Бастауын Мұғалжар тауынан алып, аяғы теңізге жете бере құрдымға кететін кәрі Сағыз өзенінің талай жұмбақты бауырына басып жатқанына ешкімнің күмәні бола қоймас турасындағы кезекті бір әңгіме үстінде: «Ақтөбе мен Атырау облыстарының қиылысқан



Дата29.11.2019
өлшемі17,99 Kb.
#52763
Байланысты:
Алып ана-Түкті ата

Бастауын Мұғалжар тауынан алып, аяғы теңізге жете бере құрдымға кететін кәрі Сағыз өзенінің талай жұмбақты бауырына басып жатқанына ешкімнің күмәні бола қоймас. турасындағы кезекті бір әңгіме үстінде: «Ақтөбе мен Атырау облыстарының қиылысқан тұсында, Сағыз өзенінің сағасында «Алып Ана» бейіті деген киелі орын бар, тарихи аңыз бойынша, сол бейіт Алтын Орданың тұтқасын 17 жыл ұстаған Едіге батырдың шешесінікі».

Көңілде секем де бар, себебі сурет­тегі қара гранит таста «Қазақстан Респуб­ликасы, Алып Ана қауымы ХVIII-ХХ ғ.ғ. Ескерткіш мемлекет қор­ғауын­да» деген жазу бар. Ал Едіге XIV ғасырда туып, ХV ғасыр басында дүние­ден озған. Біздің ойымыздағыға жуыспайды.


Күпті көңілмен ұлттық энциклопедиямызды ашып қалсақ танымал археолог, профессор Серік Әжіғалиев жазған «Алып Ана қорымы» атты мақала ұшыраса кетті. Онда былай делінген екен: «Алып Ана қорымы – сәулет өнері ескерткіші. Ақтөбе және Атырау облысы шекарасында, Сағыз өзенінің аңғарында, Сағыз теміржол станциясының оңтүстік-шығысында 10 шақырым жерде орналасқан. 1979-80 жылы «Казреставрация» бірлестігі экспедициясы (жетекшісі С.Әжіғалиев) зерттеген. Жазба деректерінде мұнда алып батыр әйел жерленгені айтылады. Археологиялық зерттеу­лер бұл жерде XIV-XVI ғасырларда ортағасырлық күмбез тұрғанын көрсетті. Қазіргі кезде қираған орны ғана сақталған. Қорым, негізінен, ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басына жатады. Күмбездер мен сағана тамдар әктас пен күйдірілмеген кірпіштен көтерілген. Ескерткіш Маңғыстау Үстірт стилінде жасалған. Қорымда күйдірілген кірпіштен тұрғызылған кішігірім күмбездер және әртүрлі қалыптағы құлпытастар көптеп кездеседі. Құлпытастарда әйел адамның әшекей бұйымдары, аяқкиімдері бейнеленген. Бұлар қорым басында әйел бейіті болғаны туралы аңызды растай түседі. Алып ана қорымында көбіне қазақтың кете, адай руларының өкілдері жерленген». 
«Археологиялық зерттеу­лер бұл жерде XIV-XVI ғасырларда ортағасырлық күмбез тұрғанын көрсетті». Мұны оқыған соң, «Алып Ана Едігенің шешесі болуы әбден мүмкін, себебі Едіге 1357-1420 жылдар аралығында ғұмыр кешкен». Қорым басындағы гранит тақтаға таңбаланған «XVIII-XX ғ.ғ.» деген сандардың сыры да ашылды.
«Алып Ана – перінің қызы көрінеді». Себебі «Едіге» та­рихи-қаһармандық эпосының елуге тарта нұсқасында батыр перінің қызынан туған.
Онда зиярат етушілер әлі де жеткілікті, әсіресе жаз айларында көбейетін көрінеді. Біреу кейінірек цементтен құйып белгі тас қойыпты, онда: «Алып Ана. Тас қойған Бөлекбай Өскенбаев. 1.05.1980 жыл» деп жазыпты. Осылай, өткен ғасырдың соңын ала қойылған белгі де бүгінгі күні тарихқа айналыпты.
Өзеннің қарсы бетінде Түкті Атаның бейіті өңкей қалақ тастан қаланыпты, шамасы, күмбезді кесенесі тозған соң орны өшпесін деп кейінгілер қалаған. Биіктігі кісі бойындай. Темірден белгі қойып, онда ақ бояумен «Түкті Ата» деп жазыпты. Басына ақтық байланыпты. Арғы тұста «Едігенің жалы» дейтін жал қараяды. Едіге демекші, оның өзі Елек өзені бойын­да, «Үшбөрте» дейтін жердің ортаңғы Бөртесінде Тоқтамыс ханның кенжесі Қадірбердімен болған ұрыста өлді дейтін...
«Сағыздың бойы ен жайлау» атты кітаптағы «Түкті Ата – Алып Ана» атты мақаланың мазмұны: «Бұл қорымдар туралы екі аңыз бар» дейді. Біріншісінде, Алып Ана ел қорғаған батыр екен, ал екіншісі турасында: «Екінші бір халық аузындағы аңызда Түкті Ата мен Алып Ананы ертедегі жырларда кездесетін Баба түкті шашты Әзиз атамен байланыс­тырады. Баба түктінің зайыбы шашты Әзиз өзінің жолдасына үш түрлі шарт қояды: біріншісі, басын жуғанда басына қарамау, екіншісі, қолтығының астына қарамау, үшіншісі, аяғына қарамау. Баба түкті әулие алғашқыда келіскенімен, қызығушылықпен бір күні жасырын сығалап қараса шашты Әзиз басын қолына алып жуып отыр екен, қолтығынан өкпесі көрініп тұрады екен, ал аяқтарының башпайлары теріс қарап тұрған пері қызы екен дейді.Баба Түктінің қарап тұрғанын көрген пері қызы енді мен саған жоқпын, сен уәдеңде тұрмадың деп қаша жөнелген екен дейді. Қап тауынан ба, болмаса Алтайдан ба немесе Арқадан ба жеткен жерлері Сағыз өзенінің екі жағынан екеуі мәңгілік орын тепкен деген аңыз бар» деп таңбаланыпты. (Сағыздың бойы ен жайлау. – Алматы: Арыс баспасы, 2009 ж.)
Екінші кітап бұдан бұрын 2005 жылы Алматыдағы «Өлке» баспасынан жарыққа шығыпты, онда да осылай жазылған. Бұл кітаптарда Баба Түкті Шашты Әзиз – екі адам. Баба Түкті ер адам да, Шашты Әзиз – оның жұбайы. Алайда, мұның да таңданарлық ештеңесі жоқ, «Едіге» эпосының филология ғылымының докторы, профессор Қыдырәлі Саттаровтың Қылышбайұлы Қартбайдан жазып алған нұсқасында: «Хорезм жұртында бір Түкті Азиз деген кісі жасапты. Сол Түкті Азиз жасайтын жердегі бір тауда Жәміл шейх дегеннің бұлағы бар екен. Түкті Азиз күнде сол бұлаққа келіп тұратын болған. Қап тауындағы перілердің патшасының Шашты Азиз деген қызы болады да, сол қыз да кейде осы бұлаққа келетін болған» деп таңбалаған. Бұл нұсқа Алматыдан, Астанадан шыққан жинақтарда үш мәрте жарық көрді. Профессор П.М.Мелиоранскийдің шәкірті И.А.Беляев 1903 жылы Шымбайлық Бегімбет жыршыдан жазып алған нұсқада да Баба Түкті мен Шашты Әзиз ерлі-зайыпты адамдар. Өзбек нұсқасында да солай.
Осы заманның танымал археолог ғалымы, Алып Ана бейітін арнайы зерттеген профессор Серік Әжіғалиев не дейді, соны оқиық: «…по преданиям Алып Ана (она же Шашты-азиз) была супругой известного в регионе легендарного персонажа Тукты-ата (Баба тукты, букв. «Волосатый дед»), развалины мавзолея которого находятся на противоположном берегу Сагыза. Жили они в ногайское время. Шашты-азиз была пери, о чем не знал будущий супург. Перед женитьбой она поставила перед Баба-тукты три условия…». Арғы жағы өзімізге таныс сөз, шарт орындалмайды, екеуінен Едіге туады. Шындығында, Баба Түкті – Едігенің әкесі емес, арғы атасы, алайда халық ұғымында араласып кеткен, батырдың әкесін Құттықия демей, Баба Түкті деп атай береді. Сонда Сағыздағымыз Құттықияның мазары болуы да ғажап емес. Екеуінің өзеннің екі бетінде жатуы да қисынды, бірі адам ұғылы да, екіншісі – перінің қызы. О дүниеде екеуінің бір қауымда болуы мүмкін емес. Тарихи аңыз түгілі, миф пен ертегінің де тарихи негіздері бар.
Ал «алып» сөзіне келетін болсақ, ғылымға бас қойсақ, «алып» – сақтар мен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың, қолбасы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі атақ. Түрік қағанаты тұсында бұл сөз әскери титул мағынасында да қолданылған. Ежелгі түркі халықтары өз батырларының атына «алып» сөзін қосып айтатын болған. Мәселен: Алып Арсылан, Алып Бамыс (Алпамыс), Көк Алып, Алып Ер Тоңға, т.б.
Баба Түкті Шашты Әзиздің мазары Оңтүстік Қазақстандағы Құмкент ауылының маңында Жылыбұлақта екені мәлім. Сағыздағысы мынадай болып тұр… Бұл мәселе төңірегінде Ақтөбедегі «Қабақ баба» қорының үйлестіру кеңесінің төрағасы, шежіреші Ислам Иманов бұл туралы: «Мұндай жағдай мұсылмандарда, оның ішінде қазақта кездесе береді. Мысалы, атақты Көтібар батырдың бейіті екі жерде бар, бірі біздегі Көктөбе шоқысында да, екіншісі Қызылорда облысында. Марал ишандікі әлденешеу. Мынадай да бар, мәселен, өткен ғасырдың ортасында Шалқарда мешіт ұстаған Жанаман аһун өз бейітін өлместен көп жыл бұрын алдын ала салдырып қойды. Тіпті қазақтың әйгілі классик жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов те сөйтті. Ертеде алдын ала салдырғанымен әрқилы жағдайларға (мысалы, жаугершілік) байланысты топырақ басқа жерден бұйырған кездер де жиі ұшырасқан. Баба Түктінің сүйегі Құмкентте ме, жоқ Сағыздың бойында ма – бір Алла біледі. Айта берсеңіз, Баба Түкті Шашты Әзиздің қабірі Меккеде деген де дерек бар. Сондықтан «Құмкентте» деушілер сіздермен талас тудырмағаны жөн. Екеуін де қабылдау керек» деді. Уәжді сөзге ойланып қалдық. Осыдан соң шежіреші тағы бір тауарихтың шетін шығарып: «Ал менің арғы атам Қабақтың періден туған Ер Едігенің ұрпағы екенін біреу біледі де, біреу біле бермейді. Дәлелденген даусыз ақиқат нәрсе» деді. Осымен презентация соңына жетеді.

Дереккөздер: «Алып Ана» қорымы мақаласы – Ұлт газеті, авторлары – Жұбаназар АСАНОВ, Мұздыбай СӘҢКІБАЕВ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет