3 «Б» сынып. Тәрбие сағаты. Тақырыбы: Қазақ даласының қайсар қызы –Мәншүк батыр. Мақсаты



Дата26.06.2018
өлшемі50 Kb.
#45100
3 «Б» сынып. Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: Қазақ даласының қайсар қызы –Мәншүк батыр.

Мақсаты: Оқушылардың Жеңіс күні туралы білімдерін кеңейту,Ұлы Отан соғысы туралы, қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлігі, елімізді қорғаған батыр аталарымыз бен апаларымыздың батырлығы жайында білім беру. Оларды өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға қалыптастыру. Оқушыларды Отанын сүюге, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Тақырып бойынша дайындалған слаид, Ұлы Отан соғысы туралы кітап көрмесі, мақал-мәтелдер, соғысқа қатысқан батырлардың суреттері т.б.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ой қозғау, әңгімелеу, топтастыру, ізденіс, зерттеу т.б.

Түрі: поэзия сағаты.

Өту барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

-Бүгін біздің сыныбымызда Ұлы Жеңіс күніне арналған «Қазақ даласының қайсар қызы –Мәншүк батыр» атты поэзия сағаты өткелі тұр. Биыл Ұлы Жеңіске 72 жыл толып отыр. Бұл жеңістің қаншама қиындықпен келгенін біліп қана қоймай, терең сезіне білуіміз керек. Ұлы Жеңіске Кеңес Одағының басқа да республикалармен бірге Қазақстан да өзінің лайықты үлесін қосқанын мақтанышпен айта аламыз. Соғысқа қатысып, ерен ерлік көрсетіп, Отан үшін құрбан болған ата-апаларымыз жетерлік. Атап айтсақ Т.Бигелдинов, Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Т.Айбергенов, Р.Қошқарбаев, М.Мәметова, Ә.Молдағалиева т.б. (Батырларымыздың есімін топтастыру). Біздің ауылымыздан да соғысқа аттанып, аман оралған аталарыз бен тылда еңбек еткен апаларымыздың есімдері мәңгі жадымызда қалмақ.

Ендеше, соғыс жылдарында құрбан болған аталарымыз бен апаларымызды еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

-Поэзия сағатын бастамас бұрын қазақтың батыр, қаһарман қызы Мәншүк Мәметова туралы слаид көрсетіледі.

-Оның өмірі мен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері жайында баяндап өтемін.

Мәншүктің шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен.

Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген.

Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді. Ахметтің әйелі Әмина Мәметова - Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған.



Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.

1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.



Оған көрсетілген құрмет:

  • Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған

  • Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар.

  • Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады.

  • Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.

1-жүргізуші: Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштерге асығады. Олар жауынгерлердің тас мүсінге айналған бейнелеріне гүл шоғын қойып,

батырлар есімін еске алады.

2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін сұрапыл соғыс жүріп жатты.

1-жүргізуші: Жауға қарсы шайқастар - алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес,

алыс ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты.

2-жүргізуші: Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ.1945 жылдың 9 мамы-

рына қайта оралтады. Ия,соғыста қираған қалалар мен ауылдар әлдеқашан қалпына келтірілді. Бірақ, соғыс салған жара әлі жазылған жоқ.

1-жүргізуші: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

2-жүргізуші: 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры әр адамның зердесіне мәңгілік сақталады. 8 мамыр күні Берлинде фашистік Германияның толық жеңілгені туралы құжаттарға қол қойылды.

Хормен «Әрқашан күн сөнбесін» әнін айтайық.

3.Оқушылардың тақырып бойынша дайындаған әдеби-монтажы.

4. Отан, туған жер, батыр туралы мақал-мәтелдер айту, мағынасын ашу.

-Отан үшін отқа түс күймейсің

-Ер есімі – ел есінде.

-Ерлік ешқашан ұмытылмайды.

5.Мәншүк Мәметова апамыздың ерліктері жайында жырлап кеткен ақындардың өлеңдерінен үзінділер оқу.

6. «Сұм соғыс болмасын!» тақырыбы бойынша сахналық көрініс.

7. Оқушыларды Мәншүк Мәметоваға арнап жасалған кітап көрмесімен таныстыру.

8. Шығармашылық тапсырма: «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбына сурет салдыру.

YI Қорытынды.

-Бүгін қандай тақырыпта тәрбие сағаты өтті?

-9 мамыр қандай күн?

-Биыл Жеңіс күнін нешінші жыл атап өттік?

-Мәншүк Мәметова соғыста қандай ерлік істерімен көзге түсті?

-Ол қай жерді азат етуге қатысты?



-Осымен, Жеңіс күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет