Тақырыбы: Дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері



Дата23.09.2023
өлшемі438,29 Kb.
#182176
Байланысты:
Дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті



СӨЖ

Тақырыбы: Дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері

Орындаған:Оспан Шұғыла



Алматы 2023ж
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан ол екі жақты үдеріс.
Инновация -(лат. innovis) - жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. Ал, ағылшын тілінде "innovation" термині "жаңашылдықт"
Энциклопедиялық сөздіктерде "инновация" әр түрлі анықталады. Т.И. Шамова, П.И. Треьяковалардың еңбегінде "Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни, инновация үрдісін мазмұнды дамтыдуы, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал "жаңаша" деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз" делінген.
Ең алғаш, "инновация" ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н. Нұрахметов: "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынды. Білім беру жүйесіндегі инновация - білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын етінде мектептің принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін, түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен XVII ғасырда дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А. Коменский негіздеген және қазіргі дейін дүниежүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданылатын оқытуды класс – сабақтық ұымдастыру деп түсінеді. Класс – сабақ жүйесі педагогикалық процестің одан әрі жетіліп ұйымдастырылған дайындау қажеттілігіне байланысты пайда болған, себебі сол ғасырдың ортасында оқуға келушілердің санының көбейе түсуіне байланысты шамамен бір жастағы балаларды оқу топтарына жинақтай бастады.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы
Дәстүрлі класс – сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері ол:
- біржастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері;
- кластың бірыңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеу;
- сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді;
- сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте (расписание), мұғалімнің басқарушылық ролі және с.с.
Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізін Я.А. Коменский жасаған педагогика принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік, сапалылық, көрнекілік, теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.
Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:

  • Иллюстративті–түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек опера–циялары, экскурсиялар және т.б) мұғалім түсіндіреді және оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді.

  • Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс–әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді. (сұрақтарға жауап береді, есептер шығарады және с.с.), сонымен “білім көшірмелерін қалыптастырады”.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет