''8 ҚЫРЛЫ 1 СЫРЛЫ''
Б.МОМЫШҰЛЫ
Е
Б.момышұлы
кеңес одағының батыры
жазушы
Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері
әскери қолбасшы
стратег және тактик
КІМ?
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ 1910 ЖЫЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН. АНАСЫНАН ЕРТЕ АЙЫРЫЛЫП, ТУЫСТАРЫНЫҢ ҚОЛЫНДА ТӘРБИЕ АЛДЫ 1929 ЖЫЛЫ БАУЫРЖАН ТОҒЫЗ ЖЫЛДЫҚ ӘУЛИЕАТА МЕКТЕБІН БІТІРЕДІ.1932 ЖЫЛЫ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛДЫ, АЛ БІР ЖЫЛДАН КЕЙІН УЧИЛИЩЕНІ БІТІРІП, ОФИЦЕР АТАҒЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ. МАЙДАНЫНДАҒЫ 16 АРМИЯНЫҢ 316 8-ГВАРДИЯЛЫҚ ҚЫЗЫЛТУ АТҚЫШТАР ДИВИЗИЯСЫ 1073 АТҚЫШТАР ПОЛКІНІҢ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІ. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ГЕНЕРАЛ-МАЙОР И.В. ПАНФИЛОВ БАСҚАРҒАН ӘЙГІЛІ ДИВИЗИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА 1941 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНАН БАСТАП ҚАТЫСТЫ.
Бауыржан Момышұлы
Б.Момышұлы ерлігі
МӘСКЕУ ҮШІН ШАЙҚАС
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы облысы Талғар қаласында жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды. Мәскеу үшін шайқаста аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті. Жауынгерлер батырлықтың, тәртіптіліктің, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, өздерінен күші төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты. Момышұлының әскери-қолбасшылық қызметінде соғыстың ең шешуші, Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше болды. Алған жолынан, айтқан сөзінен қайтпайтын қайсар командир Бауыржан батальонның соғыс қимылын жаңа тактикаға жанастыра отырып, операцияны орынды да шебер басқара білді.
Б Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы шығармаларының басты тақырыбы Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдау болды. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде жазушы қаламынан туған «Офицер жазбалары», «Артымызда Мәскеу», «Үшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап», т.б. туындыларын айтуға болады.«Қанмен жазылған кітап» шығармасы.Онда, айтылатын ой - соғыс, оның қасіреті, ондағы адам тағдыры, соғыста жеңіске жетудің айла - тәсілі, жауынгер мен командирдің жандүние иірімдері мен адами қасиет - қабілеттері жайлы тебіреністері болмақ.Бауыржан шығармасының тағы бірі - «Мәскеу үшін шайқас кітабы». . Бұл туындысында, ержүрек батыл кейіпкерлер өмірде шын болатын табиғи қалпында құралған. Аты аңызға айналған ұлт батыры Бауыржанның шығармалары тереңге тартқан ерлік пен өнегеліктің сарқылмас қазынасы іспетті туындылар.
ЖАЗУШЫ
Мысал: Бірде Бауыржан: «Жауынгерлік ар-намысым менен осында, жауынгер жолдастарымның қаны төгілген дивизияда қалуымды талап етеді. Өлген жолдастарымның аруағы қашан қатардан шыққанымша осы дивизия туының астында болуымды талап етеді. Егер мен бұл жерден кетіп қалсам, онда мені өлген солдаттарымның рухы қарғайтын болады! Мен солдатпын! Солдатша соғыса білуге де міндеттімін. Солдаттың жүрегіндегі сөзді айтуға да тиістімін. Менің сөзім осы, жолдас комиссар», – дейді.Бұл жерде біз Бауыржаннын өз солдаттарына деген адалдығын,намысшылдығын байқаймыз.
БАУЫРЖАННЫҢ ҚАНЫНА СІҢГЕН ҚАСИЕТТІҢ БІРІ –
НАМЫСШЫЛДЫҒЫ МЕН АР ТАЗАЛЫҒЫ
АР ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ БІР БЕЛГІСІ: ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕН БОСАП, АЛМАТЫҒА КЕЛГЕННЕН КЕЙІН «МЕН МАЙДАНГЕР ПОЛКОВНИКПІН, МӘСКЕУДІ КЕУДЕМДІ ТӨСЕП ҚОРҒАДЫМ!» ДЕП ЖАЙЛЫ ҮЙ, ЖАҚСЫ ҚЫЗМЕТ СҰРАП, ЕШКІМНІҢ АЛДЫНА БАРҒАН ЖОҚ;ӘСКЕРИ ҰСТАЗДАРЫ – БЛЮХЕРДІ, ПАНФИЛОВТЫ, ЧИСТЯКОВТЫ, СЕРЕБРЯКОВТЫ ЖӘНЕ Т.Б ЖОЛ КӨРСЕТІП, АҚЫЛШЫ БОЛҒАН АЯУЛЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚҰРМЕТТЕП ӨТУІ; МӘСКЕУДЕ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДА ПОЛКОВНИК СЕРЕБРЯКОВТЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЙЫ АС БЕРУІ – НАҒЫЗ АРЫ ТАЗА АЗАМАТТЫҢ ІСІ.
Бауыржан Момышұлы алғыр ойлы, шапшаң шешімді, жаны таза, әскери психолог , адам жанын анық тани білетін дарабоз қолбасшы. Ұлы Отан соғысы тарихында өз бөлімімен бес рет қоршауды бұзып өткен Бауыржаннан басқа қолбасшы болған емес. Мұндай ересен ерлік қолбасшының өз жауынгерлерінің жан-жүрегін анық түсіне білуімен, ал жауынгерлердің өз қолбасшысына қалтқысыз сенуімен жасалды деуге негіз бар. Талапшыл қаталдық Момышұлының қаталдығының өзі – бір ерекше құбылыс. Оның қаталдығы – мейірбандықпен астасқан қаталдық. Себебі Баукең – табиғатынан жаны таза, жүрегі жылы адам. Оның қаталдығы «Тәртіпке бас иген – құл емес» деп өзі айтқандай, есепке, тәрбиелеуге негізделген қаталдық; соғыста орынсыз адам шығынын болдырмаудан туған қаталдық; әскери жарғы аясындағы қаталдық; бір сөзбен айтқанда, оның қаталдығы – тәрбие, жауынгерді азамат етіп қалыптастыруға қызмет жасайтын талапшыл қаталдық.
БАЛА КҮННЕН АТ ЖАЛЫН ТАРТЫП, КӨКПАРДА КҮШ-ЖІГЕРІ МЕН ТӨЗІМДІЛІГІ, БАТЫЛДЫҒЫ МЕН ЕПТІЛІГІ ҚАЛЫПТАСҚАН БАУЫРЖАН ҚЫЛЫШПЕН АТ ҮСТІНДЕ ШЕБЕР ОЙЫН КӨРСЕТУДЕН АЛДЫНА ЖАН САЛМАҒАН . СОЛ КЕЗЕҢДЕГІ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ МАРШАЛЫ С.М. БУДЕННЫЙДЫҢ КӨЗІНЕ ТҮСКЕН ЕКЕН.ҚИЫР ШЫҒЫСТЫҢ ҚАРАҒАЙ ҚАҚ АЙРЫЛЫП СЫНАТЫН СУЫҒЫНДА БАСҚА КОМАНДИРЛЕР БҮРСЕҢДЕП АТ ЫҒЫНДА ЖҮРСЕ, БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ҚАРМАҒЫНДАҒЫ ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛЫП, АТ ҮСТІНДЕ ҚОЛ БАСТАП ЖҮРЕДІ.ОЛ АТТАРҒА ҚЫЗЫҒАТЫН.БІР КҮНІ Б.МОМЫШҰЛЫ БІР АҚБОЗ АТТЫ КӨРІП:" ОРТАША ҒАНА ТЫҒЫРШЫҚТАЙ АТ. ҚҰЙРЫҚ-ЖАЛЫ СҰЙЫҚТАУ. ҚОЯН ЖАҚ. БЕКЕН ҚАБАҚ, ҚҰЙМА ТҰЯҚ. АРҚАСЫНДА ЕР ҚАҚҚАН ОЙМАҚТАЙ АҚ ДАҒЫ БАР. АТҚА АТ ҰҚСАЙ БЕРЕДІ ЕКЕН- АУ. СОНАУ БІР ЖЫЛЫ ТАЙҒА МІНІП ЖАРЫСЫП ЖҮРГЕН КЕЗІМДЕ БҮКIЛ ҚАРАТАУ АТЫРАБЫНДА АҢЫЗ БОЛЫП КЕТКЕН СҰРКӨЖЕК,ТӘУЕКЕЛ, ТАРТАШАП ДЕГЕН АТТАРДЫ КӨРIП ЕДІМ. СОЛ СҰРКӨЖЕК ТЕ ДӘЛ ОСЫНДАЙ ШАҒЫН ҒАНА ЕЛЕУСІЗ ЖЫЛҚЫ БОЛАТЫН. БІРЕУЛЕР ОНЫ 800 АТТАН ОЗҒАН ШАҢТИМЕС ЕНДI БIРI СОНАУ АСЫЛДАН КЕРЕГЕТАСҚА ДЕЙIН ТIЗГIН ТАРТҚЫЗБАЙ КЕЛГЕН ТҰЛПАР ДЕСЕТIН МЫНАУ АҚБОЗ ДА СОЛ СҰРКӨЖЕКТЕН ТАРТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ТҰЯҚ ЕМЕС" ДЕП АТ ЖАЙЛЫ ПІКІРІН АЙТЫП КЕТКЕН БОЛАТЫН.
АТ БЕГІ
Запишите свою тему или идею
Соғыс кезінде
1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту» орденімен;
1944 жылы 6 маусымда «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалімен;
1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды
Соғыстан кейін
1970 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен
КСРО Президентінің 1990 ж. 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941-1945 жылдары соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді.
Б.Момышұлының сияқылары;
ЕЛІМ ДЕП ЕЗІЛІП,ЖҰРТЫМ ДЕП ЖҰМЫЛЫП,
елге қызмет ет.