3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі
16. Бағдарламада оқу мақсаттары кодпен берілген. Кодтың бірінші саны сыныпты, екінші және үшінші саны негізгі дағдылардың ретін, төртінші саны оқу мақсатының ретін көрсетеді. 1.2.1.1 кодында: «1» – сынып, «2.1» – негізгі дағдылар, «1» – оқу мақсатының реті.
17. Оқу мақсаттары күтілетін нәтиже түрінде айқындалған:
Тыңдалым мен айтылым
|
Негізгі дағдылар
|
Оқу мақсаттары
|
1.1 Тыңдалым материалы арқылы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну
|
1.1.1.1 сөйлеу (мәтін), сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну
|
1.2 Тыңдаған материалды мазмұндау
|
1.1.2.1 көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
|
1.3 Оқиғаны болжау
|
1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
|
1.4 Коммуникативтік қатынаста тілдік нормаларды дұрыс қолдану
|
1.1.4.1 коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану
|
1.5 Тыңдаушының назарын аудару
|
1.1.5.1 заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану
1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу
|
1.6 Тыңдаған материал бойынша өз ойын айту
|
1.1.6.1 тыңдалым материалына қатысты өз ойын білдіру
|
1.7 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
|
1.1.7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау
|
1.8 Сөздерді орфоэпиялық нормаға сәйкес айту
|
1.1.8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту
|
Оқылым
|
Негізгі дағдылар
|
Оқу мақсаттары
|
2.1 Оқу түрлерін қолдану
|
1.2.1.1 сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын «оқу»
|
1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану
|
2.5 Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою, жауап беру
|
1.2.5.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру
|
2.8 Дыбыс пен әріпті тану, ажырату
|
1.2.8.1 дыбыстың таңбасы – әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажырату
|
1.2.8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну;
1.2.8.3 дыбыстың мағына ажыратудағы қызметін түсіну;
1.2.8.4 ё, я, ю әріптері мен ь, ъ таңбаларының ерекшеліктерін түсіну
|
2.9 Сөзді буынға бөлу
|
1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау
|
Жазылым
|
Негізгі дағдылар
|
Оқу мақсаттары
|
3.3 Шағын мәтін құрастыру.
|
1.3.3.1 сызба, сурет, белгілер арқылы шағын мәтін құрастыру
|
3.5 Қатені табу, түзету
|
1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету
|
3.6 Көркем жазу талаптарын сақтау
|
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркемжазу талаптарына сай жазу
|
Тілдік норманың қолданысы
|
4.1 Орфографиялық дағдылар
|
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу
|
4.2 Грамматикалық дағдылар
|
1.4.2.2 сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолдану
|
4.3 Пунктуациялық дағдылар
|
1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою
|
18. Осы оқу бағдарламасы қосымшада келтірілген Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Әліппе»пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының ұзақмерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Бөлімдер мен тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
Бастауыш білім беру деңгейінің
1-сыныбына арналған
«Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына
қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған
«Әліппе»пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асырудың
ұзақмерзімді жоспары
(оқыту қазақ тілінде)
1-тоқсан
|
Кезең
|
Тыңдалым мен айтылым
|
Оқылым
|
Жазылым
|
Тілдік норманың қолданысы
|
Әліппеге дейінгі кезең
|
1.1.1.1* сөйлеу (мәтін), сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну;
1.1.2.1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;
1.1.3.1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.1.4.1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану;
1.1.5.1* заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;
1.1.5.2 сөйлеу барысындадауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
1.1.8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту
|
1.2.1.1* сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын «оқу»;
1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау
|
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу
|
|
Әліппе кезеңі
|
1.1.2.1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;
1.1.3.1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.1.4.1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану;
1.1.5.1* заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;
1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
1.1.7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау;
1.1.8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту
|
1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.2.5.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
1.2.8.1 дыбыстың таңбасы – әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажырату;
1.2.8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну;
1.2.8.3 дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсіну;
1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау
|
1.3.3.1* сызба, сурет, белгілер арқылы шағын мәтін құрастыру;
1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету;
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу
|
1.4.1.1* айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу;
1.4.2.2 сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолдану;
1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою
|
2-тоқсан
|
Әліппе кезеңі
|
1.1.2.1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;
1.1.3.1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.1.4.1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) сақтай білу;
1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
1.1.6.1 тыңдалым материалына өз ойын білдіру;
1.1.7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау;
1.1.8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту
|
1.2.1.1* сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын «оқу»;
1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.2.5.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
1.2.8.1 дыбыстың таңбасы – әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажырату;
1.2.8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну;
1.2.8.3 дыбыстың мағына ажыратудағы қызметін түсіну;
1.2.8.4* ё, я, ю әріптері мен ь, ъ таңбаларының ерекшеліктерін түсіну;
1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау
|
1.3.3.1* сызба, сурет, белгілер арқылы шағын мәтін құрастыру;
1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету;
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу
|
1.4.1.1* айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу;
1.4.2.2 сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолдану;
|
Ескерту:
- білім алушылардың қажеттілігін ескере отырып, әр сабаққа 3-4 оқу мақсаты, оның ішінде біреуі жетекші мақсат ретінде алынады;
- «*» белгісімен көрсетілген оқу мақсатының бөлігін таңдап жүзеге асыруға болады.
Жазылым дәптерлердің (№1, №2, №3) көмегімен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |