Сабақтың тақырыбы: Жасуша. Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне



Дата13.08.2017
өлшемі159,9 Kb.
#23467
түріСабақ
Астана қаласы

«Көлік және коммуникация колледжі»МКҚК

Пәні: Биология

Мамандығы:химия,биология пәндер оқытушысы

Касымбекова Ақбота Абдималиковна
Сабақтың тақырыбы: Жасуша.



Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).

«Көпір» (жеке жұмыс)

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары.



Сұрақтарға жауап бер:

  1. Жасуша дегеніміз не? Жауабы: Жасуша тірі ағзалардың ең кіші тіршілік деңгейі.

  2. Жасушаны алғаш ашқан кім? Жауабы: Оны ағылшын ғалымы Роберт Гук 1665 жылы ашты.

  3. Жасушаның құрылымы неден тұрады? Жауабы: Жасуша: қабықшадан, саңылаудан, цитоплазмадан, ядродан, вакуолі мен пластидтен тұрады.

  4. Жасуша құрамындағы бейорганикалық заттар.

Жауабы:су,минералды заттар

  1. Жасуша құрамындағы органикалық заттар.

Жауабы:нәруыз, көмірсу, май


ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

1-қадам (топтық жұмыс) - теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторлары:

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?



қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр:

  1. Жасушаны цитология ғылымы зерттейді.

  2. Жасуша теориясын ашқан Шванн мен Шлей

  3. Жасушаның тірі заты протоплазма деп аталады. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады. Клетка ядросының құрамындағы органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды – рибосома,митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома, клеткалық мембрана деп атайды.

  4. Жасуша органоидтары не істейді?

Рибосома жасушадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орталығы деп саналады. Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары,гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі.  Митохондрия  – жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид. Ядро – ағзадағы ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі. Эндоплазмалық тор цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл қоректік заттарды тасымалдайды,  липидтермен көмірсулардың алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады. Гольджи кешені – бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері бар ұсақ көпіршіктер. Лизосома ферменттерінің көмегімен жасуша ішіндегі ас қорытуға және құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады. Жасуша мембранасыжасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе жасуша қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын органоиды.

Жасушаны зерттеудің қандай әдіс тәсілдері бар?



  1. Оптикалық,электрондық микроскопты қолдану арқылы зерттеуде микроскопиялық тәсіл пайдаланылады.

  2. Тірі жасушаның құрылысын және тіршілік жағдайларын ағзадан тыс жерде зерттеуде өсіру тәсілін пайдаланады.

  3. Жасушадағы әртүрлі заттардың ақуыздың, майдың, көмірсудың, нуклеин қышқылының, гармондардың,дәрумендердің және т.б.болуын және олардың жасушадағы мөлшерінің қаншалықты екендігін зерттеуде цитологиялық әдіс пайдаланылады.

2-қадам (топтық жұмыс) - теория бойынша «Түсіну»

критерийінің индикаторлары:

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)



Себебін анықта.

  1. Неліктен жасуша мембранасы сыртқы ортадан бөліп тұрады. Жауабы: Себебі, мембрана қалыңдығы 7-10 нм және жасуша мен қоршаған орта арасында метоболизмге қатысады.

  2. Неге өсімдіктер жасушасының сыртқы қабаты берік әрі қалың.

Жауабы:Себебі беріктік қасиет беретін микрожіпшелерден тұрады.Ол күрделі полимерлі зат лигнинді сіңіріп,қатайған.

  1. Неліктен ядро жасушаның негізгі бөлігі?

Жауабы:Себебі ол тұқым қуалаушылық қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа тасымалдаушы.


3-қадам-(топтық жұмыс) теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторлары:

1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

1-3. Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыз .

4.Тақырыптың басты идеясы неде. Эндоплазмалық тор

  • ұқсастығы:
    Эндоплазмалық тор
    (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс.


  • ерекшелктері:


  • бекінбесе, тегіс жарғақшалы
    ЭПТ дейді


    Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті
    ЭПТ


4-қадам-(топтық жұмыс) теория бойынша «Жинақтау» критерийінің индикаторлары:

Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны немесе сөзжұмбақты толтыр, немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.



Тақырыптың басты идеясы бойынша құрылған тірек-сызбадағы бос орындарды толтыр:


  1. Жалпақ жарғақты цистернадан тұратын органоид

  2. Жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан бөліп тұрушы

  3. Жарамсыз құрылымдарды ыдыратушы

  4. Ядроны ашқан ғалым

  5. Нәруызды ашқан ғалым

  6. Ақуыз синтезінің орталығы




Ж

Г

Ь

О

Л

Д

И




А

М

Б

М

Е

Р

А

Н



С

А


И

З

Л

А

М

О



У

Р

А

Н

Б




Ш

И

Ф

Р

Е


С

А

Б

И

Р

А

М

О



Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

5-қадам - (топтық жұмыс) практикада бекіту. Практика жүзінде «Қолдану» критерийіне сәйкес оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады

Картамен жұмыс:қатесін тап

  1. Жасуша теориясының негізін қалаған ғалымдар Браун , Шванн.

  2. Жасушаны ең алғаш ашқан Фирхов және Роберт Гук .

  3. Тірі жасушаның құрылысын және тіршілік жағдайларын ағзадан тыс жерде зерттейтін тәсіл өсіру тәсілі, цитологиялық тәсіл.

  4. Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид митохондрия, вакуоль.

  5. Клетка ядросының құрамындағы органоидты хромосома ,лизасома деп атайды.

6-қадам (топтық жұмыс):

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушының жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практика жұмысы нәтижесінде) өмірдегі жағдаяттардышешуге бағытталып қойылады

Сен оптикалық микроскоптың маңыздылығы жайлы жалпы не ойлайсың:



Біріншіден, менің ойымша

Оптикалық микроскоптардың көмегімен жұқа кесінділерді, олар арқылы тік өтетін немесе айнаға шағылысқан жарықтың сәулелерін пайдалана отырып зерттейді. Физикалық контрастық жабдықтарды пай­далана отырып, жарықтың сәулесін бірдей сындыратын, бірақ тығыздықтары әртүрлі болып келетін, тірі жасушалардың компоненттерінің құрылысын зерттейді

Екіншіден, менің ойымша:

Бірақта жарықтың табиғатына байланысты оптикалық микроскоптың мүмкіндігі шектеулі болады. Мұндай микроскоп арқылы 0,2 мкм 9-ден ұсақ бөлшектерді көру мүмкін емес.Сондықтан электрондық микроскоптың маңыздылығы жоғары.





ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады.

Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.



І деңгей (5 балл)

1-қадам – (жеке жұмыс) теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторларына сәйкес

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?



қандай? қалай? нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады)

Бос орындарға тиісті сөздерді жаз:



1-тапсырма. Жасушаны көрген ғалым Роберт Гук,Шванн.

2-тапсырма. Жасушаны ұлғайтып көрсететін құралдар

микроскоп, телескоп .

3-тапсырма. Жасушаның теориясының ашылуына үлес қосқандар

Антон Левенгук,Шванн мен Шлей,Чарлз Дарвин.



4-тапсырма. Жасушаны зерттейтін гистология, цитология ғылымы.

2-қадам (жеке жұмыс) Практика жүзінде

«ҚОЛДАНУ»

(ІІ кезеңдегі5-қадамның қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)



5-тапсырма. Картамен жұмыс:қатесін тап

Цитоплазма  құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі бейорганикалық, органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары,гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі.

1-аралық нәтиже:

Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларынмеңгере алмаса.


ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

1-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Түсіну»

критерийінің индикаторларына (неге? неліктен? себебі? не үшін?) сәйкес

сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін).



1-тапсырма. Неге Гольджи кешенінде өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады?

Себебі:бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид.

2-тапсырма.Неліктен Эндоплазмалық тор түиіршікті?

Себебі: Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінген

2-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторларына сәйкес

(1.Салыстыр,



2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз) деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды кестені толтыру арқылы салыстыр.

3-тапсырма. 1-3) Кестедегі бос орындарға тиісті сөздерді жазу

Рибосома

ақуызды


түзуші

Жасуша құрылымын-дағы цитоплазмада

орналасқан



Ядро

ақуыздық


алмасуды

реттеуші



3-қадам (жеке жұмыс): Практика жүзінде «ҚОЛДАНУ» критерийіне сәйкес (ІІ кезеңдегіге 5-қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқасы орындалады)

1.Клетка цитоплазма құрамындағыларды – рибосома,митохондрия, эндоплазмалық тор, хромосома
, Гольджи кешені, лизосома, клеткалық мембрана деп атайды.

2.Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе – жарғақшалы , түйіршікті ЭПТ.
2-аралық нәтиже:

Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.



ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)

1-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Жинақтау»

критерийінің қорытынды шығаруға бағытталған индикаторлары:

Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.

ІІ-кезең, 4-қадамда «жинақтауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады.

1-тапсырма.
Жасуша органоидтары




ядро

вакуоль

митохондрия

лизасома

гольджи




Эндоплазмалық

тор


рибасома

2-тапсырма.

Тірі ағзалардың тіршілік деңгейі: Өсімдіктерде, жануарларда


жасуша

ұлпа

мүше

мүшелер жүйесі

ағза


2-қадам (жеке жұмыс):

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады.

3-тапсырма. Жасуша теориясының мәні неде деп ойлайсың?

Бұл теорияның мәні мынада, жасуша барлық тірі организмдердің - өсімдіктердің де жануарлардың да негізгі қарапайым структуралық бірлігі болып табылады. Жасушалық теория өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегінің, құрылысының және эволюциясының бір екендігін дәлелдеп берді



3-нәтиже:

Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет