың қиылысатын жері бар екенін анықтау. Егер
сіздердің күн тәртіптеріңіз әртүрлі сұрақтардан тұратын болса, онда келісімділікті
табу қиынға соғады.
Тану – үдерістің
келесі қадамы; есте сақтаңыз,
керісінше емес, сіз жабылған
ауыз бен және ашық құлақпен көп танисыз.
Басқалар не айтып отырғанын
тыңдаңыз; олардың пікірлеріне байсалды қараңыз. Егер сіз жақсы тыңдай білсеңіз,
олардан оң қатынас күтуге болады.
Келіссөздер қадамдап логикалық дамымайды; бірнеше үдерістер
параллель
жүріп жатады; ашық және жабық күн тәртібіндегі түрлі мазмұндағы сараптамалар
өте маңызды. Миыңызды айқын ұстаңыз. Сіздің тәсіліңізді қайта қарастыру үшін
тайм-аут алуыңыз мүмкін. Егер де басқалары келіспей жатса, жуыну бөлмесіне бару
керектігін айтып, сізге бұл үшін бір-екі минут сұрауыңызға болады. Бұған ешкім де
қарсылық білдірмейді, ал бұл ойлану үшін жақсы орын.
Қашан шығу керектігін білу, бұл келіссөз үдерісінің ақырғы нүктесі болуы мүм-
кін. Басқа тарапқа келіссөзге қол жеткізгеніңізді көрсете біліңіз. Осымен тағы бір
сұрақ байланысты: адамдар
сізбен келіскен жағдайда, оларды сендіруді тоқтату
керек.
Достарыңызбен бөлісу: