М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
0105000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі
Мамандығының 4 курс студенті:
Балғынбек Күнайға
Мінездеме
Балғынбек Күнай – № 17 орта мектебінде 17.01.2022 – 27.02.2022 жж. аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№17- жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Дипломалды өндірістік іс - тәжірибеден» өтті. Дипломалды өндірістік практикадан өту кезінде Балғынбек Күнай өзін жақсы қырынан көрсете білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылармен тез тіл табысып, оларды өзінің мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді. Студент – практиканттың орындауға міндетті қызметтерді: мектептің ішкі – тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен санитарлық техника ережелерін қатаң сақтады, барлық тапсырмаларды толықтай орындап, мектеп әкімшілігі мен практика жетекшісіне өндірістік практика есебін тапсырды. Практика нәтижесін анықтау мақсатында мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері мен оқушылармен сұхбат өткізілді. Алған теориялық білімін практика жүзінде толықтай қолдана білді деген қорытындыға келді.
Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыс алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Методикасы мықты педагог біле білді. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сабақтарында тест тапсырмалары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Әрбір тәрбие жұмыстары жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды. Өндірістік практика кезінде өткізген іс – шаралары (ашық сабақ және тәрбие жұмыстары), қорытынды есептері мен күнделіктері қаралды, есебі тыңдалды және шынайы бағаланды. Балғынбек Күнай болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенеміз.
Күні: 27.02.22ж
Мектеп директоры: Уйсингазина Айгуль Алимбековна
Сынып жетекшісі: Байтуганова Айнур Адильбековна
Достарыңызбен бөлісу: |