4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (Неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған
жауап беру
«Ойланайық»айдарының тапсырмасында мұғалім оқушыларға жаңа сабаққа кіріспе ретінде аралдың суреттерін көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қояды: «Қалай ойлайсыңдар, бұл не? Аралда не бар деп ойлайсыңдар, тізімін жасаңдар», – деп тапсырма береді. Оқушылар ойланып, аралда бар нәрселердің тізімін жасайды. Сондай-ақ оқушылар Аралда қандай жабайы жануарлар болуы мүмкін екенін де айтып шығады.
Мұғалім тізімді қарап тексереді, толықтырады.
Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жыланның, жанартаудың, тайпаның, орманды алқаптың суреттері көрсетіледі. Мұғалім оқушылардан суреттерді сөздермен сәйкестендіруін сұрайды. Оқушылар білгендерінше сөздерді суреттермен сәйкестендіреді. Жаңа
сөздермен сөз тіркестерін құрастырады.
7 мин
Мұғалім-сынып
Жаңа сөзді меңгертуге
қажетті суреттер
Негізгі бөлім
«Оқиық» айдарындағы тапсырманы орындау мақсатында оқушылардың назары оқулықтағы аралдар туралы мәтіндерге аударылады. Оқушылар мәтінді оқып болған соң, қауіпті/қауіпсіз аралдарды анықтайды. Тапсырма топта орындалады. Топтар өз беттерінше оқулықтағы мәтіндерді оқиды. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған және оқушылардың қызығушылығын тудырады.
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну мақсатын жүзеге асырады.
8 мин
Топтық жұмыс
Сурет
«Оқиық және жауап берейік»айдарындағы тапсырмада оқушылар оқулықта берілген сөйлемдерді оқып, қай мәтінге тиісті екенін
анықтайды.
Қай мәтінге тиісті екенін айт.
Жабайы табиғат сақталған.
Мұнда жанартау бар деп ойлайды.
Ол жер айрықша қорғалады.
150-ден астам балық түрін көресіз.
Келесі тапсырмада оқушылар сөздік қорын молайту мақсатында берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырады. Әр топқа әртүрлі сөздер
беріледі. Саралау тапсырмасы ретінде білім деңгейі жоғары оқушыларға сөйлемдер құруға тапсырма беруге болады. Мұғалім оқушыларды
тыңдайды, кері байланыс орнатады.
10 мин
Топтық жұмыс
Оқулық
«Сөйлесейік» айдарында оқушылар үлгіні басшылыққа ала отырып Не қауіпті?/Не қауіпсіз?екендігі жайлы сөйлеседі. Оқушылар өз ойларымен бөліседі, ойларын дәлелдейді. Осы тапсырманы орындауда оқушылармен «Пікірлер сызығы» ойынын өткізуге болады. Ортаға қызыл лента қойылады. Оқушылар лентаның екі жағына бөлініп тұрады. Олар екі топқа бөлініп, өз ойларын айтады: Не үшін келіседі? Немесе келіспейді?
10 мин
Жұптық жұмыс
Не қауіпті/ Не қауіпсіз? Қызыл таспа
Сабақты қорыту мақсатында оқушылар бір минут ішінде бүгінгі танысқан ақпарат жайлы айтып береді. Тапсырманы жүзеге асыру үшін
«Бір минут»әдісін пайдалануға болады.
Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Мұғалім сабақ соңында оқушының өзін қалай бағалауын байқау мақсатында кеменің суретін таратып береді.
Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, кемеңді жасыл түске боя.
Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, кемеңді сары түске боя.
Егер сен сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, кемеңді қызыл түске боя.